ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет2/3
Дата05.06.2017
өлшемі0,55 Mb.
#18036
1   2   3

Дәрістің мазмұны:

  1. Зейін туралы жалпы ұғым.

  2. Зейін түрлері.

  3. Зейіннің негізгі қасиеттері.

Зейін туралы түсінік. Зейіннің атқаратын қызметі және түрлері. Зейіннің физиологиялық механизмдері. Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейін түрлерін топтастыру негіздері. Зейін және іс-әрекет. Зейіннің дамуы.

  1. Зейін дегеніміз не?

  2. Зейіннің түрлерін қысқаша сипаттаңыз. Өз мысалдарыңызды келтіріңіз.

  3. Танымдық үрдістердің дамуындағы зейіннің рөлі қандай?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  5. Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

  6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977


8-дәріс. Түйсік туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

  1. Түйсік туралы жалпы ұғым.

  2. Түйсіктің физиологиялық негіздері.

  3. Түйсіктің түрлері және қасиеттері.

Түйсік туралы түсінік және оның қызметі. Түйсіктің негізгі қасиеттері және оның сипаттамасы. Талдағыштар және оның құрылымы. Адамның сенсорлы сферасының жүйелі ұйымдасуы. Түйсіктерді топтастырудың негізгі принциптері. Сезімталдық, сезімталдық табалдырықтары. Түйсіктің заңдылықтары. Синестезия, сенсибилизация, адаптация, түйсіктердің өзара байланысы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Түйсік дегеніміз не?

  2. Сезгіштік табалдырықтары дегеніміз не?

  3. Адаптация дегеніміз не?

  4. Сенсибилизация және синестезия заңдылықтарына анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  5. Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

  6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977


9-дәріс. Қабылдау.

Дәрістің мазмұны:

  1. Қабылдау туралы жалпы түсінік.

  2. Қабылдаудың физиологиялық негіздері.

  3. Қабылдаудың түрлері және қасиеттері.

Түйсік және қабылдау процестерінің адамның сенсорлы-перцептивті іс-әрекетінде өзара байланыстылығы. Қабылдаудың физиологиялық негізі. Қабылдаудың рефлекторы негізі. Қабылдау психикалық іс-әрекеттің ерекше формасы ретінде. Қабылдаудың заттылығы. Қабылдаудың негізгі қасиетері. Апперцепция құбылысы. Қабылдаудағы жекелей ерекшеліктер. Қабылдаудың формалары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қабылдау дегеніміз не?

  2. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай?

  3. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз.

  4. Апперцепция дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

3.Немов Р.С. Психология. М., 1998

4.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

5.Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

6.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977
10-дәріс. Ес туралы жалпы түсінік.

Дәрістің мазмұны:


  1. Ес. Ес жайындағы теориялар.

  2. Естің түрлері.

  3. Естің жалпы сипаты.

  4. Естің даралық ерекшеліктері.

Ес психикалық процесс ретінде. Естің адам өміріндегі маңызы. Ассоциация туралы түсінік. Естің физиологиялық негізі. Ес түрлерінің топтастырылуы. Есте сақтау мнемикалық әрекет ретінде. Есте сақтау түрлері. Есте сақтауда жаттығудың ролі. Қайта жаңғырту, тану, ұмыту және олардың байланысы мен айырмашылықтары. Ұмыту динамикалық үрдіс ретінде. Эббингауздың ұмыту заңдылығы.

Бақылау сұрақтары:

1. Қабылдау дегеніміз не?

  1. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай?

  2. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз.

  3. Апперцепция дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

3.Немов Р.С. Психология. М., 1998

4.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

5.Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

6.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977
11-дәріс. Қиял туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

1.Қиял туралы жалпы түсінік.

2. Қиялдың түрлері.

3. Қиялдың жасалу жолдары.

Қиялдың психикалық іс-әрекетте атқаратын ролі. Қиял туралы түсінік, оның түрлері. Қиялдың атқаратын қызметі. Қиялдың жасалу жолдары. Қиял және шығармашылық.

Бақылау сұрақтары:


    1. Қиял дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

    2. Қиял түрлерін сипаттаңыз және олардың адамның практикалық іс-әрекетіндегі маңызын дәлелденіз.

    3. Суретшінің және жазушының іс-әрекетінде қиялдың қай түрі басым болып келеді?

    4. Түс көру деген не?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  5. Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

  6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977


12-13-дәріс. Ойлау туралы жалпы түсінік. Сөйлеудің жалпы сипаттамасы.

Дәрістің мазмұны:

1.Ойлау туралы ұғым.

2. Ойлаудың психологиялық теориялары.

3. Ойлаудың негізгі түрлері.

4. Ойлау формалары.

5. Ойлау операциялары.



5. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарОйлау туралы түсінік. Ойлау және таным. Ойлау тәсілдері. Талдау және біріктіру ойлаудың негізгі тәсілдері ретінде. Талдау және біріктірудің басқада ойлау тәсілдерімен өзара байланыстылығы. Абстракция және нақтылау. Жалпылау, оның түрлері. Сөйлеу және тіл. Сөз және оның мазмұны. Сөйлеудің түрлері және формалары. Сөйлеудің адамның өмірінде, іс-әрекетінде, қарым-қатынасында маңыздылығы. Сөйлеудің физиологиялық негізі: перифериялық және орталық. Вернике және Брока орталықтары. Сөйлеу және ойлаудың байланысы. Филогенез және онтогенез барысында сөйлеудің дамуы.

Бақылау сұрақтары:

    1. Ойлауға анықтама бере отырып, оның негізгі белгілерін атаңыз және адам іс-әрекетіндегі оның рөлін көрсетіңіз

    2. Қандай ойлау тәсілдерін білесіз?

    3. Ойлау формаларын атаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  5. Гамезо И.В. Атлас по психологии. М., 1997

  6. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1977


14-дәріс. Психологиядағы тұлға туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

  1. Жеке адам туралы түсінік.

  2. Адамның дамуындағы еңбектің алатын орны.

  3. Жеке адамның қалыптасуындағы қарым-қатынастың рөлі.

Жеке адам туралы түсінік. Тұлға құрылымы. Тұлғаның белсенділігі және бағыттылығы. Тұлғаның дамуы және қалыптасуы. Тұлғаның әлеуметтенуі. Өмір барысында жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін факторлар. Адамның дамуындағы еңбектің алатын орны. Жеке адамның қалыптасуындағы қарым-қатынастың рөлі. Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері. Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері. Тұлға теориялары. Жеке тұлғаның психологиялық және әлеуметтік трактовкаға қатынасы.Отандық психологтар зерттеулеріндегі жеке тұлға. Д.Н.Узнадзе теориясы. С.Л.Рубинштейннің философия-психологиялық концепциясындағы жеке тұлға. Б.Г.Ананьевтің жеке тұлға туралы ойлары. А.Г.Ковалев, К.К.Платонов, В.Н.Мясищев, В.Н.Лентьевтің концепциялары. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы жеке тұлға мәселесінің даму психологиясы. Жеке тұлғаның шетелдік теориясы. З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясы, К.Юнгтің аналитикалық теориясы, А.Адлер, Э.Фромм

Бақылау сұрақтары:

  1. Жеке адамның бағыттылығы деген не және ол қалай көрінеді?

  2. Жеке адамның психологиялық құрылымын анықтаңыз.

  3. Жеке адам бойындағы қасиеттерді атаңыз

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

Немов Р.С. Психология. М., 1998

15-дәріс. Темперамент.

Дәрістің мазмұны:

1.Темперамент туралы жалпы түсінік.

2. Темперамент физиологиялық негізі.

3. Темперамент туралы теориялар.

4. Темпераменттің типтері.

Жеке тұлғаның биологиялық негізі. Темперамент туралы түсінік. Темперамент және жоғары жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері. Темперамент түрлерінің топтастырылуы, жоғары жүйке жүйесінің және темперамент түрлерінің ерекшеліктері. Темпераменттің қасиеттері. Темперамент және жеке тұлға.



Бақылау сұрақтары:

    1. Темперамент дегеніміз не?

    2. Темперамент типтерін атаңыз.

    3. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


16-дәріс. Мінез туралы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

  1. Мінез туралы түсінік.

  2. Мінез бітістері.

  3. Мінез туралы теориялар.

  4. Мінез типтері.

  5. Мінездің қалыптасуы.

Мінез-құлық туралы түсінік. Мінез- тұрақты мінез бітістерінің жүйесі. Мінез бітістерінің негізгі топтары. Мінез және темперамент.

Мінез-құлық типологиясы. Мінез бітістерінің екпіндеуі. Кречмер, Фромм, Личко бойынша екпінді мінезге ие болған адамдардың топтастырылуы.



Бақылау сұрақтары:

    1. Мінез дегеніміз не?

    2. Мінез бітістері дегеніміз не?

    3. Мінездің құрылымын ашыңыз.

    4. Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


17-дәріс. Қабілет туралы жалпы түсінік.

Дәрістің мазмұны:

  1. Қабілет туралы түсінік.

  2. Жалпы және арнайы қабілет.

  3. Нышан және қабілет.

Қабілет туралы жалпы түсінік. Қабілет және нышан. Нышан қабілетті дамытудың әлеуметтік және табиғи негізделген алғышарты. Қабілет түрлері. Қабілеттің дара айырмашылықтары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қабілет дегеніміз не?

  2. Нышан дегеніміз не?

  3. Қабілеттің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


18-дәріс. Эмоция және сезім.

Дәрістің мазмұны:

    1. Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік

    2. Эмоция мен сезімнің ерекшеліктері

    3. Эмоциялар түрлері.

    4. Адамдағы жоғары сезімдер

Эмоция және сезім, олардың өзара байланыстылығы. Эмоцияның атқаратын қызметтері, физиологиялық негізі. Адамның көңіл-күйінің негізгі формалары. Жағымды және жағымсыз, стеникалық және астеникалық эмоционалды күйлер. Адам сезімдерінің топтастырылуы. Жоғары сезімдер туралы түсінік.

Бақылау сұрақтары:

  1. Эмоция дегеніміз не?

  2. Сезім дегеніміз не?

  3. Адамдағы жоғары сезімдерді атаңыз

  4. Аффект дегеніміз не?

  5. Стресс дегеніміз не?

  6. Құмарлық дегеніміз не?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000



19-дәріс. Еріктің жалпы сипаты.

Дәрістің мазмұны:

Ерік, оның адам өміріндегі, іс-әрекетін ұйымдастырудағы және қарым-қатынасындағы маңызы. Әрекетті еріктік реттеу. Ерік амалдарының кезеңдері. Ерік сапалары. Адам еркінің дамуы.



Бақылау сұрақтары:

  1. Ерік дегеніміз не?

  2. Еріктің физиологиялық негізін ашыңыз.

  3. Ерік сапаларын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


20-дәріс. Мектепке дейінгілердің психикасының дамуы.

Дәрістің мазмұны:

    1. Мектепке дейінгілердің психикалық дамуының негізгі тенденциялары.

    2. Мектепке дейінгі кезеңдегі жетекші іс-әрекет ойын ретінде.

    3. Мектепке дейінгі жастағы бала психикасындағы жаңа құрылымдар.

Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық дамудың жалпы сипаттамасы. Мектепке дейінгі балалардың ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас формаларының және іс-әрекеттің әр түрлі формаларының даму ерекшеліктері. Ойын – мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті. Ойын туралы жалпы түсінік. Шет елдік психологияда ойын теорияларына сыни талдау (К.Гросс., Г.Спенсер., К.Бюлер). Отандық психологияда ойын іс-әрекетінің мәселелері. Сюжетті рольдік ойынның пайда болуы. Баланың психикалық дамуы мен қалыптасуындағы ойынның ролі.

Мектепке оқытуға баланы психологиялық дайындау. Мектепке даяр баланың жеке басының мәселелері. Бастапқы кезде оқуға үлгермеушіліктің себебі. Баланың мектепке оқытуға даярлығын анықтау. 7 жас дағдарысы.



Бақылау сұрақтары:

  1. Мектепке дейінгі шақтағы баланың психикалық даму ерекшеліктерін қаратырыңыз.

  2. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуы.

  3. Ерте сәбилік шақ пен мектепке дейінгі шақтағы баланың психикалық дамуының салыстырмалы сипаттама беріңіз?

Әдебиеттер:

  1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1987 ж.

  2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005 ж.

  3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1977ж.

  4. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж.

  5. Мухина В.С. Тетская психология. М, 1985 ж.

  6. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии. Под.ред. И.И.Ильясова, В.Ляудис. М, 1981 ж.


21-дәріс. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.

Дәрістің мазмұны:

1.Кіші оқушының психологиялық сипаты.

2.Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

3. Бастауыш сынып оқушысының оқу іс-әрекеті.

Бастауыш мектеп оқушысының психикалық дамуы. Оқу іс-әрекеті бастауыш мектептегілердің жетекші іс-әрекеті ретінде. Оқу іс-әрекетінің жалпы құрылымы, қалыптастыру заңдылықтары. Мектептегі алғашқы теориялық ойлаудың қалыптасуы (Д.Б.Эльконин., В.В.Давыдов). Ақыл-ой әрекеті мен ұғымдарды сатылап қалыптастыру (П.Я.Гальперин). Рефлексия. Қарым-қатынастың тәртібі мен нормасын игеруі. Қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынастың өзгеруі. Баланың таным деңгейі мен қабылеттерінің көрінуі. Мотивация жетістігі, оның жеке басы мен қабілетініғ дамуының негізі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Мектепке баруға байланысты баланың дамуының әлеуметтік жағдайларының өзгеруіне түсінік беріңіз.

  2. Танымдық сферасының қалыптасуы.

  3. Бастауыш мектеп шағындағы жаңа құрылымдарға анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1987 ж.

2.Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005 ж.

3.Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1977ж.

4.Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж.

5.Мухина В.С. Тетская психология. М, 1985 ж.

6.Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии. Под.ред. И.И.Ильясова, В.Ляудис. М, 1981 ж.
22-дәріс. Жеткіншектердің психикалық дамуы.

Дәрістің мазмұны:


  1. Жеткіншек психикасының дамуының сипаты .

  2. Жеткіншект жастағы организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

  3. Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс».

Жеткіншек жасындағы психологиялық дамуындағы ситуациялық өзгерістер. Анатомо-физиологиялық өзгешеліктердің бала дамуына әсері. Жеткіншек кезіндегі дағдарыс, шағу жолдары, жыныстық жетілулері, оның әлеуметтік психологиялық мәселелері. Жеткіншек жасының мәселесін шет ел және кеңес психологиясында зерттеу. Психикалық процестердің жетілуі. Жеткіншектердің оқу іс-әрекеті. Жеткіншектердің танымдық тұрғыда қзығуларының дамуы. Жеткіншектің жеке басының қалыптасуы. Жеткіншек мінезінің қалыптасуы.

Бақылау сұрақтары:

1.Отандық және шетел психологиясындағы жеткіншек проблемасы.

2.Жеткіншек шақтағы жаңа құрылымдарға анықтама беріңіз.

3.Жеткіншектің үлкендермен қарым-қатынасының жаңа типінің қалыптасу қиыншылықтарына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:


  1. Кон И. Психология старшеклассника. М., 1982.

  2. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под.ред. И.Дубровиной.

3. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005
23-дәріс. Балаң жас психологиясы

Дәрістің мазмұны:

1.Жоғары сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.

2.Оқу және еңбек іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.

3.Жасөспірімдік шақ теориялары

Жеткіншек жасынан ересек жасына өту мәселелері. Анатомо-физиологиялық өзгерістерге ұшырауы. Акселерация мәселесі. Мамандық таңдау мен оның қиындықтары. Жоғары сыныптағы оқу іс-әрекеті. Қыздар мен ұлдардың өзара қатынасы. Қоғамдық еңбектің ролі. Қарым-қатынас деңгейінің артуы. Жеке жағымды сапаларын сезінуі, түрлі сұрақтар бойынша. Өз пікірлерін қалыптастыруы. Әлеуметтік жеке бас сапалары: «Мен» сөзі, өзбеттілік, тәуелсіздік. Бұл жастағы махаббат. Эстетикалық сезімнің қалыптасуы. Еріктің қалыптасуы.

Бақылау сұрақтары:


  1. Жоғары сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы.

  2. Оқу және еңбек іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

  3. Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынастарына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005

2. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровскиий редакциясымен, А., 1987ж. 67б.

3. Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989

4. Кон И.С. Психология старшеклассника. М., 1982



  1. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ


Семинар 1. Психология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері.

Мақсаты: психология пәнін және зерттеу әдістерінің ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар:


Психология – психика және психикалық құбылыстар жайлы ғылым. Психология ғылымының салалары. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында , психология ғылымының пәніне, зерттеу объектісіне, мақсат міндеттері. Психикалық құбылыстардың классификациясына (психикалық процестер, психикалық кейіп (қалып), психикалық қасиеттер) тоқталу. Психологияның пәнаралық байланысын түсіндіру.

Әдебиеттер.



  1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. 120-144беттер.

  2. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993. 97-115 беттер.

  3. Алдамуратов Ә. Жалпы психология. А., 1995.- 31-37 беттер.

  4. Немов Р. С. Психология. 165-180 беттер.

  5. Рубинштейн Л. С. Основы психологии. 177-220 беттер.


Семинар 2. Психика және сана.

Мақсаты: Психика, адам санасының пайда болуы және дамуы туралы түсінік беру.

Жоспар:


Адамның жоғары жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі. Жүйке клеткасының құрылысы. Талдағыштар, оның құрылымы. Мидың анализдік-синтездік қызметі. Ми және психиканың байланысы. Адам және жануарлар психикасын салыстыру. Адам санасының пайда болуы мен дамуы. И.М.Сеченов және И.П.Павловтың психиканың шартты-рефлекторлы сипаттамасы.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында мидың қүрылысы, қызметіне тоқталу. Адам санасының пайда болуы мен дамуына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:



  1. Жарықбаев Қ. Психология.А.,1993.-42-47 беттер

  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А.,1995.-16-21 беттер.

  3. Рубинштейн Л.С. Основы общей психологии. М.,2000.134-160 беттер.

  4. Немов Р.С. Психология. Т1.-М.,1998.-132-145 беттер.

  5. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. В 2-хт .Т1.- Москва,1980


Семинар -3. Қарым-қатынас туралы түсінік.

Мақсаты: Қарым – қатынас, қарым – қатынас құралы туралы түсінік беру.

Жоспар:


Қарым – қатынас туралы түсінік. Қарым – қатынас құралы. Адамның психикалық дамуындағы қарым – қатынастың рөлі. Қарым – қатынастағы кедергілер. Қарым – қатынасты дамыту.

Әдістемелік нұсқаулық: Семинар сабағына даярлануда қарым – қатынасқа анықтама бере отырып, оның мазмұнын, құралдарын, тәсілдерін ашып көрсету керек. Қарым – қатынас түрлерін (көпшілік, іскерлік, вербальдық, вербальдық емес, жеке өзара достық) нақты мысалдармен түсіндіру керек. Қарым – қатынастың адам үшін қажеттілігін және оның психикалық дамуындағы рөлін ашып көрсету керек. Қарым – қатынастағы кедергілер және оны ретке келтіру тәсілдері мен жолдарына тоқталу қажет. Қарым – қатынас құрылымын (коммуникативті, интерактивті, перцептивті) сипаттау керек.

Әдебиеттер:



  1. Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 71-73 беттер.

  2. Немов Р.С. Психология. Т.1. М., 1998. 424-432 беттер.

  3. Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001. 9-49 беттер.

  4. Кричевский Р.Л. Психология малой группы. М., 1992.


Семинар – 4. Топ және ұжым.

Мақсаты: топ және топтардың түрлері туралы түсінік беру.

Жоспар:


Топ және ұжым туралы түсінік. Топтың жеке адамға жағымды әсері. Топтың жеке адамға жағымсыз әсері. Адамдардың бір – біріне қабылдауы және түсінуі. Жеке адамның топта өзін ұстауы. Ұжым және оның негізгі белгілері. Лидер және жетекшілік стилі.

Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты топ және ұжымға анықтама беру және оның түрлерін сипаттама беріңіз. Ұжым мен топтың айырмашылығына тоқталу қажет.

Әдебиеттер:

1.Столяренко Л. Д. Основы психологии. М., 1997. 71-73 беттер.

2.Немов Р.С. Психология. Т.1. М., 1998. 424-432 беттер.

3.Бороздина Г.В. Психология делового общения. М., 2001. 9-49 беттер

4.Кричевский Р.Л. Психология малой группы. М., 1992.


Семинар – 5. Зейін туралы түсінік.

Мақсаты: зейін және зейіннің түрлері, қасиеттері туралы түсінік беру.

Жоспар:


Зейін туралы түсінік. Зейіннің атқаратын қызметі және түрлері. Зейіннің физиологиялық механизмдері. Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейін түрлерін топтастыру негіздері. Зейін және іс-әрекет. Зейіннің дамуы.

Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыру барысында іс-әрекеттің түрлеріне сипаттама беру. Зейін туралы түсінік, зейіннің турлері мен қасиеттерін ашып көрсету.

Әдебиеттер:



    1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

    2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

    3. Немов Р.С. Психология. М., 1998


Семинар -6. Түйсік туралы түсінік.

Мақсаты: түйсік және түйсіктің қасиеттерін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар:


Түйсіктің қасиеттері. Абсолюттік сезгіштік. Сезгіштін табалдырықтары. Сенсорлық бейімделу туралы түсінік. .Сенсибилизация. Синестезия.

Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында түйсіктің түрлері мен қасиеттеріне жалпы сипаттама беру. Түйсік заңдылықтарына тоқталу.

Әдебиеттер:



  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Семинар -6. Қабылдау.

Мақсаты: қабылдау және қабылдаудың қасиеттерін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар:


Қабылдаудың негізгі қасиеттері. Кеністікті қабылдау. Уақытты қабылдау. Көлемді, қозғалысты қабылдау.

Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында қабылдауға анықтама беру және оның физиологиялық механизмін және қабылдаудың қасиеттерінің ерекшеліктеріне тоқталу.

Әдебиеттер:



  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

4.Немов Р.С. Психология. М., 1998

5.Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000



Семинар- 7. Ес туралы жалпы түсінік.

Мақсаты: ес түрлерін және естің дара ерекшеліктерін студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру.

Жоспар:


1.Ес туралы жалпы түсінік.

2.Ес процестері. Олардың сипаттамасы.

3.Ес түрлері.

4.Естің дара ерекшеліктері.



Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында еске анықтама бере отырып, естің түрлеріне сипаттама беру. Естің процестеріне тоқталу.

Әдебиеттер:



  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Семинар –8. Ойлау туралы жалпы түсінік.

Мақсаты: ойлаудың түрлерін және сөйлеу мен ойлаудың байланысын студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.

Жоспар:


1.Ойлау түрлері және олардың ерекшеліктері.

2.Адамның шығармашылық ойлауын қамтамасыз ететін факторлар.

3.Сөйлеу және тіл.

4.Сөйлеу және ойлаудың байланысы.



Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыру барысында ойлау мен сөйлеуге анықтама бере отырып оның түрлетірен сипаттама беру. Сөйлеу және қарым-қатынас, сөйлеу және ойлаудың байланысын ашып көрсету.

Әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

3.Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

4.Немов Р.С. Психология. М., 1998


Семинар- 9. Психологиядағы тұлға туралы түсінік .

Мақсаты: психологиядағы тұлға мәсселесін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау.

Жоспар:


1.Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері.

2.Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері.

3.Тұлға теориялары. Отандық психологтар зерттеулеріндегі жеке тұлға мәселелері.

4.ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы жеке тұлға мәселесінің даму психологиясы. Жеке тұлғаның шетелдік теориясы.



Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыру барысында шетелдік және отандық психологиядағы тұлға теорияларын салыстыра отырып талдау жасау қажет.

Әдебиеттер :

1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность М., 1997

2.Немов Р.С. Общая психология. Кн.1. Спб: питер1990

Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997
Семинар - 10. Мінез туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты: мінездің құрылымы мен қасиеттерін студенттер қалай меңгергендігін тексеру.

Жоспар:


1.Э.Кречмер бойынша мінез типологиясы, А.Е.Личко бойынша мінез типологиясы, К.Леонгард бойынша мінез типологиясы, Э. Фромм бойынша мінез типологиясы.

2.Мінез туралы теориялар.

3.Мінез құрылымы мен қасиеттері. Мінез бітістері.

4.Мінез және темперамент. Мінездің ұлттық ерекшеліктері.



Әдістемелік нұсқаулық :Тақырыпты қарастыру барысында мінезге анықтама беру, темперамент және мінездің байланысын көрсету.

Әдебиеттер:



  1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  2. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

Семинар –11. Қабілет туралы жалпы түсінік.

Сабақтың мақсаты: қабілеттілік, нышан және адамдардың даралық ерекшеліктері байланысын студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау.

Жоспар:


Қабілет туралы түсінік. Адамдардағы қабілеттілік түрлері Қабілеттілік, нышан және адамдардың даралық ерекшеліктері. Қабілеттілікті дамыту.

Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастырғанда қабілет туралы анықтама. «Нышан», «Дарындылық», «Талант» ұғымдарының өзара байланысын ашып көрсету. Қабілет теориялары.

Әдебиеттер:



  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Семинар –12. Эмоция және сезім.

Мақсаты: сезімнің түрлерін студенттер қалай меңгергендігін тексеру.

Жоспар:


Күрделі эмоционалды күйлер. Сезімнің түрлері. Жоғары деңгейдегі сезімдер.

Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыруда адам өміріндегі эмоцияның ролін ашып көрсету. Эмоцияның негізгі функцияларына сипаттама беру.

Әдебиеттер:



  1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  2. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

Семинар–13. Еріктің жалпы сипаты.

Мақсаты: жеке адамның ерік сапаларын студенттер қалай меңгергендігін тексеру.

Жоспар:


Ерік туралы түсінік. Еріктің физиологиялық негіздері. Ерік теориялары. Жеке адамның ерік сапалары.

Әдістемелік нұсқаулық: Тақырыпты қарастыруда адам өміріндегі эмоцияның ролін ашып көрсету. Ерікке анықтама Бере отырып оның физиологиялық негіздеріне тоқталу. Ерік сапаларына және Адам еркін дамыту жолдарына көңіл аудару.

  1. Әдебиеттер негізгі.

  2. Выготский Л.С. эмоция и их развитие в детском возрасте. М., 1982

  3. Психология эмоции. Тексты лекций. М, 1984


Семинар -14. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.

Мақсаты: бастауыш жасындағы балалардың психикалық дамуын студенттер қалай меңгергендігін тексеру.

Жоспар.


  1. Бастауыш мектеп оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

  2. Бастауыш мектеп оқушыларының зейіні, есте сақтауы, қабылдау, елестетуі.

  3. Бастауыш мектеп оқушысының ойлауын дамыту.

  4. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпқы дайындаларда мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының ерекшеліктеріне, мектепке дейінгі жаста ықтиярсыз зейін қалай дамиды және ықтиярлы зейннің қалыптасу шарттары қандай; мектепке дейінгі шақтағы ықтиярлы естің, бала қиялының өзіне тән ерекшелігіне, бейнелі ойлау қалаай дамитындарына тоқталу.

Әдебиеттер:



  1. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. А., 1986

  2. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровскиий редакциясымен. А. 1987

  3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 2005

  4. Люблинская А.А. мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы жөнінде. А., 1980

  5. Особенности обучения и психического развития школьников. Под.ред. И.Дубровиной


Семинар - 15. Жеткіншектердің психикалық дамуы.

Мақсаты: жеткіншек жасындағы балалардың психикалық дамуын студенттер қалай меңгергендігін тексеру.
Жоспар.

  1. Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс» проблемасына теориялық көзқарастар.

  2. Жеткіншеітің оқу қызметі.

  3. Жеткіншектің танымдық процестерінің дамуы.

Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында отандық және шетел психологиясындағы жеткіншек проблемасы. Бұл шақтағы жаңа құрылымдар. Жеткіншектердің оқу іс-әрекеті. Танымдық, қоғамдық қызығулардың, мінез-құлық моивінің қалыптасуы. Мотивациялық сфералардың құрылымдардың қалыптасуына тоқталу. Бұл жастағыоардың оқу іс-әрекеті, олардың өзіндік санасының дамуы. Жеке басының қалыптасуы және танымдық процестерінің даму ерекшеліктеріне тоқталу.

Әдебиеттер:



  1. Кон И. Психология старшеклассника. М., 1982.

  2. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под.ред. И.Дубровиной.

3. Солодилова О.П. Возрастная психология. М., 2005

4. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровскиий редакциясымен, А., 1987ж. 67б.

5.Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989

6.Кон И.С. Психология старшеклассника. М., 1982



4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық:

Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ әдебиеті тарихының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, ОСӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Қздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында әдеби мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады.

Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі.

Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

4.1 Іс-әрекет және сана. Іс-әрекет және тұлға.

4.2 Көпшілік психологиясы.

4.3 Зейін мен қабылдау.

4.4 Ойлаудың жалпы заңдылықтары.

4.5 Жеке адам құрылымындағы темперамент.

4.6 Бастауыш мектеп жасындағы оқу іс-әрекеті.

4.7 Мектепке даярлау мәселесі. 7 жас дағдарысы

4.8 Жеткіншектердің қарым-қатынасы.



5 БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ

5.1 КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1.Тұңғыш психологиялық лабораторияның негізін қалаған :

а) Бехтерев.

б) Фрейд.

в) Вундт.

г) Выготский.

д) Ушинский.

2. Қазіргі психологиялық, зерттеулерде қай әдіс негізгі және маңыздырақ деп саналады:

а) генетикалық.

б) референтометрия .

в) эксперимент .

г) тест .

д) әңгіме.

3.Табиғаттың барлық объектілерін жанды дейтін қияли түсінік:

а) анимизм.

б) монизм.

в) идеализм.

г) дуализм.

д) панпсихизм.

4.Темпераментті алғаш рет сипаттаған:

а) Аристотель.

б) Платон.

в) Гиппократ.

г) Кречмер.

д) Павлов.

5.Төл тіліміздегі психология оқулығының авторы кім:

а) Мұқанов.

б) Алтынсарин.

в) Аймауытов.

г) Абай.


д) Жарықбаев.

6.Түс көру деген не:

а) шындыктың санадан тыс бейнеленуі .

б) қиялдың пассивті түрі .

в) гипнозға берілушіліктің жоғары нәтижесі .

г) галлюцинацияның ерекше түрі .

д) қиялдың активті түрі.

7.Сана айқындалады:

а) адамзат дамуының қоғамдық-тарихи сипатымен .

б) таптық бағыттылықтың өзгеруімен .

в) формациялардың ауысуымен .

г) табиғатпен.

д)мәдениетпен.

8.Зейіннің бір сәтте бірнеше объектілерді қамтып алу қасиеті:

а) концентрация .

б) көлемі .

в) тұрақтылығы.

г) ауысуы .

д) бөлінуі.

9.Мінездің көріністері көбінесе шарттыланады :

а) дамудағы акселерация .

б) госпитализм құбылысымен .

в) қоршаған ортаның әсері.

г) сензитивтілікпен.

д) сенсибилизациямен.

10.Психика дегеніміз:

а) қоршаған ортадан шындьқтың мида бейнеленуі іс-әрекеті.

б) жүйке жүйесінің физиологиялық қызметі.

в) мидың рефлекторлық, іс-әрекеті.

г) бас ми материясының субстраты.

д) бақылаудың, жанның көрінісі.

11.Бір объектіні екіншісінен гөрі ерекше бөліп алу қабылдаудың кандай қасиетімен байланысты:

а) заттылығы.

б) құрылымы.

в) тұтастығы.

г) тұрақтылығы .

д) таңдамалығы.

12.Қандайда бір әрекетті орындаудағы табиғи алғы шарттар:

а) ерікгі мінез.

б) талант.

в) дарындылық.

г) нышандар.

д) қабілеттер.

13.Тұлға аралық қарым - қатынас кезінде жетекшіге (лидерге) сөзсіз бағыну стилі:

а) либеральды .

б) авторитарлы .

в) демократиялық.

г) қол астына алу.

д) конфронтация.

14.Әрекетті игеру максатында оны саналы түрде қайталау:

а) әдет:

б) жаттығу.

в) іскерлік.

г) дағды.

д) бағдарлаушылық әрекет.

15.Жеке тұлғаның туа біткен ерекшеліктеріне не жатады:

а) темперамент.

б) қабілеттер.

в) мінез.

г) ec.


д) зейінділік.
Тест тапсырмаларының кілті

Сұрақтардың нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Д

А

С

В

Е

Е

В

А

С

В

С

А

В

С

А


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет