Шәді Жәңгіров (1955-1933)
Шығыстың озық үлгісі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын екендігі. Бұл саладағы шығармаларының («Қисса қырық уәзір» (1911), «Назым Шәһир дәуіріш» (1913), «Қисса Бәлғәм Бағұр» (1910), «Хайбар қиссасы» (1913), «Халифа һәрун Рашит» (1917) т.б.) мән-мазмұны.
Шәдінің өзіндік төл тума шығармалырының («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқманарлық қылған патшалардың тарихтары, һәм ақтабан щұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқынын ахуалы» (1912), «Келіннің бетін ашатын терме» (1915), «Хикаят Орақ-Күлше» (1917), «Қарынның жер жұтқан оқиғасы» (1917) т.б. XX ғ.б. әдебиеттегі орны.
Шәдінің күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармалар жазуы. Оның діни ақындығы шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы. Жастайынан ел басындағы уыртпалықты көріп өскен ақынның өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кей байларға тән дүниеқорлық озбырлықтарды сынап отыруы. Оның «Бөрбас байға», «Отыншы байға», «Бірмолдаға» т.б. өлеңдерінде өмір шындығын көрсетуі. Жалпы алғанда, Шәді шығармашылығының XX ғ.б. әдебиеттегі эпиқалық жанрды өрістетуде ерекше орныны бар екендігі.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931)
XX ғ.б. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі екені. Мәшһүр Жүсіптің көп жасап, талай тарихи кезеңдерді бастан кешіруі. Өз заманының оқымыстысы болуы. Дін, өнерді қатар алып жүріп, екеуімен елге үлгі-өнеге шашуы. Мәшһүр атануының себеп-салдарлары.
«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітабында (1907) өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейтесті мәселелерді көтере білуі. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде іргешіл ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Сол тұстағы саяси ахуалды дәл аңғарып, өлеңдерінің қазақтын алдыңғы қатарлы зиялыларының ой-пікірлерімен ұщтасып жатуы. өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының көрініс табуы. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі», «Ақ қағаз, қалам сия келетбізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді» т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдарының болуы.
«Хал-ахуал» (1907) жинағында замана сипатының бірқыдыру кең суреттелетіні. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды ащы сынауы. Ақынның отршылдықпен ере келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, келеңсіз қылықтарды ащы сынауы. Ақынның отаршылдықпен ере келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы. Өлеңдерінде ел-жұртты аямай сорып отырған билер, әкімдер, байлардың жағымсыз бейнелерін шебер жасауы. «Жалғанда мен өлеңді қылдым ермек», «Сенбе жанның бәрі дос еді деп» атты өлеңдерінің мәні.
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907) жинағындағы өлеңдерінде ұлт мүддесін көбірек қолдайтыны. Халықты оянуға, өнерге, оқып жетілуге, мәдениетті күшті ел болуға шақыруы. Түркі тектес халықтардың бірлігін жақтауы. Мәшһүр шығармашылығында діни уағыз, діни бірлік, дінге деген сүйіспеншілік көбірек көрініс табатыны. Бұның өзі ақынның дүние құбылысына өзіндік көзқараспен, алған білімнің негізінде қарайтындығының нәтижесі екендігі.
Мәшһүрдің поэма жанрының дамуына айтарлықтай үлес қосқаны. Қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрімен, шығыс әдебиетіндегі қисса-дастандар үлгісімен «Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы», «Баяннама» т.б. дастандар жазуы. Бұл шығармалары арқылы қазақ поэмасында өзіндік өрнегін қалдыруы. Поэмаларында өсиет, ғибрат басымдылығы. Олардың композициялық құрылымының, жазу тәсілінің әркелкі болуы ақынның ізденімпаздығын танытатыны.
Мақыш Қалтаев (1869-1916)
М.Қалтаев шығармашылығындағы діншілдік сарынның басымдылығы. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндеуі. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынуы. М.Қалтаев XX ғасырдың басында ең көп кітап жазған ақын екендігі.
М.Қалтаевтың «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас еткен манзұмасы» (1907), «Қазақтын айнасы» (1910), «Біраз ғибрат сөз» (1910), «Насихат қазақия» (1911), «Бар оқиға» (1912), «Тура жол» (1912) атты жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар бар екені. Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған «Айна», «Сақ сұқ» өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер.
Діни көзқарас жетегінде бола тұра Мақыштың өз кезінде замана шындығын дұрыс пайымдай білуі. Оның жинақтарына енген өлеңдерінде («Аалотондай адамдар кедей болып» т.б.) әлеуметтік теңсіздікті көре білуі. Ақынның дүние, тіршілікке өз көзқарасын білдіріп, өзіндік ой-пікір қорыта алуы. Шығармаларында алданы сүю, Мұхамметтің үмбеті болу тәрізді діни уағыздарды алға қою басым болуымен қатар, ой астарында өмірдің қиындығына төзу, басымдылығы. М.Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жырлануы.
«Қазақтың айнасы», «Біраз ғибрат сөз» жинақтарының сөз жүйелілігі, сапасы жоғарлығы. «Біраз ғибрат сөз» жинағындағы мысал өлеңдерінің («Есектің ойнауы», «Аз үмітпен көп зарар берер», «Бал құрты мен шыбын», «Жақсылыққа жамандық», «Пақырлық пен Байлық» т.б.) тәрбиелік мәні.
М.Қалтаев шығармашылығына тән басты ерекшелік адамдық, адамгершілік қасиеттерді ардақтап, жалпыға ортақ ілгершілікті қолдайтыны. Мақыш Қалтаевтің өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім екені. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл танып, күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғайтыны.
М.Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп қалуы. Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы. Өлең жолдары Араб, Парсы, Татар тілдеріндегі сөздермен араласып, қазақ тіліне тән ұйқас, үндестік заңдарының бұзылып отыратындығы.
Жалпы алғанда, М.Қалтаевтың өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқаны.
Бақылау сұрақтары:
Нұржан Наушабаев.
Мақыш Қалтаев.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев.
Шәді Жәңгіров.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-том. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті (1900-1917) / Жалпы ред. басқ. А. Егеубаев, Ж. Ысмағұлов.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2006. 110-130 б.- (Мәдени мұра).
2. Қоңыратбаев, Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы: жоғары оқу орынд. филология фак-нің.студент.арн.оқу құралы / Ә. Қоңыратбаев.- Алматы: Санат, 1994. 51-81 б.
3. Дәуір ақыны (Ұлы ақын Сұлтанмахмут Торайғыровқа арналады)/ Бас ред. С.С. Қорабай; жауапты ред. К.Қ. Әбуғалиева; құраст. Ф.Қ. Беқтұрбекова.- Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2002. 119-131 б.- (Ұлы тұлғалар).
4. Сүйіншәлиев, Х. Қазақ әдебиетінің тарихы: оқулық / Х. Сүйіншәлиев.- Алматы: Санат, 2006. 601-620 б.
5. Елеукенов, Ш. Көптомдық шығармалар жинағы. 5-т. Жаңа жолдан: Зерттеулер, сыни мақалалар / Ш. Елеукенов.- Алматы: Қазығұрт, 2010.65-85 б.
6. Умарова, Г.С. Қазақ әдебиетінің тарихы: оқулық / Г.С. Умарова; Шарабасов С.Ғ.- Астана: Фолиант, 2007. 143-156 б.- (Кәсіптік білім).
Модуль 4. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Тақырып 12. Азатшыл әдебиет өкілдері.
Дәріс жоспары:
Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Ахмет Байтұрсынұлы.
Міржақып Дулатұлы.
Жүсіпбек Аймауытұлы.
Мағжан Жұмабаев.
Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Мұхамеджан Сералин.
Шәкәрім шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі ірі құбылыс екендігі. Шығыс, Батыс классиктерінің шығармашылығын жете танып, терең игерген ақын екені. Мұсылмандық ілім-білімді еркін меңгерген, түлкі халықтарының тарихын жақсы білген, діни, тарихи тақырыптарға еңбектер жазған («Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлылар шежіресі» т.б.) ғұлама ғалымдығы. Шығармашылығының басты тақырыптары сол кездегі қазақ қоғамның бар саласын қамтауы. Әсірісе, Абай үлгісісін шашуда елеулі еңбек еткені. Алғашқы жинағы «Қазақ айнасындағы» (1912) өлеңдері қамтитын тақырыптарының бастысы, - адам тақдыры, адам өмірінің мәні, адамгершілік тәрізді фолософиялық категориялар болуы. Жанға, тәнге, көңілге, өлім мен өмірге баланысты өлеңдерінің молдығы («Өзіме», «Өмір», «Талап пен ақын», «Адамшылық», «Адам немене», «Көңіл», «Тәңірі мен жан» т.б.). Өлеңдеріндегі ой тереңдігі мен ақындық танымның кеңдігі («Өлген көңіл, ындынсыз өмір», «Тіршілік, жан туралы», «Жан менен дене, һәм көңіл»). Шәкәрімнің халқының санасын тұмшалаған отаршылдық қасіретін ашып көрсеткен, елім деген жүрек бұлқынысын танытатын өлеңдеріндегі азаматтық сарынның басым келуі. «Қазағым», «Қазақ», «Тағы сорлы қазақ», «Партия адамдары», «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты» өлеңдеріндегі ақындық ойдың эволюциясы. Ақын шығармашылығындағы Абай дәстүрі және өзіндік жаңашылдығы. Өмір мен оның мәніне, Адам, Табиғат, Әлем байланысына ой жібере отырып, өмірлік мәні терең толғаныс-тебіреніс лирикаларын тудыруы. Шәкәрім лирикаларындағы көркемдік шеберліктің сыры. Ой тереңдігі арқылы замана шындығын ашудағы ізденістері. Шәкәрім лирикасының шартты түрде көңіл-күй лирикасы, ой-толғаныстар деп екі салаға бөлінуі.
Шәкәрімнің ақындық жолының үлкен бір саласы – поэмалары екені. Шәкәрімнің әр поэмасының мазмұндық желісі, көркемдік шешімі, образддар сомдауы тарихи оқиға өткен кезеңнің шындығымен түйінделетіні. Ақынның көрнекті туындылары «Қалқаман Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары жазба әдебиетке тән тарихи-әлеуметтік, әдеби-эстетикалық талаптарға толық жауап беретіндігі. Поэмаларына айрықша шырай беріп, оның соны сипатын танытатын басты ерекшілік – тарихи пен көркемдік шешімнің үйлесіп жатуы екендігі. Жалпы поэмаларында жеке адам мен қоғам арасындағы қайшылықтың биік деңгейде ашып көрсетілуі.
Шәкәрім аудармасының өзіндік ерекшелігі («Дубровский әңгімесі», «Боран», «Крез патша» т.б.). Шәкәрімнің қазақ прозасындағы үлесі. «Әділ-Мария» романындағы қазақ өмірінің шындығы. Романның қазақ жастары өмірінің этнографиялық болмысын терең ашуы.
Шәкәрімнің көсемсөздік мақалаларының («Жазу мәселесі», «Би һәм билік туралы», «Ұлтшылдық туралы т.б.) саяси-әлеуметтік мәнділігі. Шәкәрім жинаған ауыз әдебиеті үлгілері. Жалпы алғанда Шәкәрім шығармашылығының XX ғ.б. қазақ қоғамындағы ой-сана оянуындағы алар орны.
Бернияз Күлеев (1899-1923)
Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі – Б.Күлеев. ол романтикалық, реалистік бағыттарда жазған. Бейнелеу тәсілі ретінде астарлау, тұспалдау, перделеу, символдарды аса шебер пайдаланған. Оның өлеңдерін М.Жұмабаев лирикаға толы таңғажайып өлеңдер ретінде атайды. Б.Күлеев шығармашылығы XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихында айрықша орын алуға тиісті. Ақын негізінен өлең өрнектеріне, өлшемдеріне, поэтикасына айрықша көңіл бөлген. Оның көркемділігі көтеру бағытындағы ізденістері әлемдік әдебиетте өтіп жатқан негізгі ағымдармен үндестікті байқатады. Жазушы поэзиясындағы ішкі сезім маңызды қызмет атқарса, оны жайната бейнелеу көркемдік ізденіс мақсаттарымен байланысады. Күлеев төңірегінде, заманында өтіп жатқан барша ірі мәнді уақиғаларға көңіл бөледі, оны көркем бейнелеуге талпынады. Ақын шығармашылығының әдебиет тарихында енбеуі ресми идеялогиялық себептерден. Оның шығармаларында бай-кедей, тап тартысы, болашақ бақытты қоғам, социализм т.б. тақырыптар кездеспейді. Оның есесіне адам ішкі әлемінің аласапыран уақыт мінезінен шошынған, үрікке қалпы щебер бейнеледі.
Қаламгер шығармашылығының басты тақырыбы Өмір, Өлім. Оны автор метафораларға, күрделі символдарға орай философиялық тереңдікте бейнелейді. Ақын шығармашылығында жастық шақ, табиғат сұлулығы, жыл мезгілдері, махаббат тақырыбы айрықша орын алады. XX ғасыр басындағы қазақ ақындары арасынан бұл тақырыпты ерекше тоқтала, тереңдей тебірене жазған М.Жұмабаевтан басқаларды табу қиын. Жазушының қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше орнын ақынның өлең өрнектерін ұштау бағытындағы, мазмұнын образға көшіру, адам рухани әлемін, сезімін суреттеу барысындағы шығармашылық ізденістерімен байланыстыра түсіндіруге болады.
Бернияз шығармашылығын зерттеудің басында М.Жұмабаев тұр. Ол ақынның 1922 жылы жарық көретін шығармалар жинағын құрастыруға, редакциялауға қатысады. Байсалды, ғылыми негізді алғы сөз жазады. Осыдан кейін ақын шығармалаврының жариялануы - 1969 жыл.»Айтшы, ақ қайың» жинағында ақынның сұлу жырлары топтастырылған. Жинақтың алғы сөзін белгілі әдебиет тарихын зерттеуші Ы.Дүйсенбаев жазған. Б.Күлеевтің алуан түрлі, әрі бай, әдеби мұрасынан әзірше бізге белгілісі 200 шығарма. Олардың бәрінен шебер жазылған сұлу шығармалар екенін ескерер болсақ, бұл аз емес. Толғаулар мен балладалар, поэмалар мен айтыстар немесе қас-қағым сәтті бейнелейтін шағын жырлар тосын сұлулығымен көзге түседі, көңілді билейді.бернияз кезінде аудармалармен де айналысқан. Оның Пушкин мен Лермонтовтан аударылған шығармалары дәлдігімен, поэтикасының түп нұсқаға ерекше жақындығымен бағалы.
Мұхамеджан Сералин (1872-1920)
Мұхамджан Сералин қазақ халқының XX ғ.б. үлкен қлғам қайраткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал көсемсөзшісі екені. «Топ жарған» (1900), «Гүлкәшима» (1903) поэмаларының қазақ жазба әдебиетіне елеулі үлес болып қосылуы. М.Сералин өлеңдерінің қазақ өмірінің, әлеуметтік тұрмысының шындығын танытатыны («Бай, патша һәм кедей », «Бай, қасқыр, аңшы» т.б.). «Топ жарған» поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нақты шындығынын көрініс табуы. Поэманың басты кейіпкері адай жігітінің бостандықты көксеген ой – арманының Кенесары көтерілісімен желілес берілуі. Поэмада Кенесары – Наурызбай көтерілісін қалың бұқараның жақтауы жеке кейіпкерлер сөздері арқылы беріліп, шындықты көрінуі. «Топ жарған» поэмасында Кенесары көтерілісінің қазақ бұқарасының мүддесін қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы арқылы көрініс табуы. Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі. «Топжарған» поэмасының тіл сонылығы. Тарихи шындықты, нақты өмірді тың теңеу, көркем суреттеулермен бере білген ақын поэмасының тарихи мәні.
М. Сералиннің «Гүлкәшима» атты шығармасы (1903) қазақ өмірінен алынып жазылған романтикалық поэма екені. Поэманың негізгі идеясы бас бостандығын аңсаған жастар мен әйел теңдігін жырлау болып табылатыны. «Гүлкәшима» поэмасының махаббатты жырлауда жазба кәсіптік әдебиет дәстүріне сай жазылғаны. Өмір шындығын нақты көрсететін шынайы көркем туынды екені. Ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа күйіне бас кейіпкердің (Баймағанбет) өлімі арқылы наразылық білдіруі. Поэма сюжетінің авторлық шешіммен жаңа жүйеде құрылуы. Оқиғаның өрбуікөбіне хат арқылы беріліп, авторлық көзқарас арқылы түйінделіп отыруы. Поэманың публицистикалық сипаты. Поэмадағы ауыз әдебиеті дәстүрінің белгілері. Поэмадағы қазақ тұрмыс- салтының кең көрініс табуы. М. Сералиннің «Гүлхашима» поэмасының ХХ ғ.б. қазақ поэмасының табысы саналуының басты себептері.
М. Сералиннің «Рустам - Сухраб» поэмасын орыс тілінен аударуы. Аударма жасаудағы өзіндік тәсілдері. Поэманың құрылымдық ерекшелігі. Поэманың көркемдік тұрғыдан алғандағы кейбір кемшіліктері. Шығыстың классикалық шығармасы «Шахнаманың» тұңғыш аударылуының тарихи маңызы. М. Сералиннің журналистік қызметі. «Айқап» журналын шығаруы. Журналдың бас редакторы ретіндегі идеялық көзқарастарының қазақ санасын оятудағы мәдени – эстетикалық маңызы. М. Сералинның көсемсөзші ретіндегі өзіндегі қолтаңбасы. Журналдың қазақ мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы М. Сералиннің басшылық қызметінің әсері. Өзінің жеке мақалаларында («Аштық хақында», «Келешек заманымыздың қамы», «Қазақ халқының мұң – мұқтаждығы», «Қазақ жастары», «Отырықшы болған қазақтар туралы» т.б.) қазақ қауымының жоғын жоқтап, отырықшылдық, оқу ағарту секілді басты мәселелерді көтеретіні. Мақалаларының тілдік тұрғыдағы жетістіктері. М. Сералиннің жалпы ұлттық сананы ояту тұрғысында еңбек етіп, ХХ ғ.б. қазақ қоғамының көрнекті әлеуметтік санаткерлері қатарына көтерілуі.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)
Ахмет Байтұрсыновтың аса көрнекті қоғам қайраткері, саңлақ, санаткер, ірі ғалым – лингвист екені. Шығармашылық және көсемсөздік (публицистикалық) мұрасының ұзақ жылдар бойы негізсіз жоққа шығарылып келгені. Қазақ зиялыларының Ахмет Байұрсыновты қазақтың рухани көсемі деп тануы. А. Байтұрсыновтың қоғамдық –саяси, ғылыми, әдеби қызметінің шындығы. Оның шығармашылығының жазықсыз жазаланғанға дейінгі әдеби-ғылыми ортада бағалаеуы. А. Байтұрсыновтың шығармашылығы, азаматтық тұлғасы туралы М. Дулатов, С. Сейфуллин, М. Әуезов ой-пікірлерінің тарихи және ғылыми маңызы. А. Байтұрсыновтың халық ағарту, ғылым саласындағы еңбектерінің мәні. Оқу құралдарын жасау жолындағы қызметі. Тұңғыш биресми газет шығарушы екені, «Қазақ» газетінің бас жазушысы ретінде саяси- әлеуметтік, мәдени-ағарту, әдебиет пен өнер жайлы жазған мақалаларының құндылығы. Аударма саласындағы шығармашылығы («Қырық мысал» 1909ж.) Мысал аудармаларының жаңашылдығы . Аудармадан төл туынды жасау шеберлігі. Мысал аудармаларындағы Абай дәстүрі және өзіндік ерекшелік («Қарға мен түлкі», «Бақа мен өгіз» т.б.). Пушкин, Надсон, Жадовская, т.б. жасаған өлең аудармаларыныңкөркемдік жетістіктері. Аударма жинағының белгілі жүйемен құрылуының өзіндік бет- бағдарды танытатыны. Тақырыбының әр алуандығына қарамай, жинақтағы басты ой-идея ел азаттығы екені. Төл туындыларының жинағы («Маса», 1911ж.). Өлеңдеріндегі ой- идея сонылығы («Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ») . Азаттық сарынның басым келуі. Отаршылдық саясатқа ашық қарсы шығып, ел санасын оятуға ұмтылуы. Өлеңдерінің көркемдік жетістіктері. А. Байтұрсыновтың ақындық жаңашындығы. Азатшыл бағыттың көш бастаушысы екендігі.
ХХ ғасырдың басында тюркология, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихы, теориясы саласында жасаған еңбектері. Абайды алғаш ғылыми тұрғыдан зерттеуші екені («Қазақтың бас ақыны»). Қазақ жазба әдебиетін өркендетудің жолдарын меңзейтін мақалалары («Білім жарысы» т.б.). А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиеті ғылымындағы әдебиеттануды қалыптастырушы ғалым ретіндегі орны. «Әдебиет танытқыш» атты кітабының (1926) бұл саладағы тұңғыш еңбек екені. Зерттеу еңбектегі әдебиеттанудың ғылыми-теориялық бастауын жасап, басты-басты атаулар мен ұғымдардың терминдік негізін ғылыми жүйеге түсірудегі ізденістері. Жалпы әдебиет, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет туралы ой-пікірлерінің ғылыми-жүйелілігі. Жазба әдеби тіл, қазақ өлең өрнегі, осыған қатысты атаулар мен терминдерді қалыптастырудағы ғылыми ізденістерінің бағалығы.
Ахмет Байтұрсыновтың ХХ ғ.б. қазақ әдебиетіне қосқан ұланғайыр арналы үлесінің тарихи мәні. Ол негізін салған азатшыл бағыттың кейінгі жастар шығармашылығында жалғасын табуы. Бүгінгі ғылыми-әдеби зерттеулердегі А. Байтұрсынов шығармашылығына деген жаңаша көзқарастар.
Міржақып Дулатов (1885-1935)
Көрнекті қазақ жазушысы, ірі қоғам қайраткері М.Дулатовтың шығармашылығы XX ғасыр басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік, қоғамдық жағдайы мен қазақстанда өтіп жатқан түрлі мақсаты саяси күрес, шайқастармен тығыз байланысты. Қоғамдық қызметін мұғалімдіктен бастаған М.Дулатов 1905 жылғы қазақ халқы атынан Ресей патшасына петиция жазуға дейінгі аралықта саяси, идеялық күрескер деңгейіне дейін көтерілді. А.Байтұрсынов пен М.Дулатов арасындағы достық қазақстан мемлекетінің егемендігін қалпына келтіру жолындағы идеялардан бастап, нақты іс-әрекет, күрес кезеңінде шындалған. Елдік сананы көтеру, өркениетке көз тігу, оқу-білім, өнер мен әдебиет – мерзімді баспасөз бетінде М.Дулатов, А.Байтұрсынов көп қозғаған тақырыптар. Олар шығармашылық қызметте де бірін-бірі қолдап, көмектесіп үн қосып отырған. «Қазақ» газетін шығарудағы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың қызметі идеялық үндестіктің жемісі. М.Дулатов публицистикасының XX ғасыр басындағы қоғамдық санада алатын орны қаншылықты зор болса, қаламгер шығармашылығында алатын орны да аз емес. Нақты уақиғаларға қатысты ақын ой сезімін мөлдірете жеткізетін, бейнелейтін көркем тіл, батыл байлам, іс-әрекетке шақыратын пафос оқырманды бейтарап қалдырмаса керек.
М.Дулатовтың алғашқы шығармасы «Оян, қазақ!» аталған өлендер жинағындағы батыл ой қазақстандағы саяси-әлеуметтік жағдайларды шынайы суреттеу, теңсіздік пен қанаудың, надаедық пен зорлықтың негіздерін көрсету, іс-әрекет жасауға шақыру патша үкіметін қобалжытты. Кітап тәркіленді, автор куғындалды. 1910 жылы М.Дулатовтың екінші кітабы «Бақытсыз Жамал» романы жарық көрді. Қазақ қызы басындағы қайғылы жайды баяндайтын шығарма оқырманын тапты. Кітап 1914 жылы екінші рет баспа көрді. М.Дулатовтың елдік сананы ояту мен қазақ мемлекетінің егемендігі үшін күресуі, «Алаш» қозғалысына қатысуы Совет үкіметін де үрейлендірді. Қуғын көру, турмеге қамалау, қаламгердің көркем шығармашылықпен айналысуына мүлде мүмкіндік бермеді. Сондықтан да М.Дулатов оқу-құралдарын жазу және аудармамен айналысты (қуғыннан оралғаннан кейін). Лермонтов пен Пушкиннен, Әбу Фирастан, Н.Ановтан аударған шығармалары бар. М.Дулатов драматургия саласында да шамасына қарай еңбектенген. 1922 жылы «Балқия» атты 4 бөлімді пьеса жазған. Сол жылы Орынборда көркем өнерпаздар күшімен қойылып, үлкен табысқа жеткен.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)
Жүсіпбек Аймауытов – көрнекті қоғам қайраткері, ақын, прозашы, қазақ романының негізін салушылардың бірі, аудармашы, драматург, ғалым. Оның психология саласындағы еңбектері да аз емес, ірі монографиясы бар. Қоғамдық саяси, ғылыми-педагогтік және әдеби қызметі жемісті болған. Қоғамдық санаға сіңірген еңбегі ұзақ жылдар бойы жөнсіз бұрмаланды. Ж.Аймауытовтың творчестволық қорытындысы (январь, 1989), Ж.Аймауытовтың қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық және әдеби қызметі жөніндегі тарихи шындықтың қалпына келтірілуі.
«Қартқожа», «Ақілбек» романдары мен «Күнекейді» жазығы» повесі. Жанрлық типологияда классикалық, професионалдық шығармалардан кем емес. Тақырыбы мен идеясы, жазушының сюжет дамыту, образ жасау, композиция құру шеберлігі өте жоғары. Романдардың материалы және оның тарихи шындыққа қатынасы, жазушының өмір шындығын бейнелеу жолдары. «Елес», «Әнші» (1925), т.б. әңгімелерінің тақырыбы мен проблематикасы шебер ойластырылған. Көркемдігі тұрғысынан бағалы дүниелер. «Қанапия мен Шәрбану», «Манспқорлар», «Ел қорғаны» пъесаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырыбы мен идеясы тартыс сипатынан туындайды. Қаһарман мен жағдай ара қатынасын көрсетудегі драмалық әдістер драматург талантын паш етеді. Аудармашылық қызметі. А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларын қазақшалаған. Әдебиет мәселелері жайында жазған мақалалары: «Мағжанның ақындығы туралы» (1923), «Аударма туралы» (1925), «Сқңқар жыры» (1925), т.б. Олардың маңызы мен мәні. Ж.Аймауытовтың әдеби мұрасының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
Мағжан Жұмабаев - қазақтың көрнекті ақыны. Өмірбаяны, творчестволық жолы, қоғамдық-саяси, журналистік, оқытушылық қызметі.
Мағжан Жұмабаев - лирик. Ақын лирикасының жанрлық, тақырыптық құрамы алуан түрлі. Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазған өлендері. «Сүй, жан сәулем», «Батқан күн, тақан таңның жыры», «Айрылығында», «Сен – сұлу», «Жұлдыз – жүзік, айды алқа ғып берейін», «Сүйгеніме», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде», «Күміс нұрлы Ай», «Шолпы», «Сүйгенім анық», «Жас сұлуға», «Махаббат не?», «Тірілдім», «Гүлсімге», «Көңіл», «Жел», т.б. Олардағы сезім мен парасат, ғашықтық сезім мен құмарлық сезім тайталасы шебер бейнеленген.
Ақын лирикасындағы ел мен жер, дала мен қала, өмір мен өлім тақырыптары ақындық ізденістері арқасында жаңа шешім тапқан. Көркемдік дәстүрге қатынасы, жаңашылдығы, өленді күйге (музыкаға) бөлу мен дыбыстан сурет жасаудағы суреткерлік даралығы, лирикаға тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез дарыту шеберлігі.
Поэмалары: «Қорқыт», «Батыр Баян» поэмаларының жанрлық ерекшеліктері, тақырыбы мен идеясы, сюжеттік желісі, образдылығы, ақынның ауыз әдебиеті дәстүрлерін творчестволықпен пайдаланудағы жетістіктері арқылы іске асқан. Поэмалардың поэтикалық жүйесінде ауыз әдебиеті мотивтерінің атқаратын көркемдік-эстетикалық қызметі аз емес.
Әдебиеттану мен әдеби-көркем сын саласындағы еңбектері «Ақан сері», «Ақан сері сөздері», «Әубәкір ақсақал Диваев», «Базар жырау», т.б. Ақынның әдеби шығарманы, ақындық өнерді тану, талдау шеберлігі жоғары. Жазу, баяндау мәнеріндегі ғылыми нақтылық пен суреттілік көзге түседі. Көркем аударма саласындағы еңбектері. М.Горькийдің «Сұңқар жыры», «Жұртын сүйген жүрек», «Ана», «Темірді жұмсартқан ана», «Хан мен ұлы» әңгімелерін аударудағы үстанған творчестволық принципі, аудармашылық тапқырлығы мен шеберлігі аудармаларының маңызын көтерді. Мағжан Жұмабаев творчествосының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны, маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |