ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені психологияны оқыту әдістемесі



бет1/7
Дата27.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#5683
  1   2   3   4   5   6   7

ПОӘК 042-18.1.10201-2013


16.06.2014 ж,

№ 2 басылым



53 беттің -шісі






ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Психологияны оқыту әдістемесі

5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2015
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

4 Курстық жұмыс

5 Білім алушылардың өздік жұмыстары



Пән бойынша анықтамалар (глоссарий)
Әдіс – көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.

Әдіснама – 1)ғылыми таным әдісі; 2)ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру.

Әңгіме – 1)ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Оқушы әңгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады; 2) вербальдық (сөйлеу) қарым-қатынас негізінде ақпарат алу әдісі.

Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Б.ә. тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.

Білім берудегі мониторингі – білім беруде үнемі белгілі бір процесті оның қалаған нәтижесімен немесе бірінші болжамымен сәйкес келуінің айқындалуы мақсатпен бақылау;

Білім берудегі жобалау – педагогтың кәсіби іс-әрекеті, практикада жаңалыққа апаратын ретке келтірілген жүйелі әрекет;

Білім беру стандарттары – негізгі нормативті құжаттарға бекітілген, оқыту мен тәрбиенің мақсаты, білім беруге міндетті талаптар. Стандарт негізгі білім беру бағдарламасының міндетті минимум мазмұнын, түлектердің дайындық деңгейлеріне талаптар, оқушылардың оқу нагшурзкаларының көлемін анықтайды;

Білім беру – адамның әлеуметтік тәжірибесін қамтамасыз ететін қоғамдық практикалардың нақты тіркелген мәдени-тарихи формасы;

Жеке тұлға – индивидті әлеуметтік қатынастарға араласуының әр қырынан сипаттайтын әлеуметтік маңызды бітістердің тұрақты жүйесі

Инновациялық процесс – жаңа технологияларды, жаңалықтарды енгізуге бағытталған шаралар комплексі;

Интеграция – жеке дифференцияланған бөліктердің байланысқан қалпы және жүйенің тұтастық қызметі;

Кәсіптік бағдарлану- әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп таңдауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-әрекеті.

Кешенді оқыту жүйесі - оқу материалдарын жүйелі түрде байланыстыра оқыту.(экологиятану, табиғаттану т.б.)

Коллоквиум (лат.colloguim-әңгіме, әңгімелесу)- 1)- оқу сабақтары нысандарының бір түрі; оқытушылардың оқушылардың білімін тексеру мақсатында әңгімелесуі.

Конспект (лат.conspeklus-шолу)-кітап, дәріс, баяндаманың мазмұның қысқаша жазу. К. Оқушының логикалық ойлауы мен сөйлеу мәдениетін жетілдіреді. К.- жазудың күрделі түрі. Сондықтан оқушы жоспар құру дағдыларын меңгерген соң ғана конспект жаздыруға ауысуға болады. Білім алушылар оқу процесінде берілетін білім мазмұнын қысқаша қағазға түсіріп, жазып отырады, яғни конспектілейді.

Қарым-қатынас – жалпы материалды және рухани нәтижеге жету және қатынас орнату мақсатында олардың күштерін біріктіру және келісімге бағытталған адамдардың өзара әрекеттесуі;

Қорытынды (вывод)- 1) жалпы және сөзбе-сөз мағынасы- сыртқа шығатыңның бәрі, организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйенің өнімі; 2) ақпарат теориясында- шығатын сигнал.

Мақсат – күткен нәтиженің түсінілген бейнесі, оған жетуге адамның әрекеті бағытталған;

Мониторинг – тексеру, бақылау, қадағалау;

Негізгі компетентілік – жеке тәжірибеге кіретін білім, іскерлік, дағды, қабілеттердің амбебап жүйесі немесе жиыны, ол қандай да бір өмірлік мәселелер немесе жағдайларда шешуде іс-әрекет жемістігі немесе сапасын қамтамасыз етуі;

Оқытудың жекеленуі – баланың жекелей ерекшелігін ескере отырып, оқыту процесін ұйымдастыру. Оқытудың жалпы мазмұны мен міндеттері аумағында ұжымдық оқыту жұмысы жағдайында жүзеге асырылады. Әрбір баланың потенциалды мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жағымды шарттарды құруды мүмкіндік береді;

Оқыту – оқушыға нақты білім, дағды және іскерлікті үйрету мақсатындағы мақсатты бағытталған және жүйелі өзара әрекет;

Өзіндік баға – адамның өзін-өзі, өзінің кемшіліктерімен және жетістіктерімен, мүмкіндіктерін, қасиеттерін, басқа адамдар арасындағы өзінің орнын бағалау;

Педагогикалық процесс - өсіп келе жатқан ұрпақты білімді, мәдениетті, жан-жақты дамыған адамдар қылып даярлау мақсатындағы тәрбиелеу мен оқыту процесі;

Педагог компетенттілігі – маманның өзінің педагогикалық және тұлғалық потенциалын жүзеге асыру дәрежесі, оның іс-әрекетінің талдауы және бағасы критериі ретінде;

Педагогикалық өзін анализдеу – педагогтың өзінің іс-әрекетін жақсарту мақсатында рефлексия процесі және нәтижесі;

Рефлексия – адамның өзін-өзі, ішкі психикалыө актісін, жағдайы мен ерекшелігін, өзінің ішкі әлемін тану процесі, өзі қалай басқаға қабылдануын түсіну және өзінің мінез-құлқын басқалардың мүмкін реакцияларынмен құру;

Тәрбие – тұлғаның дамуына әсер ететін арнайы ұйымдастырылған және басқарылатын процесс;

Тәрбие – тұлғаның дамуына әсер ететін арнайы ұйымдастырылған және басқарылатын процесс;

Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі . Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі, рейтинг әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады.

Тест (ағылш.test-сынау, сынама) - жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар.

Тестілеу -белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандарты өлшеу үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі-негізгі үш саласы бар: а) білім беру- оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенілуіне байланысты; ә) кәсіби даярлық және іріктеу - өңдірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделіленуіне байланысты; б) психологиялық консультация-социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты. Т. индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т.б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді.

Тұлғалық -бағдарланған білім беру процесі - әрбір адамның жекелігін, өзіндік бағасын, өзіндік тұрмысын қабылдау негізіне жататын оқыту;

Технология (педагогикалық) – 1) педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру формасы, педагогикалық шараларды жүзеге асырудың құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы;

2) алдын ала жобаланған оқу-тәрбиелеу процесін практикаға жүйелі және бірізді енгізу;

3) практикада жүзеге асатын белгілі бір педагогикалық жүйе жобасы;

Үздіксіз білім беру – баланың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету үшін білім берудің әрбір сатысындағы баспалдағындағы (мақсаты, міндеті, мазмұны, әдістері, құралдары, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру формасы) барлық жүйесінің үйлесімділігі мен байланысы;

Эксперимент (лат.experimentum-тәжірибе, сынау) - 1)ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; 2) тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.

2. ДӘРІСТЕР
Модуль 1. Психология оқу пәні ретінде

Тақырып: Психологияны оқыту әдістемесі курсының пәні, мақсаты және міндеттері

Дәрістің мазмұны:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет