1.3 Пәнді оқытудың мақсаты
Курстың мақсаты - «Бюджеттік ұйымдардағы есеп және есептілік» пәнін оқытудың мақсаты - студенттерге бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің негізгі қағидалары мен әдістемесін меңгерту.
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты - студенттерге бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік шоттар мен бухгалтерлік балансты меңгертіп, банктің мүлкі мен олардың қайнар көздерінің есебін жүргізуді оқытып, қорытынды есеп жасауды, яғни қаржылық есептілікті жасауды үйрету.
1.4 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері
«Бюджеттік ұйымдардағы есеп және есептілік» пәнін оқытудың міндеттері – бюджеттік ұйымдардың активтері мен міндеттемелері есептерін жүргізуде қолданылатын бухгалтерлік есептің негізгі әдістерін оқыту. Пәнді оқытудың міндеттері:
нарықтық экономика жағдайындағы бухгалтерлік есептің ролін түсіну, ресурстардың барлық түрлерін пайдаланудың заңдылығы мен орындылығын бақылаудағы оның міндеттерін білу;
бюджеттік ұйымдарда есеп процесін ұйымдастыру тәртібін меңгеру;
бюджеттік ұйымдардың қаржылық есептіліктің жасау тәртібін үйрену;
бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебімен байланысты сұрақтарын өз бетінше шешуге дағдылану.
Достарыңызбен бөлісу: |