ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік материалы



бет24/73
Дата29.01.2018
өлшемі8,38 Mb.
#36043
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73
Бақылау сұрақтары

  1. Термодинамикалық жүйе дегеніміз не?

  2. Термодинамиканың 1-ші заңының қандай анықтамаларын білесіз.

  3. Қандай жүйелерді ашық, жабық, оқшауланған дейміз?

  4. Қайтымды және қайтымсыз процестер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  5. Жүйенің ішкі энергиясының анықтамасы.

  6. Сізге белгілі барлық күй функцияларын атаңыз.

  7. Химиялық реакция жылу эффектісі дегеніміз не?

  8. Гесс заңы және оның салдарының анықтамасын айтыңыз.

  9. Стандартты түзілу және жану жылуы дегеніміз не?

  10. Стандартты жағдайда реакция жылу эффектісін түзілу және жану жылулары арқылы қалай есептейміз?

  11. Жүйе энтальпиясы мен ішкі энергия арасында қандай байланыс бар?

  12. Меншікті, мольдік, орташа және нақтылы жылусыйымдылық дегеніміз не?

  13. Идеалды газдар үшін мольдік жылусыйымдылықтары Сv және СР қатынасы қалай?

  14. Реакция жылу эффектісінің температурадан тәуелділік теңдеуінің дифференциалдық түрін көрсетіңіз. Кирхгофф заңы.

  15. Реакция барысында кейбір температура аралығында жылусыйымдылық өзгерісі нольден кіші болса, температура өскен сайын реакция жылу эффектісі қалай өзгереді?


Модуль 1. Химиялық термодинамика және тепе-тендік

Дәріс 4,5. Термодинамиканың екінші заңы.

Дәріс жоспары

  1. Термодинамиканың екінші заңы. Әртүрлі процестердегі энтропия өзгерісі.

  2. Химиялық реакциядағы бос энергия. Термодинамикалық потенциалдар.

  3. Гиббс-Гельмгольц теңдеуі


Қысқаша мазмұны

Термодинамиканың екінші заңы

Термодинамиканың екінші заңы химиялық процестердің жүру мүмкіндігін және бағытын сипатайды.

Термодинамиканың екінші заңы процестердің қайтымды және қайтымсыз болуымен байланысты. Қайтымды процесс деп тура және кері бағытта, ал қайтымсыз деп тек бір ғана бағытта жүретін процестерді айтамыз.

Екінші заңның негізгі күй функциясы – энтропия(S). Энтропия – жүйенің біртекті күй функциясы. Энтропия өзгерісі процестің өту жолына тәуелсіз, тек алғашқы және соңғы күйіне байланысты.



Қайтымды және қайтымсыз процестер үшін термодинамиканың 2-ші заңы былай жазылады:

немесе TdSQ (4.1)
Мұндағы теңдік белгісі қайтымды, ал теңсіздік белгісі қайтымсыз процестерді көрсетеді. Оқшауланған жүйеде Q=0, сонда
dS0, ΔS0 (4.2)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет