Дәрігер-интерндердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы:
Арнайы медициналық әдебиеттерді оқу;
Электронды ақпаратты ресурстармен, оның ішінде интернет желісіндегі медициналық порталдармен жұмыс істеу;
медициналық статистика және есеп негізін оқу
жеке компьютерлермен жұмыс істеу машығын жетілдіру.
Политика және процедуры: (оқу кезеңінде интернге кафедраның жалпы талаптары, жұмыс бөліктерін орындамаған жағдайдағы айып-пұл шаралары, қорытынды бағаны апелляциялау ережелері)
интерндер сабаққа тек ақ халат және колпакпен ғана кіреді.
сабаққа кешікпеу;
себепсіз сабақтан қалмау,егер себебі болған жағдайда қалған сабақты өтеу үшін рұқсат алып келу;
қалған сабақ оқытушының айтуы бойынша белгілі бір уақыт аралығында өтеледі;
тәжірибелік сабақтардың барлығы талаптарға сай орындалуы қажет;
ИӨЖ бойынша жұмыстарды жоғарғы дәрежеде орындау және оны белгіленген уақытта тапсыру;
барлық аралық бақылауларды тапсырмаған интерндер қорытынды аттестацияға жіберілмейді;
интерн аурухана бойыншы кезекшілікте айына 4 реттен кем емес 12 сағат бойы болу қажет;
интерндер 5 - тен кем емес алдын ала қойылған бағдарлама бойынша диагностикалық және емдік іс-шаралар жүргізілетін науқастарды курациялауға , медициналық құжаттарды жүргізуге, ауруханаішілік және патологанатомиялық конференцияларға, сонымен қатар санитарлық ағарту іс-шараларына міндетті түрде қатысу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |