Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Қолданбалы бағдарламалық құралдар



бет70/159
Дата26.05.2020
өлшемі255,57 Kb.
#71213
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   159
Байланысты:
П нні электронды О У- дістемелік кешені

Қолданбалы бағдарламалық құралдар. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасауға арналған қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру қатарына – мәтіндік редакторлармен мәтіндік процессорлар жатады.

Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды құру және өзгерту үшін, сонымен қатар, оларды экранда қарау, баспаға шығару, мәтіннің кесінділерін іздеу және т.б. арналған компьютерлік бағдарлама. Оған Windows жүйесінің стандартты қосымшасына кіретін «Блокнот» және Word Pad қарапайым мәтіндік редакторларын жатқызуға болады.

Мәтіндік процессорлар – бұл, графиктерді, формулаларды, кестелерді және көптеген басқа объектілерді енгізу мүмкіндігі бар, мәтінді пішімдеу қызметтері кеңейтілген редакторлар.

Мұндай редакторларды мәтіндік процессорлар деп жиі атайды, олар, жеке хаттардан бастап ресми қағаздарға дейін, неше түрлі құжаттарды құру, жасау үшін арналған. Қазіргі кездегі ең кең тараған мәтіндік процессорлардың бірі Microsoft Word болып табылады.

Microsoft Word – Windows операциялық жүйесіне үйлестірілген, әртүрлі мәтіндік құжаттарды теру, түзету, графикалық объектілерді (суреттер, графиктер, формулалар, т.б.) қою, жөндеу мүмкіндігі мол, графикалық-объектілі, көп терезелі редакторлық процессор.

Word редакторының өте кең баспагерлік, типографиялық мүмкіндіктері, пайдаланушының жұмысын мамандандыруға ынталандырады. Оқушылардың ең бірінші игеретін қолданбалы бағдарламасының типі – мәтіндік редактор.

Орындауға жіберілген мәтіндік редактормен қоса, компьютерді мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасайтын мамандырылған орындаушы деп айтуға болады:

Бұл орындаушы адамның (пайдаланушының) басқаруымен жұмыс жасайды. Бұл жүйемен жұмыс жасау барысында, адамның орындайтын барлық әрекеттерін (символды енгізу, символды жою, үзіндіні буферге жіберу, мәтінді файлда сақтау және т.б.) орындаушының басқару бұйрықтары деп қарастырылады.

Сондықтан мәтіндік редакторды оқыту (басқа да ақпараттық технологиялардың қосымша құралдарын оқыту сияқты) әрбір орындаушыға тән дәстүрлі әдістемелік схемамен жүргізіледі:

-деректер: мәтіннің құрылымды бірліктері;

-МР ортасы;

-МР жұмыс режімдері;

-бұйрықтар жүйесі.

МР ортасы. Сабақта нақты қандай мәтіндік редактор қарастырылмасын, оның бас терезесінің интерфейсі мына бес негізгі аймақтан тұратынына оқушылардың назарын аудару қажет:

-тақырып жолы – стандартты жүйелік: «Свернуть» (жинау), «Развернуть» (жазу), «Закрыть» (жабу) батырмаларынан тұрады;

-мәзір жолы мәзірдің негізгі бұйрықтарынан тұрады. Барлық бұйрықтар иерархиялық болып келеді, яғни бұйрықтардың біреуі таңдалғанда, экранға оған бағынышты бұйрықтар тізімі төменге жазылып шығады. Сонымен қатар, көптеген амалдарды тездету үшін, мәнмәтіндік мәзір (орысш. – контекстное меню) қолданылады. Мәнмәтіндік мәзірді шақыру үшін объектіні белгілеп, тінтуірдің оң батырмасы немесе Shift+F10 пернелер тіркесі басылады. Мәнмәтіндік мәзірмен жұмыс жасау оқушылардың тұрақты дағдысына айналуға тиіс.

-басқару тақталары – бұйрықтарды тез орындау үшін біздің қолдануымызға ыңғайлы құралдарын ұсынады. Керек тақтаны экранға қою үшін: Вид -- Панели инструментов шыққан тізімнің ішінен керегін таңдап, мысалы, «Таблицы и границы» қасына қанатша қойса болғаны. Әдетте, экранда жиі қолданылатын «Стандартная», «Форматирование», «Рисование» тақталары тұрады.

-терезенің жұмыс өрісі – мәтін бейнеленетін экрандағы бос орын. Онда бір немесе бірнеше мәтіндік құжаттар ашық тұруы мүмкін. «Окно» бұйрығы арқылы құжаттан - құжатқа ауысуға

болады.

-жағдай жолы терезенің төменгі жағында орналасқан. Жағдай жолының сол жағында ағымды құжаттың жағдайы: ағымды беттің және бөлімнің нөмірлері; құжаттың басынан ағымды бетке дейінгі бет саны және беттердің жалпы саны; беттің жоғарғы шетінен меңзерге дейінгі қашықтық және жол саны сол жақ өрістен, меңзерге дейінгі символдар саны бейнеленеді. Сонымен қатар, жағдай жолында тап осы сәтте мәтіндік редактордың қай режімде екенін хабарлайтын индикаторлар бар.

Жұмыс режімдері. Мәтіндік редактордың, айқын бір жұмыс түрін орындауға бағытталып, нақты белгіленген жағдайын – оның режімі деп түсініледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет