Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет19/133
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#91672
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   133
Байланысты:
5a98e65d-32bb-11e3-9d7d-f6d299da70eeУМКД материал Т-243у МПИ

Бақылау сұрақтары

  1. Оқыту құралдары жүйесiндегі пән оқулығының маңызды орны

  2. Информатика оқулықтарын мазмұны бойынша салыстыру

  3. Программалық-әдістемелік кешен

Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]


9-ДӘРІС.
Тақырыбы: Орта мектептегі информатика курсын бағдарламалық
қамтамасыз ету. Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі. Оқыту мақсатындағы компьютерлік оқу құралдарын жасау кезеңдері
Мақсаты: Мектептегi информатика кypcындa қолданатын ППҚ жасау мен оны
пайдалану жолдарын қарастыру

Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ) курстың белгiлi бiр тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу пpограмасында көрсетiлген, практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етедi.


Мектептегi информатика кypcындa қолданатын ППҚ жасау мен оны пайдалану жайында бiрқатар ғылыми жұмыстар жүргiзілуде. Енді ИЕТН курсын программалық қамтамасыз eтyгe apналған жалпы программалардың тiзiмiн келтiрейiк. Бұл қазiргi мектептің 7-11-сыныптарда пайдаланып жатқан программалар:
1. Мектеп ЭЕМ-сын негізгі программалық қамтамасыз ету (операциялық жүйе, файлдық жүйе, графикалық жүйе, текстік редакторлар).
2. Стандартты программалар кiтапханасымен және программаны байқау жүйесiмен жабдықталған программалау тiлi.
3.Клавиатуралық тренажер.
4. Текстік редактор (Word)
5. Графикалық редактор (Раintbrush).
6. Мектептiк алгоритмдiк тiлдiң интерпретаторы.
7. Мәлiметтер қоры (MS Access).
8. Электрондық кестелердi өңдеу жүйесi (Excel).
9. ЭЕМ-мен алғашқы танысуға арналған программалық пакет.
10.Нақты бекiтiлген командалар жүйесi бар және белгілі бір ортада жұмыс iстей алатын орындаушылар тобы.
11. Көмекшi алгоритмдер кiтапханасы.
12. ЭЕМ-ның және оның құрылғыларының жұмысын сипаттайтын программалар пакеті
13.Mектептегі математика және физика курстарының тақырыптарын сипаттайтын программалар пакетi.
14. Мәліметтердің типтік құрылымдарының программалық пакеті.
15. Автоматты түрде есеп шығаратын оқу пакеті (Mathcad).
16. Оқу работтардың басқаруға арналған программалар пакеті.
17. ЭЕМ-ның қолдануларын көpceтуге арналған демонстраңиялық пакет.
Бұл көрсетiлген программалар тiзiмi курс программасының мазмұнының маңызды бөлімдерінің негiзгi тақырыптарын қамтиды. әртүрлi тексеретін, оқытатын программалардың курстың бөлiмдерi бойынша информациялық анықтамалық жүйелер және оқу үрдісiн интенсивтендiруге арналған барлық басқа құралдардың жасалуы ИЕТН курсын пpограммалық қамтамасыз етуді кең көлемде дамытyға мүмкiндiк бередi.
Мектеп информатикасы курсының техникалық базасының мазмұны, құрылымының өзгеруiне, қарай, программалық қамтамасыз етуде дамып, жетiлдiрiлiп отырады.
Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі.
Информатика курсын оқыту үрдісін дамыту бағытында программалық құралдарды біріктіретін техникалық құрылғыларды, әртүрлі басқару құрылғыларын және оқытудың жаңа, сапалы әдістемесі механизмін қазіргі кездегі ДК мүмкіндіктеріне пайдалану керек.
Перифериялық құрылғылар мен оргтехникаларды (басу құрылғылары-матрицалық, лазерлік, сканер, құйылмалы) оқу қызметіне пайдалану оның жаңа бағыты болып табылады.
Оқыту үрдісінде компьютерді қолданудың жаңа бағыты ретінде ДК-мен байланысты сенсорлық және оқу, демонстрациялық құралдар, талдамалы және дискретті сигналдарды енгізу және шығаруды қамтамассыз ететін құрылғыларды қолдану, ДК экранына енгізу параметріне тәуелді динамикалық өзгеріп отыратын әртүрлі физикалық заңдарды график түрінде кескіндеуге мүмкіндік береді.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалануда аналогтық және дискреттік сигналдарды енгізу мен шығаруды қамтамассыз ететін дербес компьютердің, оның ішінде, түрлі физикалық заңдылықтардың виртуалдық мүмкіндіктерін айқындайды.
Информатика курсы бойынша оқыту құралдары жүйесінің құрамына мыналар жатады:

  • Оқыту үрдісін бағдарламалық-әдістемелік қамтамассыз ету;

  • Оқыту қызметінде оқушылардың мәдениетін қалыптастыруға негізделген бағдарланған объектілік бағдарламалық жүйелер;

  • ДК-ге байланысты оқу, демонстрациялық құралдар;

  • Оқыту үрдісіне көмекші оқу-көрнекілік құралдары;

  • Жаңа ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалануға бағытталған оқытудың құралдар жүйесін пайдалану әдістері.

Оқыту құралдарының мұндай жүйесі информатика курсын оқыту барысында жаңа ақпараттық технологиялық құралдарды қолдану оқу-әдістемелік әдебиеттерімен (оқулықтар, оқушыларға арналған оқулықтар, мұғалімге арналған әдістемелік оқулықтар) қоса оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) құрайды.
Оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен жиынының өзгермелілігі информатиканы оқыту үрдісінде ғана емес, сонымен бірге басқа пәндер мен сабақтастырылған курстарды оқыту барысында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет