Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет29/133
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#91672
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   133
Байланысты:
5a98e65d-32bb-11e3-9d7d-f6d299da70eeУМКД материал Т-243у МПИ

Мұғалімнің жұмыс орны үстелмен және басу құрылғысы мен мультипроектор қоятын 2 тумбамен жабдықталады. Мұғалім үстелінің өлшемі 1300х700мм. Тумбаның магниттік тасымалдаушысы, күнделікті сабаққа қажетті транспаранттар салынатын 350х500х100мм өлшемдегі 1-2 жәшігі болуы керек. Компьютерлік үстелдің дәптер, сыныптық журнал және т.б. салынатын қалташасы болады. Сабақ барысында оқушылардың жұмыс орындарына электр желілерін қосу мен оны өшіруді мұғалім өзі жүргізуі қажет.
Информатика кабинетіндегі компьютерлердің орналасуы сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың емін-еркін жүріп-тұруына ыңғайлы болуы қажет. Дербес компьютерлердің жұмыс орындарының орналасуы 3 вариантта болуы мүмкін:

    1. Жағалай (периметрлік);

    2. Қатарлық (1-3 қатар);

    3. Орталық.

Оқушылардың және мұғалімнің еңбек қауіпсіздігі, электрмен жұмыс жасау қауіпсіздігі және тұрақты жарықтандыру деңгейі тұрғысынан алғанда ДК-де жұмыс істеу орындарын жағалай орналастыру нұсқасы тиімді болып табылады.
Жұмыс орындарын жағалай орналастыру нұсқасы бойынша келесідей қашықтықтар белгіленген:

  • Информатика кабинетінің ені бойынша: терезе жақтаулары бар қабырғалардан үстелдер кем дегенде 0,8м қашықтықта орналасуы керек. Терезе жақтауларына қарсы қабырғалар мен оған жағалай орналасқан ДК үстелдері 10см қашықтықта орналасуы керек, ал кейбір жағдайларда бейнемониторларға байланысты үстелдер мен қабырғалардың қашықтықтары өзгеруі мүмкін.

  • Информатика кабинетінің ұзындығы бойынша: ДК-дің екі орындық үстелдері қатар қойылады. Бір орынды үстелдердің арасы ашылып қойылады, соған сәйкес үстелдердің арақашықтығы кабинет ауданы мен ондағы оқушылардың жұмыс орындарының санына байланысты болады.

ДК-мен жұмыс істеу үстелдері жағалай орналасқанда, сабақтарға, оқушылардың білімін тексеруге, жазба бақылау жұмыстарын орындауға, дәптерде программа құру және есептер шығаруға арналған қажетті орындар оқушылардың санына байланысты оқушы үстелдерімен және орындықтарымен жабдықталуы тиіс. Екі орынды оқушы үстелдері біріктіріліп қойылмайды (олардың ара қашықтығы кем дегенде 0,5м).
Кабинетте оқыту құралдары мен жабдықтары бағдарлама бөлімдері бойынша орналастырылады. Демонстрациялық көрнекіліктер және өздік жұмыстарға арналған құралдар бөлек сақталады. Информатика кабинетіндегі оқыту көрнекілік құралдары мен жабдықтары шкафтарда сақталады, ол лаборант бөлмесінде сақталуы да мүмкін.
Информатика кабинетінде құрал-жабдықтар мен мұғалімнің жұмысын жеңілдететін әдістемелік картотека және сабақ өткізуге дайындық құралдарының тізімі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   133




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет