Байланысты: 5a98e65d-32bb-11e3-9d7d-f6d299da70eeУМКД материал Т-243у МПИ
Жергілікті желі қызметі. Егер мекемеде Windows 9x, Windows 2000 Professional және Windows NT Workstation операциялық жүйелері орналасқан болса, оларды жергілікті желіге қосқан орынды.
Жергілікті желіннің қаматамасыз ету мүмкіндіктері:
ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушының қандай да бір дерекпен жұмыс істеуі;
бірнеше пайдаланушы қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;
электрондық почтамен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;
желілік принтерлерді бірлесіп пайдалану;
интернетке қосылу мүмкіндігі;
Желідегі компьютер санның артуына (он артық) қарай мәліметтерді тасымалдау қиындай түседі. Мұндай жағдайда сервері бар желі құрып, компьютерге ресурстар мен тұтынушыларды орталықтан басқару мүмкіндігін беретін қуатты Windows 2000 Server операциялық жүйесін орнатқан абзал. Ортақ деректер базасынның каталогы желілік ресурстар мен бірыңғай қорғаныс саясатын бөлісудің орталықтандырылған тәсілі бар компьютерлер тобының домен атауы болады. Әрбір доменге жеке ат беріледі. Доменннің деректер базасы каталогы домен бақылаушысында (контролер) сақталады. Әрбір доменде тек бір ғана негізгі бақылаушы болады. Мүмкіндігінше бір немесе бірнеше резервттік домен бақылаушы болғаны дұрыс.