ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Бұл пән қаржы нарығы мен ондағы қаржылық институттардың қызметін теориялық және тәжірибелік негізде оқытатын экономикалық пәндердің арасындағы негізгілерінің бірі болып табылады. Қаржы нарықтары құрылымы, түрлері, құралдары және олардың қадағалану мен реттеліну жағдайлары ашып көрсетіледі. Қазіргі қаржы нарықтарындағы әртүрлі қаржы институттарының қызмет етуімен ерекшеленеді. Қазіргі кезеңде Қазақстан және әлемдік экономиканың дамуында қаржы нарықтары және институттары өте маңызды рол атқарады.
Пәнді оқыту мақсаты : негізгі қаржы нарықтары мен оның инфрақұрылымдарын қазіргі Қазақстан республикасының даму ерекшеліктерімен есепке ала отырып оқыту, сонымен қатар олардың қаржы нарығында қызмет көрсетуін толығымен жетілдіру.
Пәнннің міндеттері:
«Қаржы нарығы және делдалдары» курсының міндеттеріне:
- қаржы нарығы мен делдалдар курсын фукционалды тұрғыдан теориялық аспектілерімен оқыту;
- Қазақстан Республикасында қаржы делдалдарының қызметтеріне талдау жүргізу;
- Қазақстан қаржы нарығының дамуында негізгі мәселелерді анықтау;
- әртүрлі қаржы институттарын және олардың ұсынатын қызметтерін баға белгілеу әдістерін, оларды басқару стильдерін, ішкі және халықаралық қаржы нарықтарындағы қызмет ету стратегияларын оқу;
- Қазақстандағы қаржы нарықтарының қызмет етуінің ерекшеліктерін қарастыру;
- қаржы институттарының қызметінде (делдалдар) мүмкін болатын тәуекелдерді бағалау және олардың залалдарын төмендету жолдарын анықтау.
Оқытудың күтілетін нәтижелері;
Аталған пәнді оқыған кезде студент :
Пәнді игеру нәтижесінде студенттер келесідегідей кәсіби құзіреттіліктерді меңгереді:
білуі:
-Қазақстан Республикасы мен халықаралық қатынастарды реттейтін ҚР конституциясының негіздерді, заңдық нормаларды;
-нақты субъекті мен қоғам, адам мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды реттейтін әдептік, құқықтық номаларды;
-гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдардың даму бағыттарының негіздерін;
-қаржы-бюджеттік және ақша-несиелік реттеуді ұйымдастыру негіздерін, қаржы-банктік жүйенің теоретикалық және тәжірибелік аспектілерінің қызметтерін, мемлекеттік қаржы және карпорация қаржыларын ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі, сонымен қоса нарықты реттеу үшін қаржы-несиелік құралдардыәлемдік тәжірибеде қолдану.
дағдысы:
-өзінің білімі мен біліктілігін кәсіби және әлеуметтік қызметінде қолдану;
-кәсіби қызметті жүзеге асырумен байланысты мақсат қойып және тапсырмаларды қалыптастыру;
-тапсырмаларды шешу, аналитикалық тапсырмаларды өз бетінше шеше білу;
-ақша, несие, қаржы, құқық бойынша теориялық білімін өзінің тәжірибелік қызметінде қолдану;
-кез келген қаржы-несиелік мекеменің орнын қаржылық институттар мен банктер жүйесінде бағалау;
-орындаушылар жұмысын ұйымдастыра білу.
меңгері:
-кәсіби қызметке қажетті ақпараттардың компьютерлік әдісін жинау, сақтау және жетілдіру;
-қаржы және несие, заң, бухгалтерлік есеп және аудит, шаруашылық қызметті талдау, статистика, кәсіпкерлік пен коммерцияның құқықтық негізі, бағалы қағаздар нарығы, маркетинг және менеджмент, экономико-математикалық жобалау, арнайы қаржы-несиелік және құқықтық пәндерді;
-қаржы-бюджеттік, банктік және сақтандру ісінде, салық салу, қор және валита нарықтары салаларында тәжірибелік жұмыс.
-қаржы-банктік заңшығару саласында;
-мемлекеттің ақша-несиелік және фискалды саясаты сұрақтарында;
-шаруашылық тәжірибеде экономикалық талдау әдістерін қолдануда;
-отандық жағдайға шетелдік тәжірибені жалпылау мен бейімделу.
Постреквизиттері: жоқ
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
Куратко, Дональд Ф.
Кәсіпкерлік [Мәтін] = Entrepreneurship : теория, процесс, практика : [монография] / Д. Ф. Куратко ; ауд. М. Қыстаубаева [және т.б.]. - 10-бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. - 479, [1] б. : сур. - (Рухани жаңғыру). - 10000 (таралым). - ISBN 978-601-7943-13-4
Мэнкью, Н. Грегори.
Экономикс [Мәтін] = Economics : [оқулық] / Н. Г. Мэнкью, М. П. Тейлор ; ауд. Л. Ә. Бимендиева [және т.б.]. - 4-халықаралық бас. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" ҚҚ, 2018. - 833, [1] б. : сур. - (Рухани жаңғыру). - 10000 (таралым). - ISBN 978-601-7943-10-3 : Б. ж.
Брег, Стивен.Настольная книга финансового директора = The New CFO Financial Leadership Manual : пер. с англ. / С. Брег. -14-е изд. -М. : Альпина Паблишер, 2019. -605 с.: граф., табл.
Финансы: учеб. для акад. бакалавриата / под ред. М. В. Романовского, Н. Г. Ивановой; Учеб.-метод. отд. высш. образования. -5-е изд., перераб. и доп. -М. : Юрайт. -2019. -Ч. 1. -304, [1] с.: схемы, табл
Нургазина, Асель Муратовна.Управление финансами компаний : учеб. пособие / А. М. Нургазина ; КазНУ им. аль-Фараби. –Алматы : Қазақ ун-ті, 2018. –169 с.: схемы, табл.
Искаков, Ұ. М.
Қаржы нарығы және делдалдары [Текст] : оқулық / ҚР білім және ғылым м-гі, Т. Рысқұлов атын. ҚазЭУ. - Алматы : Экономика, 2008. - 295,[1] б. - ISBN 978-601-225-011-4 :
Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. -Әлемдік экономикалық ғылым. Сер. 7-том.- 296с.
Қосымша әдебиеттер :
Бове, Куртланд Л.Қазіргі бизнес-коммуникация = Business Communication Today : монография / К. Бове, Д. Тилл ; [ауд. А. Қуанышбекова ; жауапты шығ. М. Бисенбаева]. -14-бас. -Алматы : Ұлттық аударма бюросы ҚҚ, 2019. -735 б.: сур.
Thomson Reuters - URL:http://www.webofknowledge.com
|
SpringerLink URL:http://www.springerlink.com
|
Достарыңызбен бөлісу: |