Пәннің мақсаты, міндеттері мен мазмұны Дәріс мақсаты



бет1/4
Дата05.09.2023
өлшемі89,43 Kb.
#180256
  1   2   3   4
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Дәріс №1 Пәннің мақсаты, міндеттері мен мазмұны
Дәріс мақсаты: студенттерге академиялық жазба негіздері пәні туралы жалпы түсінік беру және міндеттерімен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. Пәннің мақсаты мен міндеттері.
2. Дәрістер жинағын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар.
3. Жазбаның даму тарихы.
1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. «Академиялық жазба негіздері» пәнінің мақсаты, тиімді академиялық жазба үшін қажетті жазбаша дағдыларды қалыптастыру және сыни ойлау дағдыларын игеру мен оны дамыту болып табылады.
Пәнді оқу міндеттері:
- жазу теориясы саласындағы білімді өзектендіру және дамыту;
- жазбаша ғылыми коммуникациялар дағдыларын қалыптастыру;
- жақсы құрылымдалған, негізделген және нақты дәлелдемелерді дамыту, қолайлы дереккөздерді қолдануды көрсету, грамматика мен жазу механикасын жақсарту.
Пәннің мақсаты:
- академиялық сауаттылық туралы біртұтас түсінік қалыптастыру және оның қазіргі оқытушы-зерттеушінің тиімді кәсіби қызметі үшін маңызы;
- академиялық жазбаның ақпараттық ресурстардың әр түрін сыни бағалауды, ақпаратты іріктеу мен түрлендіруді және білімді тиімді беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттер кешені ретінде маңыздылығын бағалау;
- академиялық жазудың негізгі міндеттері мен принциптері туралы түсінік қалыптастыру және оларды кәсіби қызметте қолдануға ынталандыру
- сауаттылықты дамыту стратегиясы мен келешек кәсіби мәдениетті ойлауға ынталандыру;
- білім алушылардың жеке кәсіби дамуына ықпал ету, олардың өзін-өзі бағалауын арттыру;
Пәннің міндеттері:
- жазушы мен оқырман арасындағы академиялық (ғылыми, кәсіби) мәтінді құру заңдары және өзара әрекеттесу жүйесі туралы түсінік қалыптастыру;
- мәтіндік ақпаратпен (мақала, құжат, кітап және т. б.) және олардың құрамдас бөліктерімен (кіріспе және қорытынды, мазмұны, көрсеткіш, аннотация және т. б.) жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін көрсету;
- болашақ оқытушы-зерттеушілерді мәтінді құруға және өз идеяларын дұрыс жеткізуге арналған тиімді және оңай жолдарын көрсету;
- мәтінді абзацтарға бөлу, абзацты сауатты рәсімдеу және алғашы сөйлем жазу дағдысын қалыптастыру;
- мәтінді құрылымдау және мәтін мен сөйлем деңгейінде логикалық қатынастар құру дағдыларын дамыту;
- гипотезаларды ұсынудың және дәлелдемелерді жасаудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру;
- академиялық мәтінді (кәсіби-бағытталған және ғылыми жазба жұмыстар) бағалау критерилерінің жүйесін қолдануды үйрету;
- тиісті лексика, құрылым мен баяндау стилін қолдана отырып, ойды түсінікті және нақты тілде білдіру қабілетін дамыту;
Жалпы, келешек оқытушы-зерттеушілерге арналған «Академиялық жазба негіздері» курсы басқарушылық міндеттерді оңтайлы атқаруға, ақпаратты талдауға және білім және ғылым саласындағы мамандардың ақпараттық құжаттарды жасауына ықпал етіп қана қоймай, оларды жалпы білім беру бағдарламасы мен жалпы ғылыми қызметті қайта қарастыруға және пәнаралық байланыстарды нақты жолға қою мүмкіндігін түсінуге шақырады, бұл шынайы гуманистік және тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне әкеледі.
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде әрбір білім алушы:
- академиялық жазу жанрларының негізгі белгілері: эссе, аннотация, реферат, рецензияны жаза білуі керек;
- стилистика және композиция тұрғысынан эссе мен ғылыми мақалаларды, автордың зерттеу стратегиясын, ғылыми мектепке қатыстылығын, ғылыми дәстүрге енуін талдай білу;
- баспа басылымдары мен электрондық ресурстарды библиографиялық сипаттау; конспектілерді, аннотацияларды және ғылыми мақалалар мен монографиялардың рефераттарын, сондай-ақ рецензиялар мен эсселерді өз бетінше құру; ғылыми жұмыстарды көпшілік алдында ұсыну және талқылау арқылы дағдыларды меңгеруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет