Экологиялық жүйелердің жұмыс істеуі
Барлық экожүйелер, тіпті олардың ең ірісі биосфера да ашық жүйе болып табылады, сондықтан олар жұмыс істеулері үшін энергияны қабылдаулары және берілуі тиіс. Экожүйенің тұжырымдамасы осы есепке байланысты, жұмыс істеуге, жүйені ұстап тұруға қажетті энергияның жүйеге кіру және шығу ағындарының болуын есепке алуы тиіс, яғни нақты жұмыс істейтін экожүйенің энергия кіретін және өңделген энергия мен заттарды шығаратын жолдары болуы тиіс.
Күн жарығының энергиясы экожүйеге қабылданып, онда фотоавтотрофты оранизмдер оны бейорганикалық заттардан органикалық құрамалар синтездеу үшін пайдаланылатын химиялық энергияға айналдырады. Энергия ағыны бір жаққа бағытталған: күн энергиясының келген бір бөлігі өсімдіктер қауымдастығымен өңделіп, сапалық жағынан жоғарырақ дәрежеде өтеді, ол күн жарығына қарағанда энергияның шоғырланғандау пішініне жататын органикалық затқа айналады, энергияның көп бөлігі жүйе арқылы өтіп, одан шығып кетеді. Қағида бойынша энергия жинақтала, одан соң босатыла алады, бірақ екінші рет пайдаланыла алмайды.
Сонымен, экожзүйенің құрамдас бөліктері – энергия ағыны, заттардың айналымы, биотикалық, бейбиотикалық құрамдас бөліктер және кері байланыстың басқарушы жолдары.
Экожүйенің функционалдық сызбасы
күн
Жасыл өсімдік, шылаулар
Жылу және басқада Энтропия
энергияның түрлері
Күн энергиясы
Айуанаттар (консументтер)
Шағын бойлар (деструкторлар)
Химиялық энергия
Автотрофтар
Гетеротрофтар
Қорытынды: Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді.
№5 Дәріс Ландшафттар туралы түсінік
Жоспар
Кіріспе
Ландшафт туралыт түсінік
Ландшафттың тұтынушылық құны
Ландшафттың пайдалану мақсаттар
Ландшафт дегеніміз өзін өзі реттеу арқылы тірі және тірі емес материалдардың қарым қатынаста болатын жүйе. Ландшафт география ғылымының бір саласы болып табылады. Ландшафттану термині ландшафттану ғылымының негізгі түсініктерінің бірі болып табылады. Бұл – неміс сөзі, « Жер түрі » деген мағына береді немесе « жергілікті жер түрі ». Ландшафт – генетикалық бір тектес табиғи – территориялық комплекс, рельефі салыстырмалы түрде біркелкі болады, оны құрайтын жыныстар, топырақ, ауа райы, су, тірі организмдер және ол адамның әсер етуі жағдайында болады.
Ландшафт құрамдас бөліктерінің арасында тұрақты қатынастар мен байланыстар қалыптасқан тұтас табиғи жүйе болып табылады. Ландшафттың құрамдас бөліктерінің арасында әрқайсысының өзгеруі бүкіл ландшафттың өзгеруіне алып келетін бірнеше дербес топтарды бөліп қарауға болады. Ондай топтар биологиялық,климаттыұ, гидрогеологиялық, геологиялық, геоморфологиялық құрамдас бөліктер болуы мүмкін. Олар бір біріне бірдей дәрежеде әсер етеді және кейбір құрамдас бөліктер мен олардың қасиеттері басқа құрамдас бөліктерге олардың әсеріне қарағанда күштірек әсер етеді.
Ландшафт келесі сипаттары бар табиғи географиялық кешен:
Жер бетінің табиғи шептермен шектелген, оның шегінде фтабиғи құрамдас бөліктері күрделі өзара қарым-қатынаста және бір-біріне бейімделген болатын өзіндік ерекшелігі бар және біртектес шағын тілімі;
Табиғаттың өзара байланысты және өзара шарттастықты заттары мен құбылыстарының жиынтығы, тарихи қалыптасқан және уақыт барысында дамитын физикалық-географиялық кешен немесе кешендер жиынтығы;
Жер бедерінің,климаттың, өсімдіктер жамылғсының, жануарлар әдемінің, халықтың және адамзат мәдениетінің сипаттары жердің белгілі бір аймағында қайталанып отыратын, бірыңғай үйлесімді тұтастыққа тоғысатын облыс;
Аумақтық жағынан бөлек орналасқан, бірақ негізгі белгілері бойынша ұқсас иеарархиялық төменірек дәрежедегі тұрпаттты кешендерді біріктіру үшін қолданылатын жалпылаушы ұғым ;
Барлық негізгі құрамдас бөліктері:жер бедері, климаты, сулары,топырақтары, өсімдіктері және жануарлар әлемі даму жағдайлары бойынша біртекті, бірыңғай, ажырамас жүйе құрай отырып, күрделі өзара байланысты және өзара шарттастықта болатын табиғи географиялық кешен.
Ландшафт- құрамына ішкі геожүйелердеің: жерлердің,алқаптардың, фацийлердің өзіндік ерекшелікті жиынтығы кіретін, белдемдік белдемдік емес белгілері бойнша біртекті генетикалық бірыңғай геожүйе.
«Ландшафт» ұғымының тек табиғаттанулық ғана емес, тұтынушылық құны да бар. Себебі, ландшафт-географиялқ қабық құрылысының белгілі бір белдемге тән барлық белгілерін сақтаған ең шағын аумақтық бірлік. Онда табиғаттың өңірлік те, ішкі де ерекшеліктері ұштасқан, табиғи себепші шарттардың, тіршілік жағдайларының және адамдардың қызметінің сол жерге тән жергілікті кешені толық көрінеді.
Эталондық геожүйе ретіндегі ландшафттың оларды білу оның ресурстық әуелетін адамның әлеуметтік-экономикалық сұраныстарына қатысты пайдаланудың және оны жақсарту тәсілдерінің дұрыс жолдарын таңдауға мүмкіндік беретін қасиеттер жиынтығы бар.
Ландшафттың тұтастығы бар, яғни ол құрамдас бөліктер мен әшкә жүйелердің өзара шарттастықты белгілі бір жиынтығынан құралған, көрші ландшафттармен зат пен энергия алмасатын ашық жүйе болып табылады. Ол тіршілік етеді, онда зат пен энергия, ақпарат алмасу және өзгерту үрдістері үнемі жүріп жатады. Оның ең басты табиғи қасиеті биомасса өндіру. Ландшафт тіршілігінің әтижесі және айнымас құрамдас бөлігі белдемдік және белдемдік емес топырақтардың белгілі бір жиынтығы болып табылады. Ландшафттың белгілі бір құрылымы мен құрылысы, оның орнықтылығына байланысты болатын қасиеттер мен жағдайлардың серпіні бар. Ландшафт дамуға, яғни эволюциялық қайтымсыз өзгеруге қабілетті.
Жазықтықтағы жекелеген ландшафттың ауданы ондаған мың гектардан жүздеген мың гектарға дейін болуы мүмкін. Ландшафт әртүрлі мақсаттарға арналған,ол шаруашылығының, орман және су қорының, елді мекендердің жерлерінен, өнеркәсіп, көлік байланыс нысандарына бөлінген , тарихи мәдени ғылыми, саялы жерлерден, қорғаныс мақсатындағы жерлерден тұра тұрып, бірден бірнеше әлеуметтік экономикалық қызметтер орындайды.
Ландшафт туралы табиғи шекаралары бар, бірақ қазіргі жағдайда және әртүрлі көлем мен құрамдағы сан алуан антропогендік факторлардың әсерінен қалыптасатын табиғи құрылыс ретінде айту керек сияқты . Сондықтан адамның,қоғамның және олардың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің алдында мәдени ландшафтты құрудың ғылыми тәжірибелік міндеті тұруы тиіс. Ол міндеттің жаһандық мақсаты өсімдіктер мен жануарлар әлемінің генотиптерін, тарихи мәдени ескерткіштерді сақтай отырып, адамның тұрмыс тіршілігінің сапасын шын мәнінде жақсарту.
Ландшафттарды олардың орналасқан жеріне, табиғи құрамдас бөліктері қасиеттерінің қиылысуына байланысты тұрпаттарға,тұрпатшаларға, кластарға, класташаларға,түрлерге біріктіреді. Ландшафттың тұрпаты аса тірі таксонометриялық бірлік, ол жылумен және ылғалмен табиғи қамтамасыз етілуінің ара қатынасы бойынша анықталады. Ландшафттың жұмыс істеуінің көптеген көрсеткіштері, оның өнімділігі , яғни биомасса өндіруі тап осы арақатынасқа байланысты.
Табиғи жүйедегі жылу және ылғалдың энергетикалық теңгермесін бағалау үшін М.И.Будьконың ұсынған гидротермикалық көрсеткішін кеңінен пайдаланады, яғни «құрғақшылық белгісі» радияциялық теңдіктің жер бетіне жауған жауын шашынды буландыруға кететін жылу шығынының қатынастық шамасын көрсетеді. Энергияның теңдігін сипаттайтын бұл көрсеткіш қажетті деңгейде жер бетіндегі биохимиялық, гидрохимиялық және топырақтың жүрісінің қарқынын көрсете алады.
Іс жүзінде жоғарыда қарастырылған қатынастықты пайдалану, негізінен шаманың өзгеруін есептеуге, яғни жылу динамикасындағы энтропияның бағытын анықтауға және олардың тепе теңдік жағдайындағы,радияциялық «құрғақшылық белгісі» мен ландшафттардың биологиялық өнімділігінің арасындағы байланысты тапқан. Сонымен қатар, физико географиялық белдеуліктердің ауысуына байланысты ұқсас ландшафттар аймағы қайталанып отыратындығы анықталған. Барлық географиялық белдеулікте биологиялық өнімділіктің ең жоғары шамасы радиациялық «құрғақшылық белгісінің» мәні бірге тең болғанда байқалады.
Д.И.Шашко «Географиялық аймақтардың кезеңдік заңы» атанған бұл заңдылықтық бірқатар ғылыми салалар үшін маңызды ізі барлығын, оның ішінде география ,экология, ландшафттану, табиғатты пайдалану және ауылшаруашылық жерлерді пайдалану үшін маңызды екенін атап көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |