ПӘннің ОҚу бағдарламасы (силлабус)



Дата10.06.2017
өлшемі302,98 Kb.
#18632

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

Силлабус

Силлабус


042- . 1. /01 – 2016

«Химияны оқыту әдістемесі»

Пәннің оқу бағдарламассы (силлабус)


№ 1 басылым 09.06. 2016 ж.






ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)



Пән атауы: Химияны оқыту әдістемесі

Кредит саны:2

Шифр – мамандық атауы: 5В011300-Биология

Факультет, кафедра: жаратылыстану- математика, химия және география



Семей 2016


Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы

Онтагарова Д.Р., п.ғ.к., доцент м.а. _____________« 19 » 04 2016 ж.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Кафедра отырысында «химия және география»

Хаттама «__19__» ____04____ 2016__ жыл, № 9.


Кафедра меңгерушісі Ибраева Л.С. ______________
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында жаратылыстану-математика

Хаттама «__11__» ___05_______ 2016___ жыл, № 5.


Төраға Абдишева З.В. _______________
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлдандыжәнебаспаға ұсынылды


Хаттама «__09__» ___06_______ 2016___ жыл, № _6_
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
Искакова Г.К. ______________
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

3 КУРС САЯСАТЫ

4 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
Оқытушының аты-жөні, тегі Онтагарова Динар Рахымовна

Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы: педагогика ғылымдарының кандидаты , доцент м.а.

Факультет, кафедра: жаратылыс –математика факультеті, химия және география

Байланыс ақпараты – тел.: 77-33-58, e-mail: diko-68@mail.ru, № 3 оқу корпусы, кабинет 407


1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

Студент болашақ мұғалім ретінде мектеп бағдарламасын меңгеруі тиіс, мектеп оқулықтарын оқушыларға берілетін ғылыми ақпараттарды білуі тиіс, оқыту процесі кезінде күнделікті педагогикалық тәрбиелеу тапсырмаларын шешуге үйренуі керек, сабақ жоспарын құруы, практикалық жұмысты жүргізуі, өнеркәсіпте, табиғатта топсеруен өткізе алуы, кластан тыс жұмыстар жүргізе алуы, сонымен қатар химиядан факультативтік сабақтар жүргізе алуға үйренуі тиіс.



    1. Пәнді оқыту мақсаты

Студенттерде болашақ мұғалімдер ретінде әдістемелік білім және білік, мектепте химиядан оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүргізуге дайындық, ұстаздық жұмысқа өзбетімен және шығармашылық жағынан дайындау.

    1. Пәнді оқытудың міндеттері

Химияны оқыту әдістемесінің негізгі міндеті студенттердің оқытудың теориялық негізімен, практикалық мәселелерімен таныстыру, орта мектепте оқыту процесінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу, мұғалімдік шеберлікке үйрету.

1.5 Құзыреті (оқыту нәтижелері)

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:

Білу : маңызды әдістемелік химиялық білім жүйесін жалпыланған түрде нақты әдістерімен қолдана білуі.



Дағды: әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізу үрдісінде өз бетінше білімін толықтыру дағдысына үйрету.

Біліктілігі: Студенттерді жалпы орта білім беру мектептерінде химияны оқытудың жаңашыл әдістемелік негізімен қаруландырып, өз бетімен әдебиеттермен жұмыс істеуге, одан алған білім негізін нақты педагогикалық жағдаятта қолдана біліктіліг

1.6 Курстың пререквизиті

Жоқ


1.7 Курстың постреквизиті

Педагогикалық практика


1.8 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме




Оқу жұмыс жоспарының көшірмесі 1-кестеде келтірілген


1-кесте


Курс

Семестр

Кредиттер

Дәріс,

сағ.


СТС,

сағ.


ЗЖ,

сағ.


БӨЖ,

сағ.


Барлығы,

сағ.


Қорытынды бақылау

формасы





1

1

3

15

15




60

90

Емтихан


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу 2- кестеде келтірілген


2 - кесте



Модуль. Тақырып


Сағаттар саны




Д

ЗЖ


СТС

БӨЖ

Әдебиет

1

2

3

4

5

6

7

Модуль 1. ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ









Педагог мамандықтары үшін химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні.


1

1




4

5.1.1

5.1.2


5.1.3



Химияны оқыту үрдісінің жалпы негіздірі


1

1




4

5.1.1

5.2.1


5.2.2



Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымы.


1

1




4

5.1.1

5.2.1


5.2.2



Химия тілі – химияны оқытуда таным құралы. Химиялық ұғымдарды қалыптастыру.



1

1




4

5.1.1

5.1.2


5.1.3



Химияны оқытуды ұйымдастыру формалары. Химияны оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар


1

1




4

5.1.1

5.1.2


5.1.3



Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру.


2

1




4

5.1.1

5.2.4


5.1.3

5.2.1




Химияны оқыту әдістері.

1

1




4

5.1.2

5.2.2


5.2.3

5.2.4


Модуль 2. «ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫНЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ »




Химиялық есептер – химияны оқытудың бір құралы.


1

1




4

5.1.1

5.1.2


5.1.3



Химияның алғашқы ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру.

1

1




4

5.2.1

5.2.6


5.2.1

5.2.7




Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы қалыптастыру.


1

1




4

5.2.1

5.2.6


5.2.1

5.2.7




Д.И.Менделеевтің периодтық заңының, периодтық жүйесін оқып-үйрену әдістемесі.


1

1




4

5.1.2

5.2.2


5.2.3

5.2.4



Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын химияның жүйелеу курсында оқып –үйрену әдістемесі



1

1




4

5.2.1

5.2.6


5.2.1

5.2.7




Ерітінділер және электролиттік диссоциалану теориясының негіздерін оқыту. (ЭДТ).


1

1




4

5.1.1

5.2.4


5.1.3

5.2.1




Органикалық заттарды оқып- үйренудегі әдістемелік ұстанымдар.

1

1




4

5.3.1

5.3.4


5.3.3

5.3.1



Оқушылардың химия пәнінен алған білімін қорытындылау




1

1




4

5.3.1

5.3.4


5.3.3

5.3.1








15

15




60





2.1 1-2 аралық білімді бақылау тапсырмалары

№1аралық білімді бақылау тапсырмалары



1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Химияның оқу пәні ретінде алатын орнын қалай сипаттауға болады?

  2. Химия курсын құрудың ғылыми негізіне не жатады?

  3. Химия курсын құруда қандай ұстанымдар басшылыққа алынады?

  4. Химия курсының мазмұнына нелер кіреді?

  5. Химия курсын құрудағы теориялар мен заңдардың ролі қандай?

  6. Таным теориясы тұрғысынан ұғымды қалай түсінеміз?

  7. Ұғымдар қалыптастыру қалай жүзеге асады?

  8. Ұғымда жүйелеудің ролі қандай?

  9. Ұғымға анықтама қалай беріледі?

  10. Ұғым қандай тәсілдермен меңгеріледі?

  11. Дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыруда химиялық ұғымдардың рөлі қандай?

  12. Жұмыс жоспарының қандай түрлерін білесің?

  13. Тақырыптық жоспардың үлгісін баянда.

  14. Күнделікті жоспар оны жазу туралы ойың.

  15. Күнделікті жоспар қандай бөлімдерден тұрады?

  16. Химиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың формаларын атаңыз?

  17. Сабақ қандай негіздерге сүйеніп жіктеледі?

  18. Сабаққа анықтама бер.

  19. Оқыту әдісін қалай түсінуге болады?

  20. Оқыту әдісі қалай жіктеледі?

  21. Түсіндірме – сурет бойынша түсіндіру әдісі тобын қалай түсінесің?

  22. Әңгіме, әңгімелесуге қандай талаптар қойылады?

  23. Көрнекі көрсетілетін экспериментіне қандай талаптар қойылады?

  24. Оқушылар экспериментінің түрлерін салыстырып сипаттаңдар?

  25. Зертханалық жұмыстардың мақсаты?

  26. Сарамандық жұмыстардың мақсаты?

  27. Сарамандық жұмыстардың түрлері қандай, ұқсастығы мен айырмашылығы.

  28. Сан есептерінің оқу – тәрбиелік маңызы.

  29. Сан есептерінің жіктелуі.

  30. С. Г. Шаповаленко сан есептерін неше типке жіктейді, қандай?

  31. Химиялық тіл тұрғысынан жіктелуі.

  32. Химиялық формула бойынша есептер және олардың түрлері қандай?Химиялық теңдеулер бойынша есептер және олардың түрлері.

  33. Химиялық тілдің оқу- танымдық қызметі қандай және оның негізіне нелер жатады?

  34. Химиялық тілді меңгеруде көрнекіліктердің қандай түрлері қолданылады?

  35. Химиялық тілді қалыптастырудың теориялық негіздері қандай?

  36. Мектеп курсында тілдік білімнің көлемі мен мазмұны және ұғымдар қалыптастырудағы рөлі қандай?

  37. Химиялық тілді меңгеруді қорытындылаудың жолдары қандай?

  38. Химиялық тілді қалыптастырудың қандай кезеңдерін білесіз?

  39. Химиялық тілді меңгерудің қандай кезеңдері бар?

  40. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру не үшін керек?

  41. YIII класс бойынша оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды айтып беріңдер.

  42. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру қандай негіздерге сүйеніп жіктеледі?

  43. Ауызша сұраудың түрлеріне мысалдар келтіріңдер.

  44. Галогендер тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысының екі нұсқасы берілді, қалған екі нұсқасын өздерің жазыңдар.

  45. Химиялық диктанттың орнын, мазмұнын өткізу әдістерін баяндап беріңдер.

  46. Қорытынды тексеруге қандай талаптар қойылады?

  47. Химиядан топсеруен неүшін керек?

  48. Химиядан топсеруен өткізуде нысандарды таңдап алудың қандай мәні бар?

  49. Топсеруен өткізуге даярлықты қалай жүргізеді?

№2аралық білімді бақылау тапсырмалары


8-15апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Факультатив сабақтарының мақсаты қандай?

  2. Факультатив сабақтарының негізгі сабақтарға ұқсастығы мен айырмашылығы?

  3. Факультатив сабақтары қандай үш топқа жіктеледі?

  4. Факультатив сабақтарының негізгі тақырыптары.

  5. Факультатив сабақтарының формалары мен өткізу әдісі қандай?

  6. Химияның алғашқы ұғымдарын екі жүйе бойынша жіктеп, сызбанұсқа сызыңдар:

  7. Зат ұғымдарының жүйесі

  8. Химиялық реакция ұғымдарының жүйесі.

  9. Химияның пәнімен таныстырғанда пәнаралық байланыс қалай жүзеге асады?

  10. Таза зат және қоспа ұғымдары қалай қалыптасырылады?

  11. Заттың өзерістері туралы ұғымдар жүйесін сатылары бойынша сипаттап,

  12. Химиялық реакция ұғымына анықтама беріңдер.

  13. Атом, химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары арасындағы өзара байланысты көрсетіңдер, оларды анықтаудағы методикалық тәсілдерді
    сипаттаңдар.

  14. Бейорганикалық қосылыстар туралы ұғымдардың оқу- тәрбиелік маңызы қандай?

  15. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдар қалыптасуының неше кезеңі бар?

  16. Оксидтер туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы ретімен баяндаңдар.

  17. Қышқылдар туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы қалай жүзеге асады?

  18. Негіздер туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы ретімен баяндаңдар.

  19. Тұздар туралы ұғымның қалыптасуы және дамуы қалай жүзеге асады?

  20. Оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар туралы білімді қорытындылаудың методикалық мәселелерін сипаттаңдар.

  21. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты қалай ашу керек, бұл материалдың ғылыми қөзқарас қалыптасуындағы маңызын көрсетіңдер.

  22. Оқушыларға білім мен тәрбие беру және оларды дамытудағы периодтық заңның маңызы қандай?

  23. Периодтық заң мен атом құрылысын оқытудың методикалық тәсілдері қалай негізделеді?

  24. Оқушылар периодтық заңды саналы қабылдауға қалай әзірленеді?

  25. Периодты заңдылықты түсінуге қажетті атом құрылысы жөніндегі мәліметтердің мазмұны мен көлемі туралы не айтуға болады?

  26. Периодтық жүйеге байланысты негізі ұғымдар атом құрылысы тұрғысынан қалай қалыптастырылады?

  27. Периодтық заңның Д.И.Менделеев берген және қазіргі анықтамасын салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табыңдар, олардың әрқайсысы оқушыларға қай кезеңде түсіндіріледі?

  28. Орта мектептің химия курсында химиялық байланыс туралы ұғымның орны, оқытылу реті қалай анықталған?

  29. Коваленттік байланыс туралы ұғым қалай қалыптастырылады?

  30. Иондық байланысты оқыту методикасының ковалентті байланыспен таныстыру методикасынан айырмашылығы қандай?

  31. Заттың құрылымы мен қасиеттерінің арасындағы байланыс қалай ашылады?

  32. Валенттілік ұғымының ғылымдағы және химияны оқыту барысындағы маңызы қандай?

  33. Валенттілікпен алғашқы таныстыру қалай жүзеге асады?

  34. Валенттілік ұғымын қалыптастыру және дамыту кезеңдері қандай?

  35. Элемент атомдарының тотығу дәрежесімен таныстыру методикасы және бұл ұғым қалай пайдаланылады?

  36. Валенттілік, тотығу дәрежесі және химиялық байланыс ұғымдарының өзара тәуелділігін қалай түсіндіпу керек?

  37. Химиялық реакция туралы ұғымның жеке бөліктерін көрсететін сызбанұсқа сызыңдар.

    1. Атом- молекулалық ілім тұрғысынан химиялық реакция ұғымы қалай дамиды?

    2. Электрондық көзқарас тұрғысынан химиялық реакцияның мәні мен механизмі қалай түсіндіріледі?

    3. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары туралы ұғым қалай қалыптастырылады?

    4. Химиялық реакция ұғымы иондық теория тұрғысынан қалай дамиды?

    5. Органикалық химияны өткенде химиялық реакция ұғымы қалай дамиды?

    6. Химиялық реакция туралы білім қалай қорытылады?



3 курс САЯСАТЫ

Сабаққа қатысу қатаң түрде, міндетті болып табылады. Егер қандайда бір себеппен студент сабаққа қатыса алмаған жағдайда, барлық меңгерілмеген материалға жауапты.

Бақылау тапсырмалары орындалуға міндетті және уақытылы тапсырылуы тиіс. Кешіктіріліп орындалған жұмыс автоматты түрде төмен бағаланады.

Аралық аттестациясының қорытындысы студенттің сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде өздік жұмыстарын орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптары, сонымен қатар аралық бақылау нәтижесі ескере отырып қойылады.

Аралық аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысу, өзіндік жұмысты уақытылы орындауына, сабақ кезіндегі ауызша және жазбаша түрдегі жауабына және аталған аралық бақылаудың нәтижесіне байланысты шығарылады.

Егер студент белгіленген мерзімде сәйкес келетін мекеменің растайтын құжатымен денсаулық жағдайына немесе басқа да дәлелді себептермен сабақ босатып, аралық бақылауды тапсыра алмаған жағдайда, студент аралық бақылауды индивидуалды түрде тапсыруға құқылы.

Кез-келген көшіру немесе плагиат (дайын тапсырмаларды көшіру, қолдану және басқа студенттің тапсырманы орындауы) жазасы аудиториядан шығару немесе бағасын «қанағаттанарлықсыз» деп тану түрінде болады.

Сабақ жүру барысында ұялы телефондар өшіріледі.






4 Бағалау саясаты

Басқа кредиттерден тәуелсіз әр пәнге бір академиялық кезең үшін 600 балл бөлінеді (1-7 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін, 8-15 апта – 270 балл және 30 балл сабаққа қатысқаны үшін).

Апта және білімді бақылау түрлері бойынша балл бөлу 3-кестеде көрсетілген.
3 - кесте


Апта

Зертханалық, практикалық, семинар сабақтарының, БӨЖ тақырыптары

Білімді бақылау түрі

Барлық балл


1

2

4

3

1-7

1-7 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу


Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30

Зертханалық сабақтар, тәжірибелік сабақтар, семинар, БӨЖ

1

Орта мектептің химия кабинеті және оның негізгі жабдықтары. Кабинеттің жұмысын ұйымдастыру.





Ауызша жауап беру, оқу-материалдарымен жазбаша жұмыс




2

Мектеп бағдарламасы мен оқулықтарды талдау.


Ауызша жауап беру, оқу-материалдарымен жазбаша жұмыс




3

Мұғалімнің оқу жоспарлары.Сабақ жоспары мен конспектісі.


Ауызша жауап беру, оқу-материалдарымен жазбаша жұмыс

25


4

«Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбы негізінде мектеп оқулығы, бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету. Тақырыптың мазмұны мен оқыту әдістемесімен танысу.


Ауызша жауап беру, оқу-материалдарымен жазбаша жұмыс

25

4

БӨЖ Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы даярлаған құжаттар.

Тапсырма 1

Қазақстан республикасы жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандарттары мазмұнымен танысу.



Тапсырма 2

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы даярлаған 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты мазмұнымен танысу. Химия оқу пәні. (8-11 сыныптар)




Жазбаша, электрондық порталда

50

5

«Ауа. Оттегі. Жану» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі.


Ауызша жауап беру, оқу-материалдарымен жазбаша жұмыс

25


6

Химиялық есептердің түрлері.


Ауызша жауап беру, оқу-материалдарымен жазбаша жұмыс

25

6

БӨЖ

Тақырыбы: Химиядан мектеп оқулықтары. Оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру.

Тапсырма 1

Төмендегі сұрақтарға тірек конспект жазбаша жаз



  1. Мектеп сараманында химиядан қандай авторлардың оқулықтары және қандай уақыт аралығында қолданылды?

  2. Тұңғыш қазақ тілінде балама байқау оқулықтарын қашан, кімдер шығарды?

  3. Олардың құрылымын мен мазмұны.

Тапсырма 2

(кесте түрінде орында)

  1. Қазіргі кезде оқушылар қолданып жүрген төл оқулықтардың мазмұны мен құрылымы.

а) авторлары мен баспасына көңіл аудар, ойыңды қорытындыла.

ә) оқулықтардағы алғы сөзді оқып талда.

б) оқулықта қандай шартты белгілер бар?

в) Оқулық қандай тараулардан құралған?

г) Әр параграф, тақырып санында жаттығулар, тапсырмалар сұрақтар, берілген бе?

Олардың маңыздылығы.




Жазбаша, электрондық порталда

50

7

1 Аралық бақылау




70

1-7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы


30+270=

300


8-15

8-15 апта аралығындағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу

Оқытушы тек білім алушының сабақта жоқ екендігі туралы фактіні ғана тіркейді

30

Зертханалық сабақтар, практикалық сабақтар, семинар, БӨЖ

8

Химиялық есептердің түрлері.


Ауызша жауап беру, оқу-материалдарымен жазбаша жұмыс

15


9

«Сутегі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары». тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі


Ауызша жауап беру, оқу-материалдарымен жазбаша жұмыс

15

10

Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі. Атом құрылысы.


Ауызша жауап беру, жаттығулар орындау

15


11

«Бейорганикалық заттардың негізгі кластары» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі





15

12

БӨЖ Тақырыбы: «Ауа. Оттегі. Жану» тақырыбына есептер шығару.

Төмендегі тапсырмаларды орында:

1. Термохимиялық теңдеу бойынша есептер шығару әдістемесімен танысу, үйрену. (8 класс, 64 бет).

а) Мына термохимиялық реакция теңдеуін ескере отырып, СН4 + 2О2 → СО2 + 2Н2О + 802,3 кДж

Массасы 32 г. Метан жанғанда қанша жылу бөлінетінін есепте.

ә) Массасы 6 г Mg жанғанда 150,3 кДж жылу бөлінді? Осы деректерге сүйене отырып, MgO түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін құр.

б) Массасы 10 г СаСО3 айырылғанда 17,7 кДж жылу сіңірілді. СаСО3 айырылу реакциясының термохимиялық теңдеуін құр


  1. в) Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына, газдардың көлемдік қатынастарына сүйеніп шығарылатын есептерді орында. 8 класс. § 28-29. 76-81 беттер.




Жазбаша, электрондық порталда

40

13

Элементтер химиясын оқытудың мазмұны мен әдістемесі




15

14

Органикалық қосылыстарды оқытудың мазмұны мен әдістемесі

Ауызша жауап беру, оқу-материалдарымен жазбаша жұмыс

10

14

БӨЖ Тақырыбы: Оқушылардың білімін есепке алу және жеке бақылау.


Тапсырма 1

8-10химия тақырыптарының бірі бойынша оқушылардың білімі мен білігін тексеруге арналған тапсырмаларды құрастырып, даярла.



  1. Жаппай әңгімелесу;

  2. Ауызша жеке сұрау;

  3. Дидиактикалық тапсырмалар;

  4. Химиялық диктант;

  5. Білімді тестілік тексеру;

  6. Қысқа мерзімді тексеру жұмыстары;

  7. Бақылау жұмысы;

  8. Химиялық эксперимент;




Жазбаша, электрондық порталда

40

15

2 Аралық бақылау





90

8-15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша балл қорытындысы


30+270=

300


Емтиханның қорытынды баллы




400

Академиялық кезең үшін қорытынды балл




1000

Білім алушы пән бойынша емтиханға кіруге егер оның пәннің пререквизиті болып табылатын семестрде жинаған жиынтық рейтингтік баллы 300-ден-600 баллды құраса және пән бойынша академиялық қарызы болмаған жағадайда ғана рұқсат етіледі.

Білім алушы пән бойынша емтиханға егер, семестрде жинаған жиынтық рейтингтік баллы 300-ден-600 баллды құраса және пәннің пререквизиті болып табылатын пән бойынша академиялық қарызы болмаған жағадайда ғана кіруіне рұқсат етіледі.

Пән бойынша емтихан бағасы ең жоғарғы оқу үлгерімі көрсеткіштері бойынша анықталады: қорытынды аттестация (60%), емтихан (40%), барлығы 100%. құрайды.



Пән бойынша білім алушылардың білім сапасын бағалау шкала бойынша анықталады (4-кесте).
4 – кесте

Білімді бағалаудың көпбаллды әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша бағалау


Баллдардың цифрлық эквиваленті



Пайыздық мазмұны


Дәстүрлі жүйе бойынша баға


А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық


С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,00

50-54

F

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз

5 ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР

    1. Негізгі әдебиет


      1. Нұғыманұлы И.,Шоқыбаев Ж.Ә,Өнербаева З.О Химияны оқыту әдістемесі / Алматы: Prints, 2005.

      2. А.Мырзабайұлы. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы, 2004,

      3. Чернобельская,Г.М. Основы методики обучения химии: учеб. пособие для студ. пед. ин-тов / Г.М. Чернобельская.- М.: Просвещение, 1987.- 256с. 
    1. Қосымша әдебиет

      1. Н.Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина. Химия. Жалпы білім беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп», 2004.

      2. М.Усманова, Қ. Сакариянова. Химия. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық. Алматы. «Ата мұра».2005.


5.2.3 Нұрахметов Н. Химия. 8 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2004

      1. Нұрахметов Н. Химия. 9 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2005

      1. Нұрахметов Н. Химия. 10 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2006

5.3 Интернет-ресурсы


5.3.1 Виртуальная химическая школа. http://www.maratakm.ru/

5.3.2. Учебные и методические материалы для учителя химии.

http://school- collection.edu.ru/catalog/teacher/

5.3.3 Олимпиадные задачи по химии.

http://www.chemister.ru/Chemie/zadachi.htm

5.3.4 Федеральный центр информационно-образовательных ресурсов.

http://fcior.edu.ru/catalog/meta/3/mc/discipline%20OO/mi/4.18/p/page.html

5.3.5 Химический портал. http://www.ChemPort.ru/

5.3.6 Школьные олимпиады по химии. http://www.chem.msu.su/rus/olimp/

5.3.7 Электронная библиотека учебных материалов по химии.



http://www.chem.msu.ru/rus/elibrary/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет