Пәннің оқу-әдістемелік кешені 5В 120200- ветеринариялық санитария



бет2/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,39 Mb.
#10771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қостанай, 2011


«Эпизоотология ветеринариялық санитариямен бірге» пәні бойынша оқу бағдарламасын РОӘЖ-ң 2006 жылғы 22 маусымдағы хаттамасымен бекітілген негізінде малдәрігерлік ғылымдарының кандидаты, доцент Байқадамова Г.А құрастырған.
«____» __________ 2011 ж. _________________

Ветеринариялық медицина кафедрасы отырысында қаралып ұсынылған мерзімі __ _______ 2011г. хаттама №


Кафедра меңгерушісі А. Тегза


Ветеринария және азық-түлік өнімдері технологиясы факультетінің әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілген мерзімі ___ ____ 2011 ж. хаттама №


Әдістемелік кеңестің төрайымы Г. Байқадамова

1 Пәннің сипаттамасы:

«Эпизоотология ветеринарлық санитариямен» Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша дәрігерлер даярлауға арналған міндетті түрде оқытылуға тиісті кәсіби бағдарламаның құрама бөлігі болып табылады. Оқытылуға тиісті жұқпалы аурулар тізіміне Қазақстанда кездесетін және республикада байқалып қалу қауіпі бар жануарлардың аурулары кіргізіледі. Сонымен қатар Халықара-ралық індет бюросының тізіміндегі халықаралық сауда үшін қауіп тудыратын аурулар да қарастырылды.

«Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша оқу бағдарламасында «Ветеринариялық санитария негіздері», «Дезинфекция ісі» пәндерін оқыту қарастырылмағандықтан осы пәндерді індетке қарсы шаралар жүргізуге қатысты мәселелері типтік бағдарламаға енгізілді.

Пәннің пререквизиті:

Пәнді меңгеру үшін микробиология және вирусологиядан алған білімдер мен тәжірибелер қажет.



Пәннің постреквезиті:

Індеттану мен жұқпалы аурулар курсын ұғып білу, санитариялық малдәрігерлік мамандығын қалыптастырады, дәрігерлік ой туғызады, індеттік аурулардың заңды көрінісін ашады.



Пәнді оқытудағы мақсат-міндеттер:

«Эпизоотология ветеринарлық санитариямен» пәннің мақсатына:

- студеттерге індеттік аурулардан теориялық және тәжірибелік білім беру.

- студенттерде дәрігерлік ой туғызу.сыртқы орталарды жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан зарарсыздандыру, көзін жойдыру, дезинфекция, дезинсекция, дератизацияларды уақтысында өткізе білу.

Эпизоотияға қарсы шаралар өткізіп,ұйымдастыру кездерінде биопрепараттарды қолданғанда оларды мінездеуде,эпиззотия ошақтарында қауіпсіздік ережесін білу.

Пәннің міндетіне - жоғары білікті малдәрігерлер дайындау жатады.



Олар:

індеттік аураларды болғызбай алдын алу, эпизоотияға қарсы шараларлдың кешендік жоспарын құру, індеттік ауруларды уақытысында балау, ажырату және аурудан сау емес жерлерде эпизоотияға қарсы шараларды өткізу.



2 Пәннің мазмұны

1 Жалпы індеттану

    1. Індеттанудың нысандары мен әдістері

Індеттану ғылымы туралы түсінік. Індеттанудың мазмұны мен міндеттері. Жалпы және жекеше індеттану. Індеттанудың даму тарихы мен жетістіктері. Індеттануды дамытуға үлес қосқан ғалымдар. Індеттану және табиғи ортаны санитариялық қорғау. Індеттану әдістері. Індеттанудың басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі індеттік жағдай. Қазіргі кезеңдегі мал шаруашылығының дамуы мен республика тұрғындарын азық – түлікпен, өндірістік шикізатпен қамтамасыз етуден туындайтын індеттанудың міндеттері.

Індеттанудың зерттеу әдістері. Шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау. Салыстырмалы тарихи сипаттау. Салыстырмалы географиялық сипаттау. Індеттанулық эксперимент. Математикалық моделдеу және індеттанулық болжау.

1.2 Инфекция мен иммунитет туралы ілімді індеттану



тұрғысынан қарастыру

Инфекция және инфекциялық (жұқпалы) ауру. Инфекцияның түрлері мен олардың індеттік маңызы. Инфекциялық ауру, микроб алып жүру және иммундеуші субинфекция. Микроорганизмдердің жұқпалы аурудың шығуындағы маңызы. Макроорганизм мен сыртқы орта жағдайларының жұқпалы аурудың шығуындағы маңызы. Жұқпалы аурудың этиологиясы (себебі). Жұқпалы аурудың клиникалық түрлері мен біліну динамикасы. Микробтың жануар денесіне еніп таралуына байланысты инфекцияның түрлері.

Иммунологиялық икемділік және иммунитет. Иммунитет және иммуногендік жүйелер. Конституциялық, фагоциттік және лимфоидтық иммунитет жүйелері және олардың өзара байланысы. Жануар организмінің иммунологиялық икемділігі: антидене түзу, баяу және жедел типті сезімталдық, иммунологиялық жады, иммунологиялық толеранттылық, идиотип – антиидиотип қатынасы және олардың практикалық маңызы. Жұқпалы ауру кезіндегі туа біткен және пайда болған, белсенді және енжар, жасанды және табиғи иммунитет.

    1. Індет процесі (індеттану)

Індеттанудың мәні. Індеттану және оның қозғаушы күштері. Індет бұғауы және оның негізгі буындары: инфекция қоздырушының бастауы, қоздырушының берілу тетігі, ауруға бейім жануарлар. Індеттің биологиялық (негізгі) және табиғи – географиялық, әлеуметтік – экономикалық (қосалқы) қозғаушы күштері.

Инфекция қоздырушысының бастауы. Ауру, ауырып жазылған және микробты алып жүруші жануарлар – инфекция қоздырушысының бастауы ретінде. Ауру кезеңдерінің, оның біліну түрлерінің ауырған малдың індеттік қауіптілігіне әсері. Микроб алып жүру түрлері және олардың індеттік маңызы. Қоздырушының резервуары және сапроноздар туралы түсінік.Зооноздар, антропоноздар, зооантропоноздар, ктеноздар, терионоздар, ктенотерионоздар.



Қоздырушының берілу тетігі. Ауру қоздырушысының берілу тетігі туралы ұғым. Берілу тетігінің кезеңдері мен өзгешеліктері.

Ауру қоздырушыларының берілу факторлары және негізгі таралу жолдары: көлбеу (жанасу, ауа, жем мен су арқылы, трансмиссивтік жолмен) және тікелей (транспланентарлық және трансовариалдық). Инфекция қоздырушыларының механикалық және телімді тасымалдаушылары.



Ауруға бейім жануарлар. Жануар организмінің төзімділігі және инфекцияға бейімділігі туралы түсінік. Микроб уыттылығы факторларының әсероіне бейімділік тетіктері. Жануарлардың ауруға топтық бейімділігі және табынның иммунологиялық құрамы. Жануарлардың түріне, тұқымына, жасына, жынысына байланысты ауруға бейімділігі.

Індет процесінің даму заңдылықтары және індеттің кезеңділігі.

Індет процесінің жеделділігі туралы ұғым: спорадия (кездейсоқтық), эпизоотия (індет), панзоотия (лаң). Эпизоотия және эпизоотиялық аурулар.

Індеттің өрлеуі (динамикасы) және оның негізгі кезеңдерінің сипаттары. Табиғи – географиялық, әлеуметтік – экономикалық жағдайлардың індет процесіне әсері. Індеттенудің жеделдік қарқыны және оның статистикалық көрсеткіштері. Індеттенудің экстенсивтік көрсеткіштері (энзоотиялығы, маусымдылығы,кезеңділігі).


    1. Індет ошағы және жұқпалы аурулардың табиғи ошақтануы

Індет ошағы, сау емес пункт, індет қатері төнген аймақ ұғымдары. Індет

ошағының түрлері, олардың орналасуына және пайда болу уақытына байланысты сипаттары.

Жұқпалы аурулардың табиғи ошақтануы. Үй және жабайы жануарлардың өзара байланысының індеттік маңызы. Табиғи індет ошақтарының түрлері мен құрамы. Жануарлардың табиғи ошақты аурулары. Індеттану географиясы туралы ұғым. Індеттанулық аудандастыру мен болжаудың негізгі қағидалары.


    1. Індеттанулық талдау негіздері

Індеттанулық зерттеудің міндеттері. Індеттанулық мониторинг. Жұқпалы

ауру шыққан пунктті індеттанулық зерттеу. Індеттанулық тексерудің нышандары.Індеттанулық балауды, жұқпалы аурулардың шығу және таралу себептерін анықтау. Індет процесі мен індет ошағын сипаттау. Мал басының иммундық жай – күйін анықтау. Індеттанулық тексеру актісін жасау.



    1. Жануарлардың жұқпалы ауруларының эволюциясы және жүйелену

Жұқпалы аурудың эволюциясын (тарихи дамуын) ауру қоздырушысы мен жануар организмінің өзара бейімделуінің және індет процесінің қозғаушы күштерінің ара қатынасының өзгеруінің нәтижесі ретінде қарастыру. Жануарларды иммундеудің жұқпалы аурулардың эволюциясына әсері.

Жұқпалы ауруларды атау және жүйелеу қағидалары. Жұқпалы аурулардың микробиологиялық, зоологиялық, антропоцентристік, клиникалық – морфологиялық, індеттанулық және халықаралық жүйеленуі.



    1. Жұқпалы ауруларды дауалау

Індетке қарсы шаралардың негізгі міндеттері мен қағидалары. Індетке қарсы шараларды біртұтас мемлекеттік ғылыми негізделген жұқпалы ауруларды дауалау және олармен күресу жүйесі ретінде қарастыру.

Жалпы дауалау. Жалпы дауалауды ветеринариялық – санитариялық және ұйымдастыру шаруашылық шараларының жиынтығы ретінде қарастыру.

Дауалық карантиндеу және диспансерлеу. Ветеринариялық ағарту жұмысы. Қоршаған ортаны індеттенуден қорғау. Жалпы дауалауға қойылатын негізгі талаптар.



Арнайы дауалау. Нақтылы бір жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған шаралардың құрама бөліктері. Арнайы дауалаудың әдістері мен жабдықтары (арнайы дауалық зерттеулер, емдік – дауалық жабдықтар, иммундік дауалау). Иммундік дауалаудың әдістері мен жабдықтары. Биопрепараттар, олардың сипаты мен жүйеленуі. Вакцина егудің иммундік әсері және індетке қарсы шара ретіндегі маңызы.

    1. Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою

Жұқпалы аурумен күрестің негізгі бағыттары. Індет ошағын тексеру және індет жағдайын зерттеу. Індеттенудің негізгі үш буынына: ауру қоздырушысының бастауына, оның берілу жолдарына және бейім жануарларға қатысты шаралардың маңызы.

Инфекция қоздырушысының бастауына қарсы шаралар. Ауру қоздырушысының бастауын уақтылы анықтап, шұғыл оқшаулаудың індеттік маңызы.

Инфекция қоздырушысының берілу тетігіне қарсы шаралар. Нақтылы індеттік жағдайда инфекция қоздырушысының берілу және таралу жолдарын анықтау тәсілдері. Инфекция қоздырушысының берілу жолын кесу және болдырмау.

Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Ауру жұғу қауіпті төнген мал басын қорғау шаралары.

Шаруашылықтағы сауықтыру шаралары және індет ошағын жою. Карантиндеу және шектеу туралы ұғым. Індет ошағы мен қауіп төнген аумақтың шекараларын анықтау.


    1. Жұқпалы ауруларға қарсы емдік – дауалық шаралар

Малды емдеуді індеттанулық және экономикалық тұрғыдан негіздеу.

Жұқпалы ауруларды емдеудің ерекшеліктері, этиотроптық және симптоматикалық ем. Телімді және телімсіз емдік дәрмектерді кешенді пайдалану. Санитариялық – гигиеналық реттіліктің маңызы.

Жекелей және топтап емадеуге арналған дәрі-дәрмектер және оларды

қолдану әдістері.



    1. Жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық-санитариялық шаралар

Ветеринариялық санитария туралы түсінік. Жұқпалы аурулардың алдын

алудағы және жоғары сапалы мал өнімдерін алудағы ветеринариялық – санитариялық маңызы.

Дезинфекция қызметін ұйымдастыру. Өндірістік негіздегі шаруашы-лықтардағы дезинфекциялаудың ерекшеліктері. Дезинфекциялық жұмыстарды механикаландыру және қауіпсіздік ережелері. Дезинфекцияның нәтижесін бақылау жолдары. Дератизация мен дезинсекция әдістері және жабдықтары.
2 ЖЕКЕШЕ ІНДЕТТАНУ

2.1 Бірнеше түлікке ортақ аурулар

Топалаң, сіреспе, ботулизм, туберкулез, бруцеллез, лептоспироз, листериоз, пастереллез, туляремия, псевдотуберкулез, аусыл,құтырық,шешек. Ауески ауруы, трихофития, микроспория, сарып.



2.2 Күйістілердің аурулары

Қарасан, паратуберкулез, кампилобактериоз, сиырдың обасы, сиырдың жұғымтал пневмониясы, сиырдың лейкозы, жұқпалы ринотрахеиті, парагриппі, вирустық диареясы, кеуекті энцефалопатиясы, түйенің обасы, брадзот, қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы, жұғымтал эктима, қойдың хламидиоздық іш тастауы, блутанг, шірік бақай, қойдың жұқпалы маститі, қой мен ешкінің жұқпалы агалактиясы, кебенек.



2.3 Жылқының аурулары

Маңқа, індетті лимфангит, сақау, жұқпалы анемия, тұмау, ринопневмония, делбе, вирустық артрит.



2.4 Шошқаның аурулары

Оба, африкалық оба, тілме, трансмиссивтік гастроэнтерит, тұмау, энзоотиялық бронхопневмония, жұқпалы атрофиялық ринит, Тешен ауруы, везикулярлық ауру, дизентерия, гемофилездер.



2.5 Төлдің аурулары

Сальмонеллез, колибактериоз, стрептококкоздар, қозының анаэробтық дизентериясы.



2.6 Құстар аурулары

Пуллороз, сальмонеллез, тұмау, Ньюкасл ауруы, лейкоз, Марек ауруы, жұқпалы ларинготрахеит, респираторлық микоплазмоз, орнитоз, үйрек балапанының вирустық гепатиті және синуситі, жұқпалы бронхит, тауықтың жұқпалы бурситі.



2.7 Ит пен терісі бағалы аңдардың аурулары

Оба, жұқпалы гепатит, күзеннің Алеут ауруы, күзеннің псевдомонозы, вирустық энтерит, миксоматоз.



2.8 Араның аурулары

Америкалық шіріме, еуропалық шіріме, балапан құрттың қалталануы, гафниоз, вирустық салдану, аспергиллез, аскофероз, септицемия.



3 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1 «Індеттану», Сайдуллдин Т.С., Алматы, 1993.-1596 бет

2 «Ветеринарлық індеттану», Байқадамова Г.А., Қостанай, 2004.- 80 бет

3 Общая эпизоотология (А.А. Сидорчук, Е. С. Воронин, А. А. Глушков). М.:

Колос, 2004, 176 с.

4 Эпизоотология и инфекционные болезни животных (под редакцией А. А. Конопаткина) М.: Колос, 1984, 554 с.

5 Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с основами ветеринарной санитарии. (В. П. Урбан, М. А. Сарин, А. А. Сидорчук и др.). М.: Колос, 2003, 216 с.

6 Руководство по общей эпизоотологии (под редакцией И. А. Бакулова и А. Д. Третьякова). М.: Колос, 1979, 424 с.

7 Ветеринарная микробиология и иммунология (под редакцией Н. А. Радчука). М.: ВО Агропромиздат, 1991. 383 с.

8 Пионтковский В.И., Мустафин М.К. Особо опасные инфекционные болезни животных и птиц. Учебник. Костанай, 2006. – 246 с.

9 Байқадамова Г.А. Індеттану және індетті аурулар. Алматы, 2011.-214 бет

10 Байқадамова Г.А. Жануарлар мен құстарда сирек кездесетін індеттік аурулар. Оқулық. (дәріс жиынтығы) А.Байтурсынов атындағы ҚМУ. Қостанай, 2010.-134 бет.



Қосымша:

1 Медленные инфекции животных (Н. Н, Архипов, И. А. Бакулов, Л. И. Соковых). М.: Агропромиздат. 1987, 272 с.

2 Рекомендации по методике эпизоотического обследования. Покров, 1975.

3 Ветеринарное законодательство (т. 1, 2, 3, 4). Т. 1. М.: Колос, 1972, 696 с.; т.2. М.: Колос, 1973, 719 с.; т. 3. М.: Колос, 1981, 640 с.; т.4. М. Во Агропромиздат, 1988, 671с.

4 Сборник нормативных правовых актов в области ветеринарии (т.1 и т. 2). – Костанай, 2004-2005,800с.

5 Ветеринарные препараты в России (Справочник. И. Ф. Клёнова, Н. А. Ярёменко). М.: Сельхозиздат, 2001, 544 с.

6 Руководство по дезинфекции (А. А. Поляков). М.: Сельхозгиз, 1964, с.

7 Справочник по ветеринарно-санитарной экспертизе продуктов на мясо-молочных и пищевых контрольных станциях. М.: Колос, 1974, 240 с.

8 Носков Е. А. Руководство по эпизоотологии. М.: Колос, 1986. – 240 с.

9 Козлова Д.Н. Эпизоотологический словарь – справочник. М.: Россельхозиздат, - 1986, - 189 с.


ҚОСЫМША4

«Эпизоотология ветеринарлық санитариямен» пәні бойынша студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Syllabus)


EIА 4305 (1) Індеттану және індетті аурулар пәнінен 2010-2011 оқу жылына студенттерге арналған (Syllabus) оқу бағдарламасы


1. Негізгі мәліметтер

Факультет

Ветеринария және азық түлік өнімдерінің технологиясы

Мамандық

051201 – Ветеринарлық медицина

Курс

4

Семестр

7,8

Оқыту нысаны

Күндізгі

Бағдар

негізгі

Пән циклы

КП

Компонент

МК

Кредит саны

2

Сағат саны

90

Сабақ өткізу орны

№ 4 ғимарат, аудитория № 120

Дәріскер оқытушы

Байкадамова Гульнара Ахановна – доцент, мал дәрігерлік. ғылымдар.кандидаты, доцент

Кеңес уақыты ( СОӨЖ оф.)

1-нші апта

2-нші апта

3-нші апта










2 Пререквизиттер және постреквизиттер

Пререквизиттер

Анатомия, физиология, биохимия, микробиология, вирусология.

Постреквизиттер

Токсикология, індеттік аурулы пәндері, індеттану , малдәрігерлік ісін ұйымдастыру пәні..

3 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақ-саты

Студенттерге індетті аурулардан теориялық және тәжірибелік білім беру, жұқпалы ауруды алдын алу және уақытында балауды үйрету осымен қатар , аурудың шығу заңдылығын түсіндіріп, қарсы тұруды үйрету.

Мәселесі

Дәрігерлік ой туғызып, күрделі жағдайда індетті ауру малға ем- көмек бере білу қабілетін туғызу.

4 академиялық сабақтардың бөлінуі

Барлығы

Дәріс

Тәжірибелік

Зертханалық

СОӨЖ офис

СӨЖ

Бақылау нысаны

2 кредит 90 сағат

4

16

10

20



Емтихан

5 пәннің мазмұны

Індеттану – жануарлардың індетті ауруларының шығуы, таралуы және өшуі туралы ғылым, сонымен қатар індетті аурулардың алдын алу шаралары мен күресу жолдарын қарастыратын ғылым.

6 курс саясаты

1 СОЖ тапсырмасына, сабақтарына жүйелі түрде дайындық. Сабақтарда студенттер халатпен, ақ бас киіммен кешікпей сабаққа қатысуы, және ұялы телефондарын өшіріп қоюы. 2 Сабаққа дайындықтарын тестілеу немесе ауызша сұрау арқылы тексеру. 3 сабақта теріс баға алғанда қайталап бір ақ рет тапсыруға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда балл 0,8 коэфициентке азаяды.

7 Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер

Не-

гізгі


  1. Ветеринариялық індеттану 1 және 2 том. Т. С. Сайдуллин. Ы. Алтынсарин атындағы ҚБ академиясының

республикалық баспа кабинеті. Алматы, 1999, 292 бет

  1. Малдәрігерлік микробиология. Б. Т. Толысбаев, Бияшев К. Б. «Алатау» баспасы, 1997, 367 бет

  2. Індеттану: зертханалық сабақтарға арналған оқулық.. Байкадамова Г. А. Қостанай 2004, 80 бет

  3. Общая эпизоотология ( А. А. Сидорчук, Е.С. Воронин ). М.: Колос, 2004 176с.

  4. Эпизоотология и инфекционные болезни животных ( под редакцией А. А. Конопаткина) М.: Колос, 1984,

554 с.

  1. Практикум по эпизоотологии и инфекционным болезням с основами ветеринарной санитарии. ( В. П. Урбан М. А. Сарин А. А. Сидорчук и др. М.: Колос, 2003, 216 с.

  2. Руководство по общей эпизоотологии (под ред. И. А. Бакулова и А. Д. Третьякова). М.: Колос, 1979, 424с.

  3. Ветеринарная микробиология и иммунология (под ред. Н. А. Радчука). М.: ВО Агропромиздат, 1987, 272с

Қо

сым-ша


  1. Медленные инфекции животных (Н. Н, Архипов, И. А. Бакулов, Л. И. Соковых). М.: Агропромиздат. 1987,

272 с.

  1. Рекомендации по методике эпизоотического обследования. Покров, 1975. 74 с.

  1. Ветеринарное законодательство (т. 1, 2, 3, 4). Т. 1. М.: Колос, 1972, 696 с.; т.2. М.: Колос, 1973, 719 с.; т. 3.

М.: Колос, 1981, 640 с.; т.4. М. Во Агропромиздат, 1988, 671с.

  1. Сборник нормативных правовых актов в области ветеринарии (т.1 и т. 2). – Костанай, 2004-2005,800с.

  2. Ветеринарные препараты в России (Справочник. И. Ф. Клёнова, Н. А. Ярёменко). М.: Сельхозиздат, 2001,

544 с.

  1. Руководство по дезинфекции (А. А. Поляков). М.: Сельхозгиз, 1964, с.

  2. Справочник по ветеринарно-санитарной экспертизе продуктов на мясомолочных и пищевых контрольных станциях. М.: Колос, 1974, 240 с.

  3. Носков Е. А. Руководство к практическим занятиям по эпизоотологии. М.: Колос, 1986. – 240 с.

  4. Козлова Д.Н. Эпизоотологический словарь – справочник. М.: Россельхозиздат, - 1986, - 189 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет