Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы



бет3/23
Дата05.02.2022
өлшемі356,18 Kb.
#1485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
- ДП 042-1.07-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.

3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:
Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: ІІ дүниежүзілік соғыс, оның әдебиеттегі гуманизм, көркем шығармадағы геройлық бейнелердің соғыс тақырыбы аясында сомдалуы; халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі еңбек тақырыбы; соғыстан соңғы жылдардағы қаулы-қарарлар, олардың әдебиетке тигізген кесірі;40-60 жылдардағы әдеби дамудың көркемдік қырлары, т.б.
3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:
Қазақ әдебитінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың орта тұсындағы (1941-1960) әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.

3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:


-ХХ ғасырдың орта тұсында жазылып жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады. Сондай-ақ аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесімінің қаншалықты дәрежеде болғандығын назарда ұстаған жөн.
Көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып, 1941-60 жылдардағы әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, әдеби көкемдік тұрғыда талдату арқылы, студенттерді әдеби туындыны саралай білуге баулу.
3.4 Оқытудың нәтижесі:
Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:

  • Көркем шығарманы тарихпен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиеттің патриоттық мәнін сезінеді;

  • әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, олардың 1941-60 жылдар әдебиетіндегі қолданылу ерекшелігін оқып, біледі;

  • ХХ ғасыр әдебиетінің ІІ дүниежүзілік соғыс және соғыстан соңғы кезеңдегі дамуымен танысады;

  • Көркем әдебиеттегі геройлық образдардың соғыс тақырыбы аясында сомдалуының әдеби ерекшеліктерін оқып, игереді;

  • әдебиеттегі тарихи проза, поэма түрлерінің көркемдік өсу жолын меңгереді;

  • Осы кезең әдебиеті өкілдерінің шығармаларын оқып, біледі.

3.5 Курстың пререквизиттері:
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.
3.6 Курстың постреквизиті:
1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиеті
Қазіргі қазақ әдебиеті.
3.7 Оқу жоспарынан көшірме:
1 Кесте

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет