Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы


Тақырып 13. Қасым Аманжолов (1911-1955)



бет14/23
Дата05.02.2022
өлшемі356,18 Kb.
#1485
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Тақырып 13. Қасым Аманжолов (1911-1955)
Шығармашылық өмірбаяны. Шығармашылығының алғашқы кезеңінде Қ.Аманжолов саяси-әлеуметтік тақырыптарға, ел өмірінде өтіп жатқан ірі уақиғаларға, халық тұрмысындағы жаналықтар мен өзгерістерге арнап көптеген өлеңдер жазған.
Ақын өмірінің Орал кезеңінің (Оралда тұрған жылдары) – шығармашылық лабораториясында айрықша мәні бар. Қ.Аманжолов өмір уақиғаларын сырттай бейнелеуден, лирикалық кейіпкердің ішкі әлемі мен сезім сырларын, ойларын бейунелеуге көшеді. Арман, махаббат жырларына көңіл қояды.
Тұнғыш өлеңдер жинағындағы ақын шеберлігінің көріністері «Өмір сыры» (1938).
Соғыстан кейінгі жылдардағы өлеңдері. 1955-1956 жылдары ақынның 3-томдық «Шығармаларының толық жинағының» шығарылуы. Шығармаларының 4-томдық жинағы (1977-1980).
Қасым Аманжолов поэзиясындағы Отан соғысы тақырыбы. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Үстімде сұр шинелім», «Жеңіс даусы», «Дариға сол қыз», «Қызғалдақ», «Ақын өлімі туралы аңыз», т.б.
Поэмалары: «Жамбыл тойында» (1939), «Бикеш» (1939-1944), «Құпия қыз» (1939), «Ақын өлімі туралы аңыз» (1943), «Біздің дастан» (1947).
Қ.Аманжоловтың ақындық әлемі. Оның шығармашылығындағы соғыс пен бейбітшілік, өмір мен өлім суреттері. Шығармаларындағы достық пен махаббат, елдік пен ерлік. Геройлық және трагедиялық пафос. Ой мен сезім. Мазмұн тереңдігі мен түр жарастығы.
Аудармалары: «Полтава» (Пушкин), «Маскарад» (Лермонтов), Низамиден, Некрасовтан, Шевченкодан, Маяковскийден, Твардовскийден қазақшалаған аударма туындылары. Қ.Аманжолов шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны.



1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет