Дәрістің мақсаты: Матаны тоқу барысында қолданылатын тоқыма станогы мен қайықты станоктарының технологиялық сұлбасымен және оның жұмыс жасау процессімен таныстыру;
Матаның тоқыма станогы. Мата - тоқыма станогында перпендикуляр орналасқан негіз және арқау жіптердің өзара айқасуымен алынған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе немесе негіз жіптері дейді. Матаға көлденеңінен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау жіптері дейді. Негіз және арқау жіптің тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі. Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады: үзу ашылуы, арқау жіпті салу, арқау жіпті матаның жиегіне қағу, негіз жіптің бойлықпен жылжуы, матаның тауар білігіне оралуы.
Тоқу станогының технологиялық сұлбасы 3.1.-суретте көрсетілген. Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады. Тізбе орағыштан негіз жіптері (2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галевтің көздерінен (5) және бердоның тістерінен (6) өткізіледі. Әрбір негіз жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен негіз жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) салынады.
Бердо (6) батан механизімінің (8) тербеліспен қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне (9) қағады да, артқа қарай кетеді. Алынған мата белтемірді (10) және білікті (11) жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне (12) оралынады.
Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптастырғанда қайталанады. Мата өндірілгенде және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш айналып, негіз жіптер бойлығымен жылжиды.
Мата өнеркәсібіне әр түрлі тоқу станоктары қолданылады. Оларды келесі принциптер бойынша топтастыруға болады:
- матаны қалыптастыру принципі бойынша 2 түрі болады;
- матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру станоктары, матаны толассыз және көп аймақтық үрдіспен қалыптастыру станоктары. Арқау жіпті салу тәсілі бойынша қайықты тоқу станоктары қайықсыз станоктары;
- жекеленген механизмінің түріне қарай эксцентриктік, кареткалық және жаккардтық станоктар, жұмыс ені бойынша енсіз (100 см) және енді (120-175-250 см) станоктар, соғу механизімінің жүйесі бойынша- орташа, төмен және жоғары соғу станоктары.
2. Қайықты станокта мата тоқу. Қайықты тоқымашылықтағы негізгі ерекшелік-жіпсалғыш механизм. Жіпсалғыштың қайығы болғандықтан, ол арқау жіптің белгілі бір артық қорын жасайды. Қайық күзуге кезекпен екі жағынан өтіп кетіп, үздіксіз арқау жіптен мата жасалынады. 3.2 - суретте қайықты тоқу станогының сұлбасы көрсетілген. Қайықты станокта тізбе орағыш (1) негізгі реттеуіштің тіреуішіне ораланастырылады. Реттеуіш тізбе орағыштың берілген жылдамдықпен айналуын және жіптердің созылуын қамтамасыз етеді. Негіз жіптері оқтаушаны (3) айналып өтіп орнынан ауытқытады. Негіз жібі ламельдерден (3), ремизкалардың (4) галевтерінің арасынан өтеді, бердо батанға (8) бекітілген.
Ремизкалар күзу ашылу жасап тұрады, жай жаймалық айқаспа өрімін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп жіптері, ал екіншісіне тақ жіптері енгізіледі.
Егер тоқу станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі төмен түссе, негіз
жіптерінің бәрі жылжиды және қайық өтетін күзу ашылады. Жайманың айқаспасын тоқу үшін ремизкалардың көтеріліп түсуі эксцентриктік күзу ашылу механизмімен орындалады.
Ол механизмнің өзі аяқ тұрғызғыштан (12) және эксцентриктен (13) тұрады(3.2-сурет).
Күрделі айқаспаларды тоқығанда көп ремизкалар керек немесе жаккард
машиналары қолданылады. Күзуге арқаужіпті салу үшін қайық (6) іске қосылады, қайықта арқау жіп оралған шөлмек бекітілген. Шөлмек станоктың әрбір жұмыс циклінде бір шөлмекті қораптан екіншісіне күзу арқылы батанның брусы бойынша сүңгіп кетіп, арқау жіпті өткізеді.
Қайық күзуден сүңгіп шыққаннан кейін, бердомен батан станоктың алдыңғы жағына қарай қозғалады, арқау жіп матаның шетіне қағылып, матаның кезекті элементі құрылады. Келесі күзу ашылғанда негіз жіптері жаңа орынға орналасып, арқау жіптермен осылай айқасады. Қайықтың қозғалуын станоктың созу механизмі қамтамасыз етеді. Ол қуғыштың ұрғанынан қайықты қораптан шығарып оны күзу арқылы инерция күшімен сүңгуге мәжбүр етеді. Мата белтемірді (11) айналып өтіп, тауарлық реттегіш арқылы тауарлық білікке оралады.
Бақылау сұрақтары:
1. Тоқыма станогына сипаттама бер
2. Қайықты тоқу станогының жұмыс жасау тәртібіне сипаттама бер
Дәріс № 5. Матаның құрылымдық сипаттамалары
Дәріс жоспары:
1. Жіптердің саны мен арақашықтығын анықтау
2. Матаның тығыздығын анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |