Пәннің оқу-әдістемелік кешені 6В07366 (5В073000) -Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру мамандығының Жұмыс оқу бағдарламасы негізінде дайындалған



бет107/130
Дата12.09.2020
өлшемі0,75 Mb.
#78033
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   130
Байланысты:
умк псм-18-1

Реактивтер: ізбестас.

Қондырғылар: Муфель пеші, әктастың сөндірілу жылдамдығын анықтау үшін аспап, фарфор ыдысы мен тигель.

Ауалы әктас таза немесе құрамында сазды қоспалар мөлшері 6 % - тен жоғары емес доломитты ізбестатарды күйдіру арқылы алынады. Күйдіруді 1273 – 1473 К температурада көмірқышқыл газы максималды толық бөлінгенше жүргізеді:


СаСО3 ↔ СаО + СО2 Q
Жұмысты орындау

100 – 150 г ізбестасты фарфор ыдысында кесек өлшемдері 5-10 мм дейін ұсатып, фарфор ыдысына немесе чашкасына енгізіп температурасы 1173 – 1273 К қыздырылған муфель пешіне қояды да осы температурада 2 сағ ұстайды. Кейін дайын әктасы бар чашканы пештен алып, эксикаторда салқындатады және фильт қағаз бетіне тогіп жіберіп кварттау әдісі арқылы сынама алады. Осы мақсатқа сәйкес әктасты араластырып қағаз бетінде төртбұрыш ретінде тегістеп, төрт бөлікке бөледі. Диагонал бойынша екі бөлігін алып тастап, ал қалған екі бөлігін араластырып тағы кварттайды. Осыдан кейін қалған 25-30 г әктасты ұнтақтап №200 елегіштен өтетіндей қылып түйеді. Осы мөлшерден сөндірілу жылдамдығын анықтау үшін салмағы 10 г сынама алады.



Әктас сөндірілу жылдамдығына тәуелді үшке бөледі:

1. Тез сөндірілетін – сөндірілу жылдамдығы 8 мин;

2. Орташа сөндірілетін – сөндірілу жылдамдығы 8 – 25 мин;

3. Баяу сөндірілетін – сөндірілу жылдамдығы 25 мин –тан жоғары;



Әктастың сөндірілу жылдамдығын Дьюар ыдысында немесе қолдан жинаған қондырғыда жүргізп анықтайды. Аспапты жинау үшін сйымдылығы 200 – 250 мл химиялық стаканды көлемі үлкен стаканға салып жинайды. Түбі мен стакандар арасының кеңістігін жылу үстайтын материалдармен (асбест н/е шлакмақта) толтырады. Дьюар ыдысын н/е аспаптың ішкі ыдысын термометр (термометр бөлу өлшемі 1 К және ұшы ұзын) үшін ойығы бар тығынмен тығыз жабады.



Оны сынап шаригі аспап түбінен 5 – 10 мм жоғары қылып орналастырады. Ыдысқа температурасы 293 К 20 мл су құйяды, 10 г әктас салады, аспапты тығыз жабады, оны жақсы сілкіп қалдырады да, әрбір 30 с сайын сөндіріліп жатқан әктас температурасын өлшеп отырады. Жұмысты максималды температураға жетіп, кейін оның түсе бастағанына дейін жалғастырады. Сөндірілу жылдамдығы ретінде әктасты енгізгеннен максималды температураға жеткенге дейінгі уақытты алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет