1 ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР
1.1 Оқытушы және пән туралы мәліметтер
Қойгелдинова А.С. в.ғ.к., доцент м.а.
«Ветеринариялық санитария» кафедрасы
Ақпарттық байланыс – т.53- 19 -70, № 7 оқу ғимараты
Сабақ өткізу орны - №309, 311, 312 аудитория
Кредит саны – 3
1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы: Ауылшаруашылық малдарының төлдерін өсіру қоршаған ортаның факторлары мен тірі организмдердің байланысы, олардың мал ерекшеліктеріне жасы, өнімі, тұқымы т.б. қарап және малға жасалатын жағдайларға, әсіресе азықтандыру, ұстап-күтіп бағу, жаю тәсілдеріне, пайдалану жолдарына байланыстырып, оларға қолайлы физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жағдайлар туғызу арқылы денсаулығын арттыруды оқыту.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты: Болашақ мал мамандарын малдардың физиологиялық, ауқымдық ерекшеліктеріне байланысты олардан мол өнім алу үшін, белгілі бағытта қалыпты жағдай туғызып, еліміздің мал өніміне сұранысын қаматамасыз етуге дайындау.
1.4 Пәнді оқытудың негізгі тапсырмалар: малшаруашылығын көтеруге арналған ауылшаруашылық малдарының төлдерін өсіру гигиенасы қоршаған ортаның факторлары мен тірі организмдердің байланысы біліммен ұштастыру;
1.5 Оқытудың нәтижесі:
Пәнді оқу нәтижесінде әр студент:
- Білуі керек (знать): сыртқы ортаның әр түрлі факторларының ауылшаруашылық малдарының төлдерін организміне, өнім сапасына тигізетін әсерлері және оларға қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес әр түрлі аурулардың алдын алу жолдарын ғылыми түрде оқып білу, малдарды дұрыс, үнемді тәсілдер мен күтіп-бағу, аз шығын иесі мол, сапалы өнімдер алу жолдарын біліп оны жақсартуға күш салу;
- Меңгеру (владеть): Оптимальды зоогигиеналық жағдайда ұстау бойынша ауылшаруашылық малдарының төлдерін бағып-күту және ауруларды алдын алу мақсатында организнің жалпы алдын алу шараларын, мал қораларының микроклиматарына санитарлық-гигиеналық баға беруді толықтай меңгере білу қажет;
- Игеру (усвоить): ауылшаруашылық малдарының төлдерін және әртүрлі құс түрлерін бағып-күту, азықтандыру, ұстау ерекешліктерін иегере білу;
- Меңгере білу (уметь): биологиялық активті стимуляторларды қабылдау және нормативтік зоогигиеналық талаптарды сақтай отырып стрестің алдын алуды меңгере білуі;
- Түсіну (понимать): мал организмдері оларға жасалған жағдайларға байланысты қандай физиологиялық өзгерістерге ұшырайтындығын түсініп, малдың денсаулығын жақсарту, өнімін жоғарлату жолдарын белгілей білу;
- Болуы (иметь): Сыртқы ортаның мал организмдеріне жүргізетін әсерлерін ғылыми түрде дәлелдейтін түсініктерді оқып үйрену;
- Ие болу (приобрести): ауылшаруашылық малдарының төлдерін әртүрлі онтогенез этаптарын оптимальды жағдайда ұстау және ауылшаруашылық малдарын және олардың дамуында экологиялық қауіпсіз препараттрады спецификалық емес резистентілікті меңгеруде ие болуы.
1.6 Пәннің перереквизиттері:
1.6.1 Мал шаруашылығы және азықтардың сапасын бағалау
1.6.2 Ветеринариялық гигиена»
1.7 Пәннің постреквизиттері:
1.7.1 Мал және құс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
1.7.2 Ет-сүт өнімдерін өндірудегі ветеринаиялық санитариясы
1.7.3 Ет-сүт өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиенасы, санитариясы
1.7.4 Сүт өнімдерін гигиенасы, санитариясы және ветеринариялық санитариялық сараптау.
Достарыңызбен бөлісу: |