Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қазіргі дүние географиясы» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Сыныптан тыс жұмыстың маңызы және оны ұйымдастыру жолдары



бет6/13
Дата06.02.2022
өлшемі64,24 Kb.
#79349
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
5cfbf121-331a-11e3-9d7d-f6d299da70eeУМКД ГСМТЖ

Сыныптан тыс жұмыстың маңызы және оны ұйымдастыру жолдары
Мектептегі география басқа оқу пәндердің арасында ерекше орын алады. Ол оқушыларға басқа жаратылыс және гуманитарлық пәндермен бірге Жер табиғаты туралы білімдерді береді. Осыдан пәннің жоғары тәрбие маңызы, тұлға қалыптасуында үлесі шығады.
Сыныптан тыс жұмыстың екі негізгі бағыты анықталады:
1) оқушылардың ерекше қызықшылығын шақыратын мектеп курсының мазмұнының негізгі сұрақтарын терең оқыту
2) жергілікті орында практикалық жұмыстарды орындауда, ақпараттың әр түрлі көздерімен (карта, анықтамалар, ғылыми әдебиет, интернет-ресурстармен және т.б.) жұмыс істеуде зерттеу қабілетін қалыптастыру.
Бұның барлығы географиялық дайындыққа, өздік жұмыс орындауға, шығармашылық қабілетке оң әсер етуде.
Қатысушы оқушылардың санына және сабақтардың өткізілу кезегіне байланысты сыныптан тыс жұмыстың формалары әр түрлі болады. Жұмыстың фронталдық, топтық және жеке түрлерін ажыратады. Сабақтарды өткізу бір оқу жылдық мерзімдік өткізілуімен шектеледі.
Эпизодтық сыныптан тыс жұмыс бір реттік шараларға есептелген: бұл кештер, конференциялар, олимпиадалар, серуендеу.
Жұмыстың көпшілік формалары – география аптасы,, географиялық олимпиадалар, КВН-дар, тақырыбтық кештер, ғылыми-практикалық конференциялар, қызықты адамдармен кездесулер және т.б.
Сыныптан тыс жұмыс үстінде сабақтағы сияқты зерттеленетін материалдың ерекшелішіне байланысты оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыру әдістері таңдалады – олардың талдау ең біріншіден географиялық білімнің ерекшелігі. Үлкен назарды экскурсия, серуендеу, экспедиция барысындағы табиғатты бақылау жұмыстарына немесе сабаққа дайындалу барысында географиялық әдебиетпен жұмыс істеуге береді.

  • Табиғатта жұмыс (экскурсиялар, серуендеу, бақылау және т.б.)

  • Географиялық әдіспен жұмыс істеу ( рефераттардың, баяндамалардың дайындығы, қабырға газеттерін және стендтерді шығару).

  • Ойын жұмысы (кештер, олимпиадалар, марафондар, сайыстар, іс ойындары).

География кабинеті – барлық сыныптан тыс жұмысты ұйыдастыру және бағыттау орталығы болады.
Сыныптан тыс жұмысты орындау барысында оқытушы өз кабинетін жақсы безеңдіруге, оны өлкетану материалымен және өздігінен жасалған көрнекіліктермен толықтыруға қамтамасыз етеді .
Сыныптан тыс жұмысты жоспарлауда физикалық географияның бастапқы курсынан бастап оқушылар үйірме жұмысына кірістірілу қажет. Неғұрлым пәнге қызығын оқушылар ерте бастап кетсе, соғұрлым география ғылымының саласының жетістіктерімен таңысу мүмкіндігі жоғары болады және кәсіпшілік қызықшылығы да ертеден қалыптаса бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет