Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Басқару психологиясы»



бет6/135
Дата07.02.2022
өлшемі382,43 Kb.
#84148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Байланысты:
Басқару психологиясы

Адекватсыздық заңындағы өзара қабылдау, осы адамға қатысты маңызды шешімдерді қабылдау үшін , адам басқа адамдаға ешқашан жете алмайды. Біздің қабылдауларымыз тәжірибелік тұрғыда ешқашан толық, нақты, адекватты болмайтындай құрастырылған. Тіпті біздің көз алдымызда жатқан, ең қарапайым зататарды біз толығымен қабылдай алмаймыз, әрдайым біз оның көз аймағына ғана түсетін және біздің рецепторларымызға тура әсер ететін бөлігін ғана көреміз.
Психологтар осындай бұрмалану себептеріне байланысты бірнеше негіздерді келтіреді:

  1. Адам әрқашан өзгеріс жағдайында болады. Шынымен де, әр адам қандай да уақыт болмасын ол әр түрлі физикалық, физиологиялық, интеллектуалды, әлеуметтік, ұнамды, эмоционалды және сексуалды даму деңгейлерінде болады.

  2. Басқа біреулердің немесе манипуляцияның азғыны (жертва) болмас үшін , адамдар өздерінің әлсіз жақтарын мен ерекшелерін көрсетпес мақсатында саналы және бейсаналы тұрғыда сақтанады.

  3. Көп жағдайда адамдар өздері туралы ақпараттарды бере аламайды, себебі көп мөлшерде өздерін білмейді.

Адекватсыз қабылдау заңын ескере отырып, жетекші басқарушылық іс-әрекетті іске асырғанда, адамдарға келесідей принцип амалдарын қолдану керек:
а) универсиалдылық талант принципі;
б) даму принципі;
в) үздіксіздік принцип
Өзін-өзі бағалауда адекватсыздық заңы. Бұл заңның мәні, адамдар өздеріне баға беруде, басқа адамдарды өздерімен салытырып, олар ішкі кедергілер мен шектеулермен қақтығысады. Өзін-өзі бағалау көп жағдайда адекватты бола бермейтіні, мәлім, ол кйде жоғары не төмен болады. Өзін бірнәрседе жоғары бағалау және дәл сол уақытта бірнәрде бағаламай қалу адамға тән қасиет, және осылардың бәрі жиналып өзіне қатысты қорытынды шығаруға әкеледі.
Ақпараттың бұрмалануы заңы. Бұл заңның мәні , басқарушылық ақпараттар (директивті, бұйрықтар, орналасытырулар)сияқты тенденциялар жоғарыдан төменге деген қозғалыс процесі мәніне өзгереді. Ақпарат мәнінің жоғалуына негізінде , басқарушылық ақпарат қандай тілге беріледі соған байланысты. Ауызша ақпараттардың 50% дұрыс қабылданады.
Егер ақпарат толық болмаса, оған деген доступ шектеулі болса, және алған мәліметтер бағынушылардың қажеттіліктерін толық қанағаттандырмаса, онда ол адамдар өз болжауларымен тексерілмеген фактілерге сүйеніп, болжайды, ойланады. Сол кезде, ақпарат көлемі төмендеу жағына ғана емес және жоғарылау жағына да өзгеріп кетеді. Сонымен қатар, ақпарат қабылдаушы және оны беруші адамдар арасында айырмашылықтар да болады, олар білім деңгейі, интеллектуалды дамуы, өздерінің қажеттіліктері және психикалық , физикалық жағдайларына байланысты өзгереді. Ол да ақпаратты жіберу процесінде өз ізін қалдырады. Бұрмалануды минимумға келтіру үшін, басқару психологиясы облысындағы мамандар мыналарды ұсынады:

  1. Ақпаратты тарату процесіне қатысатын берілген топ санын мүмкін болғанша төмендету;

  2. Өз уақытына қызметтестерді олар шешу керекті ақпарат сұрақтарымен жетістіру керек.

  3. Алынған мәліметтерді дұрыс ұғынғандары мақсатында бағынушылармен кері байланысты орнатып, бақылау керек.

Өзін-өзі сақтау заңына, ең алдымен адамдардың мінез-құлқан анықтау мотивтерінің бірі болып өздерінің арнайы статустарын, жағдайларын, өзіндік достоинстваларын сақтау болып табылады.
Компенсация заңы жалпы түрде, қанадайда бір жетіспеушілігі бар, өмір сүру әрекеті аймағында қандай да бір проблемасы не қиындығы бар адам, саналы немесе бейсаналы тұрғыда оны басқа жұмыс аймағында өтеуге тырысады.
Осыған сәйкес, , басқару процесінде еңбек коллективінің психологиялық заңдылықтар мен әлеуметтік даму есібін ескере отырып, адамдарға индивидуалды амал табатын, басқару процесін орната білетін біліктілігі болғанда басшының іс-әрекет нәтижесі анықталады, ал бұл қазіргі басқару психологиясынның жетістігіне негізделеді.


Негізгі ұғымдар: басқару психологисы, өнер, жетекші, статус, әлеуметтік орта, қарым-қатынас, топ, коллектив, басқару әдістері, басқару заңдылықтары, жетекшінің талап-тілектері, импровизация, интуиция, басқару жүйесі, жетекшінің психологиялық бейнесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет