Түйсік қасиеттері. Түйсіктің әртүрлігі оның ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қатар қасиеттерімен сипатталады. Ондай қасиеттерге: сапа, қарқындылық, жалғасушылық және кеңістікті таратпаушылық жатады. Сапа – ол түйсіктің негізгі ерекшелілігі, түйсіктің көпүлгілі сапасы материя қозғалысының шексіздігімен көрсетіледі. Түйсік қарқындылығы оның сандық сипаттамасы болып саналады және рецептордың функциональды күйі мен тітіргендіргіш күшімен көрсетіледі.Түйсіктің жалғасушылығы уақытша сипаттама. Ол сезім ағзасының функциональды күйін анықтайды, бірақ бастысы тітркендіру уақытын және оның қарқындылығын анықтайды. Тітркендірудің әрекеті сезім мүшелеріне бірден сезілмейді, уақыт өте келе түйсіктің латентті кезеңінде көрінеді.Түйсік – мидың орталық жүйесінің және сезу ағзаларының әсер етуі нәтижесінде шындықтың көрінуі. Түйсік дегеніміз қарапайым психологиялық сипаттама, ол адамның тәртібіне есті және ессіз күйде әсер етеді. Түйсік объективті де, субъективті де ұғым. Бір жағынан онда сыртқы тітіркендіргішті байқауға болады. Ал бір жағынан тітіркендіруді байқау жүйке жүйесіне де байланысты.
Қабылдау – қоршаған ортадағы объективті шындықты бағыттап ақпарат ретінде қабылдау мен өзгерту қиын үрдіс болып табылады.Қабылдау сезім мүшелеріне әсер ететін құбылыстар мен заттардың толық жиынтығы. Қабылдау – талдау жүйесі әрекетінің нәтижесі.
Қабылдаудың субъективті заңы дегеніміз адамдардың ақпаратты қабылдау қажеттілігіне сәйкес, субъективті қабылдауы болып табылады. Адамның психикалық қабылдауы оның тұлға ерекшелігіне байланысты апперация деп аталады. Қабылдау қасиеттеріне келесілер жатады:
Тұтастық – қабылдау заттың толық түрін көрсетеді. Ереже бойынша ең алдымен зат толық жаратылыс ретінде қабылданып тек содае кейін ғана оның бөлшектері зерттеледі.
Константылық – қоршаған ортаны қабылдау кезінде олардың пішіні, түсі, көлемі тұрақты ретінде қабылданады. Константты қабылдаудың белсенді әрекет етуші жүйесі ретінде перцептивті жүйе саналады.
Құрылымдық – ол қабылдаудың жай ғана жиыны болып саналмайды. Біз осы құрылымның жалпылама түйсігін іс – әрекеттер ретінде сезінеміз: жеке дыбыстардың орнына сөздерді , адамның жеке қимылының орнына икемдерді, жеке суреттердің орнына орын ауыстыруды қолдану.
Ойлаушылық – қабылдау ойлаумен, заттардың табиғатын түсіну. Олардың мағынасын түсініп атау береміз.
Сайлаушылық – бір объектті екінші объект пен салыстырып оның ерекшелігін бөліп көрсетеді. Қабылдау кезінде адамның көзіне бірінші шалынатын объект деп, айналасындағы фон деп саналады.
Қабылдау заттары қате болуы да мүмкін. Қателер әртүрлі талдаулардың әрекеті нәтижесінде белгілі болады. Негізінен көз алдаулары (иллюзия ) көп кездеседі.Қабылдауды ұйымдастыру қажет. Ақпаратты қабылдаудың тиімді үрдістерін қарастырайық:
Таным мақсаты бар нақты ақпаратты қабылдау керек. Өзін мақсатты айқындап, соған қол жеткізуге үйрету керек.
Талдаушыларды жан – жақты, әрі қарқынды қолдану. Кез – келген жағдайда қабылдау үшін үстемдік етуші талдаушыларды қолдану керек. Талдаушыларды кеңінен қолданған сайын, қабылдау үрдісі қарқынды жүреді.
Қызығушылық тудыру.Есте сақтауға тиісті мағлұматты жоғары дәрежеде қызықты ету.Бұл үшін оның жұмысқа деген маңызын жетік түсіну қажет. Мағлұматты қабылдау сәтін жылдамырақ өткізу үшін өзіңіз білетін барлық білімді қолдану қажет.
Есте сақтау дегеніміз- өмірлік тәжірибе әрекетін алуға, сақтауға тырысу. Әртүрлі түйсіктер туа біткен және өмір сүре келе алынған тәжірибелер механизмі сақталуы мұрагерлікпен беріледі немесе жеке өмірде жиналады. Біздің есте сақтауымыздың өнімділігі күннің уақытына байланысты: күндіз 8-12 аралығында қабылдау есте сақтау жоғары болады,түстен кейін төмендеп, кешке қайта көтеріледі.
П. П. Блонский зерттеулерінде эмоциялды әсіреленген уақытта еске сақтау жоғары дәрежеде болады деп түсіндіреді, ол студенттеріне балалық шағы естеліктерін жазуды тапсырған, сонда бірінші орында мына естеліктер шыққан:1 - жұмбақ әрі жаңа; 2- өлім; 3 – қатты қорқыныштар; 4 – қатты жазалаулар мен реніштер; 5 - бала отбасындағы бақытсыз оқиғалар; 6 – жақындармен бақытсыздықтар; 7 – айырылысу; 8 – бақытты сәттер – 8 % 9 – басқалары - 8 %