ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Білім беруде қазіргі ұйымдастыру менеджменті» мамандық үшін 6М010300 «Педагогика және психология»



бет2/4
Дата31.01.2018
өлшемі0,79 Mb.
#36946
1   2   3   4
3. Дәріс тақырыбы: Кәсіби білім беру мекемелеріндегі басқаруға жүйелі көзқарастар

Дәрістің жоспары:

1.Педагогикалық жүйе әлуметтік жүйенің түрі ретінде.

2.Педагогикалық үрдістің козғаушы куштері.

Көптеген ғалымдар басқарудың функциональды жүйесіне:

1.Болжау.

2.Жоспарлау.

3. Шешім қабылдау.

4 Ұйымдастыру.

5 Бақылау.

6 Есепке алуды жатқызады.

Білім беру мекемелерінде негізге алынып жүрген Ю.К.Бабанскийдің, П .Т. Фроловтың, В.А.Сластениннің оқу құралдарында көрініс алатын басқару қызметінің жүйесі :

1.Жоспарлау;

2 Ұйымдастыру;

3. Ынталандыру;

4 Бақылау;

5. Нәтижелерін талдау;

Басқару қызметі жүйесінің циклограммасы:

Педагогикалық талдау (П Т )

Мақсат қою және жоспарлау (МҚЖ)

Ұйымдастыру (Ҧ)

Бақылау (Б)

Реттеу (Р)

Коррекциялау (К)

Мектеп басшысы ең алдымен, басқару процесін емес, керісінше. соңғы нәтижені бақылауы тиіс. Немесе, басшы мектеп пен мұғалімнін жұмысын көрсеткен нәтиже бойынша тексеруіне боладымұндағы максат - тексерілуші объектінін тәжірибесін анықтау және жетілдіру. Мұндай жағдайда мектеп басшысының баскару жұмысының тиімділігі мектеп баскарудағы жұмыс сапасының денгейін арттыруымен және оқушыны тұлға ретінде калыптастырудағы маныздылығымен ерекшеленеді.

«Басшылық жасау - бұл да басқару, бірақ адамның адамды басқаруы», - деп Э.И Моносзон өте орынды айткан. Байкап қарасақ, педагогикалық басшылық жасау педагогикалык үрдісте адамдар арасындағы ұзақ қарым-қатынасты негізге алады. Педагогикалык басшылык жасаудың ерекшелігі де осында, ол әлеуметтік қызмет болып анықталған оқыту мен тәрбиелеуді іске асыратын адамдардың іс-әрекетіне бағытталады.

Басшылық жасау - педагогикалык талдау,

-жобалау,

-ұйымдастыру,

-реттеу.

-есепке алу және бақылау сияқты басқару кызметінің бір саласы.

Баскару жалпы білім беретін мектептегі сияқты кез келген динамикалық жүйеге тән. Мектепті баскару- ол тек мектеп әкімшілігінің іс-әрекеті емес, ол мектеп кұрылымын байланыстыру тәсілі, оның тұтастығы және ортамен өзара карым-катынасының сипаттамасы, Баскарудың осы, ішкі және сырткы байланыстары мен қарым-катынастары мектептің интеграциялық жүйесінің тууына себепші болады.. «Басшылық жасау» ұғымы директордың адамдарға (орынбасарларына, мұғалімдерге, косымша қызметкерлерге) тікелей әсер ету ерекшелігін бейнелейді. Осылайша ықпал ету жолымен ол оқу-тәрбие және баска процестерді және біртұтастықта құрылатын мектеп жұмысына жетекшілік етеді. Бұл директор кызметінін бірінші блогы-өзіндік басқаруды құрайды.

Директор кызметінің екінші блогы - педагогикалық блок. Өткен жылдардағы алдынғы катарлы педагогтар директордың жұмысы өзінің педагогикалык ерекшелігімен айкындалуы тиіс, оньң басқарушылық ықпал жасауы баскару объектісінде де (мұғалімдер мен окушылар), кызмет жасау аясында да (мектеп) ерекше сипатта болуы керек деп санаған. В.А. Сухомлинский: «Жаксы директор - өзі оқытып жүрген балалар үшін де, қол астындағы кызметкерлер үшін де, ең алдымен, жақсы ұйымдастырушы, тәрбиеші және дидакт», - деп ескерткен. Директор қызметінің үшінші блогы - карым-катынастык (коммуникативтілік) блок. Баскарудың әлеуметтік-педагогикалық әдісі, оның: окытушылар ұжымын топтастыру. қоғамдык көзкарасты калыптастыру, тұлғааралық карым-катынас тиімділігін. канағаттылык сезімін тудыру, ұжым мүшелерінің шығармашылык белсенділігін көтеру сиякты компоненттерін бөліп көрсетеді. Директордың өз карауындағы кызметкерлерімен. ата-аналармен карым-катынасы басқару жұмысының маңызды жагын көрсетеді, ал бұл болса директордың іс-әрекетіндекөрсетілген қарым-катынас блогының дұрыстығын дәлелдейді. Төртінші блок - зерттеушілік блок. Бұл директор жұмысынын, әсіресе, соңгы жылдардағы жұмысында анык көрініс алады Педагогикалык блок басшылык жасауды,. зерттеушілікгі. карым-катынасты кажет етеді және оларды оңтайлы ұйымдастыру аркылы жүзеге асады. Ұйымдастыру, біріншіден, мекгептегі барлык сатыларды баскару субъектілерін түгел камтиды, екіншіден, педагогикалық ұжымның барлых мүшелерінің әрекеттестігіне. Ынтымактастығына, ғылыми-шыгармашылык ізденіске, бірлесе баскаруға, өзін-өзі баскаруына жағдай жасайды, үшіншіден сенімділікке, демократиялық, ізгіліктік, гумандык процеске негіздейді.

Ұйымдастырудың нәтижелі болуы директордын басқару әдістерін тиімді пайдалана білуіне байланысты (ұйымдастырушылык-әкімшілік, экономикалық, педагогикалық, әлеуметтік-психологиялык т.б.). Басқару ңызметі мынадай қағидаларды:басқарудыц жариялылъқ қағидасын (оку орнының алдына қойған мақсатына жетуі үшін барлык ұжымды камтуды көздейді);баскарудың экономикалъқ қағидасын (баскару шешімдерін жүзеге асыру,кабылданған шешімге және олардың тепе-теңдігіне байланысты каржы ресурстарының шығынын аныктайды және қаржыландырудың көздерін іздестіреді);оңтайлы инновациялық қагидасын (стандарттык баскару мәселелеріне жаңа колайлы жағдайды іздестіреді, оқушылардың шығармашылық белсенділігін калыптастырады әлеуметтік қағидасын (ұжымнын әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталады): басқарушының құзырлық қағидасын (баскарушының кәсібилік жағынан барлык деңгейдегі басшыларға қойылатын талаптың бірте-бірте өсуін пайымдайды) тірекетеді және нақты функционалдык жүйе арқылы жүзеге асады

-Максат қою мен оқу-тәрбие процесін жоспарлауды жетілдіру педагогикалык жүйенің үнемі даму, козғалыс жағдайында болу кажеттігінен туындайды. Бүгінгі мектеп басшыларына тән ортақ кемшілік олар. Көбінесе, «Неге қол жеткізу керек?» деген сұрақтың мәнін ашудан бұрын «Калай қол жеткізу керек?» деген сұраққа жауап беруге асығады, яғни максатты тұжырымдап алмай, тікелей міндеттерді белгілеуге кіріседі. Мұндай әдіс, әрине, тиімді болмайды, бұл арада басқару циклі жоспарлау қызметінен көрініс табатын максат коюдан және міндеттерді анықтаудан басталады. Егер бүгінге деиінгі жоспарлау мектеп ұжымы қьізметіне берілген кешенді талдау негізінде жұмысты корытындыласа, содан соң алдыңғы баскару цикліне баға беріп, еңбек ұжымы кызметінің накты максаты мен міндеттерін және оларға қол жеткізу кұралдарын аныктаса, соңғы уакытта ол шешім қабылдаумен байланыстырылады. В.А.Сластениннін сөзімен айтқанда, мектеп басқарудағы жоспарлау зерттелетін кұбылысты педагогикалық талдау нәтижелерімен бағдарланған максаттын аракатынасы негізінде шешім кабылдау болып саналады. Баскару кызметі жүйесінің ұйымдастыру кезеңінің мазмұны мұғалімдер мен окушылар, педагогикалық ұжым, ата-аналар және жұртшылык арасындағы өзара катынасының сипатымен аныкталады. Іскер. өзара қарым-катынастық сенімге құрылған дербес ұйымдар мен оқушылар ұжымынын көптеген шығармашылық бірлестіктерінқұруға, оларға мектептің барлық окушыларын тартуға, олардың шығармашылык кабілетін дамытуда барлык мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай жасайды. Бұл жерде барлық баскару буындарының қызмет мазмұнын анықтау, олардың қызметіндегі өзара әрекетті (әрекеттестікті), үйлесімділікті ұйымдастыру, олардың арасында субординациялық, координациялық жәнекері байланыс қатынастарын орнату айрыкша мәнге ие.Мектеп басшысының міндеті - барлық басқару органдарының ыкпал ету аймағын дәл аныктау, оларға белгілі бір өкілеттіктер (кұкыктар) беру жэне оларға жүктелген міндеттерді орындау әдістемесі бойынша тұракты түрде нұсқаулар беріп отыру, олардың кызметін ынталандыруды және координациялауды камтамасыз ету, педагогикалык процеске қатысушылардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын, мінез-кұлык мотивтерін дұрыс бағалау және ұжым мүшелерінің вертикаль бойынша да. горизонталь бойынша да ықпалды қарым-қатынасына кол жеткізу болып табылады. Директордың орынбасарлары оку жұмысы бойынша, тәрбие жұмысы бойынша, оку-өндірістік жұмысы бойынша/ кәсіптік мектеп үшін/, бейімді оқыту бойынша, ннновация бойынша, оку үрдісін реттеу немесе ұйымдастыру мәселелері бойынша, экономика және кәсіпкерлік жұмысы бойынша шаруашылық жұмысы бойынша;

Окушылардын кызығушылыктары бойынша әртүрлі топ жетекшілеріКонференция, мектеп кеңесі, педагогикалык кеңес, директор жанындағы кенес, үйлестіру кенесі. экономикалык кеңес, эксперттік кеңес, аттестаттау комиссиясы емтихан комиссиясы Ата-аналар комитетінің жиналыстары, үйлестіру кеңесі Окушылар комитетінің жиналыстары, үйлестіру кеңесі Мұгалімдер кеңесі,үйлестіру кенесі Бірлестік, кафедра, мектепшілік топтар мәжілістері, үйлестіру кеңесі Функциалды кызмет жетекшілері жанындағы кеңестер, үйлестіру кеңесі Әдістемелік ғылыми-әдістемелік кеңес, директордың орынбасары жанындағы кенес, үйлестіру кенесі

4. Дәріс тақырыбы: Жүйе және басқару.

Дәрістің жоспары:

1.Білім беру менеджері қызметінің( принциптері).

2 Білім беру менеджері қызметінің әдістері.

Білім беруді баскарудың мемлекеттік сипаты КР «Білім туралы" заңда белгіленген мемлекеттік саясат принц иптерін мынадай бағыттармен айкындайды: -білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттык құндылықтардың. адам өмірі мен денсаулығын. Жеке тұлга бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншіілікке тәрбиелеу;-республикадағы мәдени және білім беру кеңістігініңбіртұтастығы, аз ұлттардын білім бсру жүйесінің дайындығы.даму деңгсйі мсн ерекшелікгеріне бейімделгіштігі;-білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі:-білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттіккоғамдык сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі. Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік саясатын мемлекеттік білім стандарттарын сактау арқылы лы іске асырады. Білім стандарты оқу багдарламасының м індеті минимумы мен оқушылар жүктемесініің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды Білім басқару органдарының міндеті білім алуды формальды түрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жекетұлғаның өзін-өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады Білім беру саласында мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары курылады олар республикалык, облыстық, қалалық және аудандық баскару мскемелері. Мемлекеттік басқару органдары- білім және гылым министрлігі, облыстық білім департаменттсрі өздерінің құзырлығы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іскс асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айкындайды: білім мекемелерін қаржыландырады және көптеген мәселелерді шешеді. Педагогикалык менеджмент адам қызметін ғылыми тұрғыда басқару принципіне сүйене отырып, объектінін білім бсру аясындагы қызметі аркасында мына екі бағытты бірліктс ұстайды:

1.-Педагогтар мен студенттерді басқару.

2.Оқу тәрбис процесін жетілдіру.

Педагогикалық менеджмент принципі дегеніміз -білім бсру менеджерінің қызметіне тән манызды талаптар мен ережелердің жиынтығы, басқарудың объективті заңдылыкта-рының көрінісі және жеке түлғалар арасындагы психологиялық қарым-қатынаска негізделген біртұтас педагогикалық процесс.Білім беру менеджері қызметінің негізгі принциптеріне мыналар жатады:

1 Менеджменттің педагогикалық бағыттылығы

2.Накты және диагностикалык максат нысаны көздері.

3.Қызметтік мақсатқа лайыктылыгы.

4Баскару урдісінің пәрменділігі;

5.Баскару қызметін бөлу және кооперациялау.

б.өзін-өзі жүйелі жетілдіру.

Енді осы айтылган принциптерге токталып көрелік.

1.Білім беру менеджменттінің педагогикалық бағыттау принципі. Мұнда барлык деңгейдегі басшылык қызметті сол оқу орнындағы берілетін негізгі кәсіп, я білім саласы бойыншапедагогикалық процеске бағыттау Кез-келген білім беру мекемесі оқыту мен білім беруден басқа да қосымша кызметтер атқарады Мысалы кәсіптік білім беру оку орнын айтатын болсақ;

-өндірістік қызмет, яғни белгілі бір онімді шығара отырып тұрғындарға ақылы қызмет көрсетуіде мүмкін;

-уйымдың-басқару қызметі, жастарды окуга тарта отырып. оларды я бригада бойынша өндірістік оқыту урдісінің-жумыс орнын істеуге баулиды; басшы және инженер-педагогкадрлардык іріктеумен және жумыс орнына орналастыруменшұғылданады.

-Материалды-техникалың қызмет бойынша оку тәрбие жұмысындағы материалды-техникалык базаны дамытуды-ЖӘНЕ техникалық оқыту кұралдарын дайындауды көздейді.

-қаржы-шаруашылық қызметі аркылы білім беруді-каржыландыруды камтамасыз етеді, қызметкерлерге жалақы-төлеу, студенттерге шәкіртакы беру, тиісті толемдер аудару мәселелерін камтиды.

-медициналық және санитарлың-гигиеналық қызмет саласы бойынша оку орны окытушылары мен студенттер курамын камтиды, осы аталған қызметтсрдің барльғы дерлік негізгі сала кәсіптік оқыту меп тәрбиелеу ісі төңірегінде топтасуы тиіс.

2.Менеджердің диагиостикалық, қызметінің нақтылығы және мақсаттылық принципі бойынша педагогикалық ұжым мен оқушылар БІлім деңгейін кез-келген уақытта диагностикалык талдау жасауға мумкіндігі бар.

Талдау - кез келген объектіге не кимылдын іс-әрекет нәтижесін кажетті жагдайда жеткілікті саналары мен касиеттерін айқындау, оларды құрамаларға, не бӛліктерге бӛлу арқылы жүргізу, салыстыру және біртіндеп зерттеуді бейнелейтінтанымның логикалық тәсілі

3.Қызметтік мақсатқа .лайыктылык принципі жас ұрпақтыңкәсіби біліктілікгілігін жогары деңгейде окытуға кол жеткізуге негізделген.

Қызметтік мақсатқа лайьіқтылық принципі менеджерден тұракты шыгармашылық ізденісті талап етеді. Ережелер, кызметтік міндеттеме, ішкі еңбек тәртібінің ережесі, оқу-тәрбие қызметіне ғылыми негізделген талаптар, түрлінұскаулардың ішіндегі қажеттілерін гана алып. менеджер өз жұмысында аз жұмыснұскауларлан бастартуы керек,ол білім мазмунын заман талабына сай әлеуметгіксұраныска негіздеп, нарыктык бәсекелестікке кабілетті мамандар әзірлеуге бар күшжігерін жұмсауы кажет

4. Баскару үрдісінің пәрменділік принципі баскару кызметі мен әкімшілік басшылықтың сатылық үлгісінің өз ара үйлесімді әрекет етуін талап етеді. Оқу-тәрбие барысында максатқа бағыттыұйымдастырылган іс-әрекет аркылы, окытушылар мен тәрбиеленушілср карым-қатынасы аркылы тәрбиеленушілер. Санасына, еркіне көңіл-күй сезіміне жүйелі ықпал жасайды. СОНЫҢ арқасында әлеуметтік тәжірибе беру, оны карқынды меңгерту жузеге асады

5.Баскару кызметін өзара бөлісу принципі менеджерден ұжымдық шығармашылық пен ұжымдық сана қызметіне арка сүйеуді талап етеді. Әрине, атқарылатын жұмыс ауқымын басшының жалғыз өзі істеуі мүмкін емес,бірақ кейбір жеке кызметкерлсрдің тиімді ұсыныстарына тұсау болмай,оларға колдау көрсетіп, кажет болса сенім білдірген жөн.Қазіргі демократиялык қоғам құрып, егемендігіміздің еңсесі көтеріліп жатқан кезде, әсіресе, кәсіби білікті мамандарды даярлау кезінде бастамашыл топ әрекеттері қажет-ақ.

6. Өзін-өзі жетілдірудің жүйелі принципі менеджердің теорияда ңол жеткен табыстарын алдыңғы қатарлы практикаға ендіре білу мүмкіндігіне негізделген. Ол білім берудің акмеологиялық заңдылықтарын орындауды басшыдан да, педа гогтан да талап етеді. Олар

- өзін-өзі сыйлай білу

-менеджердің жогары нәтижелі көрсеткіштерге өздігінен әрекет етузаңдылығы оның педагогикалық шеберлігін шыңдауына да, басшылыққабілетін жетілдіруіне де тікелей байланысты.

- технологиялың заңдылықтар менеджерден табыстың оңай келмейтінін, өнім өндіру, оның сапалық және сандық көрсеткіштерін көтеру жаңа технологияны қолдану мен оны ұ дайы жетілдіріп отыруын талап етеді:

-Орнықтылық заңдылығы- өз ісінде баскару заңдылықтары негізін орнықтыру, психологиялық және икемділігі жағынан оны қолдана білуінде. Әрине, басқа біреудін улгісін көшіре салу жақсы нәтиже бере алмайды, кейбір элементтері болмаса, оның байланысуы да қиын

-біртұтастық заңдылығы менеджердің басқаруында мейлі қай сала болса да өзіне тән тәсілді біртұтас етіп қолдана білуінде. Педагогикалық менеджмент әдістерін шартты түрде мына 4 топқа бөліп жүр:

1 Психо – педагогикалық әсер ету әдісі:

2.Әкімшілік баскару әдісі:

3.Экономикалык әдістер;

4.Қоғамдык пікір аркылы әсер ету әдісі;

1.Психо-педагогикалық әсер ету әдісі. Ол негізінен менеджердің психологиялык және педагогикалық заңдылықтарды игертіп, оны өмірде саналы түрде жүзеге асыру қабілеттілігіне байланысты. Ол кеңес,өтініш, тілек, талап, өкім беру, мадақтау, алғыс білдіру аркыл ы орындалуы мҥмкін. Осы әдістердін түрі аркылы ұжымның әлеуметтік дамуын жоспарлауға , ішкі психологиялық колайлы ахуал туғызуда, карама-гындағылардьң творчествалык белсенділігін туғызып, жұмысқа деген кызығушылығын арттыруға мҥмкіндік жасайды. Ұжым мүшелерін моралдык және материалдык көмек көрсету арқылы олардың жеке психологиялық кабілеттерінің ашылуына мүмкіндік жасайды. Басшыға сенімі артады. Бұл әдіс ужымды басқарудың демократиялык стилін қалыптастырады.

2 Менеджердің әкімшілік жұмыс әдісіне негізінен ұйымдастыру-жарлылық іс әрекеттерінің мазмұны жатады. Жоғарғы атқарушы биліктерден келгең турлі нұсқаулар, каулылар, шешімдер және ұжымның ішіндегі ұйымдастыру және жарлык беру, бұйрык, шешімдер мен өкімдердің орындалу барысы, өндірістік жұмыстар мен тҥрлі есеп берулер жиынтығы.Әрине, әкімшілік-жарлықтық жұмыстарға тым үйір болуда,менеджердің творчествалық кабілетін шектеп, ұжымның өзіндік жұмыс істеу мүмкіндігіне тежеу жасауы мҥмкін есте ұстаған жөн.

3. Экономикалық әдіс менеджер үшін экономикалыкстимул кызметін атқарады.Педагогикалык ұжым мүшелерініңеңбек акысы педагогикалык стажы мен оқу - тәрбие жұмысына, сіңірген еңбегіне қарай, атағы, санаты мен біліктілігіне - карай төленетіні - олардың экономикалык қызығушылығын арттырады. Әрбір бригада мүшесіне косымшакоэффициенттіөндірістік кәсіпорын төлейді. Бұл әдіскс оларды акшалай, зат тай сыйлықка ұсыну да жатады.

4. Қогамдық әсер ету әдісі оқытушылар мен студенттсрді оку-тәрбие жұмысы мен ужымды баскаруға кеңінен-жұмылдыру болып табылады. Бұл ұжымды баскару да демократиялык принципке негізделген. Бәсекеге кабілетті жастардын өсіп-жстілуіне жол ашады. Әрбір тапсырылган іске мұқият. аскан жауапкершілікпен карап,. тындырымды етіп ісгеуге тырысады. Олардың құқыктары мен еркіндігіне кең жолашылып, бір-біріне деген, басшыларға дегенсенімді көзкарас ұжымда творчествалык кабілсті жоғары белсенді топ артатүсуіне ыкпал жасайды.

5. Дәріс тақырыбы: Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымы.

Дәрістің жоспары:

1.Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымы

2.Білім беру менеджерінің кәсіби біліктілік өлшемі. '

Білім беру менеджерінің кәсіби еңбек тиімділігін артты рудың негізгі өлшемі мына төмендегілер:-оңтайландыру (қажеттілік пен жеткіліктілік)дегеніміз мақсатка жету жолында күш - жігердің жеткіліктіболуы, сондай-ак құралдар мен тиісті мерзімнің шешімді орындауда мүмкіндіктің мейлінше жасалуы, ол істі оң шешуге әсерін тигізеді;— субъектінің қызмет тәсілдері мен әдістерінің ти-імділігі, олардың біртұтас азара байланысты болуы;

- менеджмент субъектісінің іс-қимылының наңты жолына жумсалуы. Багдарлама мен жүйелі басқару ісінің үйлесімділігі

- атқарылатын жұмыстың перспективалық багыттылығы

-барлык қимыл іс-әрекеттің қойылған мақсаттар мен міндеттерге Байланысты актуалдығы (кӛкейкестілігі);

-оқу-танымдык процесте оқушылар кызметінің белсенділігі мен дербестігі.

Осы өлшемдерге сәйкес білім беру менеджерінің кыз метін мына төмендегі 5 денгейге бөлмекпіз.

І.Репродуктивті деңгей. Мұнда басшы педагогтар жұмысы туралы ақпар жинап оны ұжымға хабарлаумен ғана шектсліп кәсіби оқу-тәрбие жұмысының кейбір түрін ғана атап өте алады.

2. Икемделген - басшы педагогтың кейбір істеріндегі мәнді сәттерді ғана анықтауға қабілеті жетеді, соны ұжымға икемдеп, таратуға тырысады.

3 Оқшауланган улгі - басшы мұнда педагогикалык қызметтің кейбір аспектілерін ғана ҥлгі етіп алуға қабілетті, оны педагогтармен оқу – тәрбие процесінің бір бөлігінде ғана пайдалана алады.

4. Жүйеленген үлгі бойынша менеджер білім берудін актуалды мәселелері Төңерегінде оқу-тәрбие жұмысын жүйелі үлгі бойынша атқаруга, оны дамытуга қабілеттілігі жетеді

5. Экстраполяциялық - мұнда басшы әлеуметтік прогрестің даму бағытын болжай отырып, педагогикалык ұжым алдына білім берудің перспективалык моделін ұсынады. Педагогикалық жүйенің тиімдІлігін арттыруда менеджердің рөлі. Білім беру мекемесінің басшылық қызметін, құрылымын айкындауда білім, беру менеджерінің жеке субъскті ретіндсгі рөлі, оның жеке кабілеттілік сипаттамалары сөз жоқ, маңызды мәнге ие. Оған дәлел ретінде мына төмендегі оның жеке басына байланысты тұлғалык қабілеттсрін айтсақ та жеткілікті.- жоғарғы оқу орнын, кәсіптік білім беру мекемесін, факультет, кафедра, оку тобын сол салада арнайы білімі бар ма -маннның басқаруы- жаңа жағдайларға байланысты басқару тәжірибесі мен ұжыммен тіл таба білу кабілеттілігі:-әрбір құрылым жүйесіндегі басшылардың жеке компоненттерін қалыптастыру;- кәсіби білім мекемесі басшысының сол салада жетекшімаман болуы; -педагогикалык және окушылар ұжымының баскаруерекшелігін білу:басшының педагогикалық творчество мен инновацияғакөзкарасы;басшының құрылымды басқарудағы иерархиялык дең-гейі: Менеджер кызметінде жетістіктері жету мүмкіндіктерін тежейтін факторлар да жиі кездеседі, олардың катарында: -көп жағдайда өзін баскара алмауы. Өз уакытынтиімді пайдалана алмайды, күш куатын мардымсыз нәрселергежұмсайды, бойындағы стресс жағдайларды жеңе алмайды,карамағындағылармен жиі кикілжіңге келеді, кейде тіпті кьіз -балыққа салынады.-жеке құндылықтарын жайып жіберу. Өзінің жеке касиеттері мен іжтің максатын дұрыс түсінбеу.- жеке максаттарын жете түсінбеу. Өз жеке басының ісіне, максатына деген түсінігінің жоқтығы. –

Өін-өзі дамытуды тоқтату. Жаңа өмірге,жұмыс жағдайына, түрлі өзгерістерге құлқының жоқтығы, бейімделуге әрскеттенбеуі. Келесі мәселеге тірелу сәттерінде дұрыс шешім қабылдай алмауы. Күрделі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға стратегиялық мүмкіндігінің төмендігі, педагогикалық та, басшылык жасау да қабілетінің жетіспеуі. -творчестволык мүмкіндігінің жетімсіздігі. Жаңа идеяларды іске асырудагы қабілетінің жетпеуі. Оны өздігінен жүзеге асыра алмауы.

-адамдармен тілтабысуы қиын. Өзін қоршаған адамдарга әсерете алмайды,ол олардың шешімдеріне мән бергісі келмейді. Баскару жұмысының ерекшеліктсрін жеткілікті дәре жеде ұғынбауы. Ескі авторитарлық, өктемшіл әдіспен басқару шырмауынан шыға алмайтын, карамағындағыларды жаңа жағдайда жұмыс істеуге жұмылдыруға қабілетсіздігі.

- Басшылык дағдысының жетімсіздігі. Қарамагындағылардың кызметі мен іс-әрекетін баскаруда практикалык дағды мен икемділіктің жетіспеуі.

- Үйретуге қабілетсіздігі. Қарамағындағыларды тиісті талап тұрғысында үйретуге, көмек беруге кұқықсыздығы, я кабілетінің жоқтығы.

- ұжымды қалыптастыру кабілетінің төмендігі. Оқу топтары мен педагогикалық ұжымды тиімді басқару мен да мытуға дәрменсіздігі.

- педагогикалык және әкімшілік басқару кабілетінің жоқтығы. Білім беруді ұйымдастыру менеджерінің басқару, оқыту мен тәрбиелеу ісінен мүлдем бейхабар, кездейсоқ тағайындалған қызметкер.

1. Педагогикалық менеджмент баскару заңдарына негізделеді, сондай-ақ психология және педагогика ғылымдары заңдылықтарына да арқа сүйейді, яғни ғылыми негіздемесі бар

2. Білім беру ісінің менеджері қызметін тиімді ұйымдастыру - оның жеке мінездері мен педагогикалық шеберлігімен, басқару қабілеттілігімен де сипатталады.

3. Ғылыми негізде басқару, психологиялық және жеке адамгершілік касиеттер білім беру менеджеріне оны оқу тәрбие жұмысына колдануға,көшіруге толық мүмкіндік береді. Бұл педагогикалык менеджменттің әрі ғылым, әрі өнер екен дігін дәлелдейді.

-Кәсіптік мектеп менеджері,өз карамағындағыларымен кикілжіңсіз. әрі тиімдіістсй алуы үшін оның кажетті білім коры болуы керек.

-Кәсіптік мектеп менеджері жоғары білікті педагог болуы қажет

-Басқару теориясын менгермей-ақ,менеджер қызметіне жаксы басшы болса жеткілікті.

6. Дәріс тақырыбы: Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы

Дәрістің жоспары:

1.Білім беру мекемелері қызметінің басымдық бағыттарын таңдау.

2. .Білім беру мекемелерінің стратегиалық даму жоспарын жасау.

Педагогикалық ұжымның жұмысы мен жан-жақты танысу үшін:

- нақты педагогикалық міндеттерді шешу мақсатында кейбір мәселелерді ерең зерттеу;

- жекелеген мұғалімдер мен оқытушылардың іс- тәжірибелерін терең үйрену.

-Бір топта жұмыс істейтін оқытушылар мен шеберлердің іс-тәжірибесіне талдау жасау үшін жүргізілген тексеру жұмыстарына қатысу.

1. Әкімшілік тарапынан болатын бақылаулар мұндай арнаулы тексерулер жоғарғы орындардан келген бұйрықтарға, нұсқауларға байланысты жүргізіледі. Максаты-пән бойынша оқушылардың білім сапасын тексеру, мұғалімнің жұмысындағы ғылыми және әдістемелік сипаттағы істердің дұрыс бағытта жургізілу дәрежесін анықтау Мұғалімнің біліктілігін анықтау үшін жүргізілетін бақылаулар оқыту мен тәрбиелеудің соңғы ғылыми жаңалықтары туралы мұғалімнің не білетіндіігін анықтау мақсатында жүргізілетін сауалнамалар мен сұраныстар. Бұл жұмыс түрі мектеп ішінде немесе білім бөлімдері, біліктілікті арттыру институттары тарапынан да жүргізілуі мүмкін.Ондағы жұмыс түрлері: мұғалімнің сабақтарына қатысу. баяндамаларын тындау, шығармашылық есептерін тыңдау, педагогикалык оқуларға дайындаған материалдарын талдау, ғылыми жұмыс жобаларымен танысу бұрынғы жасаған еңбектерімен танысу т.б

Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің деңгейін тексеру. Аталған тексеру мұғалімнің жұмысына баға беруді көздейді. Мұғалімнің күнделікті іс-әрекеті бала, әріптестері ата-аналар мен жұртшылықтың алдында өтіп жатады. Ұстаздың шығармашылың есебі жүріп жаткан кезде олардың пікірлері есепке алынып, мұғалімнің еңбегіне жан-жакты баға берілуі тиіс.Осы баға ұстаздың кәсіби қалыптасуының бағасы болып табылады.

2. Өзара бакылаулар

Мұғалімнің өсу деңгейі оның теориялык, іскерлік дайындығымен өлшенеді. Оны есепке алу үшін әдіскерлер. мектеп басшыларының орынбасарлары, әріптестері бакылау жасап, зерттейді. Арнаулы дәптер бастап. мұғалімнің жұмыс барысындағы жетістіктерін. кемшіліктерін, дамуын, шығармашылық касиеттерін тіркеп, осы жолда жеткен жетістіктеріне қорытынды жасап, оны мұғалімнің өзіне хабарлап отырады. Мектеп басшылары тарапынан болатын осындай ұсыныстардың жүйелі негізді болуы мұғалімнің іс-әрекетінің сапалы болуына әсерін тигізеді.

3. Ұстаздың өзін-өзі бакылауы

Мұғалімнің өзін-өзі бақылауының мазмұны өз шеберлігін ұштауға бағытталады. Мұнда әрқашан өзіне сын көзбен қарай білу, өзін-өзі тексеру, сынау, өзгемен салыстыра білу, біреудің өзіңде жоқ касиетін қабылдай алу. т.б. сияқты моральдық-этикалық касиеттер басым болуы кажет. Бұл-психологиялық жағынан алып қарағанда, бақылаудың ең қиын түрі.Ұстаздың өзін-өзі бақылауының жолдары:

-теориялық дайыңдық дәрежесі. Өз пәні бойынша жеткіліікті білім дәрежесі бола тұра, осы ілімге қосылган жетістіктерді. оның қолданылуы аясын жете білуі керек.

-оқу-әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдап, өз жұмысыңда басшылыққа ала білуі әдісін жетілдіру. Өз жұмысында әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, кажеттісін сұрыптап ала білу және окыту. тәрбиелеу жұмысында өз жолын тауып, зерттеу, шығармашылықпен жұмыс жасау.

7. Дәріс тақырыбы: Педагогикалық менеджментте білім беру сапасын баскару.

Дәрістің жоспары:

1. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі.

2. Сапа менеджменті жүйесі.

Білім сапасы- білім түрлерінің (заңдар, теориялар, қолданбалы, әдіснамалық, бағалау білімдері) білім мазмұны элементтерімен және меңгеру деңгейлерінің арақатынасы. Әрбір-білім оны қолдану тәсілімен потенциалды түрде байланысқандықтан ол шығармашылық процеске қатсып қандай да бір маңызға ие болғандықтан мұндай арақатынасты белгілеу қажет.

Білім сапасы адамның білімді меңгеруімен тҥрлі іс-әрекетте қолданудың көп жақты талдауы нәтижесінде айқындалады және толықтық, тереңдік, жҥйелілік, шапшандық, икемділік, нақтылық, түйіндеу сипатына ие болады.

Сол сияқты ол түйінделу және өрістелу, сапалылық және беріктігімен сипатталады.Білімнің барлық сапасы ӛзара байланысты және өзінше дербес, себебі бірін-бірі алмастырмайды.

Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі (БСБҰЖ)-білім сапасының білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекет сұранысына сәйкестігін анықтау тәсілдерінің, түрлерінің, рәсімдері мен институционалдық құрылымдарының жиынтығы. Мақсаты-отандық білім жүйесімен Қазақстан Республикасы мамандарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін халықаралық білім кеңістігі мен еңбек нарығында білім сапасына қол жеткізу.

Негізгі міндеттері:

-барлық деңгейдегі білім сапасын институционалды бағалау;

-барлық білім деңгейінде оқушылардың оқу жетістігін сыртқы бағалау;

-мұғалімдер мен оқушылардың қызметін бағалау; оқыту және үйрету процесін жетілдіру;

-білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің сапасын жүйелі және салыстырмалы зерделеу, білім жүйесінің тұрақты дамуын қолдау;

-мемлекет азаматтарының сапалы білім алуға деген конституциялық құқығын қамтамасыз етуге қажетті білім беру жүйесінің жағдайы туралы объективті ақпарат алу;

-айқындыққа қол жеткізу үшін қоғамды ақпараттандыру;

-үздіксіз білім беру жүйесінің сатылары арасында бағалау нәтижелерінің сабақтастығын қамтамасыз ету;

-ұлттық мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын халықаралық стандарттармен салыстыру үшін халықаралық зерттеу аясында, оқушылардың оқу жетістіктеріне салыстырмалы мониторинг жасау.

Принциптері: Объективтік, кәсібилік, жариялылық, айқындық, әділеттілік, кезеңдік, сабақтастық, есеп берушілік, дамудың үздіксіздігі.

Рәсімдері: Білім беру қызметін лицензиялау, мамандарды даярлау сапасын мемлекеттік аралық бақылау (МАБ), мемлекеттік аттестаттау, мемлекеттік аккредитациялау және оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау. БСБҰЖ аттестаттау, аккредитациялау және сыртқы бағалаумен білім сапасын тікелей мониторингтік зерттеу арқылы рәсімделеді:

-оқушылардың оқу жетістігі мен олардың тұлғалық сапасынын даму деңгейі;

-сыныптың, топтардың, пән секцияларының, бөлімшелердің, факультеттің, жеке мамандықтың оқу жетістіктері; ауданның, қаланың, аумақтың білім беру ұйымының және тұтастай білім беру жүйесін;

-білім беру ұйымының қызметі, сондай-ақ білім беру ұйымдары өткізетін, оқушылардың білім жетістігін ішкі бағалау (өзін-өзі бағалау).

Оқушылардың оқу жетістігін сыртқы бағалау тестілеудің стандарттық рәсімдері негізінде жүргізіледі. Барлық деңгейдегі білім сапасын бағалау мен мониторингін енгізу және оны жүзеге асыру, оларды жүйелі түрде жетілдіру және халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру, сондай-ақ аумақтық және мемлекеттік деңгейде білім беру ұйымдарының рейтингін анықтау БСБҰЖ шеңберінде жүзеге асырылады.

Сапа менеджменті жүйесі

(СМЖ) – көрсетілетін білім беру қызметінің сапасына қолданылатын білім беру ұйымына басшылық пен басқару үшін менеджмент жүйесі.

СМЖ өзара іс-әрекет ететін процестер мен рәсімдер, білікті оқытушылар құрамы, ұйымдастырылған және технологиялық іс шаралар, жоспарлар, құжаттар және т.б. біріктіретін білім беру ұйымдарының сапалы менеджмент жүйесін білдіреді. СМЖ өзіне бірнеше арнайы құралдарды, атап айтқанда, білім беру процесіне үнемі мониторинг (модульді –рейтингілік жүйе), тәуелсіз қорытынды бақылау және студенттердің білімін бағалау, ППК мен қызметкерлердің сапалы еңбегін тиімді ынталандыру, сыртқы және ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруға талдауды қосады.

Білім беру ұйымдарының СМЖ, әдеттегідей, ISO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сертификаттаудан өтеді. Мұғалімнің жұмыстарын бақылау-тексерудің құрылым Мұғалім өзінін кәсіби шеберлігін қалыптастырудың бірнеше кезендерінен өтіп, тәжірбесін көпшілікке ұсынар уакытында әрине сол ұстаздың озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу. жинактау және тарату кезеңі басталады.

8. Дәріс тақырыбы: Педагогикалық кадрларды аттестациалау.

Дәрістің жоспары:

1. Кәсіптік мектеп жұмысын үйлестіру.

2. Кәсіптік мектеп жұмысын бақылау

Озат педагогикалық тәжірибені жинақтаудың үлгісі

1. Тәжірибенің аты, авторын, (авторлар тобы)көрсету. Тәжірибенің мінездемесі. қолдану аясы.баскарушылық, әдістемелік немесе оқу-тәрбиелік мәні.

2. Тәжірибенің күн талабына сай екенін оку-тәрбие үдерісінің сапасын арттырудағы онын тәжірибелік мәнін дәлелдеу

Бұл дәлелдеме екі негізгі кезқарастан туындауы керек:-бұл тәжірибе Президенттің, Парламенттің және Үкіметтің мектеп алдына қойып отырған мақсаттарын шешуге қай дәрежеде әсер етеді:-педагогикалық іс-тәжірибелерді дамытудағы бұл еңбектің көмегі.

3. Тәжірибенің ілімдік негізгі (тәжірибенің ғылыминегізділігін дәлелдейтін қазіргі ілімдік идеялар мен қағидалар)Педагогикалық кадрларды аттестациалау.

1. Директор жанындағы кеңесті ұйымдастыру.

2. Оқушыларға бірыңғай педагогикалык талап коюда өндірістік оқыту шеберлері мен әдістемелік кеңес өткізіп нұсқаулар беру.

Министрлік тексеру БАИ Мектеп ұжымы Мектеп басшысы Педагогикалық кеңес Тексеру-Бақылаулар Әдістемелік бірлестік Байқау, бағалау Тексеру Сабаққа қатысу Пікір алысу Ұстаз туралы пікір Есеп беру Кәсіби қалыптасу Ғылымға барар жол

3. Оқушыларга бірыңгай педагогикалық талап коюда окытушылармен әдістемелік кеңес өткізу.

4 Өндірістік оқыту мен практикаға байланысты басшылардың шешімі мен олардың орындалуын қадағалау.

5. Теориялық окытудың барысы және оны жаксарту туралы шешімдер кабылдау және олардың орындалуын қа дағалау.

6 Кәсіптік мектеп окушыларымен жургізілген тәрбие жұмысы туралы директор атына түскен хабарламалар негізінде шешім шығарып, оның орындалуын бакылау.

7 Оқушылардың шаруашылык және материалдық турмыстық жағдайлары туралы директор атына түскен мәлі меттер бойынша іс-шаралар белгілеп, оның жүзеге асуын кадағалау.

8 Әкімшілік-шаруашылык жұмыстар бойынша кемшіліктерді болдырмауға арналган шеш імдер шыгарып, оның орындалуын бақылауға алу.

2. Кәсіптік мектеп жұмысын бақылау.

1. Теориялық оқытуды есепке алатын журналды тексеріп, оның нәтижелерін талдау.

2.Өндірістік оқытуды есепке алатын журналды тексеріп, онын нәтижелерін талдау.

3. Окытушылардын сабак жоспарларын тексеріп, оның қорытындысын карау.

4.Өндірістік оқыту шеберінің сабақ жоспарын тексеріп, оның қорытындысын қарау.

5.Теориялық оқыту сабақтарына қатысуға дайындық жасау.

6 Оқу процессін бақылау максатында сабақтарға катысып, оның нәтижелерін талдау.

7 Өндірістік практика өткізілетін объектіні тексеруге дайындық жасау.

8 Өндірістік практика өткізілетін обьектінің тексеру корытындысын талдау.

9 Асхана жұмысын тексеру.

10 Оқушылардың тамақтануын жаксарту мәселесі туралы жарлықтар беру.

11 Кәсіптік мектеп шеберханаларындағы еңбек кауіпсіздігі жағдайын тексеріп, оның нәтижелерін талдау.

12 Жатақханада болып, ондагы оқушылардың тұрмыстық жағдайлары мен тәрбие жумысының барысын байқау.

13 Директор жанындағы кеңеске материалдар дайындау.

14 Апталык жұмыс жоспарының орындалу қорытындысы туралы директор анындағы кеңес өткізу

15 Кәсіптік мектеп корытынды линейкасын өткізуге дайындық жасау.

16 Апта қорытындысы бойынша оқушылардың оқу процесі мен сабаққа катысуы, сабақтан тыс іс-шаралар туралы мәселелерді қарау, талдау, жұмыстары.Кәсіптік мектеп жұмысын талдау.

1.Кәсіптік мектептің өткен аптадағы жұмысына талдау жасау. Атқарылмаган және толық орындалмаған тапсырмаларды аныктау.

2.Келіп түскен корреспенденциялар, нормативті және -әдістемелік кұжаттармен танысу.

3.Теориялық оқыту барысындағы кемшіліктерді аныктау, себебін білу және оны болдырмау шараларын іске асыру.

4.Өндірістік оқыту жағдайына талдау жасау, кемшіліктерді анықтап, себебін білу және оны жою шараларын жасау.

5.Оқушылардың сабақтан тыс уакыттарын өткізуі және тәрбие жұмысына талдау жүргізу.

6.Кәсіптік-мектеп-бойынша-барлык,баскару функцияларының іс шараларды жүзеге асыру тиімділігіне талдау жасау.
9. Дәріс тақырыбы: Педагогикалык менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету

Дәрістің жоспары:

Білім беру бірыңғай ақпараттық кеңістігі-Қазақстан Республикасында білім жүйесін басқару органдарының білім беруді тиімді басқаруын қамтамасыз ететін, дер кезінде толық, шынайы салыстыруға болатын ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған және жұмыс істейтін компьютерлік техниканы қолдануға негізделген программалы-телекоммуникациялық орта.

Білім саласында уәкілдік ететін органдар, жергілікті атқару органдары, білім беру ұйымдары өз қызметін атқару барысында алынған білім беру мониторингі мәліметтері және соның ішінде басқа да ведомостволық статистикалықбақылау мәліметтері кіреді.

Білім беру процесінің барысы мен нәтижесі, сонымен қатар оқудан тыс шаралар туралы барлық қатысушыларға мәлімет беру, оқу процесі және оқу мекемесін басқаруда ақпараттық қолдау көрсету, ұстаздарды, ата-аналарды, оқу мекемелерінің әкімшілігін және жұртшылықты ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған.Компьютерлік желі-ақпарат алмасуға және ақпараттық қорды бірлесе пайдалануды қамтамасыз ететін компьютерлердің өзара біріккен тобы.Жергілікті компьютерлік желі-бір жерде немесе бір кәсіпорын шеңберінде орналасқан компьютерлерді біріктіретін, пайдаланушылардың шектелген тобына арналған компьютер желісі.

Желілік құралдар-білім беретін электронды басылым және қорларды құруда телекоммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін,білім беру қызметінде телекоммуникациялық компоненттерді қолдауға арналған ақпараттандыру құралы.Байланыс желісі-белгілі бір желінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін орталықтар және байланыс тораптары, мамандандырылған арнақұрушы аппаратура, сымды-радио-, оптикалық және басқа байланыс арналарының жиынтығы. Коммуникация арнасы-ақпараттың дереккөздері мен оны өзара байланыстыратын ақпараттық жүйенің бір бөлігі.Интернет-адрестеудің бірыңғай жүйесін қолдайтын ірі және шағын компьютерлік желілердің дүниежүзілік бірлестігі.Интранет-ақпарат жіберуге Интернеттің хаттамаларын, құралдарын, бағдарламамен қамтамасыз етілуін пайдаланатын жергілікті компьютер желісі;

Он-лайн (On-Line) жұмыс тәртібі-ақпаратты сұрау, іздеу, өңдеу, алу және қарап шығу уақытында компьютерлік желіге тікелей қосылуды білдіретін жұмыс тәртібі;Оф-лайн (Off-Line) жұмыс тәртібі-компьютерлік желіге ақпаратты сұрау немесе сұрау бойынша ақпарат алу кезінде ғана қосуды ойластыратын жұмыс тәртібі. Сауал дайындау және ақпаратты өңдеу желіден ажырату тәртібінде іске асады.

Бейнеконференция-бейнетехнологияны негізгі байланыс технологиясы ретінде пайдаланып әр жерде тұратын адамдар арасындағы сұхбат немесе әдістемелік мәжіліс құру, кездесу. Бұл кезде екі бағытты дыбыс және бір немесе екі бағытты бейнекөрініс пайдаланады. Білім беруді ақпараттандыру проблемалары-1) ҧстаздардың ЖАТ-ы енгізуге қарсылығы сынып-сабақ жүйесімен сипатталатын топтасып оқыту жәндербес компьютерлер пайдаланатын жекешелеп оқыту түрі арасындағы қайшылықтардан туындайды;

2) «хакерлік» феномененің пайда болуымен байланысты кейбір адамдар тобының компьютер экранындағы виртуалды ақиқатқа енуі, олармен белсенді бірлесіп әрекет етуі, бірақ ол нақты өмірден қол үзген тұлғааралық қатынастарының қысқаруы;

3) ақпаратты таратудың құқықтық негіздері: оқушылардың ақпарат алу құқығы, оқушылар туралы ақпаратты, пайдалануға рұқсат етілмеген мектеп базасындағы мәліметтерді оған зиян келтіру мақсатында пайдалануы және басқа адамдардың автор құқығы, сонымен қатар тегін таратуына тыйым салынған ақпаратты білім беру мақсатында пайдалануы және т.б.


10. Дәріс тақырыбы: Педагогикалық ұжымдағы тұлғаларалық қатынастар

Дәрістің жоспары:

Мектеп басшылары «Қарым-қатынас псиіхологиясы» бойынша жасалған арнайы курспен таныс болу керек..

Мақсаты: мектеп басшыларын жүйелі - интегративтік әрекеттер ретінде іскерлік катынас психологиясының теориялык білімімен камтамасыздандыру, психотехниканың элементтерін, коммуникативті өзін-өзі ұйымдастыру өнеріндегі өзін-өзі бағыттау мен өзін-өзі жетілдірудегі эмоционалды - жігерлі дағдыларды меңгерту. Курстың мақсаты оку- тақырыптық жоспарларында көрініс алады. Оны мысал ретінде беріліп отырған «Қарым-қатынас құрылымы, құралдары, түрлері» тақырыбының жоспарынан көруге болады;

1. Қарым-қатынас процесінің функциялары. құралдары. кұрылымы;

2. Коммуникативтік құзырлылық -мектеп ұжымымен қажетті байланысты орнатудағы және ұстаудағы кабілеттілік;

3. Қарым-катынастағы психологиялык тренингтер;

4. Практикалык жаттығулар: Коммуникативтік касиеттердің даму деңгейіне баға беру. Топтық талдау: «Тиімді қарым-қатынас үшін қажетті қасиеттерді атап көрсету» және т.б.

5. Практикалык жаттығулар: рөлдік карым-катынас - «Интервъю алу», «Сауалнама жүргізу» және т.б. Арнайы курста меңгерген теориялык білімдерін, қатынас кұралдарын (тіл, дауыс ырғағы. мимика, ым, дене қимылы т.б.), қатынас стратегиясын (ашық-жабық катынас; монологтык-диалогтық; рольдік-тұлғалық), қатынас түрлерін (қарапайым катынас, формалды-рольдік қатынас, іскерлік қатынас, рухани, тұлғааралык қатынас, зиялы қатынас және т.б.) мектеп басшылары тренингтерде, практикалық жаттығуларда өздерін еркін көрсетіп, іскерлікпен шыңдайды Мысал ретінде «Рольдік қатынас» бойынша жүргізілген «Интервъю алу» жаттығуының әдістемесіне токталайық: қатысушылар екі топка бөлІнеді, бірінші топта - интервью алатын журналистер болады, екінші топта әрбір адам кімнің рөлін алатынын өзі таңдайды (оқьтушы, директордың орынбасары, артист, спортсмен және т.б.) және өзінің рөлі бойынша 3-5 минут аралығында журналистің сұрағына жауап береді. Соңындамынадай сұрактар аркылы талдап, корытындыланады: Басқа рөлде катынас жасау жеңіл болды ма? Жаттығуды орындау барысында кандай ойлар, қандай әсер пайда болды? Рөлдік қатынастан сіз нені тусіндініз? және т.б. Нәтижесінде бұның бәрі мектеп басшыларының ұйымдастырушылык кабілетінің {мұғалімдермен, окушылармен психологиялык қарым-қатынасты орната білу; мұғалімдер мен окушылар арасында психологиялык қарым-катынасты орната білу; мектепішілік жұмыстарға мұғалімді белсендіре білу және т.б.) дамуына септігін тигіздіӘрине, мектепішілік басқару ісінің жұмысы осы жоғарыда айтылған бағыттармен ғана шектеледі деуге болмайды. Қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған білім берудің жаңа жүйесі калыптасуда. Бұл процесс педагогикалык теория мен оку-тәрбие процесінің практикасында елеулі өзгерістермен жаңаланып отыр. Білім парадигмасының алмасуы жүріп жатыр: басқа мазмұн, басқа көзқарас.Педагогикалық ұжымдағы тұлға аралық қатынастар Мерри Фоллет Паркер(1868-1933жж) Элтон Мэйо (1880-1949) адамгершілік қарым-қатынас мектебінің жаңа бағытта дамуының негізін салушылар деп есептелінеді. Фоллет ханым менеджментке тұңғыш рет «басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз етуші» деп анықтама берді.

Э.Мэйо қаласында адам еңбегінің тиімділігіне психологиялық факторлардың еңбегін зерттеді. 1926 жылы «Фонд Ронфеллер» қаржысына Гарвард университетінде өнеркәсіпті зерттеу бөлімі ашылып, 1927 жылдан бастап Э,Мэйо жұмысын дамытты. 1933ж Э, Мэйо «Индустриалдық өркениеттегі адамгершілік қарым-қатынастар» кітабын шығарды. Бұл кітаптағы басты идея-еңбек тиімділігі үшін психологиялық жағдай және жұмысшылардың жақсы көңіл күйінің қажеттігі туралы.

«Бақытты жұмысшы дегеніміз, тиімді жұмысшы» деп тұжырымдайды. Э. Мэйо басқаша айтқанда, жұмысшылардың еңбек тиімділігін арттыру үшін оны бақытты қылу кере. Демек, жақсы меңгеруші тек өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру емес, жұмыстың психологиялық жағдайларында, жұмысшылардың көңіл –күйінде ойластыру қажет, мұның өзі еңбек тиімділігінің елеулі бір факторларының бірі. Меңгеруші ұжымдағы жұмыс істейтіндердің кейбіреуін айрықша қамқорлыққа алуы тиіс.

2. Адамгершілік «қарым-қатынастар» мектебінің көрнекті өкілдері К.Арджерис, Ф.Ликерт, Д.Макгрегор, Р.Блеин т.б Бұл бағыттың негізгі қағидасы ресми емес шағын топтардың рөлін орындау, басқару практикасындағы топтағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді тауып пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерді қабылдау боолып саналады. Мәселен, «осы топтың өкілдері» классикалық мектептің еңбекті барынша бөлісу жөніндегі негізгі тезистердің бәріне күмән келтіреді. Еңбекті толық бӛлісудің нәтижесінде п.б топ ерекшелігі,тұрақтылығы әрі қатаң бақылаудың нәтижесінде жұмысшыларды қарапайым операциялардың бір сарынды қайталануы қолайсыз әсер етіп, оларды жалықтырады.

Еңбек бөлінісіндегі қолайсыыз зардаптарды жөніндегі ұсыныстың амалдардың ішінде жұмысшыларды операцияны жоспарлауға және нормалауға (яғни оны ұлғайту және алуан түрлілігін арттыру ) қатыстыру көзделген. Ұзақ сериялы және көп номенклатуралы өндірісте тасқынды әдістен бас тартудан түрі өндірістің икемділігіне ықпал ететін, өнім сапасын арттыратын, әрі шығынды азайтатын автономды құрастыру стенділерін енгіізуді ұсынады. Автоматтандыру кезінде мамандықтарды үйлестіру ұсынылды. Мәселен, жабдықтарды Жөндеуді керту және бақылауды үйлестіру. Мұндай жағдайда жұмысшылардың еңбекке мүдделілігі артып, мамандығы жетіле түсетіндігін кәсіпкерлер атап көрсетеді.«Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге едәуір көңіл бөледі. Атай айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзгертуге ерекше көңіл бөлууді немесе ұйымның формальді құрылымын қайта құруды ұсынды.Олар классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі» принципін қатты сынға алып, биліктің жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептеледі. Осыған орай олар «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды,мұның өзі идея қатынасының тиімділігін арттыруды,жалпы саяси ұйымның жақсы қабылдануын әрі оныңнеғұрлым тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.Осындай қорытындыларға сүйене отырып, психологиялық мектептің зерттеушілері былайша топшылайды. Егер басшылар өз жұмыскерлеріне көбірек қамқорлық жасаса онда олардың қанағаттану сезімі де, еңбек өнімділігі де жоғары болады. Тікелей басшылық ететіндердің неғұрлым тиімді әрекет етуі, жұмыскерлермен кеңесуі, қарым-қатынас жасауға барынша толық мүмкіндік беруі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау амалдарын пайдалануды ұсынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет