ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет3/5
Дата08.07.2017
өлшемі0,79 Mb.
#20926
1   2   3   4   5

Мемлекеттер типі

Аумағы

Ел саны

Жалпы ауданы

млн км2

%

1

Алып мемлекеттер

2,5 млн км2-ден астам

9

75,8

55,8

2

Ірі мемлекеттер

350 мың – 2,5 млн км2

48

45,2

33,3

3

Орташа мемлекеттер

150-350 мың км2

28

7,1

5,2

4

Шағын мемлекеттер

30-150 мың км2

43

3,5

2,6

5

Ұсақ мемлекеттер

30 мың км2-ден аз

66

1,8

1,3

6

Тәуелді аумақтар

2,3

1,7





Барлығы




194

135,8

100,0

Мемлекетке аумағы бойынша баға беруде оның игерілу деңгейі де ескеріледі. Мысалы, Аустралия Одағының 1/3 бөлігін шөлдер алып жатыр, ал Ресей Федерациясының 3/5 бөлігі табиғаты қатал аудандар болып табылады.

Мемлекет жерінің ауданы оның халықаралық мәртебесі мен егемендігін бағалауда кедергі бола алмайды. кестеде жерінің ауданы бойынша «экстремум-мемлекеттер» деп аталатын елдер топтамасы берілген

Мемлекет аумағы бойынша экстремум-мемлекеттер

Макромемлекеттер

Микромемлекеттер

атауы

аумағы, млн км2

атауы

аумағы, км2

Ресей Федерациясы

17,1

Ватикан

44 га

Канада

9,9

Монако

1,6

Қытай

9,5

Науру

21,3

АҚШ

9,3

Тувалу

30,0

Бразилия

8,5

Сан-Марино

61,0

Аустралия Одағы

7,7

Лихтенштейн

157

Үндістан

3,2

Сент-Китс және Невис

260

Аргентина

2,8

Мальдив Республикасы

298

Қазақстан

2,7

Гренада

300

Мемлекет аумағының пішіні және таралып орналасуы бойынша да мемлекеттер айырмашылық жасайды. Бұл фактор ел аумағын игеруде, экономикалық дамуына, мемлекеттік шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Осы тұрғыда елдерді бірнеше типтерге бөліп қарастыралды:



  1. Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер (Чили, Норвегия, Швеция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия). Олардың аумағы теңіз жағалауы бойымен немесе ірі өзендер бойымен жүздеген километрге созылып жатыр. Бұл көптеген аудандардың елдің әкімшілік орталығынан шалғай жатуына әсер етіп, аумақты басқаруға кедергі келтіреді. Мысалы, Чилидің орта бөлігінде орналасқан астанасы Сантьяго қаласы солтүстігіндегі шөлді аудандармен және оңтүстігіндегі Отты Жердегі теңіз маңы аудандарымен экономикалық жағынан әлсіз байланысқан. Италияның солтүстіктен оңтүстікке созылып жатуы елдің оңтүстігі мен солтүстік аудандарының экономикалық тұрғыда біркелкі дамуына кедергі келтіруде.

  2. Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер (Франция, Испания, Польша, Венгрия және т.б.). Олардың аумағы квадрат немесе дөңгелек пішінді болып келеді. Бұл шеткі аудандардың ел орталығына шамамен бірдей қашықтықта орналасуына, мемлекеттік шекараларының салыстырмалы түрде қысқа болуына, қатынас жолдарының неғұрлым жақсы тарамдалуына, аумақтың экономикалық дамуына және басқарылуына қолайлы жағдай жасайды. Дегенмен, сыртқы пішіні қолайлы елдің аумағында да оның игерілуі мен басқарылуына кедергі келтіретін табиғи факторлар (биік таулар, батпақтар және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, Перу биік Анд тауларымен екі бөлікке бөлініп жатыр.

  3. Шашыраңқы мемлекеттер (Индонезия, Филиппин сияқты аралдық мемлекеттер, екі бөліктен тұратын Малайзия және т.б.). Аумағы біртұтас емес, бірнеше бөліктерден тұратын мұндай мемлекеттерде басқару және қорғаныс, қатынас жолдары, экономикалық байланыстар бойынша қиындықтар туындайды. Оқшауланған аумақтарда мемлекеттің ішкі бірлігін бұзуға әрекеттену қимылдары, әртүрлі ішкі кикілжіңдер, ел астанасының орнына қатысты таластар туындауы мүмкін. Мұндай мемлекет типіне АҚШ-ты да жатқызуға болады: оның құрамына кіретін Аляска мен Гавай аралдары негізгі аумақтан шалғайда орналасқан, бұл қосымша экономикалық шығындарға себепші болады.

  4. Құрамында анклавтар бар мемлекеттер. Анклав – мемлекеттің негізгі аумағынан басқа мемлекеттердің жерлері арқылы бөлініп жатқан немесе басқа мемлекеттің аумағында орналасқан аудандар. Анклав жағдайындағы аудандар қатарына Ресей Федерациясының құрамына енетін Калининград облысы, Әзірбайжан құрамындағы Нахичевань, Испания құрамына енетін, бірақ Мароккода жатқан Сеута мен Мелилья және т.б. анклавтар жатады. Анклавтар жалпы алғанда мемлекеттің стратегиялық жағдайына қолайлы әсер еткенімен, елдің әскери жағынан осал, экономикалық байланыстарға қолайсыз аудандары болып табылады.

Елдерді халық саны бойынша да топтастырады. Ең алдымен халық саны 100 млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп қарайды (Қытай – 1 314 млн, Үндістан – 1 095 млн, АҚШ – 290 млн, Индонезия – 235 млн, Бразилия – 182 млн, Пәкстан – 166 млн, Бангладеш – 147 млн, Ресей – 143 млн, Нигерия – 132 млн, Жапония – 128 млн, Мексика – 105 млн адам). Халық саны ең аз мемлекеттерге Ватикан, Монако, Сан-Марино т.б жатады.

3. Теңізбен шектесуі мемлекеттің геосаяси және стратегиялық орнын анықтайды. Сол себепті елдерді теңізге шығу мүмкіндігіне қарай да бағалайды. Бұл тұрғыдан алғанда дүние жүзі бойынша 43 ел теңізбен шектеспейді.

4. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі. Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан елдердің нақты әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерін салыстырып, сипаттауда сандық көрсеткіштер жүйесі кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүние жүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда: 1) ел экономикасының типі; 2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі; 3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы; 4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) көлемі мен құрылымы; 5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы; 6) елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады. Аталған көрсеткіштердің біріне қарап, елдің типін анықтау жаңсақтық болады, сондықтан ел аралық салыстырулар жүргізуде өте көп мөлшерде сандық деректер ескеріледі.



Елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыру. Ел экономикасының ауқымы ең алдымен жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ). ЖІӨ жыл ішінде белгілі бір аумақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құнын көрсетсе, ЖҰӨ көлемін анықтауда аумақтағы шетелдік кәсіпорындар үлесі есептелмейді. Әдетте географтар салыстырулар жүргізгенде ЖІӨ көлемін ғана есепке алады. Әртүрлі елдердегі ЖІӨ көлемінің көрсеткіштері алшақтық жасамас үшін бірыңғай бірлік – АҚШ доллары пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер бойынша елдерді Мәскеу мемлекеттік университетінің географ-ғалымдары ұсынған типология бойынша топтастырады. Бұл топтастыру бойынша тәуелсіз елдер 3 ірі топқа бөлінеді:

    • Жоғары дамыған елдер

    • Орташа дамыған елдер

    • Экономикасы нашар дамыған елдер

Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:

1.Кусков А.В. елдердің географиялық жағдайы бойынша типологиясын қарастырыңыз

2.Елдерді әлеуметтік жағдайы бойынша топтастыру қалай жүргізіледі?

3.Жоғары дамыған елдерді қарастырыныз?
Дәріс №3
Тақырыбы: Дүние жүзі халқының динамикасы мен қоныстануы. Еңбек ресурстары.
Мақсаты – студенттерде дүние жүзіндегі халықтар, олардың ұлттық құрамы, халықтардың өсу динамикасы туралы білімдерді қалыптастыру.
Жоспары:

1. Халықтың саны және ұдайы өсу

2. Халықтың орналасуы және миграциялық қозғалысы

3. Қала және село халқы. Урбандалу үрдісі.

Дүние жүзі халқы 1960 жылы 3 млрд. шамасында болса, ал 2000 жылы оның саны 6млрд.–тан асты. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрлі: дамыған және дамушы елдердегі типтерінен басқа олардың аралығында бірнеше өтпелі түрлеріде бар. Осы халықтың ұдайы өсуінің бір типінен екінші типіне өтуін француз демографы А. Ландри «демографиялық төңкеріс» деп атады. Сонымен бірге «демографиялық дағдарыс» ұғымы көптеген Еуропаның дамыған елдеріне тән болып отыр. Бұл елдерде халықтың өсуі емес, керісінше оның кемуі байқалады. Мысалға: Германия, Чехия, Венгрия, Скандинавия елдерінде, халықтың көбею қарқынында жеке дүние бөліктері мен елдер арасында өзгерістерге әкелді. Мысалы, 1960-2000 жылдар арасында: Еуропа халқы 25% –ға көбейсе, ол Азияда – 114% –ға, Африкада 211%-ға, Солтүстік Америкада 147%-ға көбейді.

Жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7 елде тұрған. Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн), АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн) және Ресей (145 млн). Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127 млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103 млн) мемлекеттері.

Халықтың орналасуы дегеніміз- белгілі бір жерде адамдардың өмір сүруге қажетті материалдық игіліктерді құрау арқылы орналасқан тұрғындарды айтамыз. Халықтың орналасу жүйесіне қала және ауыл халқы, елді мекендердің қоныстануын, таралу мен шоғырлануын, өзгеру ерекшеліктерін жатқызуға болады. Ауылдық қоныстануға барлық қала статусын алмайтын елді мекендер жатады. Қалалардан ауылдық елді мекендер халық санының аздығымен, аз қабатты құрылыстармен, монофункуиямен және т.б. белгілері бойынша ажыратылады.

Ауылдық елді мекендердің түрлері әркелкі және көбінесе қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайынан, табиғат жағдайлары мен аграрлық қарым-қатынастарға тәуелді. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Австралия және т.б. дамыған мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өте жоғары деңгейде дамыған, қоныстанудың жеке фермалар түрі шоғырланған. Ірі кооперативті шаруашылық пен жерді қолмен өңдеу жүріп жатқан жерлерде, ауыл тұрғындары ірі ауылды мекендерде тіршілік етеді (Батыс және экваторлық Африканың көптеген мемлекеттері, Ресей, Белорусия, Украина). Бір түрлері ауыл шаруашлығының жер өңдеуге, ал бір түрлері мал шаруашлығына маманданған.

Урбанизация (от лат. urbs – қала )әлемде, региондарда, мемлекеттде қала халқының үлес салмағының жоғары болуы, қалалардың, күрделі жүйелер мен қала жүйелерінің өсуі. Урбанизация – бұл тек қалалардың өсуінің тарихи процесі ғана емес, сонымен қатар қалалық өмірлік бейненің таралуы. Урбанизация - әлеуметтік экономикалық дамудың маңызды құрамдарының бірі болып табылады.

Қазіргі урбанизация процесіне тән белгілер:

Бірінші белгісі-әсіресе шамалы дамыған мемлекеттердегі қала халқының тез өсуі. Мысалы, әлемде орташа қала халқының саны 60 млн адамға өсті. 1990 жылдары қалада бүкіл халықтың 14%, 1950 ж. - 29%, 1995 ж - 45%, 2000 ж. - 47,5%. Тұрды.

Екінші белгісі-халық пен шаруашылықтың шоғырлануы негігене үлкен қалаларда. Бұл өндірістің, білім мен ғылымның дамығандығын көрсетеді. ХХ ғасырдың басында әлемде 360 үлкен қала болды. ХХI ғасырда 4 мың ірі қалалар болды.

урбанизация деңгейі бойынша әлемнің барлық мемлекеттерін үш ірі топқа бөлуге болады:

Бірінші топ- урбандалу процесі жоғары мемлекеттер (қала халқының саны 50% жоғары).

Екінші топ- урбандалу процесі орташа мемлекеттер (қала халқының үлесаі 20-50%).

Үшінші топ - урбандалу процесі әлсіз мемлекеттер (қала халқының саны 20%-дан төмен ).

Урбанизация процесінің ең жоғары деңгейі мегаполис (грек. мегас - үлкен полис - қала), қалалар мен агломерациялардың жиынтығы. Мысалы-Бостонн - Вашингтонн (Басваш) 40 млн-ға жуық халқы бар. Урбанизация процесі ең жоғары елдер-Америка, Австралия, Европа.

1.Дүние жүзінде халықтар миграция үрдісінің болуы неге байланысты?

2.Депортация дегеніміз не?

3.Қазақстанның көп ұлтты болуына қандай факторлар әсер етті?

Дәріс №4
Тақырыбы: Табиғи жағдайлар және ресурстар.
Мақсаты: студенттерде географиялық ресурс және географиялық жағдайлар туралы білімдерді қалыптастыру.
Жоспары:


  1. Географиялық орта және ресурспен қамтамасыздалу.

  2. Антропогендік ластану және экологиялық мәселелерді шешу

  3. Әлемдік табиғат ресурстары, олардың географиялық негізгі ерекшеліктері

Географиялық орта — адамды қоршаған табиғат, қоғамдық өмірдің қажетті әрі тұрақты шарты; географиялық қабықтың бір бөлігі. Географиялық орта түсінігі табиғаттың қоғам өміріне әсер ететін құбылыстары мен процестерін де қамтиды.

Табиғат ресурстары - қоғамның дамуын қамтамасыз етуші, табиғат ресурстарында қалыптасатын және оның құрамдас бөліктері болып табылатын материя мен энергияның нақты түрлері.

Шаруашылық тұрғыдан жіктеу ресурстарды пайдалану әдістерінен және бағыттарынан туындайды. Олар: жалпы және мамандандырылған, салалық және құрамдас бөліктерден тұрады. өнеркәсіптік өндірістің негізін құрайтын минералдық ресурстар, су ресурстары, агроклиматтық, рекреациялық, биологиялық және т.б. ресурстар бөліп қарастырылады. Біз салада табиғат ресурстарының бірнеше түрлері пайдаланылуы мүмкін. Мысал, ауыл шаруашығында жер, топырақ, су, климат ресурстарын пайдаланады. Екінші жағынан, табиғат ресурстарының бір ғана түрі әр түрлі салаларда пайдаланылуы мүмкін. өзендер, көлдер өндірістің қажетін өтеу үшін немесе жол қатынасы ретінде де пайдаланылады.

Табиғат ресурстары сарқылатын және сарқылмайтын, қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.

Антропогендік ластану — адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарынан болатын ластану; мұндайда табиғи ластанудың құрамы мен қарқындылығына оның тікелей де, жанама да ықпалы қосылады. Соғыс өнеркәсібіне байланысты антропогендік ластану өте апатты болып келеді. Атом қаруы қолданылатын соғыстың зардаптары "ядролық қыс" апокалипсисіне апарып соғуы мүмкін. Ол да шектен асқан антропогендік ластану салдары болып шығады.

Адам әрекетінен кейін табиғаттың өзгеруі

Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану -ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудық көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-техникалық дамудың барысында негізгі бағыттық әрқайсысы оларды шешудің өзіне ғана тән жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануынын, өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.

Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.

Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.

Дүние жүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдалану ауқымымен байланысты.

Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар.



Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:

1.Географиялық орта дегеніміз не?

2.Географиялық ресурс және географиялық жағдайлардың бір бірінен айырмашылығы неде?

3.Географиялық жағдайлардың елдердің экономикасында алатын орны қандай?

Дәріс №5
Тақырыбы: Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы. Қоғамдық және дүниежүзілік еңбек бөлінісі.

Мақсаты: студенттерде қазіргі заманғы дүниежізілік шаруашылықтың құрлымы туралы білімдерді қалыптастыру.

Жоспары:

    1. Дүниежүзілік шаруашылық.

    2. Өңдіруші және өндеуші өнеркәсіп

Дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады.

Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады.. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын, оның материалдық – техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай – ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді.

1. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп

2. Олардың негізгі орналасу ерекшеліктері, ірі аудандары мен орталықтары.

Өңдеуші өнеркәсіп

Өнеркәсіптің бұл саласы ел экономикасының даму деңгейінің айқын көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника жетістіктерінің өндіріске жедел енгізілуі жөнінен химия өнеркәсібін электроникамен қатар қоюға болады. Химия өнеркәсібінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:

алуан түрлі, кұрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдаланылуы;

кұрылымы жағынан өте күрделі болуы; энергияны, әсіресе жылуды көп қажет етуі; кейбір салаларында судың көп мөлшерде пайдаланылуы; ғылымға негізделген ең жаңа өндірістің болуы; қазіргі заманғы салаларының, негізінен, адамның күнделікті өмірі мен денсаулығына қажетті және өндірістегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өнімдерді шығаруға мамандануы; шығаратын өнім түрлерінің көптігі; бұл көрсеткіш бойынша тек машина жасау өнеркәсібіне ғана жол береді.

Химия өнеркәсібінің орналасуы дүниежүзі бойынша бірыңғай заңдылыққа бағынбайды. Өйткені оған көптеген факторлар (табиғи, экономикалық, тарихи және т.б.) әсер етеді. Кәсіпорынның орналасуы, әдетте, оның қандай өнім шығаратындығымен тығыз байланысты. Сондықтан оның кұрылымына тоқталайық. Мұндағы салаларды шартты түрде үш топқа біріктіруге болады: негізгі өндіріс (полимер материалдары, минералды тыңайтқыштар шығару); өңдеуші өндіріс (бояғыш заттар, лактар мен бояулар, дәрі-дәрмек, резеңке (резина) — техникалық бұйымдар жасау); жартылай дайын өнімдер (тұздар мен қышқылдар, сілтілер) өндірісі.

Қазіргі заманғы химия өнеркәсібінде полимер материалдарын өндіру жетекші орын алып отыр. Оның өркендеуі шаруашылықтық басқа салаларының дамуына да ықпал етуде. Әсіресе өнеркәсіпке, құрылыс пен тұрмыстық шаруашылыққа арналған өнімдерді жасайтын пластмасса және синтетикалық шайырлар өндірісі жедел қарқынмен дамуда.

Химия өнеркәсібінің өңдеуші саласында ғылымды ең көп қажет ететін, өнімдерінің өзіндік құны жоғары дәрі-дәрмек өндірісі айрықша көзге түседі. Бұл саладағы ғылыми зерттеулер және дайын өнімдерді сынақтан өткізу қаржыны көп қажет ететіндіктен өндірісі жоғары дамыған елдерде шоғырланған. Дүние-жүзінде өндірілетін дәрі-дәрмектің 3/4 бөлігін АҚШ, ГФР, Ұлыбритания мен Жапония шығарады.

Жеңіл өнеркәсіп. Өнеркәсіптің басқа салаларымен салыстырғанда өлеуметтік маңызға ие болып отырған бұл сала белгілі бір аймақтағы немесе елдегі тұрғын халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында дамиды. Оның дамуындағы басты фактордың бірі — сапалы жұмыс күшінің болуы. Соңғы онжылдықтарда өндіріске FTP жетістіктері кеңінен енгізіле бастады. Құрылымы жағынан шартты түрде бірнеше сатылы өндірістен тұрады: шикізат өндірісі (мақта талшығын алу, теріні бастапқы өңдеу); жартылай дайын өнімдер өндірісі (жіп иіру, тоқыма, бояу, елтірі); дайын өнімдер шығару (тігін өндірісі, кілем тоқу, аяқкиім). Қазіргі кезде, әсіресе дайын өнім өндірісі жедел қарқынмен дамуда.

Жеңіл өнеркәсіптің орналасуы XX ғасырдың екінші жартысында күрделі өзгерістерге ұшырады. Бұл сала бойынша дүниежүзінде жетекші орынға Азия елдері шықты. Бұған жергілікті шикізат базасы, салыстырмалы түрде арзан жұмыс күші, азиялықтардың дәстүрлі кәсіби мамандануы себепші болды. Дүниежүзінде өндірілетін табиғи жібек пен джуттың (табиғи талшық алынатын өсімдік) барлығы дерлік, ал ірі қара мал терісінің 30%-дан астамы Азияның үлесіне тиесілі, мақтаның жартысынан астамы осында жиналады. Химиялық талшықтар өндірісінің 2/3 бөлігін Азия елдері өндіреді. Тек жоғары сапалы аустралиялық жүнді сатып алуға мәжбүр. Ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропаның меншігінде болған зығыр өндірісінен Қытай алдыңғы орынға шықты. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ неғұрлым күрделі технология мен сапалы шикізатты қажет ететін қымбат өнімдер (бағалы елтірі бұйымдары, сәндік киім-кешек, қымбат аяқкиім және т.б.) өндірісінде жетекші рөлін сақтап отыр.

Тоқыма өнеркәсібі табиғи және жасанды талшықтар негізінде жұмыс істейтіндіктен, соңғы онжылдықта жасанды талшықтар үлесінің артуы өндірістің құрылымы мен орналасуына тікелей ықпал етті. FTP жетістіктерін пайдалану нәтижесінде жоғары дамыған елдер мен жаңа индустриялы елдерде тоқылмайтын материалдар өндірісі жолға қойылды. Қазақстанда мұндай өндіріс Қызылорда каласында орналасқан. Сонымен қатар табиғи және жасанды талшықтарды араластыру аркылы мүлде жаңа мата түрлері шығарыла бастады. Жалпы алғанда, мақта маталарын өндіретін кәсіпорындар жұмыс күші арзан дамушы елдерде (әсіресе Азиядағы), неғүрлым қымбат жүн маталарын тоқу дамыған елдерде, сонымен қатар Қытайда шоғырланған. Жібек маталарын тоқу жасанды талшықтар өндірісімен тығыз байланыста дамып отыр.

Қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібінің дамуына аумақтық алшақтықтар тән. Жоғары қарқынды дамыған елдерде азық-түлік жергілікті тұрғындар қажеттілігінен әлденеше есе кеп шығарылса, мешеу елдерде оның ұдайы жетіспеуінен аштық жиі болып тұрады. Негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну елдер бойынша айырмашылық жасайды. Батыс Еуропада қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібін аса сапалы жергілікті шикізатты өңдеу негізінде дайындалған өнімдер (ірімшік түрлері, шарап, сүт тағамдары, сыра) өндірісі құрайды.

Жан басына шаққанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну (жыл ішінде, кг).

Басқа аймақтардағы дамушы елдерде тамақ өнеркәсібінің жергілікті сұранысты қамтамасыз ететін салалары басым дамыған. Жеке елдердің шикізат базасына байланысты халықаралық дәрежеде маманданған салалары да бар. Балық өнімдерін сыртқа сатуда Чили мен Перу; Бразилия, Колумбия, Индонезия, Мексика кофені; Үндістан, Қытай, Кения, Шри-Ланка шайды; Үндістан, Бразилия, Куба қантты экспорттауда алдыңғы орында.

Сонымен тамақ өнеркәсібі салаларының дамуына аймақтық (аудандық) ерекшеліктер тән, олар: біріншіден, жергілікті шикізат көзіне; екіншіден, елдің даму деңгейіне байланысты азық-түлік түрлеріне сұраныстың әркелкі болуы; үшіншіден, жергілікті ұлттық (діни) әдет-ғұрыптарға байланысты болады.

Қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады.

Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:

1.елдердің мамандануы қандай факторларға байланысты?

2.дүниежүзілік шаруашылық елдердің интеграция үрдісіне әсері қандай?

3.Дүниежүзілік шаруашылық елдердің әлеуметтік жағдайларға әсері бар ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет