Физика мұғалімі педагог ретінде педагогика ғылымының дамуына, физиканы оқыту әдістемесіне, ал физик-маман ретінде физика ғылымының теориясының іс-жүзінде қолданылуына көңіл бөлуі керек. Физика мұғалімінің ой-өрісінің кеңеюі және ұстаздық шеберлікті меңгеруі жалпы педагогикалық мәселелерді игеруімен байланысты. Кейбір әдістемелік мәселелерді мұғалім оқу сабақтарына дайындалғанда шешеді, ал ол шешімнің дұрыстығын тек сабақтарда тексереді. Мұғалімнің дайындық жұмысына мыналар кіреді:
а)жылдық жоспар жасау; ә)тақырыптық жоспар-конспектілер жасау; б)жеке сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға дайындық; в)арнайы ашық сабақтарға дайындалу және оларды өткізу; г)ғылыми конференцияға және педагогикалық оқуларға дайындалу және қатынасу.
Жылдық жоспар жасау. Іс жүзінде жылдық жоспар әдістемелік журналдарда, кейбір әдістемелік нұсқауларда және министрліктің нұсқау хатттарында басылып шығып тұрады. Мұғалім әрбір сынып бойынша жылдық жоспарлар жасауға үлкен көңіл бөліп, сабақтың тек тізімін жасаумен шектелмей, бүкіл оқу жұмысын белгілі бір жүйеде қамтуға тырысады.
Осы мақсатпен әр сыныпқа жыл сайын физиканы оқыту міндеттерін, оның мазмұнын және осы сыныпқа көшірілген оқушылардың білім дәрежесін көрсетіп, мұғалім жоспар жасайды. Оған мыналар кіреді: жаңа материалды оқып үйрену барысында өткенді жүйелі қайталау; әрбір сабақта жаңа оқу материалының мазмұнын нақты жағдайға байланысты қолдану; ашық сабақтар тақырыбын таңдау; әрбір сабаққа дайындалуға тиісті көрнекілік құралдар тізімін жасау; эксперимент және жазбаша бақылау жұмыстарының мерзімдерін шамалау; физикадан қай жерге және қашан экскурсиялар жасауды белгілеу; оқушылардың өндірістік практикасына басшылық жасау; әр класс оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар ойластыру.
Тақырыптарды әдістемелік талдау. Мұғалімнің алдын ала бірнеше сабаққа яки тарау бойынша жасаған әрбір сабақтың жоспар-конспектісін физикалық-методикалық талдау деп атау қабылданған. Бұл мұғалімнің өзінің пайдалануына арналғандықтан ол оқу бөліміне тапсырылмайды. Бірақ, мектеп директоры, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары сабақтың жоспар-конспектісін тексеруге хақылы әрі міндетті.
Педагогикалық тәжірибе алмасу үшін ашық сабақтардың үлкен маңызы бар. Егер бұл сабақтар зерттеу сипатында болса, онда олардың сапасы арта түседі. Ашық сабақ барысында мұғалім мейлі ол әңгіме сабағы, не лабораториялық сабақ, не білім тексеру сабағы болсын өзінің іскерлігін көрсетіп қана қоймауы тиіс. Сонымен бірге әдістемелік шеберлігін де көрсете алады.
Мұғлімнің өз сабағын талдауы. Сабақты талдау мұғлім үшін шеберлік мектебі, кейінгі сабақтарды ұйымдастырудың неғұрлым тиімді тәсілдерін саналы қолданудың шарты.
Дидактикалық категориялар бойынша физика сабағын талдаудың міндеті төмендегілерді анықтау:
1)сабақ дидактикалық принциптер мен оқу тәрбиелік процестерге қойылатын талаптарға, негізгі дидактикалық мақсатқа сәйкес келе ме ?
2)дидактикалық міндеттер тиімді ме және оқушылардың білімін, шеберлігін, дағдыларын жетілдіру мақсатына қол жетті ме?
3)тұтас алғанда сабақтың құрылымы мен ішкі құрамы элементтерінің бірізділігі қандай?
4)оқыту әдістерін ұштастыру көрнекілік пен оқытудың техникалық құралдарын пайдалану сабақтың дидактикалық міндетеріне сай келе ме, оқушылардың танымдық даярлығын жоғары дәрежеге көтере ме, оқыту мен тәрбиені байланыстыруды қамтамасыз ете ме?
5)сол сабақты саралау мен даралау немен сипатталады, өмірмен байланысының мәні неде?
Құрылым элементтері бойынша сабақты талдау төмендегілерді айқындайды:
сабақтың өзектілік сапасы, өздігінен орындайтын жұмыс қаншалықты табысты орындалды, оқушылар қандай физикалық ұғымдарды тереңдетті, қандай жаңа ұғымдарды меңгерді, қандай дағдыларды игерді, бұрынғы білімнің қаншалықты көлемін қайталады, оқушылардың жауаптарының толықтығы қандай, оқушылардың сабақты айтып беруі, материалдың көлемі оқушылардың мұғалімге қоятын сабақтарының мазмұндылығы және қайталана беретін қателерді талдау үшін жағдай жасалды ма, оқушылардың ойлау жұмыс белсенді болды ма, т.б;
2)оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысына арналған уақыт жеткілікті ме, мұғалім түсіндіргенде ұғымдар толық ашылды ма, жаңа материалдың бұрын оқып үйренген материалмен байланысы болды ма, оқушылардың ішінен кім және қаншалықты ілгері басты, кім материалды әлсіз меңгерді және келесі сабақта кім көмекті қажет етеді;
3)іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысының сапасы, кімде қандай табыстар, сәтсіздіктер болды, оқушылар үй тапсырмасын орындауға әзір ме, т.б;
4)сабақтың қандай элементттері оқушыларға неғұрлым көп тәрбиелік ықпал жасады, келесі сабақта нені күшейтіп, қосымша қандай нақты материалдар келтіру керек, т.б;
Одан әрі мұғалім сабақтың барысында қандай кемшіліктер болғанын, қандай мүмкіндіктерді пайдалана алмағанын нақтылап, әдістемелік және дидактикалық қортынды жасайды.
Физика мұғалімінің негізгі құжаттары
Физика мұғалімінің негізгі құжаттарына: пән бойынша бағдарлама, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспары жатады.
Бағдарлама – бұл физика курсының көлемі мен мазмұнын анықтайтын мемлекеттік іс-қағаз. Оны орындау міндетті. Бағдарлама оқушылардың қандай білім алу керектігін, анықтайтын негізгі құжат. Бағдарлама барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі.
Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі. Әрбір пән мұғалімі бағдарламаны басшылққа ала отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасауы қажет. Жыл бойына бөлінген жалпы сағатты тоқсандарға бөлеміз.
I тоқсан: 1 қыркүйек – 4 қараша (9 апта);
II тоқсан: 10 қараша – 28 желтоқсан (7апта);
III тоқсан: 11 қаңтар -23 наурыз (10 апта);
IV тоқсан: 1 сәуір- 25 мамыр (8 апта).
Бағдарламада әрбір тарауға сағаттар бөлінген. Бағдарламадағы тарауларға бөлінген сағаттың саны қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе емес. Өтілетін тараулардың көлеміне, кейбір тақырыптардың күрделілігіне байланысты резервтегі уақыттан алуға болады. Тарауларға бөлінген сағаттардың ішінде оқу материалын яғни, жаңа білімді меңгерту, алған білімді есеп шығаруда қолдану, лабораториялық жұмыстарды жүргізу және т.б. міндеттер қамтылады. Төмендегі кестеде мысалы ретінде 7-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың бір бөлігі 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Физика және астрономия, 7-сынып
(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
р№
Өтілетін тақырыптар
Сағат саны
Мерзімі
Көресітллетін демонстрациялық тәжірибелер
Үйге тапсырма
1
2
3
4
5
6
І-тарау. Физика және астрономия табиғат туралы ғылымдар (7 сағат)
1
Табиғат және адам.
1
§1
2
Физика–табиғат туралы ғылым. Физикалық ұғымдар. Физика және техника.
1
§
3
Асторномия-аспан денелері туралы ғылым. Орталық Азия ғалымдарының ғылымды дамытудағы рөлі. Ерте дүниедегі халық астрономиясы.
1
§
4
Табиғаттағы зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория.
1
Физикалық приборлар
§
5
Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.
1
Сызғыш, мензурка
§
6
Өлшемдердің метрлік жүйесі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.
1
§
7
№1 зертханалық жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка) бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.
1
Мензурка, денелер, су
қайталау
Пән мұғалімі күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жасағаннан соң, оқу жылының басында пән бірлестігінің отырысында талқыланады, содан кейін мектеп директорының қолы қойлып, мөрімен бекітіледі. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалғаннан кейін, мұғалім күнделікті сабақты осы жоспар бйоынша жүргізеді және де сабаққа дайындалады. Мұғалімнің сабаққа дайындығы ең алдымен мұғалімнің сабаққа жазған жоспарымен бағаланады. Егер мұғалімнің сабақ жоспары жоқ болса, онда мұғалімнің сабағы нашар өтеді. Себебі, ол сабаққа дайын емес.
2.Өткен тақырыпты қайталау. а) молекулак-кинетикалық теорияның негізгі қағидасын тұжырымдаңыз; ә) зат мөлшері дегеніміз не? в)молекулалар арасындағы өзара әсер күштері.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
4.Жаңа сабақ. Газ, сұйық және қатты дене бөлшектерінің жылулық қозғалысының айырмашылығы мен ұқсастығын МКТ негізінде түсіндіру.
Сұрақтарды талдау:
1)неліктен газдар берілген көлемді тұтастай толтырады?
2)сұйықтардың аз сығылатындығын қалай түсіндіруге болады?
3)сұйықтың меншікті пішіні бола ма? Неліктен?
4) қатты дененің өз көлемі мен пішінін сақтау қасиеті неге негізделген?
Жаңа сабақты түсіндіру барысында молекуланың „отырықшылық” уақыты () бір тербелістің уақытынан () едәуір үлкен екеніне көңіл аудару керек.