ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Физиканы оқыту әдістемесі»
«5В011000 – Физика» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Қостанай
2013
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
3
|
2
|
Дәрістер
|
5
|
3
|
Практикалық сабақтар
|
52
|
4
|
Студенттердің өздік жұмыстары
|
53
|
1 ГЛОССАРИЙ
Физика – материаның қарапайым және жалпы формаларының қозғалысы және олардың өзара өзгеруі жайындағы ғылым, ол дәл ғылымдар қатарына жатады және бізді қоршаған ортадағы процестер мен құбылыстардың сандық заңдылықтарын оқытады.
Физиканы оқыту әдістемесі – физиканы оқытудың дидактикалық принциптерінің қосымшасы болып табылатын педагогикалық ғылым.
Физиканы оқыту пәні – физиканы оқыту процесінде оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, физиканы оқытудың теориясы мен практикасы.
Физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері - үш сұрақтың жауабын іздеу: неге оқытамыз, нені оқытамыз және қалай оқытамыз.
Оқыту технологиясы - бұл оқытудың формалары және тәсілдері, әдістері
Оқытуды гуманизациялау - барлық оқу-тәрбиелеу процесінің орталық суьбектісі болып табылатын баланың жеке қасиеттеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды гуманитаризациялау – сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару.
Оқытуды дифференциациялау – оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру.
Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны.
Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме.
Колледж – кәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі.
Базистік оқу жоспары - орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін құжат.
Экология - орта жағдайы мен тірі организмдердің өзара қатиынасы жайындағы ғылым.
Ойлау – обьективті шындықты бейнелетін адамзат танымының жоғары басқышы.
Әлеуметтік мотивтер – оқушылардың басқа суьбектілермен әртүрлі өзара әсерлермен байланысқан побуждения.
Танымдық мотивтер – оқу іскерлік процесімен және мазмұнымен байланысты побуждения.
Өткен байланыстар – бьасқа пәндердің ертеректе меңгерілген материалдарымен физика курсының байланысты.
Ілеспелі байланыстар – бірмезгілде меңгерілетін әртүрлі оқу пәндерінің ұғымдары, теориялары, заңдары арасындағы байланыс.
Алдағы байланыстар - бұл физика курсының материалдары басқа пәндерді меңгеру үшін база болып табылатын байланыстар.
Сабақ – бұл мұғалім дәл тағайындалған уақыт мезетінде оқушылардың тұрақты танымдық іскерлік топтарын басқаратын оқытудың ұйымдастырылған формасы.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар – бұл оқу материалының әрбір тақырыбын сабақтар бойынша бөлу.
Оқытудың сөздік әдісі – материалды баяндаудың сөздік әдісі (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, дәріс), сондай-ақ кітаппен жұмыс істеу (оқулықпен, хрестоматиямен, анықтамалық құралдармен, дидактикалық материалдармен және т.б.).
Әңгімелеу – меңгерілетін тақырыпқа жататын іс-жүзіндегі материалды жалғасымдылықпен баяндау.
Түсіндіру – мұғалімнің жаңа ақпартты дәлелдеп, негіздеп, талдап түсіндіруі.
Әңгімелесу - оқытудың «сұрақжауап» әдісі.
Оқу эксперименті – бұл сабақта физикалық құбылыстарды арнайы құралдардың көмегімен шығару.
Демонстрация – бұл мұғалімнің физикалық құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды көрсетуі. Фронтальды тәжірибе – мұғалімнің текелей басшылығынсыз, жазбаша нұсқаулықсыз оқушылардың қандай-да бір практикалық іс-әрекеті (бақылау, өлшеу). Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар - күнделікті ортада, табиғатта, ауылшаруашылық өндірістерінде оқушылардың үйде орындайтын қарапайым тәжірибелері. Физика кабинеті – бұл оқу қондырғыларымен, көрнекі құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған өзара байланысты орындар бөлінген мектептің оқу бөлімшесі. Физикалық есеп – логикалық ойқорыту, физикалық эксперимент және математикалық амалдар процесі қолданлатын физика әдістері негізінде шешілетін кішігірім мәселе. Есептерді шығару технологиясы – есептің шартында берілген және ізделініп отырған шамалар арасындағы байланысты тағайындайтын, есептің жауабына әкелетін амалар мен тәсілдер жиынтығы. Физикалық есептерді шығаруға үйреті технологиясы – оқушыларға есеп шығару дағдысын қалыптастыруға әкелетін тәсілдер жүйесі. Сынақ –сабақ уақытында ұйымдастырылатын оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің жалпы формасы. Оқытудың техникалық құралдары – техникалық қондырғылардың және олардың арнайы дидактикалық материалдарының жиынтығы. Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық каналдар арқылы берілетін оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ). Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бірмезетте көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Диафильмдер - өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары. Дербес (индивидуальная работа) жұмыс – жекелеген оқушылармен физика және техника бойынша жетекшілік жасау мақсатында, осы мақсатта реферат, баяндама және мазмұндама дйындау. Топтық жұмыс – жаңа білімдер мен рактикалық іскерліктерді меңгеру мақсатында оқушылардың тұрақты шағын тобымен және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталып жүргізілетін жүйелі жұмыс. Оқытудың жаңа технологиялары – ЭЕМ көмегімен ақпараттарды көрсету, тарату. Оқытудың компьютерлік технологиясы – бұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі. Компьютерлік сауаттылық – бұл оқыту құралы ретінде мұғалім мен оқушыға ЭЕМ қолдануға мүмкіндік беретін білім мен іскерлік.
2 Дәрістер
МИКРОМОДУЛЬ «ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ»
1-тақырып. Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым
Дәріс мақсаты: Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері жайында мағұлымат беру. Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелерін көрсету.
Жоспар:
Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым, зерттеу әдістері мен мәселелері.
Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелері.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі – педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі – орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ендеше, оның негізгі міндеті:
а) мектеп физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын анықтау; ә) оқушыларға физикалық білімдер мен дағдыларың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету. Демек, физиканы оқыту әдістемесі студенттерге кәсіптік-әдістемелік дайындық беруді мақсат етеді. Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарт – физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен дамуын тарихын терең түсінуі. Физиканы оқыту әдістемесі, ең алдымен, физика ғылымының зерттеу әдістеріне және оның әдіснамасына сүйенсе, екіншіден, философия, педагогика және психология ғылымдары негізінде дамып келеді. Ол өзінің мақсаттары, зерттейтін мәселелері, пайдаланылатын әдістері бойынша физика ғылымына қарағанда, педагогика ғылымдарына бейімділігі мен жақындығы анағұрлым көп. Сондықтан да, физиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымдарының құрамдас бір саласына жатады. Физика әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері ретінде теориялық талдау, нобайлау, эксперимент, дара тұлға мен қаракетті дамыту теориялары, таным мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинақтау, оқушылардың ойлауы мен еңбек ету ерекшеліктері, т.т. пайдаланылады. Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады. 1.Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалының көлемін және мазмұнын анықтау. Мысалы, мектепте неге газдардың қысымы бірінші басқышта, ал термодинамика негіздерін екінші басқышта оқимыз? Не себепті жарық құбылыстары бірінші және екінші басқыштарда да оқытылады? Мұның дәлелін тек ғана физиканы оқыту әдістемесі курсынан табамыз. 2.Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі, оңайдан қиынға қарай бірте-бірте өсіп отыруы тиіс. 3.Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдерін және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. Мәселен, ауызша баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, эксперимент, анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау, т.т.
4.Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық-техникалық базасын анықтау. 5.Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау. 6.Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру. 7.Оқушылардың эксперименттік білімдері мен ебдейліктерін және дағдыларын қалыптастыру. Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай шартты формула түрінде өрнектеуге болады 1.1 схемада көрсетілген: ФОӘ=А+Б+С, мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі; А-физиканы не үшін оқытамыз; Б-физикада не нәрсеге үйретеміз; С-физиканы қалай оқытамыз. Яғни, қысқаша айтсақ, олардың негізгі мәні мынада: Оқушылардың айналадағы табиғи құбылыстар мен процестерді диалектикалық-материалистік тұрғыдан дұрыс түсінуі үшін, олардың өмір мен техникада қолданылуын білуі үшін, политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін, физикалық шамалар мен өлшемдерді меңгеруі үшін мектепте физиканы оқыту қажет (А); физиканы оқыту процесінде оқушыларды табиғат құбылыстарын бақылай білуге, оларды талдауға, олардың заңдылықтарын түсініп, практикада қолдана білу ебдейліктеріне үйретеміз, сөйтіп жас жеткіншектерді материалистік ойлауға дағдыландырамыз (Б); физиканы оқыту процесі нәтижелі болуы үшін (С), оқушылардың логикалық санасы мен диалектикалық ойлаудың дамыту мақсатында, әр түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамыз, оқу материалын негізінен эксперименттік және көрнекілік түрде түсіндіреміз. 1.1 схема Физиканы оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты, атап айтқанда ең алдымен физикамен, психологиямен және педагогикамен байланысты (1.2 схема). Бұл ғылымдармен байланыс физика курсының мазмұнынан, сондай-ақ оқыту әдістерінен, тәсілдерінен және формаларынан көрінеді. 1.2 Схема | ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ | | | | | ФИЗИКА | | ПСИХОЛОГИЯ | | ПЕДАГОГИКА | | ФИЛОСОФИЯ ЛОГИКА ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР | Физиканы оқыту әдістемесі сондай-ақ философиямен, логикамен, техникалық ғылымдармен тығыз байланысты. Техниканың дамуы оқытудың жаңа тәсілдерін құруға әкеледі, өз кезегінде оларды оқу процесінде қолдану әдістемесін жасауды талап етеді. Орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу процесін реттейтін құжаттар. «Білім беру жайындағы» заңда білім беру жүйесін демократизациялау және білім беру аймағындағы мемлекеттік саясат принциптері идеясы көрініс тапқан. Оларға жатады: білім берудің гуманистикалық сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтар приоритеті, жеке адамның даму еркіндігі. Көрсетілген принциптер өзінің жүзеге асуында, бірішіден, тұтастай білім беру мекемелері деңгейінде өзінің статусын таңдау мүмкіндігін көрсетеді, екіншіден, нақты оқу процесі деңгейінде мұғалімге оқу бағдарламалары мен оқулықтарын таңдауға мүмкіндік береді, үшіншіден, оқушы деңгейінде меншікті оқу «траекториясын» таңдай алады. Білім беру жүйесін демократизациялау оқу процесін гуманизациялау, гуманитаризациялау және дифференцияциялау принциптерінде өзінің бейнесін алады. Оқытудың гуманизациясы барлық оқу-тәрбие процесінің орталықты субьектісі болатын баланың жеке адамдық қасиетіне көңіл бөлінуі болып табылады. Оқытуды гуманитаризациялау сәйкес оқу сабақтарында (әлемдіккөзқарас, әдіснамалық, тарихи-бионрафиялық, экологиялық) меңгерілетін ғылымдардың гуманитарлық аспектілеріне баса көңіл аудару. Дифференциациялау оқушылардың жеке шығармашылық және қызығушылық қабілеттерін ескеретін оқу процесін ұйымдастыру. Қазіргі уақытта жалпы орта білім беруді әртүрлі типтегі: мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде, жеке меншік мектептерде, жалпы білім беру мекемелерінен алуға болады. Гимназия - V-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін, ой еңбегіне бейімді оқушыларды дамытатын және тәрбиелетін орта жалпы білім беретін оқу орны. Лицей - VIII-XI немесе X-XI сыныптар құрамында жұмыс істейтін кәсіптік бағытталған жалпы білім беретін мекеме. Колледж – кәсіптік дайындықты жүзеге асыруға бағытталған кәсіптік бағыттағы білім беру мекемесі. Жеке меншік мектептер қоғамдық ұйымдардың, әртүрлі ассоциациясының және фондтардың, мекмелер мен жеке адамдардың ұсыныстары бойынша құрылады. Жеке меншік мектептің өзінің уставы және білім беру іскерлігін жүзеге асыруға бағытталған, сәйкес білім беру департаментінен берілген лицензиясы болуы міндетті. «Білім туралы» заңымен метептердің төмендегідей құрылымы бекітіледі: I-IV (III) – бастауыш мектеп, V-IX – негізгі мектеп, X-XI – жалпыбілім беретін (толық) орта мектеп. Осы құрылым негізінде міндетті болып он екі жылдық білім беру болып табылады, ал жоғарғы мектеп бағыттық болып қалады. Әртүрлі типегі оқу мекемлерінде білім алу мүмкіндігі, бұрынырақ өзінің білім беру стратегиясын анықтауға құқылы және әртүрлі оқу бағдарламалары мен құралдарды қолданатын, білім беру стандарттарын жасауды талап етеді. Орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін екінші құжат, базистік оқу жоспары болып табылады, ол оқушылардың оқу жүктемесінің максимал көлемін анықтайды, мемлекеттік білім беру стандартының компоненттерін меңгеруге бөлінген оқу уақытын анықтайды. Базистік оқу жоспары пәндерді қамтымайды, білім беру аймағын қамтиды және екі бөлімнен тұрады: инвариантты және вариативті. Инвариантты бөлімінде мемлекеттік білім беру стандартының компоненттері толықтай жүзеге асады, жалпы білім беретін мекемелердің түлектеріне қажетті білімдермен, іскерліктермен және дағдылармен қаруландырады. Вариативті бөлімінде мектептік және регионалды компоненттерін жүзеге асырады. Базистік оқу жоспарының қосымшасына сәйкес физиканы меңгеруге 7-дің 11 сыныптар бойынша аптасына екі сағаттан аз уақыт бөлінбеуі керек. Оқу процесін реттейтін үшінші құжат, мемлекеттік білім беру стандарттары болып табылады, ол оқушылардың міндетті дайындық деңгейінің талаптарын анықтайды. Білім беру стандарттары пән бойынша бағдарлама болып табылмайды. Олар базистік оқу жоспары сияқты оқу бағдарламаларын құру үшін қолданылады. Физиканы оқыту әдістемесі мен теориясының өзекті мәселелері Қандай да бір мәселенің өзектілігін анықтау кезінде әрқашанда оқыту алдындағы міндеттер арасындағы бар қарама-қайшылықтан және оқытудың теориясы мен практикасындағы осы мәселенің жасалуының деңгейі мен дәрежесінен шығады. Сондықтан, біз орта мектепте Физиканы оқыту әдістемесі мен әдістемесі алдында тұрған қарама-қайшылықтарды бөліп аламыз және олардың негізінде өзекті мәселелерді қалыптастырамыз. Орта мектеп оқытуды демократизациялау, гуманизациялау, гуманитаризациялау сияқты принциптерден құрылады. Бұл принциптердің көрінісі әр типті оқу мекемелерін, әртүрлі оқу бағдарламалары мен оқулықтар құру болып табылады. Сәйкесінше осы уақытқа дейінгі орта физикалық білім берудің бірдей деңгейі, оқу бағдарламасы мен оқу құралы және оқушылардың оқу мекмесін және оқу бағдарламасы мен оқу құралын таңдау арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұл қарама-қайшылық әртүрлі типтегі оқу мекемелеріндегі, бағыттары әртүрлі кластардағы физикалық білім беру мазмұнын анықтауды негіздейді. Практикаға жеке бағыттылық оқытуды енгізу, мұнда мұғалім «орта» оқушыға бағытталады, ол үшін қабілетімен, қызығушылығымен және икемділігімен жеке адам болып табылатын ал әрбір нақты оқушыға жаңа әдістерді, жоспарларды және оқытудың әртүрлі формаларын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру процесі жүріп жатыр, еліміздің барлық өмірінде, ең аз уақыт аралығында білім беруді жаппай ақпараттандыру болады. Әзірге бұл процесс баяу жүріп жатыр, бірақ оның темпі қарқынды жүріп жатқаны байқалады. Біздің оқушылар физиканы оқу процесінде ЭЕМ-ны тек есептеу құралы ретінде пайдаланбауы керек, сондай-ақ оқыту құралы және дайындықты бақылау құралы ретінде де пайдалануылары керек. Қазірдің өзінде де мектепте моделдеуші, бақылаушы және оқытушы компьютерлік бағдарламалар кеңінен қолданылады. Компьютер барлық пәндер бойынша да оқу процесіне әлі де кеңінен енетін болады, соның ішінде физика бойынша да. Физиканы оқытуда компьютерді қолдану технологиясын құру – Физиканы оқыту әдістемесі мен әдістемесінің өзекті мәселелерінің бірі.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Физиканы оқыту әдістемесі.
Физиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері.
Орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу процесін реттейтін құжаттар.
2,3-тақырып. Мектепте физиканы оқытудың негізгі міндеттері.
Дәріс мақсаты: Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін көрсету. Политехникалық оқыту және кәсіби бағыт беру жайында мағұлыматтар беру.
Жоспар:
Физиканы оқытудың мақсаттары.
Физиканы оқытудың негізгі міндеттері.
Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру.
Физиканы оқыту процесінде оқушыларды кәсіби бағыттау.
Ғылыми дүниетаным қалыптастыру.
Оқушылардың ойлауын дамыту
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Физиканы оқытудың мақсаттары.
Физиканы оқыту әдістемесі мен әдістемесі педагогика ғылымының негізгі саласының бірі болып табылады.
Қазіргі кезде ғылымның қарқындап дамуына байланысты әрбір ғылым негізінің мазмұны кеңейіп, тереңдеп, сәйкесінші оларды оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері де пайда болуда. Сол себепті әр пәнді оқыту әдістемесі ждеке ғылым саласы болып қалыптасып, ірге тасы қалануда. Барлық жеке пәндерді оқыту әдістері дидиактикаға негізделеді.
Мектептегі білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылымның қарқындап дамуына тигізетін шешуі ықпалымен анықталады.
Мектепте физиканы оқыту барысында оқушының қалыптасуы, ең алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс. Физиканы үйрету – белгілі бір жүйеде (жоспар) бойынша мұғалімнің басшылығымен бағдарлы мақсатқа бағытталады. Физиканы оқыту әдістемесі міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру т.б. кіреді.
Мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім білім беру, оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.
Білім беру міндеті – физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеті. Соның нәтижесінде оқушылар физиканың негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.
Дамыту міндеті – оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Әртүрлі ақпараттарды дұрыс бағдарлай білуге, логикалық амалдарды меңгере алуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға жеткізеді.
Тәрбиелеу міндеті – негізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері - өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.
Сондықтан мектепте мұғалім қызметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту негізінен алғанда, оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, ой-өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі-үлгілі болуға баулиды.
Физиканы оқыту әдістемесі мынадай мәселелерді шешеді: -физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру; -тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру; -мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру; -аса тиімді әдістер мен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне енгізу. Сонымен физиканы оқыту әдістемесінің негізгі мақсаты физиканы оқыту жолындағы теорияны жетілдіру, оқыту үрдісі баарысында негізгі заңдылықтарды ашып беру, оқушылардың физиканы қаншалықты меңгергенін зерттеу, физиканы оқыту негізінде оқушыларды тәрбиелеу, ой-өрісінің өсіп жетілуін өзектеу, жалпы дамуын жандандыру. Жалпы алғанда мынадай қорытындыға келеміз: Физиканы оқыту әдістемесі – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту үрдісінде тәрбиелейтін және дамытатын ғылым. Физиканы оқытудың негізгі міндеттері Физиканы оқыту міндеттеріне мыналар жатады: -ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде физиканың атқаратын маңызы және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға идеялық, патриоттық тәрбие беру; -ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі заманғы ғылыми бейнесін қалыптастыру; -материаның құрылымдық сарқылмасиығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңынының жан-жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің ақарар маңызын ашу; -ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда, кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, роботты техниканың, аомдық энергетиканың дамуымен, жаңа материалдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясында қолданылуымен таныстыру; -өзбетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу; сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру; -қайсыбір эксперименттік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу; өлшеу нәтижелерін шығара білу, және тәжірибе мәліметтері негізінде қорытынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу; -физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін дамыту, мамандықты саналы таңдауға дайындау; -оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін жетілдіру, еңбек етуге дайындау; -оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру – негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстарды кең ауқымды қорытындылауға үйрету; -физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету; -оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту; -оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту – физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын-ала болжау; -оқушыладың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету; -оқушылардың оқылған физикалық заңдар мен заңдылықтардың іс-жүзінде қолданылуы жайындағы білімдерін кеңейту; -оқушыларды әртүрлі физикалық аспап, құралдар мен қондырғыларды пайдалана білуге тікелей іс жүзінде дағдыландыру; -оқушылардың патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу; -физика курсын өзбетінше оқып үйренуге баулу; -оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материалдарын талдай білу; -физикалық жаттығуларды, эксперименттік және оқыту тәжірибелерін, лабортаориялық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту, т.б. Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру Өндірістің негізгі ғылыми принциптері жөніндегі білім физиканың мазмұнына табиғи жолмен кіруі керек. Физика пәнінің мұғалімі оқушылардың табиғат заңдарының іс жүзінде қолданылуымен таныстырып, оларды өндірістің ғылыми принциптерін түсіндіруге баулиды. Егер оқушыларға өндірістің ғылыми принциптері туралы тек теориялық мәліметер беріліпғ іскерлік дағдыларға үйрету жағын алып тастасақ, онда политехникалық оқу абстаркты-теориялық сипат алады, балаларды іскерлікке даярламайды. Ал өндіріс принциптері туралы теориялық білім бермей, бірыңғай тек техниканы игеру дағыдларын ғана үйретсек, онда бұл политехникалық оқу болмай, тек жалаң қол өнерге үйрету, технизм болар еді. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды өндірістің негізгі элементтерімен таныстыру қамтамасыз етілуі керек. Мұғалім оқушыларға өмірде өндірістің атқаратын міндетін, оның мәнін және жалпы бейнесін, жеке салаларының даму болашағын ашып беруі қажет. Политехникалық талаптарға арналған лекциялар мен әңгімелерде кинофильмдерді, диапозитивтерді, графиктерді, кестелерді, схемалар мен суреттерді, машина бөліктерін, т.б. көрсету сабақты жандандырады. Мұндай сабақтарды әзірлеуге оқушылар қатыстырылады. Физиканы оқытуда оқушылардың лабораториялық жұмысы, тәлімдік сабақтар ерекше маңыз атқарады. Тағы бір ескертетін жағдай дененің температурасын, қысымын, салмағын, ток күшін, кернеуін тағы осыларға ұқсас физикалық шамаларды өлшеуге үйрету үшін оларды мұғалімнің өлшегеніне қарап байқау жеткіліксіз, оқушы оны өз қолымен өлшеп жатығуы керек, өлшеуіш аспаптарды, құралдарды өз қолымен пайдалана білуі қажет яғни оқушылар байқамы аз бақылаушы болмай, іс-жүзілік жұмыстар атқаруы тиіс. Физиканың заңдары энергетикада, металл өңдеу ісінде, машина жасауда, транспортта және қазіргі өнеркәсіптің басқа салаларында кең қолданылатыны, осы заңдарды оқып үйрену политехикалық оқудың негізі болып табылатыны, өндіріс құралдарының бірқатары, әсіресе өлшеуіш аспаптардың физикалық құранды бөліктері оқушылар санасына сіңірілуі тиіс. Алдына осындай міндеттерді қоя отырып, алайда, мұғалім физиканың негіздерін оқытуды тек техникалық мәселелерді оқытуға айналдырып жібермеуі керек. Политехикалық білім беруді физика сабақтарында сан-алуан мысалдармен сабақтастыруға болады. Мысалы, 7 және 10 сыныптарда жылу құбылыстарын оқып үйренуде жылу машиналарының құрылысы мен жұмысының принциптері түсіндіріледі. 7 сыныпта бу машинасы мен бу турбинасы және іштен жанатын двигатель жөнінде де түсінік беріледі. Бұл двигателдердің ауылшаруашылығын механикаландырудағы мәні ашып көрсетіледі. 7 сыныпта оқушылар қыздырғыштың пайдалы әсер коэффициенті түсінігімен танысады. 10 сыныпта жылу машинасының пайдалы әчер коэффициенті және оны жоғарылатудың тәсілдерімен танысады. Қысым жоғары бу машиналары мен бу турбиналарын жасап шығару пайдалы екендігі атап көрсетіледі. Осы сыныпта оқушылар реактивтік двигателдермен таныстырылады. 8 сыныпта тұрақты ток электр двигателінің жұмсы, айнымалы ток генераторының, трансформаторының құрылысы мен жұмысы оқытылады. Электр энергиясының өнеркәсіпте, транспортта, ауылшаруашылығында пайдаланылуы жөнінде түсінік беріледі. 10 сыныпта оқушылардың электр энергиясының алынуы және пайдаланылуы жөніндегі білімі кеңейтіліп тереңдетіледі, электрленудің негіздері анықталады, ірі және кішігірім су электр станцияларының құрылысы туралы айтылады. Политехникалық білім беруде физикалық және техникалық мазмұндағы лабораториялық жұмыстар да өте-мөте бағалы. Мұндай жұмыстар оқушыларды әртүрлі иехникалық құралдардың, механизмдердің, түрлі жабдықтардың, құрылғылардың құрылыстарымен және қызметімен таныстырып, өлшеуіш құралдармен жұмыс істеуге дағдыландырады. Мұндай политехникалық мазмұндағы лабораториялық жұмыстар оқушылардың сызбалар мен схемаларды шартты белгілерді пайдаланып үйренуіне мүмкіндік береді. Физиканы оқыту процесінде оқушыларды кәсіби бағыттау.
Ғылыми негізделген кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысының орталығы – жалпы білім беретін орта мектептер.
Физиканың кәсіби бағдарлық ролі:
а) политехникалық білімдердің негізі;
ә) физиканы оқытудағы еңбек тәрбиесі;
б) физика-техникалық кәсібибағдар.
Халықшаруашылығының негізгі салалары бойынша оқушылардың политехникалық білімін тереңдетуде физика сабақтарының ролін ерекше ескерген жөн. Мысалы, «Электродинамика» бөлімін оқығанда жас жеткіншектер двигательдердің, генераторлардың, электр станцияларының қуаттарымен, оларда қолданылатын жаңа приборлармен танысады. Материалдардың түрлі қасиеттерімен таныстырғанда, космос ғасырының металы - титан туралы түсінік беруге болады. Оның тығыздығы 4510 кг/м.куб., балқу температурасы 16680С, ал беріктілігі темірдің беріктілігінен 2 есе, алюминийдікінен 6 есе артық. Мұндай жеңіл әрі берік металл авиацияда, космонавтикада кеңінен қолданылатын болады (в). Физиканы оқыту процесінде жастар көптеген техникалық мамандықтардың (электрмен пісіру, механик, инженер, ғарышкер, конструктор, оператор, т.т.) кәсіби ерекшеліктермен танысады (ә).
Мұндай материалдар мектеп физикасының танымдық, тәлім-тәрбиелік және кәсібибағдарлық маңызын айқын аша түседі. Демек, бұл жағдай физика сабақтарында күнделікті ескерілуі тиіс.
Ғылыми дүниетаным қалыптастыру
Ғылым әрдайым дүние жайлы біртұтас ғылыми көзқарас жасауға талпынады, өйткені дүниеде барлық нәрсе өзара байланысты және бір-біріне өзара тәуелді.
Дүниенің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыру таным процесінің ежелден бергі түпкі мақсаты, мұраты болып келеді. Кейде мақсатқа жеткендей сәттер болады. Бірақ, үңіле қарағанда, танымның әр кезде қол жеткен дәрежесі бүкіл әлемнің бейненің тек тарихи бір сатысы болып шығып отырды. Дегенмен, бұл таным процесінің әлсіздігі немесе оның белгілі бір шегі бар екендігі емес, қайта керісінше, дүниетанымдық құбылыс үздіксіз екенін, бір мәннен одан әлдеқайда терең мәнге көшіп отыратынын көрсетеді.
Ертедегі Шығыс, Греция, Рим тәрізді дамыған елдердің ғалымдары да жалпы заңдарды, нақты заттардың бірыңғай түпкі құрылымдық негізін ашуға, дүниеге біртұтас көзқарас жасауға талпынған.
Алуан түрлі денелердің бәрі әрі қарай бөлінбейтін түп негізгі бөлшектер – атомдардың түрліше қосындысынан тұрады. Атомдар мәңгі қозғалыста болады. Түрлі заттардың алуан түрлі сапада болуы атомдардың санына, түр-нобайына және көлеміне байланысты. Атомдардың қозғалысы заңды, себепті, қажетті нәрсе болып есептеледі. Дүниеде ешқандай кездейсоқ нәрсе жоқ.
Сөйтіп, ерте дүниенің ғұлама ғалымдарының дүниетаным туралы ілімі, яғни атом ілімі, ғылымның алдағы бүкіл даму барысына зор әсерін тигізді, өйткені ондағы даналық болжамдарының сырын ғылым біздің бүгінгі заманымызға дейін зерттеп келеді. Алайда мұндай диалектикалық-материалистік көзқарастармен қатар, ертедегі ғұламалардың ой-пікірлерінде қарама-қарсы көзқарастар да орын алған еді. Кейінгі дәуірлердегі ғылымның дамуына Аристотельдің философиясы, әсіресе оның логикалық ілімі, физикасы, категориялар жайлы ілімі аса зор әсерін тигізген-ді. Бірақ оның идеализмі және космологиясы «әлемнің ортасы-жер, сол жердегінің бәрін құдай қозғалысқа келтірген, дүние уақыт пен кеңістікте шектелген» деген сияқты т.б. көзқарасы дүниенің Птолемей жасаған геоцентрлік жүйесінің негізін құрды, ал бұл түсініктер кейіненен бірталай діни ілімінің қағидасына айналды.
Дүниенің бұл ғылыми бейнесін жаратылыстанулық ғылыми көзқарас деп атауға болады. Оның игі маңызын атомистикалық негізгі идеяларына, яғни материаның құрылымдық түсінігін дүниенің бірлігі және ол жайлы білімнің тұтастығы қағидасынан білуге болады.
Оқушылардың ойлауын дамыту
Оқушылардың физикалық ұғымдарды түсініп, талдап ұғуы олардың логикалық және диалектикалық ойлауын дамытуға зор ықпал етеді.
Физика – табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты – заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін біліп-тану, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық процесс оқушылардың физикалық ойлауын дамтыуды қажет етеді. Бұл үшін оқыту процесінде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және жүйелілік, абстаркция және жинақтап қорытындылау сияқты логикалық ойлау операцияларын пайдаланамыз. Демек, физиканы осылай логикалық талапқа сай оқытып, физика ғылымы негіздерінің логикалық жүйесін ашу арқылы оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине, алдымен мұғалімнің физикалық білімдер жүйесі мен оның құрылымының ерекшеліктер сипаттарын білуді қажет етеді.
Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларды логикалық ойлаудың негізінен мынадай түрлеріне үйретуіміз керек:
физикалық ойлау;
ғылыми-техникалық ойлау;
диалектикалық ойлау;
индуктивтік ойлау;
дедуктивтік ойлау;
абстракты ойлау.
Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес, мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс. 1.Физикалық ойлау деп оқушылардың: а) физикалық құбылыстарды бақылау, ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу, б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды анықтау, в) физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық және сапалық байланыстарды тағайындау, г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу, д) физикалық білімдерді практикада қолдана білу іскерліктерін дамытуды түсінеміз. Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әрекеттерінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсілдерді қолдана білу, ә) физикалық формулалардың дұрыстығына сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, в) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін текресе білуі, г) физикалық заңдылықтардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі т.т.
2. Оқушылардың ғылыми-техикалық ойлауы физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын-ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель схемаларды жасай білуге үйрету арқылы дамытылады. 3. Физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-салдарларын анықтай білуге үйрету – оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы әдістемеік тәсіл. 4. Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалқыдан жалпыға көшіп, жинақтау) тәсілі негізінде дамытылады. 5.Анализ (жалпыдан жекеге көшу арқылы талдау) тәсіліне сүйеніп оқушылардың дедуктивтік ойлауын дамытуға болады. 6.Абстракты ойлау бірқатар түсіндіруге қиын физикалық құбылыстарды баяндауды оңайлату мақсатында қолданылады. Оқушыларды физикалық ойлаудың осындай түрлері мен тәсілдеріне үйретудің нәтижесінде олардың физикаға қызығушылығы артады, біліп-тану қарекеті жақсарады, оқу процесіндегі белсенділігі жоғарылайды.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
1. Физикалық ойлау дегенді қалай түсінісіңдер.
2. Оқушылардың ғылыми-техикалық ойлауы дегенді қалай түсінесіңдер.
3. Оқушылардың ойлауын дамыту қалай жүзеге асады?
4. Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру қалай жүзеге асады? 5. Физиканы оқытудың негізгі міндеттерін көрсетіңдер.
6. Физиканы оқыту әдістемесін түсіндіріңдер.
4,5 -тақырып. Физиканы оқытудың қазіргі заманға концепциясы. Пәнаралық байланыс, оның әдістемелік дидактикалық мәні
Дәріс мақсаты: Пәнаралық байланыс, пәнаралық байланыс түрлері жайында мағлұмат беру.
Жоспар:
Физика курсы мазмұнының басқа оқу пәндерінің мазмұнымен байланысы Физика және басқа оқу пәндерінің байланысы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Физика курсы мазмұнының басқа оқу пәндерінің мазмұнымен байланысы
Ғылыми ұғымдарды қалыптастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың басты мақсаты оқушыларды жан-жақты дамыту, оларға ғылыми көзқарас қалыптастыру және бір пәннен алған білімін екінші пәнді игеруде қолдана білуге дағдыландыру. Е. Аққошқаров өзінің «Физикалық ұғымдарды қалыптастырудың және терминдерді меңгерту тәсілдері» атты еңбегінде: “Әрбір оқу пәні бір-бірімен жүйелі түрде байланысқан және бірін-бірі толықтырып, дамытып отыратын ұғымдардан құралады. Өйткені, жеке оқу пәні шеңберінде тұйықталған, дараланған байланыс жүйелері толық білім алуға, дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін пән ішіндегі байланысты пәнаралық байланыс дәрежесіне көтерудің маңызы зор”-деп көрсеткен. Олай болса, пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқушылардың білімін жетілдіруге, бір пәннен алған білімін екінші пәнді оқып үйрену барысында пайдалана білу дағдысын арттыруда маңызы зор. Соңғы жылдары физиканың, астрономияның, математиканың, химияның, биологияның және т.б. жаратылыстану пәндерінің өзара байланысы осы пәндерді дәрістеуді қайта қарауды, білім беруді кең тұрғыдан қамтуды, олардың терең байланысын оқыту процесінде тиімді пайдалануды көздеуде. Пәнаралық байланысты әдіскер-ғалымдар екі түрге жіктейді: 1.Уақыттық белгісі бойынша. 2.Мазмұндық белгісі бойынша. Уақыттық белгісі бойынша пәнаралық байланыстарды болып өткен, ілеспелі және келешекте болатын байланыстарға бөледі. Мазмұндық байланыстарды-факті жүзіндегі, ұғымдық және теориялық деп ажыратады. Оқушыларға ғылым негіздерін игерту процесінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың мынадай тәсілдерін көрсетуге болады: 1)жаңа оқу материалын меңгертуде оқушылардың басқа пәндер сабақтарында алған білімін пайдалану, мұнда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың үш кезеңі қарастырылады: -жаңа ұғымды қабылдауға оқушыларды дайындауда пәнаралық байланысты жүзеге асыру; -жаңа ұғымды меңгерту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру; -жаңа оқу материалын бекітуде және есептер шығаруда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру; 2)пәнаралық сипаттағы экскурсиялар өткізу, мысалы, физика және биология бойынша табиғатқа топ серуен жасау; 3)қорытындылау сипатындағы қайталау сабағын өткізу, мұнда әр түрлі пәндерді оқып үйрену кезінде алған білім біртұтас етіп біріктіріледі, мысалы, физиканы, химияны және биологияны оқып үйрену процесінде энергия туралы алған білімін қорытындылау, соның нәтижесінде оқушылар энергияның сақталу және айналу заңын толық әрі терең түсінеді. Іргелі ұғымдар әртүрлі пәндердің өзара байланысқан ұғымдарының жалғасымдылықпен қалыптастырылуы барысында ұзақ процесс нәтижесінде меңгертіледі. Мысалы, “зат” ұғымын қалыптастыру физиканы, химияны және биологияны оқыту нәтижесінде жүзеге асады; бұл ұғым осы оқу пәндерін оқып игергенде ғана қалыптасқан болып саналады.
Көптеген әдіскерлердің зерттеулері мектеп оқушыларында іргелі ұғымдарды қалыптастыру және дамыту берік бекіген пәнаралық байланыстарды тағайындау нәтижесінде жүзеге асатындығын көрсетеді. 7-8 кластарда физика мен химияны оқыту кезінде заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың негізгі кезеңдерін қарастырайық: I кезең 7- класта физиканы оқытуда. Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды молекулалық деңгейде қалыптастыру. Молекулалардың қозғалысы. Дене температурасының молекулалардың қозғалыс жылдамдығымен байланыстылығы. Молекулалар арасындағы өзара әрекет. II кезең 8- класта химияны оқытуда Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды атом-молекулалық деңгейде түсіндіру. Жай және күрделі заттардағы молекулалар құрамы. Физикалық құбылыстар кезінде молекулалардың сақталу және химиялық құбылыс кезінде бұзылуы. Молекулалардың кинетикалық және потенциалдық энергиясы. III кезең 8- класта физиканы оқытуда. Заттардың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды қалыптастыру. Атомның ядролық моделі. Ядро заряды және атомдағы электрондар саны. Денелердің электрленуі құбылысының мәнін, металдрдағы және электролиттердегі электр тогының табиғатын, өткізгіштердің кедергісін және т.б. түсіндіру кезінде заттың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды нақтылау және жүйелеу. IV кезең 9- класта химияны оқытуда. Заттардың иондық құрылымы жайындағы ұғымдарды дамыту. Атомдардың электрондық қабаттарының құрылымы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар. Молекулалар мен кристалдардың электрондық құрылымы. Иондық және коваленттік байланыстар. Полярлы және полярлы емес ковалентті байланыс. Иондық, атомдық және молекулалық кристалл торлар. Жоғарыда көрсетілген кезеңдерден заттардың молекулалық құрылысы жайындағы ұғымдар 7-класс оқушыларына физика сабақтарында қалыптастырылатынын көруге болады. Бұл ұғым кейіннен 8-кластың химия курсында дамытылады. Осының нәтижесінде оқушылар заттың атом-молекулалық құрылымы жөніндегі ұғымдарды кеңінен меңгеретін болады. 8-класс физика және химия, кейіннен 9-класс химия курстарында бұл ұғым дамытылады және тереңдетіледі. Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың жалпы шарттарына төмендегілерді жатқызуға болады: ұғымдық жүйенің негізін құрайтын қалыптастырылатын ұғымдарды таңдау; ұғымдарды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті оқу материалының көлемін таңдау; сәйкес курсты оқыту процесінде оқушыларға ұғымдарды қалыптастырудың және дамытудың кезеңдерін анықтау; пәнаралық байланыстарды тағайындау; ұғымдарды тиімді қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін таңдау. Физика және басқа оқу пәндерінің байланысы. Физика және математика курсының байланысы. Математиканың физикамен айқын мысалының бірі – физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалануды көз алдымызға елестетейік. Координат жазықтығын оқып үйренумен байланысты мектеп оқушылары әртүрлі графиктерді сызып үйренеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың физикадан механикалық қозғалыс жолының, жылдамдығының, сондай-ақ, аблқудың, қатаюдың графиктерін салуына өз игілігін тигізеді. Сөйтіп, математикадан алған білімдерін оқушылар физикалық білім игеруге пайдалана бастайды. Олар әртүрлі математикалық шамаларды өлшеу, сан мәндерін дөңгелектеу туралы алған ұғымдарын физикалық эксперименттер нәтижесін анықтауға (әртүрлі өлшеу жүргізу барысында) қолдана алады. Сол сияқты, оқушылар екі айнымалысы бар теңдеу туралы алған түсінігін және оны шешу жолындағы игерген тәсілдерін, тура және кері байланыс, т.б. ұғымын физикада жиі пайдаланады. Олар функция ұғымын игеріп, оның берілу тәсілдерін меңгереді. Одан кері функция түрлерін оқып үйренеді, олардың графиктерін сызып дағдыланады. Бұл дағдылар мен математикалық білім физиканы игеру үшін қаншалықты қажет екені түсінікті. Физика мұғалімі оқушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдын-ала математика мұғалімдерімен бірігіп, әдіс қолдануы қажет. Физика және химия курстарының байланысы. Физика мен химия ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отыратыны мәлім. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, т.б. жататыны мәлім. Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде бірдей: молекулалық-кинетикалық және электрондық теорияны, атом құрылысы теориясын, т.б. оқып үйренуде айқын көрініс алады.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Пәнаралық байланыс.
Пәнаралық байланыс түрлері
Физика және басқа оқу пәндерінің байланысы.
Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың негізгі кезеңдерін көрсетіңдер.
6 - тақырып. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары.
Дәріс мақсаты: Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формаларымен таныстыру.
Жоспар:
1. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары.
2. Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
3. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.
4. Физика мұғалімінің негізгі құжаттары.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру аса қажет. Оқыту – оқу материалының мазмұнын меңгерту және танымдық іс-әрекет әдістерін игерту мақсатында мұғалімнің оқушылармен жұмысы кезіндегі бірлескен әрекет процесі. Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының формалары бір-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнын баяндау тәсілдеріне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары оқушылардың оқу қаракетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары формасының әртүрлігінің қажеттілігі тәрбиелеу және білім беру міндеттерінің әртүрлігімен сипатталады. Бұл: - оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыру; - оқушыларға дүние-танымдық көзқарас қалыптастыру; - өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру. Оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру мәселесімен көптеген ғалымдар шұғылданды. Әдіскер ғалымдардың көзқарастарына, пікірлеріне сүйене отырып, оқу сабақтарын ұйымдастырудың екі түрін бөліп қарастырамыз: а) жалпы формасы; ә) нақты формасы. Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары 1- суретте көрсетілген. Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары | | оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы формасы | | оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты формасы | ұжымдық | | топтық | | жеке | | сабақ | | лекция | | семинар | | оқу-практик. сабақ | | экскурсия | | конференция | 1-сурет - Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы формасына оқу сабақтарының ұжымдық, топтық және жеке формалары топтастырылады. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмасына байланысты анықталады, яғни тапсырма: 1) сыныптың барлық оқушыларына; 2) жеке топ оқушыларына; 3) әрбір оқушыға беріледі. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты формасы оқу үрдісіндегі атқаратын міндетіне, оқу материалын баяндау тәсілдеріне, білімдерді қалыптастыру және жетілдірудегі, оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырудағы негізгі білім көздеріне байланысты анықталады, мысалы лекция – жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізу көзделеді. Себебі, ұзақ уақыт бойы жаңа ақпараттарды қабылдауға дағдыланған. Лекцияда негізгі білім көзі – мұғалім. Лекция білімдерді қалыптастыру міндетін атқарады. Семинар –білімдерді бекіту, жетілдіру міндеттерін атқарады. Семинарда білім көзі – пікір сайсқа қатысқан, рефераттарды талдауға қатысқан, қолдан көрнекіліктер және приборлар жасаған оқушылар болып табылады. Оқу-практикалық сабақтар оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың бұл формасында әртүрлі практикалық жаттығулар, экспериментік жұмыстар орындалады. Экскурсияда оқушылар білімді өндірістердегі механизмдердің жұмыс принциптерімен танысу, табиғатта өтіп жатқан әртүрлі процестерді бақылау барысында алады. Конференцияда оқушылар білімді өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан алады. А.В.Усова, А.Н.Звягин оқу сабақтарының бір-бірінен ерекшеленетін бір қатар елеулі белгілері болады,- деп төмендегідей белгілерді көрсетеді. Сыртқы белгілеріне: 1) оқушылар құрамы (сынып оқушылары түгел; сыныптың жартысы; оқушылардың еркі бойынша); 2) өту орны (сынып-дәрісхана, оқу кабинеті, оқу лабораториясы); 3) өту уақыты (күнделікті тұрақты сабақ кестесі бойынша, арнайы кесте бойынша және т.б.). Ішкі белгілеріне: 1) негізгі дидактикалық мақсат (жаңа білімдерді түсіндіру, практикалық сипаттағы дағды мен шеберлікті қалыптастыру, оқулықпен және қосымша әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және т.б.); 2) оқытудың әдіс-тәсілдері (мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, жалпылама сипаттағы жоспарларды пайдалану және т.б.); 3) оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару (оқушыларға сұрақтардың қойылуы; проблемалық жағдайды тудыру және т.б.); 4) оқушылардың іс-әрекетінің түрлері (мұғалімнің түсіндіруін тыңдау, сабаққа араласу, оқулықпен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, құралдармен жұмыс және т.б.); 5) оқушылардың іс-әрекеттерін және нәтижелерін тексеру тәсілдері жазбаша (бақылау жұмысы,тестік жұмыстар, физикалық диктант және т.б.). Осы көрсетілген ерекшеліктер оқу сабақтарының мазмұнын құрайды. Оқу сабақтарының қай түрін алып қарасақта олардың ортақ мақсаты – оқушыларға білім қорын игерту. Сондықтан оларды дұрыс таңдап ұйымдастыру қажет. Сабақ – оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы, әрі оқу процесіндегі шешуші буын. Сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты. Барлық сабақта оқушыларды оқу процесіне белсене қатыстыру, оларды өздігінен білім алуға үйрету қажет. Әрбір сабақ тиімді болуға тиіс. Сабақтардың тиімділігі: біріншіден, оқушылардың алған білімдерінің, шеберліктері мен дағдыларының тереңдігіне және беріктігіне қарап; екіншіден, жалпы сыныптың және жекелеген оқушылардың материалды меңгеруіне кеткен уақытқа қарап; үшіншіден, тәрбиелік міндеттерді шешуге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға және оқушыларды жан-жақты дамытуға сабақтың қалай көмектесетініне қарап бағаланады. Материалды меңгеру сапасы: сабақта қолданылатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне, олардың білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін тексеру фомаларына байланысты. Оқыту әдістерінің және оқушылардың сабақтағы әрекетінің алуан түрлілігі, оларды шебер пайдалану – физиканы оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі. 1-кестеде сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері көрсетілген. Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлерге бөлуге болады: а) жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы; ә) білімдерді бекіту және практикалық іскерліктерін қалыптастыру сабағы; б) аралас сабақ; в) білімдерді жалпылау және жүйелеу сабағы; г) оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бақылау сабағы. Бұл сабақтардың барлығының ортақ мақсаты – оқушыларға ұғымдарды меңгерту болып табылады. Әрбір сабақтың өзіне тән құрылымы болады (2-кестеде көрсетілген). Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері 1-кесте Әдістемелік негіздері | Сезім арқылы қабылдау – абстракциялық ойлау – практикада қолдану | Психологиялық негіздері | Оқу материалдарын дайындау | Саналы түрде қабылдауларын және түсінулерін ұйымдастыру | Оқу материалын есте сақтау және игерулерін ұйымдастыру (1 деңгей) | Алған білімді таныс жағдайға қолдануларын ұйымдастыру (2 деңгей) | Білімді жаңа жағдайға қолдануларын ұйымдастыру | Дидактикалық негіздері | Жаңа материалды өтуге дәлел келтіру, білімдерді өзектендіру | Оқу материалдарын құрылымдық-логикалық сызба, жоспарлар, тірек конспектілері неегізінде баяндау | Меңгерудің 1-деңгейін бағалау және сұрау, бекіту | Жаттығу, лабораториялық жұмыстар, игерудің 2-деңгейін бағалау | Стандартты емес есептерді, оның ішінде экспериментті игерудің 3-деңгейін бағалау | Әдістемелік негіздері. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау | Әңгімелесу, қызықты тәжірибелерді демонстрациялау, есептерді шығару. Мәселелік сұрақтар қою, тарихи және ғылыми материалдар енгізу | Лекция, түсіндіру, әңгімелесу, демон. тәжірибелер, кестелер, кинофрагмент, тақтаға, дәптерге жаздыру, ойша экспериментпен байланыстыру | Оқулықпен жұмыс, дәптерге жазу, әңгімелесу. Есептер шығару, кестелер, графиктер, суреттермен және т.б.жұмыстар | Есептер шығару, оқулықпен жұмыс, фронталь тәжірибелер | Әртүрлі есептер шығаруды және жаттығуларды, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру | 2-кесте Сабақтың түрлері және құрылымы Сабақтың түрлері | Сабақтың кезеңдері | Жаңа материалды өту сабағы | Өтілетін материалды актуалдау, өзектілігін, маңыздылығын айту және дәлелдер, себептер келтіру | Жаңа білімдерді қалыптастыру (10-15 мин). | Бекіту, жаттығу, игерудің 1-деңгейін бағалау (15 мин). | Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин). | Алған білімдерін бекіту, іскерліктері мен шеберліктерін қалыптастыру сабағы | Өтілетін материалды игерудің 1-2 дәрежесінде қайталау, бағалау (10-15 мин). | Өздерінде бар білімдеін дамыту және жаңа іскерліктерді қалыптастыру (10-15 мин, 2-3 деңгейі). | Білімдері мен іскерліктерін жаңа жағдайларға пайдалану (3-деңгейі, 15-мин). | Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин). | Барлық мақсат біріктіріліп қойылған аралас сабақ | Өткенді қайталау, білімдерін бағалау (10-15 мин). | Жаңа білімді қалыптастыру (10-15 мин). | Білімдеін бекіту және бағалау (1-деңгей, 5-7 мин). | Іскерліктерін дамыту (3-10 мин). | Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин). | Білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы | Өтілетін білім бойынша теориялық материалды қайталау және талдап қорыту (15-20 мин). | Білімдері мен шеберліктерін күрделі жағдайларға қолдану (20-25 мин). | | Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин). | Алған білімдерді тексеру сабағы | Бақылау жұмысы немесе физикалық диктант, топтап сұрау т.б. игерудің барлық деңгейлері бойынша білімдерін тексеру және бағалау мақсатында өтіледі |
Достарыңызбен бөлісу: |