Екінші мысал: Қандай тәсілмен адам еденге түсіретін қысымын екі есе арттыруға болады?
Алдымен физикалық мәнін талдайық. Есепте қысым жайында сұралып тұр. Қысым – қысым күшінің модулінің ауданға қатынасымен анықталады. Р=F/S. Ендеше қысым қысым күші сияқты ауданға да тәуелді. Сондықтан, біріншіден дәл сол ауданға түсіретін қысым күшін екі есе арттырып қысымды екі есе арттыру. Мұны мынадай тәсілмен жүзеге асыруға болады. Адам қолына өз салмағына тең қосымша жүк алып тұруы керек.
Екіншіден, ауданды екі есе кемітіп қысымды арттыруға болады. Ол үшін адамға бір аяғымен тұру жеткілікті және өз тепе-теңдігін бұзбас үшін өз қалпын сәл өзгертсе жеткілікті.
Сондай-ақ сапалық есептер график түрінде де берілуі мүмкін. Мұнда зерттеу объектісі физикалық шамалардың графиктік тәуелділігі болып табылады. Кейбір жағдайларда есептің шарты гафикпен берілуі, ал кейбірінде есептің шарты бойынша график тұрғызылуы мүмкін.
Есептеу есептері – есептің нәтижесі математикалық амалдардың және есептеулердің көмегімен алынатын есептер. Ондай есептерді әртүрлі жолдармен шығаруға болады.