Сабақтардың тиімділігі: біріншіден, оқушылардың алған білімдерінің, шеберліктері мен дағдыларының тереңдігіне және беріктігіне қарап; екіншіден, жалпы сыныптың және жекелеген оқушылардың материалды меңгеруіне кеткен уақытқа қарап; үшіншіден, тәрбиелік міндеттерді шешуге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға және оқушыларды жан-жақты дамытуға сабақтың қалай көмектесетініне қарап бағаланады. Материалды меңгеру сапасы: сабақта қолданылатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне, олардың білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін тексеру фомаларына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |