Өткен тақырыпты қайталау. а) молекулак-кинетикалық теорияның негізгі қағидасын тұжырымдаңыз; ә) зат мөлшері дегеніміз не? в)молекулалар арасындағы өзара әсер күштері
2.Өткен тақырыпты қайталау. а) молекулак-кинетикалық теорияның негізгі қағидасын тұжырымдаңыз; ә) зат мөлшері дегеніміз не? в)молекулалар арасындағы өзара әсер күштері.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
4.Жаңа сабақ. Газ, сұйық және қатты дене бөлшектерінің жылулық қозғалысының айырмашылығы мен ұқсастығын МКТ негізінде түсіндіру.
Сұрақтарды талдау:
1)неліктен газдар берілген көлемді тұтастай толтырады?
2)сұйықтардың аз сығылатындығын қалай түсіндіруге болады?
3)сұйықтың меншікті пішіні бола ма? Неліктен?
4) қатты дененің өз көлемі мен пішінін сақтау қасиеті неге негізделген?
Жаңа сабақты түсіндіру барысында молекуланың „отырықшылық” уақыты ( ) бір тербелістің уақытынан ( ) едәуір үлкен екеніне көңіл аудару керек.
Тұрақты сыртқы күштердің әсер ету ұзақтығы „отырықшылық” уақытынан недәуір үлкен болған жағдайда сұйық „ағады”, өзінің пішінін өзгертеді. Егер күштердің әсер ету ұзақтығы „отырықшылық” уақытымен шамалас болса, онда сұйық өзін қатты дене сияқты ұстанады.