Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту теориясы» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет95/160
Дата09.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#78615
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   160
Байланысты:
физика ожб

Жұмысты орындау.

  1. өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық бататындай етіп (1-сурет) су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;

  2. пішіні мен көлемі әр түрлі 2-3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін 2-кестеге жазыңдар.

    2 -сурет

    2-кесте

    Өлшейтін дене

    Сұйықтықтың бастапқы көлемі (V1,см3)

    Дене мен сұйықтың көлемі (V2,см3)

    Қатты дененің көлемі (V=V2,-V1), см3



























  3. өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдытың көмегімен анықтауға болады (2-сурет).

Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.

Е с к е р т у. Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сыятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.

Зертханалық жұмысты орындағаннан соң, жасалған жұмыс бойынша оқушылар қорытынды жасайды. Мұғалім оқушылардың дәптерлерін жинап, тексеріп, оқушылардың жұмысын бағалайды.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:


  1. Зертханалық сабақты өткізу әдістемесі.

  2. Зертханалық жұмыстың физикалық практикумнан айырмашылығы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет