Диафильмдер- өзара байланысты текс пен бейнелердің қатаң жалғасымды кадрлары.
Дербес (индивидуальная работа) жұмыс – жекелеген оқушылармен физика және техника бойынша жетекшілік жасау мақсатында, осы мақсатта реферат, баяндама және мазмұндама дйындау.
Топтық жұмыс– жаңа білімдер мен рактикалық іскерліктерді меңгеру мақсатында оқушылардың тұрақты шағын тобымен және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталып жүргізілетін жүйелі жұмыс.
Оқытудың жаңа технологиялары – ЭЕМ көмегімен ақпараттарды көрсету, тарату.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – бұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі.
Компьютерлік сауаттылық – бұл оқыту құралы ретінде мұғалім мен оқушыға ЭЕМ қолдануға мүмкіндік беретін білім мен іскерлік.
2 Дәрістер
1МИКРОМОДУЛЬ «ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ» 1-тақырып. Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым
Дәріс мақсаты: Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері жайында мағұлымат беру. Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелерін көрсету.
Жоспар:
Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым, зерттеу әдістері мен мәселелері.
Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелері.