Физикалық оқу экспериментінің құндылығын арттыру мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған:
1)мектеп физика курсының ғылыми деңгейін көтеру;
2)физикалық білімнің мазмұнын қазіргі физика ғылымының даму дәрежесіне сәйкестендіру.
Мектепте физикалық эксперименті тиісті дәрежеде өткізудің ең басты шарты – физика кабинетін жабдықтау және оның жұмысын жоспарлы түрде дұрыс жолға қоя білу. Бұл физика мұғалімінің ынта-жігеріне және іскерлік қабылетіне бірден-бір байланысты жұмыс.
Демонстарциялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын талаптар
Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде көрсетіледі, сондықтан ол сабақтың бір бөлігі болып есетелінеді және оқытудың басқа тәсілдерімен бірігіп қолданылады. Олай болса, демонстарциялық эксперимент көрсетпейінше физика сабақтарын сапалы өткізуге болмайды.
Сабақ үстінде физикалық тәжірибелерді көбінесе мұғалім көрсетеді, кейде оларды оқушылардың өздеріне де жасатуға болады.