Практикалық іскерліктер мен дағдыларды тексеруді приборлар мен аспаптардың көмегімен оқушылардың түрлі тәжірибелерді орындау жолымен өткізеді. Мұндай практикалық тексеру жұмыстары жеке-дара, сондай-ақ
Практикалық іскерліктер мен дағдыларды тексеруді приборлар мен аспаптардың көмегімен оқушылардың түрлі тәжірибелерді орындау жолымен өткізеді. Мұндай практикалық тексеру жұмыстары жеке-дара, сондай-ақ жаппай өткізіледі.
Жеке-дара практикалық тексеруде оқушы қандай-да бір тәжірибені қайталап көрсетіп береді, приборлардың, машинаның құрылысын, жұмыс істеу принципін түсіндіріп береді немесе физикалық шамаларды өлшеу тапсырмасын орындайды.
Жаппай практикалық тексеруде мұғалім бүкіл сыныпқа тапсырма береді де, жұмыс барысын қадағалайды. Мұғалім өзінің бақылауларына және оқушылардың жазбаша есеп беруін негізге ала отырып баға қояды. Мұндай жұмыстардың қатарына лабораториялық жұмыстарды жатқызуға болады.