Физика мұғалімі оқушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдын-ала математика мұғалімдерімен бірігіп, әдіс қолдануы қажет. Физика және химия курстарының байланысы. Физика мен химия ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отыратыны мәлім. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, т.б. жататыны мәлім.
Достарыңызбен бөлісу: |