«Методиканың» мәні «метод-әдіс» деген сөзден шыққандықтан, «оқыту әдісі» деген ұғым физиканы оқытудың бірнеше жолын қарастырады. Олар – кешенді әдіс, жобалық әдіс. Дедуктивтік және индуктивтік әдіс, т.б. Сонымен, оқыту әдісі ұғымы – оқытудың мазмұнына, күллі оқу жұмысының барысына, оқу ісін ұйымдастыруға, әртүрлі шығармашылық шараларға негізделеді. Мұғалімнің білім беруі іскерлікке, дағдыға үйретеді және оқушылардың осыларды меңгеруі оқытудың әртүрлі әдістерімен жүзеге асады. Физика ғылымының өзіндік зерттеу әдісі болатыны секілді физиканы оқытудың да өз әдісі бар. Оқыту әдісі деп мұғалімдердің оқушыларды біліммен қаруландыру тәсілдерін және материалды қабылдату айла-шараларын айтады. Оқыту әдістері – көп тармақтан тұратын, көп компоентті ғылыми-практикалық ұғым. Оқыту әдістерін ғылыми негізде талдау жасасақ, оған әртүрлі тұрғыдан анықтама беруге болады: оқыту әдісі – оқытушы мен оқушының бірлесіп жұмыс істеу тәсілдері; оқыту әдісі – оқу үрдісіндегі алға қойылған мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын қарекеті; оқыту әдісі – оқу үрдісіндегі педагог пен оқушының арасындағы өзара әрекет; оқыту әдісі – оқушыларға білім беретін жол; оқыту әдісі – оқушылардың танымдық процесін және олардың жеке басының дамуын ұйымдастыру формасы; оқыту әдісі – оқу үрдісін оптималдандырудың бір амалы. Мұндай тұжырымдамалардың барлығының түпкі мақсаты оқушылардың білім алуының тиімді жолы мен әдіс-амалын анықтау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |