Тақтаның жұмыс беті линолеумнан немесе қалың әйнектен жасалады, ол қоңыр немесе жасыл түсті болады, қара түсті де тақталар кездеседі.
Соңғы уақытта ақ әйнекті тақталар да шыға бастады, оған арнайы фломастер-маркерлермен жазады және суреттер салады. Қазіргі заманғы оқытудың техникалық құраларының (ОТҚ) енуіне байланысты класс тақтасына деген қажеттілік болмайды деген көзқарас қалыптасуы мүмкін. Мұнымен келісуге болмайды. Класс тақтасы физика кабинетінде болған және де бола да береді, себебі оның қажеттілі: