А.В.Усова, А.Н.Звягин оқу сабақтарының бір-бірінен ерекшеленетін бір қатар елеулі белгілері болады,- деп төмендегідей белгілерді көрсетеді. Сыртқы белгілеріне: 1) оқушылар құрамы (сынып оқушылары түгел; сыныптың жартысы; оқушылардың еркі бойынша); 2) өту орны (сынып-дәрісхана, оқу кабинеті, оқу лабораториясы); 3) өту уақыты (күнделікті тұрақты сабақ кестесі бойынша, арнайы кесте бойынша және т.б.). Ішкі белгілеріне: 1) негізгі дидактикалық мақсат (жаңа білімдерді түсіндіру, практикалық сипаттағы дағды мен шеберлікті қалыптастыру, оқулықпен және қосымша әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және т.б.);
Достарыңызбен бөлісу: |