Тақырыптарды әдістемелік талдау. Мұғалімнің алдын ала бірнеше сабаққа яки тарау бойынша жасаған әрбір сабақтың жоспар-конспектісін физикалық-методикалық талдау деп атау қабылданған. Бұл мұғалімнің өзінің пайдалануына арналғандықтан ол оқу бөліміне тапсырылмайды. Бірақ, мектеп директоры, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары сабақтың жоспар-конспектісін тексеруге хақылы әрі міндетті. Педагогикалық тәжірибе алмасу үшін ашық сабақтардың үлкен маңызы бар. Егер бұл сабақтар зерттеу сипатында болса, онда олардың сапасы арта түседі. Ашық сабақ барысында мұғалім мейлі ол әңгіме сабағы, не лабораториялық сабақ, не білім тексеру сабағы болсын өзінің іскерлігін көрсетіп қана қоймауы тиіс. Сонымен бірге әдістемелік шеберлігін де көрсете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |