Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту теориясы» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет94/160
Дата06.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#75085
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   160
Жұмыстың мақсаты: өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар шкалалары бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу.
Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр (мензурка), су құйылған тостаған, жіңішке жіп, әртүрлі ыдыстар мен денелер (гайка, өшіргіш, т.б.).
1-тапсырма. Өлшеуіш цилиндр бөліктерініңң құнын анықтау
Жұмысты орындау.

  1. өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығыңдар, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдаы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді қандай бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;

  2. оқулықтағы 10-параграфты қайталап, қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құныны анықтаңдар;

  3. қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып анықтаңдар;

  4. анықталған шамаларды дәптерге жазып алыңдар;

  5. өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:


1-сурет

1-кесте

Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі

Мензурка бөлігінің құны

Өлшеу қателігі

Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)


























Е с к е р т у. Сұйықтың көлемін есептегенде көздің шкаланы көру деңгейіне көңіл аударыңдар. Көзді су бетінің жазықтығымен дәл келетін горизонталь деңгейде бағыттау керек (1-сурет).


2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет