Зертханалық жұмысты қорғау бойынша бақылау сұрақтары:
1.Егер кедергілері 100 Ом екі резисторды тізбектей жалғасақ, эквивалентті кедергі неге тең болады?
2.Егер осы резисторларды параллель жалғасақ, онда эквивалентті кедергі неге тең болады?
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 12-13
ТАҚЫРЫБЫ: «Электр және магнетизм бойынша виртуалды лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемесі» (2 с.)
Мақсаты: Лабораториялық жұмыстарды рәсімдеу және орындау: «Электр тогының қуаты мен жұмысын өлшеу», «Ток көзінің ЭҚК және ішкі кедергісін анықтау», «Электромагниттік индукция құбылысын зерттеу», «Электромагнитті жинау және оның әсерін тексеру»
Зертханалық жұмысты орындауға жіберу бойынша бақылау сұрақтары:
1.Электр тогының қуатын қандай формуламен есептеуге болады?
2.Қуаттың өлшем бірлігі қандай?
3.Электр тогының жұмысы қалай есептеледі?
Зертханалық жұмысқа әдістемелік нұсқау
1.Амперметр мен вольтметр шкалаларын қарап, бір бөліктің құнын есептеңдер.
2.Электр тізбегін сұлба бойынша жинаңдар. (23,24- сурет ).
3.Тізбекті тұйықтап, қыздыру шамының қосылу уақытын белгілеңдер.
4.Вольтметрдің көрсетуін жазыңдар.
23-сурет 24-сурет
5.Тізбекті ажыратыңдар да, қыздыру шамының сөну уақытын белгілеңдер.
6.Қуатты P=I∙U формуласы бойынша есептеңдер.
7.А=P∙t формуласы бойынша жұмысты есептеңдер, мұндағы t қыздыру шамының жану уақыты.
8.Барлық өлшеулер мен есептеулерді кестеге жазыңдар.
1-кесте
I, А
|
U, B
|
t,с
|
P, Вт
|
A, Дж
|
Тұтынушы
|
|
|
|
|
|
Эл.шамасы
...
Вт
|
9.Қорытынды жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |