ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-34.1.19./03-2013
|
ПОӘК
Оқу-әдістемелік материалдар
«Химия есептерін шығару әдістемесі»
|
№ 2 басылым
11.09.2014 ж.
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«ХИМИЯ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»
«5В011200 – Химия» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2014
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
3
|
2
|
Дәрістер
|
5
|
3
|
Практикалық сабақтар
|
52
|
4
|
Білім алушының өздік жұмыстары
|
53
|
1. ГЛОССАРИЙ .
Стехиометрия заңдары-құрам тұрақтылық, еселі қатынастар, эквиваленттер, газдар, Гей –Люссактың көлемдік қатынастар және Авогадро заңдарын айтады.
Құрам тұрақтылық заңы-(Пруст заңы)-«әрбір таза заттың элементтік құрамы әрқашанда тұрақты,ол заттардың алу әдісіне байланысты емес».
Авагодро заңы-темература мен қысымбірдей болғанда бірдей көлемді газдарда,молекулалар саны бірдей болады.
Атомдық массаның бірлігі(а.м.б.)-көміртегі атомының ең жеңіл изотопының 12С 1/12 атомдық массасына тең салыстырмалы шама.
Моль-құрамында қанша құрылыстық бірлік (молекулалар,атомдар,иондар және т.б.) болса, сонша 0,012 кг 12С изотопының атомдары болатын заттың мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |