ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Инженерлік графика» Мамандық үшін 5В042100 – «Дизайн» ОҚу- әдістемелік материалдары



Дата13.02.2017
өлшемі377,31 Kb.
#9093

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОЭК

ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014



ПОЭК

« Инженерлік графика» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары



Баспа № 1күні 03.09.2014

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Инженерлік графика»

Мамандық үшін 5В042100 – «Дизайн»

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші


Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәріс

3 Практикалық және зертханалық сабақтар



4 Кус жұмысы (жоба)

5 Білімалушылардың өздік жұмыстары




ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 3-ші

1 Глоссарий


ПОЭК 042 33.1.112/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 3-ші


2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
1 Тақырып: Инженерлік графиканы оқытудың тарихына қысқаша шолу Ресейде сызуды жүйелі түрде оқыту он сегізінші ғасырда басталған. Бірінші Петрдің дәуірінде тау кен зауытының мектебінде сызуды оқыту саласында алғашқы қадам жасалған. Мұндай мектеп 1721 жылы Екатиринбургте ашылған болатын.Тау кен зауыт мектебінде сызу негізгі пәндердің бірі болып есептелген. Ондағы оқушылар цехтардың жоспарын, машина бөлшектерін сызумен шұғылданған. Бірақ бұл кездегі сызбаларда өлшемдер қойылған жоқ. Олардың кейбір өлшемдері, сызбаның қосымша жазбаларында ғана берілді. Сонымен қатар сызу он сегізінші ғасырда гимназияларда оқытылды. Осы кезеңде Ресейдегі Петербургте (1725 ж.), Москвада (1755 ж.), Қазанда (1758 ж.) гимназиялар ашылды.

Гимназиядағы сызу маериалдары геометрия курсының ішінде оқытылды. Оқушылар сызба құралдарының көмегімен көпқырлы моделдер дайындауға қажетті жалпақ фигураларды, сызба талдаулардың сызбаларын сызумен айналысты. Бұл жердегі сызуды оқыту барысы дайын сызбаларды көшіріп сызу мен механикалық жаттауға негізделді.1828 жылдан бастап сызуды оқыту орта мектепке енгізілді. 1828 жылдан бастап сурет пен сызу жалпы бір бағдарламаға біріктіріліп, оны сурет мұғалімі оқытатын болды. Гимназиялар бағдарламаларында, ең бастысы сызғыш пен циркульді пайдалана отырып, үлгілер бейнелерін көшіру жолымен сурет салу дағдысын дамыту қарастырылды.Сызу курсының өзіндік міндеттері сурет салудың жалпы міндеттерінің тасасында қалып қойды. 1871 жылы сурет мектептегі міндетті емес пәндердің қатарына қосылды. Оның ішінде сызу да болды. Бұл сабақ мектептегі жалпы сабақтар біткен соң, тек қана сызуға ынтасы мен қызығушылығы бар оқушылар үшін ғана өткізілді. Кейінгі уақытта сызу гимназияның оқу жоспарынан шығарылып тасталды.1872 жылдан бастап гимназиялармен қатар реалдық учелищелер ашылды. Гимназияларда сызу сурет пәнінің қосымшасы ретінде болса, учелищеде сурет сызудың қосымшасы етінде танылды. Бірақ сызу суреттің қосымшасы болудан арылғанымен, ол қолданбалы пән ретінде қалып, оны математика мұғалімі геометриялық сызу түрінде өткізді.

Қазан төңкерісінен кейін жаңа біріңғай еңбек мектептері құрылды. Кеңес мектебіндегі сызу курсының бағдарламасына геометриялық, проекциялық, техникалық, аксонометриялық проектілеу мен тахникалық

ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

сурет тақырыптары қосылды. Бірақ осы жылдардағы оқу жоспарларында сызудың дербестік мәні болған жоқ. Мысалы, геомертиялық құрылым мен ортоганалдық проекциялауға қатысты материалдар математика бағдарламасында болса, техникалық сызбаға қатысты материалдар еңбек пен физика пәнінің бағдарламасында болды. Сол сияқты, көрнекті бейнеге қатысты материалдардың барлығы бейнелеу өнерінің бағдарламасында болды. 1932 жылдан бастап сызу дербес пән ретінде бөлініп шықты. Оқу бағдарламасында «Геометриялық сызу», «Проекциялық сызу», «Аксонометриядығы сызба», «Нұсқадан сызу» атты төрт бөлім болды.Сызудан алғашқы оқулық 1934 жылы жарық көрді. Ол В.О.Гордон жазған «Техникалық сызу негідері» деп аталатын, оқулық еді. Оқулық проекциялық сызудан және техникалық сызу элементтерінен басталып, онда жазықтық бетіне құрастыру жүйелі түрде баяндалды. Сонымен сызуды бұл жылдардағы оқыту оқушыларды жартылай техникалық дайындау міндеттеріне сай, ұйымдастыруға толық жағдай жасалынды.

Бірақ ол кейінгі кезде мазмұны жағынанда, әдістері жағынанда елеулі өзгерістерге ұшырады.1934-35 оқу жылындағы оқу жоспарында сызуды оқыту 6-10 сыныптарға бөлінді. Бағдарлама революцияға дейінгі ескі оқыту дәстүріне қайта оралып, сызу көптеген геометриялық құрылымдарды орындау болып табылатын сызу техникасының іскерлігі мен дағдыларын жетілдіретін пән ретінде қарастырылды.

Соғыс және соғыстан кейінгі жылдары сызуды оқыту саласында елеулі өзгерістер болған жоқ.Сызуды оқыту әдістері мен жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларды қайта қарауға 1947-48 оқу жылында басты қадам жасалды. Барлық сызу курсы екіге бөлінді: біріншісі жетінші сынып, екіншісі сегіз бен оныншы сыныптар аралығы болды. Жетінші сыныптағы сызуды оқыту бастауыш сызу мәліметтерін меңгерту сипатында болды.Оқушылар бұл сыныптарда сызу кұралдарын қолдануға үйреніп, геометриалық құрылымдарды орындауға жаттықты, зат бейнесін жазықтық бетінде орындау тәсілдерімен танысты. Сызудың негізгі курсы 8-10 сыныптарда оқытылып, оқушылар геометриялық және проекциялық сызумен таныстырылды. Бұл сызба геометрия элементтерімен байланыстырылып оқытылды. Бұл кезде сызу пәні біртіндеп, жоғары оқу орнында сызба геометриясы мен техникалық сызуды оқуға дайындайтын пән ретінде



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

қалыптаса бастады.1958 жылы КСРО Жоғары кеңесі КСРО халыққа білім беру жүйесін онан әрі дамыту, мектепті өмірмен байланыстыру туралы заң қабылдады. Бұл кездегі сызу курсы алдындағылардан мүлдем өзгеше болды. Оқыту негізіне кеңістік формаларын жазықтық бетінде бейнелеуді, техникалық сызбаларды орындаудың ережелері мен шарттарын, бөлшектердің қосындыларының көріністерін оқып үйрену алынды.

1960 жылы мектептегі білім беру мазмұны мен әдістеріне қайта құру жасалды.Сызу пәні 6-8 сыныптарда оқытылатын болып оны оқыту бағдарламасы қайта жасалынды. Бұл бағдарламаға өту 1972-73 оқу жылынан бастау жоспарланды. Бірақ бұл орындалмады. Сызу 1980-81 оқу жылына дейін 7-8 сыныптарда ( 7 сыныпта - аптасына 1 сағат, 8 сыныпта аптасына 2 сағат) оқытылды. Осы уақытта 9-10 сыныптарға арналған бір жылға 70 сағатқа есептелген сызудан үш түрлі факультатив курсын оқытуға шешім қабылдады.

Бұл кезеңде сызу курсын оқытудың мақсат міндеттері өзгермей оқушыларға техникалық сызбалар мен эскиздерді оқи білу мен сызбаларды орындау дағдыларын дамыту болып өзгеріссіз қалдырылды.1980-81 оқу жылында 7-8 сыныптарда сызуды оқытуға бір жылға 68 сағат бөлінді.Курс бағдарламасынан «Жазықтық беттерінің тегістігін белгілеу», «Тісті берілістер, доңғалақтар мен берілістер» атты тақырыптар алынып тасталды. 1986-87 оқу жылындағы мектеп реформасына сәйкес сызуды оқытуды 7 сыныптан бастап жаңа құрылымға сай ерте қолға алу көзделді. Осыған байланысты сызуды оқыту мазмұны белгілі дәрежеде өзгерістерге түсті. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты, материалдарды қабылдауды жеңілдету мақсатында оқыту бағдарламасы қайта қаралып, жаңа оқулық дайындалды. Бағдарламадан күрделі тақырыптар алынып тасталып, оқушылардың шығармашылық қабылеттерін дамытатын жаңа тапсырмалар енгізілді.





ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші


Сызуды оқыту барысында сызбаны безендіру мен сызықтар туралы түсініктер беру

Сызу пәнін оқыту барысында сызбаны безендіру мен сызықтар туралы оқушыларға мәліметтер беру оқыту мазмұнының бір бір бөлігі болып табылады. Сызбаны безендіру мен сызба сызығын оқып үйренуден бұрын, оқушыларға мемлекеттік стандарттың мағынасы туралы айтып беру қажеттігі туындайды. Әңгіме барысында стандарттау тарихынан, оның дамуы мен оны өмірде қолдану тарихынан қызықты да сенімді мысалдар келтіру орынды.

Сызбаны безендіру мен сызықтар туралы материалды түсіндіруді «стандарт» - норма , үлгі ұғымдарына анықтама беруден бастауға болады. Стандарттау - алуан түрлі бұйымдардың өлшемдері мен формаларын келісілген үлгіде бірдей өлшемдермен жасау мөлшері болып табылатындығына назар аударылады.

Біздің еліміздің мемлекеттік стандарттары (қысқаша МЕМСТ) - бұл кәсіпорындардың шығаратын бұйымдары үшін міндетті түрде орындалу шарттарымен ерекшеленетін сипаттамалар тізімі берілген құжат ретінде танылады. Сызбаларға да біздің елімізде құрастырушылық құжаттардың бірегей жүйесінің стандарттары (ЕСКД) қабылданған жүйе бойынша қолданысқа түседі.

Сабақта мұғалім стандарттарға енгізілген бірінші алғашқы машина жасау бөлшектеріне болттар мен гайкалар жататындығы туралы мәліметтер береді.VIII ғасырдың өзінде-ақ, қолөнершілік өндіріс зауыттың өніміне орын берген кезде, әр жерде дайындалған өнімдердің өлшемдерінің әр түрлі болуы сияқты қолайсыздық сезіле бастаған, өйткені әрбір зауыт формалары мен мөлшерлері әртүрлі өнімдер қатарына жататын болттар мен гайкаларды шығарып, бір машинаның болты мен гайкасы екінші бір машинаға түспейтін жағдайлар болған. Сондықтан да ең көп таралған болттар, гайка, шпоноктар сияқты бөлшектер үшін белгілі бір мөлшерлер, формалар мен материалдар өлшемдері сипатталған осы бөлшектердің бірнеше типінің біреуін үлгі ретінде белгіленген. Осы таңдап алған өлшемдер стандарттық өлшемдер болып табылған.



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

Сонан соң мұғалім сабақта оқушыларға конструкторлық құжаттардың бірегей жүйесімен, сызбаны орындау үшін сызықтардың түрлі типтері болатындығы туралы түсініктер береді. Ол сызықтар типіне: тұтас жуан негізгі сызықтар, тұтас жіңішке сызықтар, нүктелі жіңішке сызықтар және штрих сызықтар жататындығы туралы мәліметтер береді. Бұл келтірілген сызықтардың барлығын бірдей қамтиды деуге болмайды. Қалғандарымен оқушылар кейінірек олардың қолданылуы қажеттілігіне байланысты материалды оқып үйренумен қатар таныса алады.

Оқушыларға сабақта сызықтардың типі туралы алған білімдерін бекіту үшін жаттығу ұсынылады. Ол жаттығу бойынша берілген зат формасын пайдалана отырып, сызықтардың атын айтып және олардың жуан немесе жіңішкелігін, олардың зат формасын айқындап оқудағы орны туралы түсініктер беріледі.

Сызу пәнін оқыту барысында «формат жиектері» мен «негізгі жазулар» туралы түсініктер беріледі. Форма дегеніміз сызба сызуға арналған қағаз бен оның өлшемдеріне қатысты айтылатын ұғым туралы мқғалім оқушыларға түсінік береді. Оқушылар барлық сызбалардың стандартпен бекітілген белгілі бір үлгідегі, белгілі бір мөлшердегі қағаздың парағының төменгі оң жағында «негізгі жазулар» орындалатынын жақсы білуі тиіс екендігі айтылады. Мектеп тәжірибесінде негізінен А4 (297х210) формат үлгісі пайдаланылады. Сондай-ақ, кейде А3 (297х420) формат үлгісіндегі қағаздарды да пайдалануға болатындығы ескертіледі.

Оқушыларды сызбаны безендірудің негізгі ережелерімен таныстыру сызуды мектепте оқытудың басты тақырыптарының бірі. Бұл тақырыпты оқып үйренуге алты сағат бөлінеді. Тақырып бойынша екі графикалық жұмысты орындау қарастырылған.

Қандай сызба болмасын сызбаның жиегі тұтас қалың сызықтармен шектеледі. Сызбалар сызылатын формат жиекті жоғарыдан, оң жағынан және төменгі жағынан қашықтығы 5 мм етіп сызады, ал сол жағының - шетінен 20 мм қашықтықта сызылады. Бұл жиекті сызбаны альбом ретінде тігу үшін қалдырады. Сыныптағы әрбір графикалық жұмыста оқушылар талап етілген жиегі бар үлгідегі қағазды сызу үшін көп уақыт жібермеу мақсатында форматты сабақтың алдын-ала дайындау туралы оқушыларға кеңес беріледі.Оқу бағдарламасы бойынша оқушыларға

ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

сызбаның негізгі жазуы қалай орындалатындығы және ол қай жерде ораласатындығы туралы айтылады.

Оқушыларды сызбалық шрифтпен жазуға үйрету

Сызу пәнін оқыту барысында оқу бағдарламасына сай сызбалық шрифт туралы мәліметтер берілуі тиіс. Оқушыларды бөлінген бірнеше сабақ ішінде сызбалық шрифтпен жазуды орындауға үйрету мүмкін емес. Сондықтан оқушыларды әріптер мен жекелеген сөздерді жазуға жүйелі түрде жаттықтыруға бүкіл оқу жылының ішінде үйретуге бағдар ұсталуы тиіс. Бұл кезде ескеретін жағдай, адамның күнделікті жазудағы қолтаңбасының сызбалық шрифтке әсер етпейтіндігін түсіндіру қажет. Сабақ барысында оқушыларға сызбалардығы шрифттерді жазу белгілі бір ереже бойынша жазылатындығы ескертіледі.

Жазулар яғни таңбалар, цифрлар, шартты белгілер, сөздер, сөйлемдер кез-келген сызбаның ажырамас бөлігі болып табылатындығы, олардың орындалуына мұқият көңіл бөлу керектігі оқушыларға сабақ барысында түсіндіріледі.

Сызу сабағын өткізу барысында мұғалім алуан түрлі шрифт түрлері туралы оқушыларға мәліметтер береді. Сызбалардағы жазулар арнайы сызбалық шрифтпен орындалатындығы айтылады. Сонымен қатар бұрын сызбалар олай болмағандығына, яғни ХIХ ғасырда сызбалардағы жазулар құжаттарды жазған жазу үлгісімен жазылғандығына, кейде баспа әріптері де қолданылғандығына назар аударылады.

Сабақ барысында мұғалім қазіргі кездегі сызбаларды сызу кезінде ГОСТ 2.304-81 бойынша белгіленген шрифт қолданылатындығына назар аударылады. Мұғалім оқушыларды жазу әріптерін сызумен, олардың мөлшері мен орындаудың негізгі ережелерімен таныстырады. Әріптерді жазуға үйретуді жеңілдету үшін оларды шартты түрде топтарға бөліп көрсетеді.Олардың ерекшеліктеріне талдау жасайды.

Бірінші топқа Г, П, Т, Н, Е , Ц, Ш, Щ әріптері жатады. Ол әріптерді жазу үшін негізінде көлбеу және горизонталь сызықтар сызылып, әріптердің формалары сызықтар бағыты бойына орналастырылады. Осы әріптер ішіндегі ең қиындауы Е әрпін жазу көрнекі құралдармен үлкейтілген түрде көрсету арқылы түсіндіріледі.



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

Екінші топқа И, К, А, Ж, М, Х әріптері жатады. Оларды жазуға да тік және көлбеу сызықтар қолданылады. Бұл топта жазылуы қиынырақ Ж әрпін жазуды сабақта ерекше бөліп көрсету қажет болады.

Үшінші топқа Л, У, Д, Ч әріптері жатқызылады. Оларды жазуда ойша кейбір бұрыштарды үлкен емес етіп, дөңгелектің төрттен бірі шамасында дөңгелектеп сызу қажеттігі туындайды. Бұл әріптердің ішінде ең қиыны Д әрпі болып табылады.

Төртінші топқа О, С, Ф, Э, Ю әріптері жатқызылады. Оларды жазу негізіне О әрпі алынады.

Бесінші топқа Ь,Ъ, Б, З, В, Р, Ы, Я әріптері жатады. Оларды сызып жазу негізіне әріптің жартысына дейін дөңгелектеу қажеттігі туындайды. Аралас әріптер арасындағы мысалы, Т және А әріптері арасындағы, сондай-ақ К және Л , Г және Д, Г және А, Р және А әріптері арасындағы аралықтарды үлкейту керек.Сол сияқты Ъ, Ы әріптер арасындағы қашықтықты азайту қажеттігі туралы сабақта оқушыларға түсініктер беріледі.

Оқушыларға әріптерді жазуға дағдылану белгілі бір бірізділікпен жүргізіледі. Жекелеген әріптерді айналдыра сызудың бірізділігін плакатта көрсету қажет. Кіші әріптерді , цифр мен «N» таңбасын сызумен оқушыларды таныстыру үшін плакат дайындау қажеттігі туындайды,немесе видео аудио құралдарының көмегімен көрсетіледі.

Мұғалім сабақта оқушыларға кіші әріптердің мөлшерін анықтау үшін және әріптердің құрылуының ерекшеліктерін көрсету үшін оларды үш топқа бөліп тану қажеттігі туралы айтып берілуі тиіс.

Бірінші топқа о,а,с,б,в,д,е,э,ю,р,ф әріптері жатады. Бұл әріптерді жазу негізіне о әрпі алынады.

Екінші топқа й,ш,щ,т,ц,п,у,г,з әріптері танылады. Бұл топтағы әріптерді жазу негізіне и әрпі жатады.

Үшінші топқа ч,ъ,ь,я,к,л,м,н,ж,х әріптері жатады. Бұл топтағы әріптерді жазуды әдістері жазу жазу үлгісіндегідей болып келеді.



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

Сызу пәнін оқыту барысында масштабтар туралы мәліметтер берілуі тиіс. Масштабпен оқушылар бастауыш сыныпта танысады. Сондықтан да сызу пәнінің мұғаліміне сызбаны орындау кезінде масштабты қолдану туралы қысқаша мәлімет беруге болады.

Оқушылардың назарын бізді қоршаған заттар мен бұйымдар үлкен мөлшерде немесе, керісінше онша үлкен емес мөлшерде болатындығына назарын аударту қажет. Оларды сызбада өзінің табиғи мөлшерімен беру мүмкін емес. Сызбада үлкен немесе кіші мөлшердегі заттардың нағыз мөлшерін бейнелеп сызуға масштаб мүмкіндік береді. Осыған байланысты оқушыларға міндетті түрде сызбаның қандай масштабта орындалғанына қарамастан, сызбада бұйымның өлшемдерінің бір бірімен қатынастарын дәл беруге болатындығы туралы түсініктер беріледі.

Сызу пәнін оқыту барысында сызылған бөлшектің өлшемдерін дұрыс қою немесе түсіру туралы мәліметтер берілуі тиіс. Зат бейнесінің сызбасының өлшемдерін оқушыларға түсіндіруден бұрын, оқушыларға сызбадағы өлшемдерді белгілеу туралы мәлімет берілуі тиіс. Бұл тақырыпты оқу барысында, машина жасау сызбалары тек миллиметрмен берілетін қажетті өлшемдер болатындығы туралы айту қажет. Мысалы тарелканың сызбасының үстіңгі бөлігінде тарелканы сызу және оның элементтерінің шамамен алынған арақатынасын көрсету үшін, радиус пен диаметрдің белгісі мен өлшемдері жазылады.

Бұл үшін форматтың ортасында бөлшектің сызбасы беріліп, ол бойынша өлшемдерді қондырудың негізгі ережелерін түсіндіруге болады.

Өлшемдік сызықтарды бөлшектің суретін бүркемелемеу үшін суреттің сұлбасынан тыс сызуға болады. Сызбада өлшемдер сызықтарының қашықтығы оған параллель сызықтан және де параллель мөлшерлі сызықтар арасындағы қашықтық 6...10 мм болуы тиіс.

Сызық астына жазылған сызықтар 1..5 мм мөлшерлі сызықтардың тілінің (стрелка) ұшынан шығуы тиіс. Дәл осы жерде бұрыштар, диаметрлер, төртбұрыш белгісінің мөлшерін сызу көрсетіледі. Оқушылардың назарын ортадағы және осьтік сызықтардың суреттердің



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

нұсқасынан 3...5 мм тыс сызу дұрыс болатындығы оқушыларға ескертіліп айтылады.

Оқушылар өлшемдік сандарды қондыру кезінде біршама қателер жібереді. Бұл қателерді болдырмау үшін органикалық шыныдан жасалған пластинканы пайдаланған ыңғайлы болады. Оны бейнеленіп отырған бөлшектің сызықтарына басып отырып, әрбір мөлшер белгілі бір орын алатындығын көрсетуге болады.

Сызуды оқытудың алғашқы кезеңінде оқушылар өлшемдерді қондырудың тек қана негізгі ережелерімен таныстырылады. Басқа ережелер мен шарттар туралы олар сызу курсын одан әрі оқып үйрену кезінде біртіндеп игереді.

Сызу пәнін оқыту барысындығы оқушылардың орындайтын іс әрекетінің маңызды бір бағыты графикалық жұмыстарды орындау болып табылады. «Сызбаны безендіру ережелері» атты сызу курсының бірінші бағдарламалық тақырыбын оқып үйрену кезінде оқушылар міндетті түрде екі графикалық жұмысты орындайды. №1 графикалық жұмыс мазмұны сызықтардың түрлі типтерін сызып үйренуге бағыттаған жаттығулар орындаумен сипатталады. Оқушыларға бұл жұмысты орындау барысында: 120 мм сызықтардың түрлі типтерін сызу жаттығуларын орындау керек. Бұл кезде оқушылар сызықтардың түрлерін бөлшектердің сызбасын сызу барысында үйлесуін көрсете алады.

№2 графикалық жұмыста жеке тапсырмалар бойынша жалпақ машина бөлшегінің сызбасын, мөлшерін оның сызықтарының жуандығын шартты белгімен көрсете отырып сызу жұмыстарын орындауы қажет.

Мұғалім тапсырма беру кезінде оқушының жұмысының жеке бағыты туралы ескеруі қажет. Осыған байланысты тапсырманың түрлі варианттары ұсынылуы мүмкін. Жақсы оқитын оқушыларға бөлшектің тек төртінші бөлігі берілген тапсырманы, ал орташа оқушыларға - бөлшектің жартысы берілген тапсырманы, ал нашар оқитындарға - бөлшектің тұтас суретін сызу тапсырмасы беріледі.





ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

дәрісбаян. Оқушыларға проекциялар туралы түсінік беру

Мектептегі сызу пәнін оқытудағы маңызды тақырып проекциялау тәсілдерін оқыту болып табылады. Оқушыларға тікбұрышты проекция туралы түсініктер берудің өзіндік жолдары бар. Сызу пәнінің мектеп курсындағы негізгі тақырыптарының бірі тікбұрышты проекциялар туралы түсінік беру мен проекциялар сызбасын сызу болып табылады. Оқушылардың одан әрі сызуды оқуы сызу дағдыларын меңгеруіне яғни осы тақырыпты меңгеру сапасына байланысты болады.

Бұл тақырыпты оқып үйренудің түрлі варианттары бар. Осылардың ішінен жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде көп таралған екі вариантты бөліп қарауға болады.

Бірінші вариант - оқушыларды заттарды проекциялаудың бір, екі немесе үш өзара перпендикуляр жазықтағы проекциясын түсіруді бірізділікпен оқыту.Бұл бағыт бойынша материалды оқыту сызбаны құру, түсіне білу және сызу дағдыларын біртіндеп қалыптастыруды, сонымен қатар сызбалар өлшемдерін қондыруды оқушыларға үйретумен сипатталады.Бірінші вариант бойынша материалды жоспарлау мына төмендегіше бірізділікпен орындауды қажет етеді:1.Проекция туралы, проекциялау тәсілдері туралы түсінік беру; Бір жазыққа зат көрінісін проекциялау, оның кеңістіктегі орнын белгілеу. Басты көрініс түрін таңдау, оны құрудың алгоритмі. Дәптерде тәжірибелік жұмысты орындау.

2.Екі өзара перпендикуляр проекция жазығын проекциялау төмендегіше бірізділікпен орындауды қажет етеді: Көлденең жазықтық, оның кеңістікте орналасуының белгіленуі. Проекцияның өзара байланысы. Өлшемдерді қондыру. Дәптерге тәжірибелік жұмысты орындау.

3.Бөлшектің сызбасын құру дағдылары мен тәжірибелік шеберліктерін, теориялық білімдерін тексеру.А4 сызба қағазына графикалық жұмысты орындау.

4.Проекцияның перпендикуляр жазықтағы үш көрінісінің өзара байланысын проекциялау. Профильді жазықтық, оның кеңістіктегі орналасуы, белгіленуі туралы түсініктер беру. Проекцияның өзара байланысы. Өлшемдерді қондыру. Дәптердегі тәжірибелік жұмыс.



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

Мұғалім сабақ барысында оқушыларға заттардың проекциясын проекцияланатын сәулелер арқылы алу туралы, орталық және параллель проекциялау туралы мәлімет береді. Бұл жерде душтың астына қойылған немесе жауынның астына қойылған шелекті мысалға келтіруге болады. Дәл осы жерде мұғалім оқушыларға тікбұрышты проекциялаудың артықшылығы туралы айтылады. Заттың тікбұрышты проекциясын алу үшін ең қарапайым тәсіл - бұл оның нұсқасын қағаздың парағының бетіне сызып шығу болып табылады. Сабақта заттың (шәйнек, т.б.) бірнеше көріністерін сызу жолдары көрсетіледі. Сонымен қатар, заттың жазықтағы проекциясын салудың мынандай әдістері көрсетіледі:


  • зат проекциясы параллель жазыққа орналастырылады;

  • заттың әрбір ұшы арқылы проекцияның перпендикуляр жазығына бағытталған проекцияланатын сәуле жүргізіледі;

  • заттың (нүктенің) ұшының проекциясын қосады және сол заттың жазықтағы проекциясы сызып алынады.

Кеңістіктегі жазықтың орналасуын қарастыра отырып, мұғалім заттың проекциясы мен оның ұшын проекциялаудың үдерісін көрсетеді. Материалды оқушылардың саналы қабылдаулары үшін, көрсету мұғалімның мынадай бағыттарды қамтиды: Суреттің мөлшері модельдің мөлшерімен сәйкес келеді ме ? Сызбада заттың бөлшегінің көлденең қырларын қалай салуға болады? Бүйіріндегі тік қырлары қалай көрінеді? Проекцияда бөлшектің қандай мөлшері көрсетілген? Бөлшектің қалыңдығы қалай суреттелген? Неге дәл солай салынған? Бұл бөлшектің қандай мөлшерін сызбада көрсетуге болады?-деген сұрақ қоюмен қатар жүзеге асырылады. Нәтижесінде параллель проекциялау кезінде проекциясы беріліп отырған заттың нағыз формасы мен мөлшері алынады. Әрі қарай мұғалім заттың басты түрін таңдау туралы мәселені талдауға көшеді.

Оқушылардың басты көріністі қалай дұрыс таңдауға болатындығын меңгерту үшін бірнеше ауызша жаттығу жүргізген дұрыс. Алдымен объектінің басты көрінісі модель бойынша орнатылады, сонан соң - көрнекі сурет бойынша: қарсы алдынан диаметриялық қисық бұрышты және изометрлік тікбұрышты проекциялар беріледі. Дұрыс таңдалған басты түрін оқушылар сынып тақтасында орындайды.





ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

Сабақтың келесі кезеңі – дәптерде сызылатын бөлшектің басты түрінің сызбасын құрумен тәжірибелік жұмыс орындалады. Жұмысты сынып тақтасында суреттелген бөлшектің көрнекі суретін екі вариант бойынша орындауды ұсынуға болады .

Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалай отырып, тапсырманы орындаудағы жұмыстың әрбір кезеңіне талдау жасап кезекпен атап көрсетеді:

1.Бөлшектің геометриялық формасын талдау, оның симметриялығын анықтау.

2. Басты көрініс түрін анықтау.

3. Сызба құру үшін қағаздың парағының (горизонталь немесе вертикаль) орналасуын таңдау және суреттің масштабын анықтау.

4. Бөлшектің үлкен тікбұрышты суретін салу және симметриялық осін жүргізу.

5. Үстіңгі беті көрінетін бөлшектің сипатты элементтерін құру.

6. Призматикалық қиықтар, ойықтар мен тесіктердің суретін салу мен белгілеу.

7. Өлшемдерін сызу.

8. Сызбадағы шеңберлерді сызу: а) доға, шеңбер; ә) барлық көлденең; б) барлығы тік; в) барлық иілген сызықтарды сызу.

Келесі сабақта проекцияның екі жазықтығының проекциясы қарастырылады. Сабаққа дайындалу кезінде мұғалім оның жалпы құрылымын, теориялық материал көлемін, тәжірибелік жұмыстың сипаты мен мазмұнын анықтап алуы тиіс. Сонымен бірге, жаңа материалдың оқушылар өз бетімен шеше алатын мәселелері және мұғалімнің оқушыларға түсіндіретін сұрақтары алдын ала бөліп алынады. Сонымен қатар проекциялауды оқытудың төмендегідей әдістері мен тәсілдерін анықтап алынады: олар, мәселені қою, оқу диалогы, мұғалімнің көрнекі

ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

құралдарды пайдалана отырып әңгіме өткізуі, тәжірибелік жұмыстарының мазмұны.

Сабақ сұрақ жауап әдістерін қолдана отырып, материалды қайталаумен басталады. Оқушыларды алдында өтілген материалдар бойынша сұрақ қою үшін тақтаға шақырады. Ол үшін мынадай тапсырма үлгілерін беруге болады:

1. Қағаздың парағына жалпақ бөлшектің сызбасын құрудың бірізділік кезеңін жазып алу.

2. Бөлшектің сызбасында «Тесіктер» мөлшерлерін дұрыс сызу.

3. Берілген проекция бойынша суреттің дұрыс масштабын таңдап, оны жазып алып, «Пластина» бөлшегінің басты түрін анықтап және сызып алу.

4. Сызбадағы өлшемдерді дұрыс сызу.

Ауызша қайталау мен пысықтау үшін мынандай тапсырмалар мен сұрақтар беріледі:

1. Проекциялаудың бар тәсілдерін атап өту.

2. Орталық проекциялаудың ерекшеліктерін ашып көрсету.

3. Параллель проекциялау мен оның қандай түрі бар екендігіне анықтама беру.

4. Параллель проекциялау ерекшеліктерін ашып көрсету.

5.Проекциялаудың қандай тәсілі басты тәсіл ретінде қабылданғанын анықтау.

Сонан соң алдыңғы партада отырған оқушылардың жұмысын жинап алып олардың жіберген қателері талданады және бүкіл сынып болып тақтаға шығып жауап беруші оқушылардың жауабының дұрыс немесе дұрыс еместігі талданады.

Оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту үшін жаңа материалды өтуге ауыса отырып, олардың алдына бөлшектің сызбасы бойынша оның пішінін (формасын) анықтау және оның суретін салу тапсырмасын



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

орындау талап етіледі. Оқушыларды тақтаға жауап беру үшін шақырып, бүкіл сынып болып оқушының жауабының, тапсырманың қалай орындалғанына талдау жасауға болады. Сызбаны және берілген суреттердің бөлшектерін талдай отырып, мұғалім мынадай қорытындыға келеді: бір проекциямен берілген бұл сызба бірнеше бөлшектерге сәйкес келеді , сондықтан да ол заттың пішіні туралы толық түсінік бере алмайды. Сондықтан да мынадай сұрақтардың туындауы заңды: осы бөлшек сызбасын дайындау үшін жұмысшы не істеуі керек? Суретте берілген бөлшектердің қайсысын жасауы керек екендігін қалай анықтауға болады? Мұғалім ұйымдастырған шешімді іздеу нәтижесінде бөлшектің екінші проекциясын сызу қажеттігі туралы қорытындыға келеді. «Заттың бөлшегіне үстінен қарағандағы көрінісін сызу керек» деген шешімге келеді. Мұнан соң горизанталь проекция сызбасы сызылып көрсетіледі. Мұғалім сынып тақтасында бөлшектің үстінен қарағандағы түрін салып, мәселенің шешімін көрсетеді. Одан әрі «проекцияның көлденең жазықтығы» түсінігінің мәнін ашып, оның кеңістіктегі орналасуын, Х өсін қарастыра отырып, проекция жазықтығының көлденең және тік кесіп өту сызығы ретінде белгілеуі тиіс. Бұл жұмысты дайындалған сызудың бірізділігін көрсететін кестені пайдалану арқылы жүргізуге болады.

Сонан соң сынып болып екі түрде берілген сызбаға талдау жасап оқушыларға сызбаны дұрыс орындау үшін басты проекция ретіндегі проекцияның бірі жоғарыдан қарағандағы көріністің орналасуы қажеттігі түсіндіріледі. Модельдердің көмегімен мұғалім «проекция», «проекцияланатын сәулелер», «байланыс сызықтары» түсініктерінің мәнін ашады.

Келесі міндет – оқушыларда заттың проекциясының екі түрін құрудағы іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Бұл үшін мұғалім оқушыларға кеңістікте түрліше орналасқан цилиндр, конус, үшбұрышты призма, төртбұрышты пирамида, шар және т.б. геометриялық денелерді көрсетеді және сызбада осы заттың үстінен және алдынан қарағандағы түрі қандай болатындығын сұрайды. Дұрыс жауаптан кейін мұғалім тақтаға бір оқушыны шығарып қолмен сызба жұмысын орындауға шақырады. Оқушылардың нақты бірізділікпен жұмыс істей білуге дағдыландыру үшін, мұғалім жаттығуларға дер кезінде жетекшілік етеді, сыныпқа сызбаны құрудың алгоритмін білдіретін сұрақтар қояды:

ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

1. Бөлшектің пішіміне талдау жасаңыздар.

2. Оның басты түрін таңдаңыздар.

3. V және H жазықтығына қатысты бөлшектің орналасуын анықтаңдар.

4. Сызбаның басты түрінің сызылуын анықтаңдар және оны құрыңдар.

5. Форманың жоғарыдан қарағандағы көрінісінің сызылуын анықтау және оны құру.

6. Сызбадағы проекцияның байланысы қандай жолмен жүзеге асырылғандығын анықтау.

Осы аталған тақырып бойынша үшінші сабақ - тәжірибелік жұмыс сабақ түрінде өткізіледі. Сабақтың басында осы тақырыптың өтілген материалы бойынша құрастырылған сұрақтар қойылады. Тақтаның алдында орындалатын тапсырма мынадай мазмұнда болуы мүмкін:

1.Сынып тақтасында бөлшектің екі түрінің суретін көрнекті етіп қолмен сызу.

2.Ол проекцияның формаларының қандай геометриялық денеге ұқсас келетіндігін анықтау.

3.Бөлшектердің сызбасының және көрнекі бейнелерінің сәйкестілігін анықтау.

Сұрақ-жауаптан кейін оқушылар берілген варианттар мен жеке тапсырмалар бойынша А4 форматтағы сызба қағазының парағында орындалатын тәжірибелік жұмыс істеуге кіріседі. Тәжірибелік жұмысқа деген тапсырмалар оншалықты қиын болмауы тиіс. Жұмыс көлемі әдетте сынып тақтасына жазылады: 1) бөлшектің сызбасын құру; 2) өлшемдерін сызу; 3) негізгі жазуларын толтыру.

Сондай-ақ практикалық сабақта бөлшектің алдынан қарағандағы проекциясын сызу, проекциялық аппарат арқылы қарсы жақ беттегі проекцияны жетекшілікке алып, көлденең қарағандағы көріністің проекциясын құру сияқты тапсырмалар да ұсынылады.



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

Тақырыпты одан әрі оқып үйрену барысында - проекциялауды өзара үш перпендикуляр проекцияның жазықтықтағы проекциялалануы қарастырылады. Мұғалім оқушыларға бөлшектің екі түрінің оның пішіні туралы толық түсінік бере алмайтындығын айтып береді. Бұл жағдайда мынадай сұрақ туындайды: Сызбадағы бөлшектің суретін қалай нақтылауға болады? Әдетте оқушылар бөлшектің түрін жанынан құруды ұсынады. Материалды түсіндіру үшқырлы бұрыштың моделін пайдалану арқылы жүргізуге болады. Осындай жолмен алынған сызба заттың үш тікбұрышты проекциясын құрайды. Кешенді сызбадағы V өсінің «қосарлануына» ерекше назар аударылады.

Одан әрі оқушылардың назарын проекциялар байланыстарына аудару қажеттігі туындайды. Оқушыларға сынып тақтасында геометриялық денелердің проекциясын құру және анықтау ұсынылады. Материалды барынша белсенді түрде меңгеруді қамтамасыз ету үшін оқу диалогы қолданылады. Мұғалім оқушыларға мынадай сұрақтар беруі мүмкін: бөлшектің геометриялық пішініне талдау жасаңдар. Бөлшектің жоғарыдан және сол жағынан басты түрін таңдаңдар? Бұл сабақтағы тәжірибелік жұмыс бір немесе екі вариант бойынша орындалуы мүмкін. Келесі сабақтарда материалды бекіту іс әрекеттері жасалып, заттардың пішінін талдау, т.б. сызба жұмыстары бойынша түрлі жаттығулар орындалады. Бұл кездегі тапсырманың күрделілігі арта түседі.

Оқыту әдістемесінің бұл берілген варианты бойынша оқушылардың тапсырманы орындау барысында, оқытудың барлық кезеңдерінде оқушылардың ойлау белсенділігі, шығармашылық белсенділіктерін арттыру міндеттер шешіледі. Екінші вариант - проекцияның өзара үш перпендикуляр жазықтығына біртіндеп затты проекциялауға оқушылар үйретіледі, мұғалім мен оқушылар үшқырлы бұрыштың бірдей модельдері мен проекцияланатын бөлшегімен жұмыс істейді.

Сызатын материалды жоспарлау мына төмендегіше болуы мүмкін:

1. Проекциялау тәсілдері. «Қыстырғыш» бөлшегінің жазба көрінісінің сызбасын орындау.

2. Зат формасын өзара перпендикуляр үш жазыққа проекциялау.

3. Формасы геометриялық денелердің жиынтығынан құралған бөлшектің сызбасын құру.

ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

4. Формасы геометриялық денелердің «жиынтығы» ретінде қарастырылған бөлшектің сызбасын орындау.

5. Бөлшектердің сызбасын орындаудың тәжірибелік жұмыстары.

Бірінші сабақта жазықтықтағы проекцияны, проекциялық аппарат элементтері мен проекциялау тәсілдерін алу процесі қарастырылады. Бұл материал бірінші варианттағыдай көлемде және бірізділікпен берілуі мүмкін . Сонан соң оқушылар «Тиек» бөлшегінің жазба сызбасын орындайды.

Сабаққа дайындалу кезінде мұғалім мен оқушыға сабаққа қажетті көрнекілік құралдарды қолдану жағы жақсы ойластырылған болуы тиіс. Сабақта мұғалім үшін үшқырлы бұрыштың моделі, «Тиек» бөлшегі, геометриялық денелер; ал оқуышларға «Тиек» бөлшегінің моделі, қағаз, қайшы қажет болады. Енді оқу үдерісін ұйымдастыруды қарастырайық.

Үш проекцияны пайдалану қажеттігі мен дұрыстығын көрсету үшін, оқушыларға күрделі тапсырма берілуі мүмкін. Сонан соң заттың сұлбасы көрсетілетін үш өзара перпендикуляр проекцияның жазықтығы туралы түсініктер беріліп, кейіннен олардың белгіленуіне, кеңістіктегі орналасуына талдау жасалады.

Сонан соң сабақ барысында мұғалімнің басшылығымен оқушылар сызба қағаздың парақтарына үш қырлы бұрыштың жеке моделі бойынша, жазықтығын белгілеу, осін, координатының басталуын және бөлшектің үшқырлы бұрыш моделін проекциясын орналастыру керектігі туралы тапсырма ұсынылады.

Бұдан кейін оқуышыларға проекциялаудың басты ережелерінің бірін - үшқырлы бұрыштың жазықтықтағы проекциясының проекцияланып отырған заттың қырларына параллельдігі туралы түсіндірілуі тиіс. Сонан соң мұғалім көрсетуімен, оқушылар өздерінің модельдерін проекциялауға кіріседі. Келесі кезең – бөлшектің толық проекциясын алу және олардың өзара байланысын белгілеу болып табылады. Мұғалімнің басшылық етуімен оқушылар үшқырлы бұрыштың моделін жазып, сонан соң нүктелерін қосып, «Тиек» бөлшегінің проекциясының кескінін алады. Осыдан кейін мұғалім фронталь, горизанталь, профиль проекцияларының берілген заттың қарсы алдынан, үстінен, бір қырынан алынған бейнесі екендігін түсіндіреді.



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

Сабақтың келесі кезеңі - оқушыларда жеке тапсырмалар бойынша заттың проекциясын құру дағдысы мен шеберлігін сызу бағытындағы іс әрекеттер болып табылады. Осыған сәйкес жұмыс істеу үшін оқушыларға түрлі геометриялық денелердің (призма, пирамида, цилиндр және т.б.) моделін таратып беріледі және геометриялық денелердің проекциясын үшқырлы бұрыштың жазықтықтарына құру ұсынылады.

Оқушылардың жұмыстарын бірізділігін қадағалауы үшін, мұғалім оларға қосымша бағыт беретін сұрақ бере отырып, жетекшілік етуі тиіс. Сызбаны құрудың алгоритмін ашу оқушыларға үшін мынандай сұрақтар қойылады: зат проекцияның жазықтығына қатысты қалай орналасады? Затты үшқырлы бұрыштың жазықтығына қалай кескіндеуге болады? Үшқырлы бұрыштың жазықтығына проекцияның кескінін қалай құруға болады? және т.б.



Дәрісбаян. Оқушылардың графикалық жұмысты орындауын ұйымдастыру

Оқушылар графикалық жұмысты орындау кезінде, мұғалім жеке оқушылармен жұмыс жүргізеді. Сынып тақтасы арқылы ортақ қателерді табуға, ортақ қателерді жөндеуге, бүкіл сыныптың назарын аударарып отырады. Жұмысты аяқтау кезеңіне орындалған тапсырманың дұрыстығын тақта арқылы көрсетеді. Мұғалім оқушыларды кезекпен тақтаға шақырып, оларға құрылған кескіндердің суретіне ауызша сипаттама беруді ұсынады. Әрбір берілген жауапты сәйкес келетін геометриялық дененің сызбасын көрсетумен жалғастырып отырады. Соның нәтижесінде, оқушылар бірінші жаттығуды орындау барысында көрнекілікке сүйене отырып, заттың сызбасын алу жолдарын меңгереді.

Келесі міндет – оқушыларға ұсынылатын көрнекілік дәрежесін азайта отырып, заттың сызбасын құруға үйрету болып табылады. Мұғалім оқушыларға бөлшектерді беріп, бөлшекті үшқырлы бұрыштың моделіне сыйдыруды ұсынады және дәптерде олардың сызбасын құруға тапсырма береді. Мұғалім оқушылардың жұмысын , сызбаны құру кезеңін өз

ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

беттерімен орындайтындай етіп төмендегі кезеңдермен ұйымдастырылады: 1.Бөлшектің геометриялық формасын талдау, оның симметриялығын анықтау. 2. бөлшектің алдыңғы жағынан қарағандағы көрінісін құру. 3. бөлшектің үстінгі жағынан қарағандағы көрінісін құру. 4. бөлшектің бөлшектің сол жағынан қарағандағы көрінісін құру.

Сонымен, бұл жұмыс нәтижесінде оқушылар сызбаны құруда белгілі бір бірізділікпен құру қажеттігін үйренеді және кескіннің сызбадағы өзара байланысы мен орналасуын түсінеді және оларды сызу дағдыларын меңгереді.

Сабақтың келесі кезеңі - оқушыларды басты көріністі таңдауға үйрету болып табылады. Сабақ жоспары бойынша сызбаларға талдау жасауды ұйымдастыра отырып, мұғалім оқушылардан геометриялық форма мен бөлшектің құрылысы туралы түсінік беретін көріністі анықтауды өтінеді.

Оқушылардан жауап алғаннан кейін, мұғалім басты көрініс туралы теориялық мәліметтерді хабарлауы тиіс. Оқушылар басты көріністі, сол жағынан және үстінен қарағандағы көрінісін анықтауы тиіс, және де сынып тақтасында талдау жасалынып отырған бөлшектің сызбасын орындауы тиіс. Сабақтың соңында оқушыларға мектеп оқулығы бойынша үй тапсырмасының материалдары беріледі.

Келесі сабақта, өткен материалды қайталағаннан кейін , мұғалім оқушыларға сызбадағы мөлшерлер туралы мәліметтер беруі тиіс, олардың келтірілуінің бірізділігіне : үйлестіруші, сипатты элементтердің мөлшеріне назар аударуларын өтінеді. Сабақтың екінші бөлімі – оқушыларға дәптерге бөлшектің формасы геометриялық денелердің «жиынтығын» білдіретін сызбасын құру бойынша графикалық жұмысты орындау тапсырмасы беріледі.

Оқушыларды аксонометриялық проекциялармен таныстыру

Мектептегі сызу сабақтарын оқытудағы басты оқу проблемаларының бірі оқушыларды аксонаметриялық проекциялармен таныстыру болып табылады.Көрнекі бейнелерді (аксиометриялық кескіндер мен техникалық суреттер) үйрену мен орындауды тікбұрышты кескіндер жүйесіндегі сызбаларды орындаумен және зерттеумен қатар жүргізу қажет.



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

Мектептегі сызу сабақтарында аксонаметриялық кескіндердің екі түрі оқытылады: біріншісі, қисық бұрышты қарсы алдынан диаметриялық кескін; екіншісі тікбұрышты изометриялық кескін. Мұғалім сабақта осы терминдердің мағынасын ашып түсіндіруі тиіс. Оқушылар диметриялық және изометриялық кескіндердің ортақ атпен - аксиометриялық кескін деген атпен бірігетінін білулері тиіс.

Материалды түсіндіру кезінде терминологияны дұрыс пайдалануға назар аудару қажет. Атап айтқанда, «Бөлшектің аксонометриясы» деп атау емес, «Бөлшектің аксонометриялық кескіні» деп айту керек. «Аксонометрия» сөзінің мағынасын «axon» – ось, «metreo» - өлшеймін деген сөздің мағынасын оқушыларға түсіндіру сызу кезінде қате жібермеуден сақтандырады және аксонометриялық кескіндегі бейнелерді салудың мәнін жақсы түсінуге ықпал етеді.

Аксонометриялық кескіндерді құруды көрсететін модельді пайдалана отырып, оқушылардың материалды жақсы түсінуіне қол жеткізуге болады. Қисық бұрышты диметриялық кескінді алу үшін затты оның алдыңғы қырының кескінінің жазығына параллель жататындай етіп орналастыру қажет, ал кескіндеуші сәулені жазықтықтың сүйір бұрышына бағыттау қажет. Егерде затты кеңістікте оның қырлары жазықтыққа бұрышымен қисайтылып орналастырып және оны сәулелерге перпендикуляр кескіндесе ол кезде заттың изометриялық кескіні алынады. Материалды түсіндіру кезінде көрнекті құралдар пайдаланылады.

Оқушыларға диаметриялық және тікбұрышты изометриялық кескіндерді құру тәсілдерін талдап қорытып айтып беру дағдысын қалыптастыру мақсаты олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қатар салыстыра отырып түсіндіруді қажет етеді. Өйткені олардың негізінде ортақ белгілер көп. Мысалы, заттың диметриялық және изометриялық кескінін құру аксонометриялық осьті жүргізуден бастайды, ал сызба негізін құру үшбұрышты сызғыштың көмегімен жүргізу орынды болады. Кейбір жағдайда сызу жұмыстарына бұрышы 45° үшбұрышты сызғыш , ал кей жағдайда бұрышы – 30° және 60° үшбұрышты сызғыштар алынады. Бұл екі аксонометриялық кескіндерді құрудың барысында да бірдей құру, сызу тәсілдері қолданылады.



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

10.Дәрісбаян. Оқушыларды техникалық суретпен таныстыру

Сызу пәнін оқыту саласындағы маңызды сабақтардың бірі техникалық сурет салу сабағы Техникалық сурет дегеніміз машина бөлшегін немесе архитектура бөліктерін сызу құралдарын қолданбай ақ қолмен, заттың жалпы кеңістіктегі көрінісін контур сызықтарымен, көлемін штрихтау арқылы немесе нүктелер көмегімен салынатын сурет.

Техникалық сурет көп жағдайда қолданбалы сипатта болады, яғни, архитектуралық құрылысты, машиналар мен басқа да тұрмыста қолданылатын бұйымдарды жобалау кезінде де бейнелеу құралы болып табылады. Ол әсіресе затты көркем құрастыру мен өнеркәсіп эстетикасында кеңінен қолданылады. Мұндай суреттер жеңіл оқылады және бейнеленген заттың пішіні мен құрастырылымын айқын елестетіп көрсетуге мүмкіндік береді.

Көрнекі бейнелерді қолдан тез және дұрыс орындау үшін оқушыларға сурет салу тәсілін меңгеру кезінде жасаған жаттығулар нәтижесінің тигізер пайдасы зор. Бұл жаттығулардың мақсаты – оқушылардың көзбен өлшеуін дамыту, сурет салушы қолының еркін және жатық қозғалуына дағдыландыру болып табылады.

Техникалық суреттерді тор көзді қағаз бетіне орындау ыңғайлы. Техникалық суреттерді салу барысында аксонометриялық ось жүргізуге ерекше көңіл бөлу керек, өйткені ось сызықтары арқылы кез-келген затты құру басталады. Ось сызықтарын дұрыс сызу аксонаметриялық проекцияны дұрыс құруға негіз болады.Техникалық суреттің ось сызығы мен техникалық суреттердің коррдинат остерінің ара қашықтықтарының градустық өлшемдері шамалас болады. Сызу оқулықтарында осьті торкөз бойынша құру тәсілдері көрсетілген. Оқушылардың жұмысты бірізділікпен орындауын жақсы меңгеруі үшін, мұғалім тақтаға техникалық суреттің бөлшектерін құрудың үлгісін көрнекті етіп сызып көрсетеді.

ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

11.Дәрісбаян. Сызуды оқытудың дидактикалық принциптері

Сызуды жалпы білім беретін мектепте оқытудың дидактикалық принциптері жалпы педагогиканың принциптеріне сүйенеді.Бұл принциптер туралы педагогика курсында толық мәліметтер берілген.Сондықтан сызуды оқытуда басшылыққа алатын негізгі дидактикалық принциптерге тоқталайық.

1.Ғылымилық принципі.Сызу білімдерінің ғылымилығының мынандай үш белгіні қанағаттандыруы, оның сапалық көрсеткіштері болып табылады: біріншіден, сызу білімдерінің мазмұны қазіргі ғылымныың деңгейіне сәйкес келуі; екіншіден, танымның жалпы әдісінің дұрыс екендігіне оқушылар сенімін қамтамасыз ету; үшіншіден таным үрдісінің маңызды заңдылықтарын көрсету. Бірінші шарт бойынша сызу материалдары ғылыми тұрғыдан баяндауды қажет етеді.Егер мектепте оқылатын сызу пәні материалдарының теориялық дәрежесі жоғары болып, ұғымдардың анықталуы мен сөйлемдердің тұжырымдалуы олардың мазмұнын дел, толық және дұрыс ашып беретіндеу болса, ал дәлелдеу үдерісі баянды және жүйелі жүргізілсе, сонда ғана ғылымилық принцип орындалады.

Екінші шарт бойынша оқытудың ғылымилық принципі ғылыми таным жөніндегі білімді талап етеді. Бұл білімнің ғылымилығының қажетті шарты ғана болып табылады.Сондықтан бұл оқушылардың таным үдерісі жөніндегі ұғымдарын қалыптастыруға жеткіліксіз. Сызуда ғылыми танымның тиімді әдістерінің бірі болып, қарастырып отырған құбылыстың немесе үдерістің кеңістіктегі моделін құрастыру болып табылады. Ғылымның әр саласында модельдеу әдісі кең түрде қолданылады. Оқытудың ғылымилық принципі бойынша оқушыларда таным үдерісі және оның заңдылықтары жөніндегі ұғымдарының қалыптасуын талап етеді.Бұл айтылған ғылыми принциптің шарттарын іске асыру үшін оқу үдерісінде проблемалық оқыту және әр түрлі зерттеу әдістерін кеңінен қолдану қажеттігі туындайды.

2.Сызуды оқытудағы көренкілік принципі.Ол оқушылардың оқу материалдарын қабылдау, талдау және жалпылау үдерісінің мәнінен туындайды.Оқу үдерісінде көрнекіліктер түрлі фунцияларды атқарады. Сызу сабығында қолданылатын көрнекті құралдар қатарына геометриялық фигуралар, машина бөлшектерінің үлкен немесе кіші өлшемдегі моделдері, таблицалар, кестелер, оқу диафильмдері, аудио-визуальдық аппаратуралар, интерактивті тақталар, кинофильмдер, теледидар, т.б. құрал жабдықтарды

ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

қосуға болады. Бұл жерде ескереті бір жай оларды орнымен ғана қолдану қажеттігін ескерудің маңызы зар. Мысалы, проекциялаудың алғашқы сабақтарында фигуралардың ір түрлі моделдерін көрсету оқушылар үшін пайдалы болса, кейінірек олардың кеңістік қиялын дамытуға кері әсерін тигізуі мүмкін, яғни сызуды оқытуда нақты көрнекілік біртіндеп абстрактылық көрнекілікке ауыстырылуы тиіс.

3.Сызуды оқытудағы саналылық және белсенділік принципі.Бұл принцип сызбалардың қоғамдағы орын, проекциялардың, сызықтар түрлерінің, қимының, тіліктің, әріптерді жазудың, стандарттың не үшін қажеттігін саналы түрде танып біліп, оларды саналы түрде түсініп, саналы түрде сызу қажеттігін көрсетеді.

4. Сызуды оқытудағы білімнің берік болу принципі. Сызуды оқытудағы білімнің беріктілік принципі.Сызуды үйретуде оқушылардың білім, іскерліктері мен дағдыларының берік болуы үшін мұғалім өткен материалды білікті түрде ұйымдастыра біліуі қажет. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың жүйелілігіне айрықша мән беру керектігін көрсетеді.

5.Сызуды оқытудағы жүйелілік және реттілік принципі.Сызуды үйретудегі жүйелілік оқу материалдарын белгілі бір тәртіппен орналастырып, сызу курсындағы негізгі ұғымдар мен қағидаларды біртіндеп меңгертуді көздейді. Сызу білімдерін негізгі және қосалқы бір жүйеге келтіре отырып меңгертуде көңіл бөлінеді.

Сызуды оқытудағы реттілік принципі бойынша оқыту қарапайымнан күрделіге, елестетуден ұғымға, белгіліден белгісізге өтуге, білімнен біліктілікке, одан дағдыға өту бағытында жүргізілуі тиіс.Бұл принципті жүзеге асыру үшін мұғалім сызуды оқытудағы оұу материалын басұыштар тізбегі түрінде орналастыруы тиіс.Келесі басқыш бірінші басқыштағы білімді, дағдыларды толықтырып, шәкірттердің жаңа білім мен дағдылардың деңгейіне көтерілуіне негіз болуы бағытында жүргізіледі.

6.Сызуды оқытудағы түсініктілік принципі.Сызуды оқытудағы түсініктілікті білім алуды барынша жеңілдету деп түсінуге болмайды.Түсініктіктің дидактикалық мәні шәкірттердің жас ерекшеліктеріне қарай берілетін білім мен үйретілетін сызбалар тым қиында, аса жеңіл де болмауы тиіс.Сызуды үйрену барысында оқушылар өздерінің білімдері мен сызу қабылеттеріне лайық қиындықтарды жеңсе, өз күшіне сенім пайда болады, сызуға деген құштарлық пайда болады.



ПОЭК 042-33.1. 69/03-2014

№1 Редакция 03.09.2014

22 Беттің 2-ші

Дидактикалық принциптер өзара бір бірімен тығыз байланысып, біртұтас жүйе құрайды. Көрнекілік құралдарын шебер пайдалану оқытудың түсініктілігін арттырады.Сызуды оқытуда жүйелілік пен реттілік принциптерін қатаң сақтау сызуды оқытуды біртіндеп қиындату принципіне ұштасады, ал ол түсініктілік принципін жемісті түрде жүзеге асыруға мүмкүндік береді.

5 ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІЛІМІ

Өздік жұмыстар тәжірибелік сабақта бастаған графикалық жұмыстаны аяқтау.

5.1 Бекіту бөлшектерін сызбасы.

5.2 Бұрандамалы және ұстастырмалы біріктіру.

5.3 Тетікбөлшектің сызбасын орындау.

5.4 Тісті дөңгелектің эскизі.

5.5 Цилиндрлі тісті берілістің сызбасы.

5.6 Конысты тісті берілістің сызбасы.



5.7 Қырқаяқты тісті берілістің сызбасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет