ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «жалпы химия»


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет16/21
Дата08.07.2018
өлшемі6,04 Mb.
#48736
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Электролиз деген не?

2.Анод және катодта жүретін процестерді түсіндіріңдер.

3.Металды рафинадтау деген не? Ол қалай жүреді?

4.Электролиз заңдары?

10 Зертханалық сабақ


Металдар коррозиясы
Жұмыстың мақсаты: Электрохимиялық коррозия жылдамдығына әр түрлі факторлар әсерін көру.
1 Тәжрибе. Хлор-ионының коррозияны жылдамдатуы.

Екі пробиркаға 6 мл мыс сульфатын, 2 мл күкірт қышқылын құйыңдар. Бір пробиркаға 5 мл натрий хлоридін құйыңдар. Екі пробиркаға да алюминий сымын батырыңдар. Қай пробиркада газ интенсивті бөлінеді?

Анодтық, катодтық және жалпы процестердің теңдеулерін жазыңдар. Реакция жылдамдығына хлор-ионының әсерін түсіндіріңдер.

2 Тәжрибе. Оттегінің концентарциясына байланысты коррозия.

Болат пластинканы наждак қағазымен тазалаңдар. Кранның астына қойып жуыңдар. Фильтр қағазымен сүртіп кептіріңдер. Содан кейін таза пластинканың бетіне мынандай ерітінділер: натрий хлориді, калий гексацианоферрат (ІІІ) және фенолфталеин қоспасынан тұратын ерітіндіні тамызыңдар. 3-5 минут уақыттан соң тамшының ортасында көк түсті, ал шетінде қызыл түсті ерітінділер пайда болады. Тамшының арасында гальваникалық элемент түзіледі. Тамшының ортасында оттегі аз болғандықтан анодтық, шетінде оттегі көп болғандықтан катодтық зона пайда болады. Тамшының ортасында темір екі валентті ионға тотығады, сондықтан турнбулевая синь (көк түсті) пайда болады. Тамшының шетінде судың әсерімен оттегі тотықсызданып, гидроксид-ион түзеді, сондықтан фенолфталеин қызылға боялады.

Катодтық және анодтық процесстердің теңдеуін жазыңдар: Ғе2+ және ОН- иондарын анықтау реакцияларының және темірдің тат басу (ржавчина) реакциясының теңдеуін жазыңдар.

3 Тәжрибе. Металдарды коррозиядан протектор әдісімен қорғау.

Пробиркаға сүйытылған сірке қышқылын құйыңдар. Оған бірнеше тамшы калий иодиді ерітіндісін тамызыңдар, бір-бірімен контактқа келтіріп мырыш және қорғасын пластинкаларын батырыңдар.

І- ионы Pb2+ ионына индикатор болып саналады. PbІ2 сары түсті тұнба. Салыстыру үшін басқа пробиркаға осы ерітінділерді құйып, тек қорғасынды салыңдар. Қай пробиркада қорғасын иодиді тез түзіледі? Pb – Zn гальваникалық элементтің схемасын жазыңдар. Қай металл протектор болып саналады?
4 Тәжрибе. Коррозия жылдамдығына ингибитор әсері.

Екі пробиркаға 5-6 мл күкірт қышқылын құйыңдар. Әр пробиркаға жұқа темір пластинкасын салыңдар. Бір пробиркаға уротропин не басқа ингибитор қосыңдар. Ингибитордың коррозия жылдамдығына әсерін қорытындылаңдар.


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Металдар коррозиясы деген не?

2.Коррозияның қандай түрлерін білесіңдер?

3.Электрохимиялық коррозияның химиялық коррозиядан айырмашылығы неде?

4.Коррозиялық микрогальвани элементтері неге пайда болады?

5.Қандай факторлар коррозия жылдамдығына әсер етеді?

6.Металдарды коррозиядан қорғау әдістері.Қысқаша әр әдісті сипатта.

7.Қандай заттарды ингибиторлар деп атайды?

11 Зертханалық сабақ
Комплексті қосылыстар
1 Тәжрибе. Тетраамин мыс (ІІ) сульфаты комплекс қосылысын алу және оны зерттеу.

Екі пробиркаға 5 мл 1 н мыс сульфатын құйыңдар. Бір пробиркаға 2 тамшы барий хлоридін құйыңдар, екінші пробиркаға гранулды қалайы (Sn) салыңдар. Бірінші пробиркада тұнба пайда болғанын, екінші пробиркада қалайының бетінде мыс бөлінгенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.

Үшінші пробиркаға 5-7 мл мыс сульфатын құйып, біртіндеп 25% -аммиак ерітіндісін құйыңдар. Басында ақ тұнба (негіздік мыс сульфаты) пайда болады, ол біртіндеп ериді. Ерітінді түсі көкке боялады, яғни мыс (ІІ) тетраамин сульфаты комплексі пайда болады. Теңдеулерін жазыңдар. Бұл комплекс қосылысты екіге бөліп, біреуіне барий хлоридін тамызыңдар, екіншісіне қалайы тастаңдар. Тұнба түзіледі ме? Мыс бөлінеді ме? Неге?
2 Тәжрибе. Аниондық комплекс қосылыс.
Пробиркаға 3-4 мл висмут нитраты ерітіндісін құйыңдар. Тамшылап калий иодиді ерітіндісін бурыл тұнба болғанша құйыңдар. Содан кейін бұл тұнба ерігенше (висмут иодиді) калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған қосылыстың формуласы: ВіІ3*КІ.Оны комплекс қосылыс ретінде жазыңдар, оның диссоциациясын көрсетіңдер.
3 Тәжрибе. Катиондық комплекс қосылыс.
Пробиркаға 3-4 тамшы никель сульфаты ерітіндісін құйып, оған күйдіргіш натр ерітіндісін тамызып, никель гидроксиді тұнбасын алыңдар. Тұнбаның үстіндегі сұйық ерітіндіні төгіп, тұнбаға 25%-аммиак құйып, ерітіңдер. Реакциялар теңдеуін жазыңдар. (Комплекс қосылыста никельдің координаталық саны 6-ға тең) комплекс қосылыстың диссоциациясын жазыңдар.
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:



  1. Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.

  2. Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.

  3. Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?

  4. Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?

[Co(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?

12 Зертханалық сабақ



ІА,ІІА топ элементтері
1 Тәжрибе. Натрий мен калийдің ауада тотығуы.Пинцетпен керосиннің астындағы металдың (калий немесе натрий) аз мөлшерін банкадан алып, фильтр қағазына қойып, пышақпен кесіңдер (металдарды қолдарыңмен ұстамаңдар). Металдың кесілген жері неліктен тез жылтырынан айрылды? Теңдеу жазыңдар.
2 Тәжрибе. Натрий карбонаты мен гидрокарбонатының гидролизі.

Үш пробиркаға 6-7 см3 дистильденген су құйыңдар. Әрқайсысына 1-2 тамшыдан лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға бірнеше натрий карбонатының кристалдарын, екіншісіне осынша натрий гидрокарбонатын салыңдар. Үшінші пробирканы салыстыруға қалдырыңдар. Пробиркалардағы ерітінділерді араластырғаннан кейін үшінші пробиркадағы ерітінді түсімен салыстырыңдар. Реакция теңдеулерін иондық және молекулалық түрде жазыңдар. Неге пробиркалардағы (№1 және №2) ерітінділер түсі әртүрлі?


3 Тәжрибе. Натрий хлориді ерітіндісінен электролиз арқылы натрий гидроксидін алу.

Натрий хлориді ерітіндісін электролиздеңдер. Анодта қандай газ бөлінеді? Катодтың жанындағы ерітінді ортасы қандай екенін тәжірибе арқылы анықтаңдар. Электролизпроцессінің теңдеуін жазыңдар.

4 Тәжрибе. Кальцийдің сумен әрекеттесуі.

Пробирканың 1/3 дейін су құйып, пинцетпен кальций металының аз мөлшерін салыңдар. Қандай газ бөлінеді? Су неге тұнбаланады? Суға фенолфталеин тамшылатып, ерітіндіде ОН- -ионы пайда болғанын дәлелдеңдер. Фенолфталеин түсі қалай өзгереді? Кальцийдің сумен әрекеттескен реакция теңдеуін жазыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты айтыңдар.

5 Тәжрибе. Аз еритін магний тұздарын алу.

Пробиркаға 2-3 мл магний тұзының ерітіндісін құйып, оған магний гидроксокарбонатының тұнбасы түзілгенге дейін сода ерітіндісін құйыңдар. Газ бөлінгенін байқаңдар. Бұл түзілген негіздік тұздың хлорлы сутек қышқылымен әрекеттесуінің теңдеуін жазыңдар.Магний гидроксокарбонатының түзілуінің теңдеуін жазыңдар.



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Кальций мен магнийдің қандай қосылыстары суды кермектендіреді? Су кермектігін қалай жоюға болады?

  2. Бірдей жағдайда мына тұздардың Ве(NO3)2, Mg(NO3)2 қайсысы гидролизге көбірек ұшырайды? Тұздардың гидролиздерінің иондық теңдеулерін жазыңдар

  3. Be – Mg – Ca – Sr – Ba қатарындағы элементтердің химиялық активтігі оттегіне, фторға және азотқа қалай өзгереді? Теңдеулерін жазыңдар.

  4. Кальций мен магнийді оксидтерінен тотықсыздандыру арқылы алу үшін қандай жағдайлар керек?

  5. Өндірісте кальций мен магнийді қалай алады?

  6. Кальцийді оның оксидінен алюминий арқылы тотықсыздандырып алуға бола ма? Реакцияны Гиббс энергиясын есептеу арқылы дәлелдеңдер.

  7. Магний ауада жанғанда қандай заттар пайда болады? Бұл заттардың сумен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар.

  8. Магнийдің көміртегі диоксидінде жануының ∆G298 есептеңдер. Реакция өздігінен жүре ала ма?

  9. ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің валенттілігі І не ІІ көп болатын қосылыс түзе ала ма?

  10. Са, Sr, Ba элементтері неге сілтілік жер металдары деп аталады?

13 Зертханалық сабақ



Алюминий,қалайы,қорғасын,темір қосылыстары
1 Тәжрибе. Алюминийдің қышқылдармен әрекеттесуі.

Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылының, күкірт және азот қышқылдарының ерітінділерін және үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылының ерітінділерін құйыңдар. Әр пробиркаға алюминий фольгасын салыңдар. Суық күйінде барлық пробиркада да реакция жүре ме? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Нені байқадыңдар? Реакциялар теңдеуін жазыңдар. Сұйытылған азот қышқылымен алюминий әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Сұйытылған күкірт, тұз қышқылымен әрекеттескенде ше? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қыздырған кезде концентрлі азот қышқылы азот диоксидіне дейін, концентрлі күкірт қышқылы бос күкіртке дейін (қыздырғанда) суық күйінде күкіртті газға дейін тотықсызданады. Тұз қышқылының концентрациясы оның алюминиймен әрекеттесуіне әсері бар ма?


2 Тәжрибе. Алюминийдің сулы ерітіндіде еруі.

Алюминий фольгасын пробиркаға салып, үстіне 3-4 см3 су құйыңдар. Пробирканы су моншасында қыздырыңдар. Сутегі бөліне ме? Пробиркаға 4-5 см3 2 н натрий гидроксидін құйыңдар: Сутегі жақсы бөлінеді. Реакция мына кесте бойынша жүреді: Al2O3+NaOH + H2O → Na3[Al(OH)6]

Al + H2O → Al(OH)3 + H2

АІ(OH)3 + NaOH → Na3[Al(OH)6]

Бұл реакциялардағы коэффициенттерді қойыңдар.

3 Тәжрибе. Алюминий гидроксиді,оны алу,қасиеттері.

Екі пробиркаға 2-3 см3 алюминий тұзының ерітіндісін құйып, оған 2-3 см3 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тұнба түскенге дейін құйыңдар. Бір пробиркадағы тұнбаға 3-4 см3 2 н тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар, екіншісіне сонша 2н натрий гидроксидін құйыңдар.

Екі пробиркадан да нені байқадыңдар? Алюминий гидроксидінің қасиеті туралы қорытынды жасаңдар. Алюминий гидроксидін алу реакциясының және оның тұз қышқылы мен натрий гидроксидімен әрекетесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Al(OH)6]3- комплекс анионы түзіледі. Алюминий гидроксидінің диссоциациясының тепе-теңдігінің кестесін жазыңдар. Al3+ және [Al(OH)6]3- иондарының концентрациясы қышқыл құйғаннан, сілті құйғаннан қалай өзгереді?

4 Тәжрибе. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі.

Алты пробиркаға қалайының кішкене бөлшектерін салыңдар. Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылын, азот және күкірт қышқылдарының ерітіндісін құйыңдар, ал үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылдарының ерітінділерін құйыңдар. Реакциялар суық күйінде қалай жүреді? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Қыздырған кезде реакциялар қалай жүреді?

Қалайы сұйытылған азот қышқылымен әрекеттескенде NO газы бөлінді, ал қалайы Sn2+ ионына айналады. Қалайы сұйытылған тұз қышқылымен, күкірт қышқылымен әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Қалайы концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде Sn4+ ионына дейін тотығады, ал күкірт қышқылы SO2 газға дейін тотықсызданады. Қалайы концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде ақ тұнба β-қалайы қышқылын түзеді /хSnO2yH2O/, ал азот қышқылы NO2 газына дейін тотықсызданады. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
5 Тәжрибе. Қалайы мен қорғасынның гидроксидтері және олардың қасиеттері.

Екі пробиркаға 2-4 см3 қалайы (ІІ) хлоридінің ерітінділерін, екі пробиркаға азот қышқыл қорғасын тұзын құйыңдар. Бұл пробиркаға тұнбалар түзілгенге дейін 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатыңдар. Алынған гидроксидтердің қасиеттерін зерттеңдер: қалайы гидроксиді мен қорғасын гидроксиді тұнбаларына 2н натрий гидроксидін құйып, тұнбаны ерітіңдер. Келесі екі пробиркаға, яғни қорғасын гидроксидіне сұйытылған азот қышқылын құйыңдар /неге тұз қышқылы не күкірт қышқылын құюға болмайды/ қалайы гидроксидіне сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. Тұнбаларды ерітіңдер. Тәжірибелер нәтижесінен бұл гидроксидтердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар. Гидроксидтер диссоциациясын жазыңдар, олардың сілтіде, қышқылдарда еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Sn(OH)4]2- және [Pb(OH)6]4- комплекс иондар түзіледі.


6 Тәжрибе. Қорғасының (ІІ) тұздарының гидролизі.

Пробиркаға 2-3 кристалл қорғасын нитратын салып, 4-5 см3 су құйыңдар. Кристалдарды толық ерітіп, лакмус ерітіндісін тамшылатыңдар. Нені байқадыңдар? Қорғасын нитраты ерітіндісінің реакция ортасы қандай? Ерітіндіні аздап қыздырып, оған натрий карбонаты ерітіндісін 4-5 см3 қосыңдар да, тағы қыздырыңдар. Мынандай қосылысқа сәйкес келетін 2PbCO3∙Pb(OH)2 тұнба түзіледі. Алынған тұзды қандай қышқылда ерітуге болады? Қорғасын нитраты гидролизінің бірінші сатысын жазыңдар. Натрий карбонаты бұл процеске қалай әсер етеді?



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:
1.Алюминийдің, қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?

2.Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.

3.Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

4.Алюминий, қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.

5.Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Әлсіз тотықсыздандырғыш пен күшті тотықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

14 Зертханалық сабақ


УА,УІА тобы элементтерінің қосылыстары.

1 Тәжрибе. Аммиактың тотықсыздандырғыштық қасиеті.

Үш пробиркаға мына заттардың ерітінділерін 3-4 см3 құйыңдар: а)бром суын; б)калий перманганатын; в)калий дихроматын. Әр пробиркаға 3-5 см3 концентрлі аммиак ерітіндісін қосыңдар. Барлық пробиркадағы ерітінділердің түрлері өзгергенге дейін аздап қыздырыңдар. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Аммиак молекулалық азотқа айналады. KMnO4 MnO2-ге дейін, ал K2Cr2O7 Cr2O3-ге дейін тотықсызданады. Ерітінділер түсі қалай өзгереді?

2 Тәжрибе. Аммоний тұздарының гидролизі.Үш пробиркаға 5-6 см3 лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға аммоний хлоридінің, екіншісіне – аммоний нитратының, үшіншісіне – аммоний ацетатының 2-3 кристалдарын салыңдар. Әр ерітіндіні шайқаңдар. Барлық жағдайда лакмус түсі қалай өзгереді? Гидролиз реакцияларының теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

3 Тәжрибе. Нитридтердің тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш қасиеттері. Үш пробиркаға 3-4 см3-тен мына ерітінділерді құйыңдар: біріншісіне – калий иодидін, екіншісіне – калий перманганатын, үшіншісіне – калий дихроматын. Барлық пробиркаға 2-3 см3 күкірт қышқылының ерітіндісін және 4-5 см3 калий нитритінің ерітіндісін құйыңдар.Әр жағдайдағы ерітінді түсінің өзгергенін байқаңыз. Пробиркаларда өткен реакциялар теңдеулерін жазыңдар: бірінші пробиркада калий нитриті NO-ға дейін тотықсызданады, екіншісіне калий перманганаты марганец (ІІ) сульфатына өтеді, үшіншісіне – калий бихроматы хром (ІІІ) сульфатына өтеді. Екінші және үшінші пробиркаларда калий нитриті қандай қосылысқа айналады? Нитрит қай жағдайда тотықтырғыш, қай жағдайда тотықсыздандырғыш болды? Неге нитриттер осындай қасиеттер көрсете алады?

4 Тәжрибе. Фосфор тұздарының гидролизі.

Үш пробиркаға 5-6 тамшы лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробирканы салыстыруға қойыңдар. Екінші пробиркаға 3-4 натрий фосфатының кристалын, үшінші пробиркаға сонша натрий дигидрофосфатын салыңдар да жақсылап араластырыңдар. Тұздарды ерітіңдер. Лакмустың түрлерін салыстырыңдар. Натрий фосфатының гидролизінің І сатысының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

Кдисс НРО42- =4,5∙10-12 КН3 РО4 =7,9∙10-3

5 Тәжрибе. Металдардың ортофосфаттары.

а)Кальцийдің гидрофосфатын алу.Пробиркаға 4-5 тамшыдан кальций хлориді мен натрий гидрофосфатының (Na2HPO4) ерітінділерін тамызыңдар. Қандай түсті тұнба түзілді? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

б)Темір (ІІІ) мен алюминийдің фосфаттарын натрий ацетаты қатысуымен тұнбаға түсіру.Екі пробиркаға 3-4 тамшыдан мына ерітінділерді құйыңдар: бірінші пробиркаға- темір (ІІІ) хлоридін, екінші пробиркаға алюминий хлоридін не сульфатын. Әр пробиркаға 2-3 тамшы натрий ацетатын және натрий гидрофосфатының (Na2HPO4) ерітінділерін құйыңдар. Тұнбалар түсі қандай?Натрий ацетаты буферлік орта жасайды, сондықтан бұл металдардың ортофосфаттары тұнбаға түседі. Бұл тұнбалар сірке қышқылында ерімейді. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:


  1. Азот молекуласының химиялық инерттілігін түсіндіріңдер.

  2. Азот табиғатта бос күйінде және қосылыста кездеседі, ал фосфор тек қосылыстарда ғана кездеседі. Неге?

  3. Өте таза азотты натрий азидін қыздырғанда оның айрылу реакциясы арқылы алады, онша таза емес азотты аммоний нитратының айрылу реакциясы арқылы алады: а)осы процесстердің ΔН0 298 және ΔS0 298 есептеңдер; б)бұл процестер қайтымды ма, әлде қайтымсыз процестер ме?

  4. Азот оттегінде тотыққанда қай оксиді түзіледі. Неге?

  5. Зертханада аммиакті алу реакциясының теңдеуін жазыңдар.

  6. Сұйық аммиактың өздігінен ионизациялануының теңдеуін жазыңдар.

  7. а)азотқа; б)аммоний тұзына; в)азот қышқылына; г)алюминий нитридіне қандай затпен әрекеттестіріп, аммиак алуға болады? Осы реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.

  8. Аммиак молекуласында, аммоний ионында неше байланыс бар және олар қандай типке (ковалентті ме, ионды ма, донорлы-акцепторлы ма) жатады? Аммиак пен хлорлы сутектен аммоний хлоридінің түзілуін түсіндіріңдер.

  9. а)Концентрлі азот қышқылының күміспен, фосформен әрекеттесу реакциясының; б)сұйытылған азот қышқылының мыспен, магниймен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.

  10. 1 кг гидразин жанғанда қанша жылу бөлінетін есептеңдер.

  11. Азот пен фосфордың тыңайтқыш ретінде қолданылатын қосылыстарын атаңдар.

  12. 1,5 г фосфор тотыққанда 3,43 г оксид түзілсе, фосфор оксидінің формуласы қандай болады? Фосфор оксидінің буының сутегі бойынша тығыздығы 142,1. Жауабы: Р4О10

  13. К2НРО4 ерітіндісінің гидролиздену дәрежесін есептеңдер. С=0,06 моль/л.

  14. К2НРО4 гидролизі реакциясының теңдеуін жазыңдар. Ерітінді ортасын көрсетіңдер.

  15. Табиғи кальций фосфатынан фосфорды алғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

  16. Мына қышқылдардың эмпириялық және графикалық формулаларын жазыңдар: а)фосфор қышқылы; б)дифосфор қышқылының. Фосфордың тотығу дәрежесін анықтаңдар.

15 Зертханалық сабақ



УІІ-А тобы элементтері.
1 Тәжрибе. Галогендердің тотықтырғыш қасиеттері.

а)ҮІІІ пробиркаға 3-5 тамшыдан хлорлы, бромды, иодты суды құйыңдар: Хлорлы суға ерітінді лайланғанға дейін бірнеше тамшы күкіртті сутек ерітіндісін құйыңдар: бромды және иодты суға магний не алюминий ұнтақтарын салыңдар. Ерітінділерді жақсылап шайқаңдар. Ерітінділер түссізденеді. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Галогендер қандай қасиет көрсетеді?

б)Екі пробиркаға 3-5 тамшы бромды және иодты құйыңдар. Екі пробиркаға да 1-2 кристалл темір (ІІ) сульфатын (Мор тұзы- (NH4)2SO4∙FeSO4∙6H2O) салыңдар. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай жағдайда Fe2+ -тотықпады? Неге? Хлорлы су Fe2+ тотықтыра ала ма? Е0Cl2/2Cl-, Е0Br2/2Br-, E0I2/2I- салыстырыңдар.
2 Тәжрибе. Галогендердің тотықсыздандырғыш қасиеттері.

Үш пробиркаға 2-4 мл калий дихроматын құйыңдар, оған 2-3 тамшы күкірт қышқылын (2н) тамызыңдар. Бірінші пробиркаға 2-3 тамшы калий иодидін, екінші пробиркаға калий бромидін, үшінші пробиркаға натрий хлоридін құйыңдар. Ерітінділерді араластырыңдар. Қай жағдайда дихромат тотықсызданбады? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Калий дихроматы хром (ІІІ) сульфатына айналады.

2 Тәжрибе. Галогенид-иондарына тән реакциялар.

AgCl, AgBr, AgI тұнбалары түзілуі – галоген-иондарына реакциялар. Алмасу реакциялары арқылы бұл тұнбаларды алыңдар. Керек ерітінділерден 4-5 тамшы алыңдар. Әр пробиркаға 2-3 тамшыдан 2 н азот қышқылын құйыңдар. Азот қышқылының әсерін көрсетіңдер.



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.ҮІІ топтың негізгі топшасының элементтер атомдарының электрондық кон фигурациясын жазыңдар. Бұл элементтердің валенттіліктерін көрсетіңдер.

2. Галогендердің зертханада және өндірісте алу жолдарын көрсетіңдер


  1. НГ қышқылының ішінде неге НҒ ең әлсіз қышқыл?

  2. Г- анионын ерітіндіден табу үшін қандай катион қолданылады?

  3. HClO, HClO4, HClO3, HClO4 қышқылдары үшін олардың беріктіліктері, тотықтырғыш қасиеттері және қышқылдық күші қалай өзгереді? Бұл сұраққа жауап беру үшін қандай мәндер керек?

  4. Галогендерді қай жерде қолданады?

  5. Иод қай тотығу дәрежесінде тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Бұл қосылыстардың формуласын жазыңдар.

  6. Хлордың +1, +3, +5, +7 тотығу дәрежесіне сәйкес келетін оксидтері мен қышқылдарының формулаларын жазыңдар. Оларды атаңдар.

  7. Хлорлы сутек қышқылы қай металдармен әрекеттеседі? Қышқылдың концентрациясы әсер ете ме?


Студенттердің өздік жұмыстарына арналған тапсырмалар.
Студенттердің өздік жұмыстарына тапсырмалар

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ )



  1. Көрсетілген гидроксидтердің қайсысы негіздік тұздар түзе алады:

А) Cu(OH)2; B)Ca(OH)2; C)LiOH; D)Al(OH)3; E)KOH?

9. P2O5 қай қышқылдың ангидриді:

А) фосфорлылау; B)қос фосфорлы; C)ортофосфор?

10. C2O7 оксидін қай қышқылдың ангидриді деп санауға болады:

А)хлор; В)хлорлы; С)хлорлылау; D)хлорлау

11. Келтірілген қосылыстардың қайсысы пероксидтерге жатады.

А)NO2; В)K2O2; С)BaO2; D)Mn

12. Калий гидроксидін ортокүшән қышқылымен нейтралдау реакциясында соңғысының эквивалентті молярлық массасы 142 г/моль тең. Нәтижесінде қандай тұз түзілді?

А) калий ортоарсенаты; B)калий гидроортоарсенаты; C)калийдің дигидроортоарсенаты.

13. Қай формула марганецті қышқылға сәйкес келеді:

А) HMnO4; B)H4MnO4; C)H2MnO4

14. Қай формула барий хлоратына сәйкес келеді:

А)BaCl2; В)Ba(OCl)2; С)Ba(ClO3)2; D) Ba(ClO4)2

15. Cu(OH)2CO3 тұзына қандай атау сәйкес келеді:

А)мыс гидрокарбонаты; В)гидроксомыс(11) карбонаты;

С)дигидроксомыс (11) карбонаты.

16. Гидроксомагний хлоридінен орта тұз алуға қандай әрекеттесу әкеледі?

А)MgOHCl+NaOH; С) MgOHClO3+HCl;

В) MgOHClO3+NaOH; D) MgOHCl+HCl

17. Негіздермен әрекеттесетін заттардың ретін анықтап, реакциялар теңдеулерін келтіріңіз:

А) Сl2O7, CO2, Sr(OH)2, HCl

B) Nb2O5, HNO3, ZnO, Fe(OH)3

C) A2O3, H2SeO4, SrO, HNO2

D)H3PO4, Mg(OH)2, KNO3, SO3

18. Қышқылдармен әрекеттесетін заттар ретін анықтап, реакциялар теңдеулерін келтіріңіз:

А) CuO, HNO3, NaOH, CuCI2;

B) MoO3, Na2O, A12O3, N2O5;

C) MgO, Zn(OH)2, KOH, A12O3;

D) As2O5, H3PO4, Na2O, Cr2O3.

19. Алюминий гидроксиді түзілетін реакцияны анықтаңыз:

A) A1+H2O → B)A12O3+H2O

C) A1C13+KOH (артық мөлшерде)

D) A1C13+KOH (аз мөлшерде)

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

20. Берілген қышқылдардың ангидридтерінің формуласын жазыныз: H2SO4; H3BO3; H4P2O7; HOCl; HMnO4. Заттардың структуралық формуласын келтіріңіз.

21. CuSO4; AgNO3; K3PO4; BaCl2 тұздарынан қандай тұздарды алуға болады? Реакция тендеулерін жазып, алынған тұздарды атаңыз.

22. Келесі қосылыстарды атаңыз: K2O2; MnO2; BaO2; MnO; CrO3; V2O5. Заттардың структуралық формуласын келтіріңіз.

23. Келесі қосылыстарды атаңыз: KHSO3; NaMnO4; Re2O7; Fe2O3; SO3; Al(OH)3. Заттардың структуралық формуласын келтіріңіз.

24. Төменде көрсетілген реакциялар ерітіндіде болуы мүмкін бе? Дәлелді жауап беріңіздер.

K2SO4 + CuCl2 → BeO + H2O→

Fe2S3 + KOH → ZnS + HCl→

NaCl + PbNO3 → Fe(OH)3 + KOH →

25. Көрсетілген қышқылдың қайсысы қышқыл тұздар түзеді: HI, H2Se, H2SeO3, H2C2O4, CH3COOH? Реакция теңделерін жазып, аттарын атаңыз. Заттардың структуралық формуласын келтіріңіз.

26. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы натрий гидроксидімен әрекеттеседі: HNO3, CaO, CO2, CuSO4, Cd(OH)2, P2O5, Cr(OH)3? Реакция тендеулерін құрастырыныз.

27. FeO, Cs2O, HgO, Bi2O3 структуралық формуласын келтіріп, негіздік қасиеттерін дәлелдейтін реакция тендеулерін жазыныз.

28. SeO2, SO3 , Mn2O7 , P2O5, CrO3 стуктуралық формуласын келтіріп, қышқылдық қасиеттерін көрсететін реакция тендеулерін жазыңыздар.

29. Тұздар алу жолдарына негізделіп магний хлоридінің алыну реакцияларының тендеуін құрыныз.

30. NaNO3, NaHSO4, Na2HPO4, K2S, Fe2(SO4)3 тұздарының түзілуіне әкелетін қышқыл мен негіздердің реакцияласу тендеулерін құрыныз.

31. Қышқылдың тұзбен әрекеттесуі нәтижесінде қандай заттар алынуы мүмкін? Қышқылдың негізбен ше ? Тұздың тұзбен ше? Мысалдар келтіріңіз.

32. Калий мен кальцийдің а) көмір қышқылынан; б)фосфорлы қышқылынан алынған орта және қышқыл тұздарының формулаларын жазып, аттарын атаңыз және структуралық формуласын құрастырыз.

33. Мына тұздарды атаңыз:

SbONO3; [Fe(OH)2]2CrO4; (AlOH)SO4; Cd(HS)2; Ca(H2PO4)2.

34. Mg2P2O7; Ca(PO4)2; Mg(ClO4)2; Ba(NO3)2 мына затардың:

а) негіздік және қышқылдық оксидтердің; б) негіз бен қышқылдық оксид; в) негіздік оксид пен қышқыл; г) негіз бен қышқылдың әрекеттесуі нәтижесінде түзілуінің реакция теңдеулерін жазыныз:

35. Лабораторияда келесі заттарды қандай реакция тендеулерінің көмегімен алуға болады: а) хлорлы сутек; б) қорғасын сульфиді; в) барий сульфаты; г) күміс ортофосфаты; д) темір (11) гидроксиді; е)мыс (11) нитраты.

36. Мына өзгерістерді қалай іске асыруға болады? Заттардың аттарын атаңыз.

а) MgO→MgCl2→ Mg (OH)2 → MgSO4

б) N2O5 →HNO3→ CaOHNO3→Ca( NO3)2→NaNO3

в) CaCO3 →CaO → Ca(OH)2 → Ca(HCO3)2 → CaCO3

37. Реакцияларды аяқтаңыз:

Zn(OH)2 + LiOH → H3PO4+CaCl2

CrO3+NaOH → Cu(OH)NO3+HNO3

Ca(HCO3)2+Ca(OH)2 → Sb2O5+K2O→

38. Төменде көрсетілген реакциялар ерітіндіде болуы мүмкін бе? Дәлелді жауап беріңіздер.

CaO+V2O5 → CsOH+CuSO4

Li2O+CaO → Cr2O3+NaOH→

Sr(OH)2+TeO3 → Ca(OH)2 +KCl→

39. Берілген заттардың арасынан қышқылдық әрі тұз қышқылымен, әрі калий гидроксидімен әрекеттесетін заттарды анықтап, реакция теңдеулерін жазыныз: Al(OH)3, MgO, N2O5, ZnO, FeSO4, CaCO3, CuS, Be(OH)2, Pb(NO3)2, NiWO4, NaNO3.

40. Берілген заттардың әрекеттесуінен орта, негіздік және қышқыл тұздар түзілуі мүмкін болатын реакцияларын жазып, заттардың аттарын атаңыз:

Fe(OH)3+HNO3 → H2SO4+Ca(OH)2

H2CO3+Ca(OH)2 → HCl+Ca(OH)2

NaOH+H3PO4 → HNO3+LiOH→

41. Көрсетілген қышқылдардың сәйкес ангидридтерінің формуласын жазыныз:

H2SO4; HMnO4 және HOCl.

42. Ерітіндіде төменде келтірілген реакциялардың қайсыларын іске асыруға болады:

А) CuSO4+BaCl2=BaSO4+CuCl2;

B) FeS+K2SO4=FeSO4+K2S;

C) AgNO3 +KCl=AgCl+KNO3;

D) 2KNO3+ZnCl2=2KCl+Zn(NO3)2

Жауабыңызды дәлелдеңіз.

43. CuSO4, K3PO4 және BaCl2 тұздары берілген делік. Осы тұздары пайдаланып, реакцияны ерітіндіде жүргізе отырып қандай тұздарды алуға болады? Реакциялардың тендеулерін жазып, алынған тұздарды атаңыз.

44. Көрсетілген қышқылдардың қайсысы қышқыл тұздар түзе алады: HI; H2Se; H2SeO3; H2C2O4 және CH3COOH? Қышқыл тұздардың формулаларын жазыныз, аттарын атаңыз.

45. Төменде келтірілген оксидтерді сумен әрекеттестіргенде қандай қышқылдар түзіледі: P2O5; CO2; N2O5; NO2 және SO2? Қышқылдардың формулаларын жазыңыз, аттарын атаңыз және структуралық формуларын келтіріңіз.

46. ZnO; Al2O3 және Sn(OH)2 қосылыстарының амфотерлік қасиеттерін қалай дәлелдеуге болады?

47. Төменде көрсетілген негіздердің қайсылары негіздік тұздар түзе алады:

А) Cu(OH)2; B) Ca(OH)2; C)LiOH; D) Al(OH)3; E) KOH?

Негіздік тұздардың формулаларын жазыңыз.

48. Нәтижесінде KNO3; NaHSO4; Na2HPO4; K2S және Fe2(SO4)3 түзілетін қышқылдар мен негіздердің арасындағы реациялардың тендеулерін жазыңыз.

49. Цинк гидроксидінің 1 моль мөлшері ортофосфор қышқылының 2 моль мөлшерімен әрекеттескенде қандай тұз түзіледі?

50. Қандай реакциялардың нәтижесінде орта тұз түзіледі:

А) CuOH+ NaOH; C) Ca(HCO3)2+Na2CO3

B) KHSO3+KOH; D) MgOHCl + HCl?

Көпвариантты есептер


  1. Кестеде келтірілген «а» элементтердің жоғары валенттік оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық және струтуралық формулаларын жазып, аттарын атаңыз.

  2. Оксидтердің қандай түріне жатандығын анықтап (негіздік, қышқылдық, амфотерлі) негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакцияларын келтіріңіз.

  3. Гидроксидтерінің (қышқыл, негіз, амфотерлі гидроксид) негізгі қасиеттерін сипаттайтын реакцияларын келтіріңіз.

  4. Кестеде берілген «б» заттардың әрекеттесуінен орта, негіздік және қышқыл тұздар түзілуі мүмкін болатын реакцияларын жазып, заттардың аттарын атаңыз.



Вт


«а»

«б»

Вт


«а»

«б»

1

Ti, V,Si,Ca

Al(OH)3+H2SO4

21

Ca,Sn,Ge,Zn

HNO3+Fe(OH)2

2

Zn, N, C,K

HClO4+Ca(OH)2

22

W,Cr,Pb,K

HNO3+Mg(OH)2

3

Li, As, Cu, Pb

NaOH+H2SO4

23

Ca, H, N, Re

HNO3+Ca(OH)2

4

K, Al, W, Ni

Fe(OH)3+ H2SO4

24

Ga, Cu, Bi, Nb

HNO3+ Al(OH)3

5

Hg, P, Mo, Fe

Mg(OH)2+ HNO3

25

Be, Fr, Ge, As

HNO3+Cr(OH)3

6

Ge, Cu, Bi,Mn

H2MnO4+NaOH

26

Al, W, Li, P

HNO3+Ba(OH)2

7

Al,Re, K, Cr

Cr(OH)3+ HNO3

27

C,Sc, P,Sn

HCl+ Zn(OH)2

8

Ba, N, Al, Mg

Zn(OH)2+ HCl

28

Sr, Re, Ti, As

HCl+ Al(OH)3

9

In, Sb, Fe, Na

Zn(OH)2+ H2SO4

29

K, Se, Mo, Fe

H3AsO3+KOH

10

Ge, Re, Li, C

Be(OH)2+ H2SO4

30

Be, V, Si, Co

HI+Cr(OH)3

11

Mg, Br, Sr, Pb

Cr(OH)3+ HCl

31

Zn, La, Ts, Os

H3PO4+Ca(OH)2

12

Ba, S, Na, Ge

Mg(OH)2+ H2SO4

32

C,Cd, Ge, As

Al(OH)3+H3PO4

13

V,Au, P, Be

Co(OH)2+H2SO4

33

Na, Al, S, Ca

HCrO4+Ca(OH)2

14

Ta, N, La, Fe

Ni(OH)2+ HNO3

34

Mo, Fe, Bi, Sn

H2S+ Ca(OH)2

15

Ca, S, Pb, Li

Mn(OH)2+ HCl

35

Co, Cl, Fe

H2SO4+ LiOH

16

Zn, Na, Bi, S

Mn(OH)2+ HNO3

36

Mg, P, Zn, F

Cu(OH)2+ H2S

17

Na, Zn, W, Mo

Na OH+ H3PO4

37

Ga, Li, N, V

Fe(OH)3+ HCl

18

Cu,Ag, Al, Re

Na OH+H2CO3

38

Se, Ti, W, Mg

HCl+Cr(OH)3

19

Mn, Na, V, Fe

Na OH+ H2S

39

K, Te, La, Pb

Ca(OH)2 + H2CO3

20

Hg, Sn, K, Te

Fe(OH)3+ H2S

40

Cr, Tl, Sr, Be

H2SeO3+KOH

  1. Келтірілген өзгерістерді іске асыру үшін қажетті реакциялардың теңдеулерін жазыныз.

1

CO2 →MgCO3 →Mg(HCO3)2 →MgCl2

2

Ba→BaO→BaCl2→Ba(NO3)2→BaSO4

3

Fe2O3→FeCl3→Fe(OH)3→ Fe(OH)2 NO3→ Fe (NO3)2

4

Zn→ZnCl2→Zn(OH)2→ ZnOHCl→ ZnCl2

5

P2O5→ H3PO4→NaH2PO4→Na3PO4→Ba3(PO4)2

6

MnO→ MnCl2 → Mn(OH)2 → MnSO4

7

Mg →MgSO4 + Mg(OH)2 + MgO →MgCl2

8

P2O5 → H3PO4 →Na3PO4 → Ca3(PO4)2

9

SO3→ H2SO4→ Na2SO4→ BaSO4

10

NiO →NiSO4→ Ni(OH)2 → NiCl2

11

CaCO3→ CaO → Ca(OH)2→ Ca(HCO3)2 →CaCO3

12

Mg →MgSO4 →Mg(OH)2→ MgOHCl →MgCl2

13

Na2O→ NaOH →NaHCO3 →Na2CO3 →CaCO3

14

ZnO → ZnCl2 →Zn(OH)2 →Na2ZnO2 →ZnCl2

15

CuO →Cu(NO3)2→ Cu(OH)2 →CuOHCl →CuCl2

16

Zn→ZnSO4 →Zn(OH)2→ (ZnOH)2SO4 →ZnSO4

17

CaO→ Ca(OH)2 →CaCO3 → Ca(HCO3)2 →CaCO3

18

Al2O3 →AlCl3 →Al(OH)3 →AlOHSO4→ Al2(SO4)3

19

K2O → KOH → KHSO4→ K2SO3 →CaSO3

20

H3PO4 → K2HPO4 →K3PO4 →Ca3(PO4)2 →Ca(OH)2

21

Fe2O3 → Fe2(SO4)3 → FeOHSO4 → Fe2(SO4)3

22

Al2(SO4)3→ Al(OH)3 → Na3AlO3 → AlCl3 → AlOHCl2

23

SnO → Sn(OH)2→ SnOHNO3 → Sn(NO3)2

24

NaO → NaOH → NaHCO3 → Na2CO3

25

CuO → CuSO4 → Cu(OH)2 → CuOHCl → CuCl2

26

Al → Al2SO4 →Al(OH)3 → AlOHCl2 → AlCl3

27

MgO → Mg(OH)2 → (MgOH)2SO4 → MgSO4 →Mg(OH)2

28

N2O5 → HNO3 → CaOHNO3 → Ca(NO3)2→ NaNO3

29

BaO → Ba(OH)2 → (BaOH)2SO4 →BaSO4

30

PbO→ PbCl2 → Pb(OH)2 → PbOHCl →PbCl2

31

CuSO4 → Cu(OH)2 → CuO→ Cu

32

K2O → KOH → KHSO4→ K2SO4 →Al2SO4

33

Al2O3→ AlCl3 → Al(OH)3 → Al(OH)2NO3 → Al(NO3)3

34

BeO → Be(OH)2→ BeCO3→ Be(HCO3)2→ BeCO3

35

Na2O → NaOH → NaHSO4→ Na2SO4 → Al2SO4

36

P2O5→ H3PO4 → CaHPO4→ Ca3(PO4)2 → NaPO4

37

CaO → Ca(NO3)2 → Ca(OH)2→ CaOHCl→ CaCl2

38

Al2O3 → Al2(SO4)3 → AlOHSO4→ Al2(SO4)3

39

Na → Na2O2 →Na2O → NaOH → NaHSO4 → Na2SO4→ Na

40

ZnO → Zn(OH)2→ ZnOHNO3→ Zn(NO3)2→ Zn(OH)2

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ )

58. Химиялық элементтің эквиваленті неге тәуелді болады?

А) элемент валентігіне; В) әрқашан тұрақты шама болып табылады.

59. Қай формула эквиваленттер заңын сипаттайды:

А) v=m/M B) m1. Mэ(2) = m2. Mэ(1)

C) Mэ=M/B D) m1/ m2 = Mэ(2)/ Mэ(1)

60. Фосфор құрамы бойынша екі түрлі хлорид түзеді. Осы қосылыстарда қай элементтің эквивалентілігі тұрақты болады?

А) хлордікі; В) фосфордік

61. Қалыпты жағдайдағы оттек пен сутектің эквиваленттері көлемдерінің дұрыс мәндері қандай?

А) 11, 2 л О2 және 22, 4 л Н2;

B) 11, 2 л О2 және 5, 6 л Н2;

С) 5, 6 л және 11, 2 л Н2.

62. Металдың эквивалентінің молярлық массасы 12 г/моль. Оның оксидінің эквивалентінің молярлық массасы неге тең?

А) 24 г/моль; B) анықтауға болмайды; С) 20 г/моль

63. Металдың эквивалентінің молярлық массасы оттегінің эквивалентінің молярлық массасынан 2есе артық. Оксидтің массасы металдың массасынан неше есе артық:

А) 1, 5 есе B) 2 есе С) 3 есе

64. Күкірт S2Cl2 және SCl2 хлоридтерін түзеді. SCl2 қосылысындағы күкірттің эквивалентінің молярлық массасы 16 г/моль. S2Cl2 қосылысындағы күкірттің эквивалентінің молярлық қанша?

А) 8 г/моль; B) 16 г/моль; С) 32 г/моль

65. CrCl3 және Cr2(SO4)3 қосылыстарындағы хромның эквиваленттіктері бірдей ма?

А) иә; В) жоқ

66. FeCl2 және FeCl3 қосылыстарындағы темірдің эквивалентінің молярлық массалары бірдей бола ма?

А) иә; В) жоқ

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

67. 5г металл жанғанда 9, 44 г металл оксиді түзілді. Металдың эквиваленттік массасын анықтаңыз.

68. Металдың бірдей мөлшері 0, 200 г оттегімен немесе 3, 17 г галогенмен әрекеттеседі. Галогеннің эквиваленттік массасын анықтаңыз.

69. 1 л оттегінің массасы 1,4 ға тең. Магнийдің 21 г массасын жағу үшін қанша литр оттек газы қажет, егерде магнийдің эквиваленті 0,5 мольге тең болса?

70. 80 г металл оксидін тотықсыздану үшін 883 мл (қ.ж. өлшенген) сутек газы қажет. Оксид пен металдың эквиваленттік массаларын есептеңіз.

71. 16,8 г металды еріту үшін 14,7 г күкірт қышқылы жұмсалды. Металдың эквиваленттік массасын және бөленген сутек газының көлемін (қ.ж. өлшенген) анықтаңыз.

72. Белгісіз металдың 1, 00 г массасы 8, 89 г броммен немесе 1, 78 г күкіртпен әрекеттесе алады. Күкірттің эквиваленттік массасы 16, 00 г/моль екендігін ескере отырып, бром мен металдың эквиваленттік массаларын анықтаңыз.

73. Қышқылдың 2, 45 г массасын нейтралдау үшін 2, 00 г натрий гидроксиді жұмсалды. Қышқылдың эквиваленттік массасын анықтаңыз.

74. Алюминий 0, 376 г массасы қышқылмен әрекеттесіп, нәтижесінде 0, 468 л (қ.ж. өлшенген) сутек газы бөлінді. Алюминийдің эквиваленттік массасы 8, 99 г/моль екендігін ескеріп, сутек газының эквиваленттік массасын есптеңіз.

75. Хлоордың эквивалентінің молярлық массасы 35, 5 г/моль, мыстың молярлық массасы 63, 5 г/моль, ал мыс хлоридінің эквивалентінің молярлық масасы 99, 5 г/моль. Мыс хлоридінің формуласын анықтаңыз.

76. Металдың эквивалентінің молярлық массасы 27, 9 г/моль. Қалпты жағдайда ол қышқылдан 700 мл сутегін ығыстырады. Металдың массасын анықтаңыз.

77. Массасы 5, 95 г заттың 2, 75 г хлорсутектің өзара әрекеттесуінен 4, 40 тұз түзіледі. Түзілген зат пен тұздың эквивалентінің молярлық массасын есептеңіз.

78. Массалары 1,60 г кальций және 2,61 г мырыш қышқылдан бірдей мөлшерде сутегін ығыстырады. Егер кальцийдің эквивалентінің молярлық массасы 20, 0 г/моль болса, мырыштың эквивалентінің молярлық массасы қандай болғаны?

79. Мыс екі оксид түзеді. Мыстың белгілі бір мөлшерінен түзілген бірінші оксидке, екінші оксидке қарағанда екі есе артық оттегі жұмсалады. Мыстың бірінші оксидтегі валентілігінің екінші оксидтегі валенттілігіне қатынасы қандай?

80. Ортофосфор қышқылы мен сілтінің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде Na2HPO4 тұзы түзіледі. Осы жағдайдағы ортофосфор қышқылының эквивалентінің молярлық массасының мәні қандай?

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ )

91. Берілген газдың массасын арттырғанда оның көлемінің артуы үшін қандай жағдай туғызуға болады?

А) температураны төмендету.

В) қысымды арттыру.

С) жағдайды тандауға болмайды.

92. Газдар үшін қалыпты жағдайдағы тмпература мен қысымның сәйкес мәндері:

А) t=250C; P=760 мм сын.бағ. В) t=00C; P=1, 013.105Па.

93. Ыдыс іші оттек және азот қоспасымен толтырылған. Газдардың массалары парциалдық қысымының қандай сәйкестіктерінде бірдей болады?

A) PO2 =PN2 B)PO2 = 0,875.PN2; C) PO2=1,14.PN2

94. Ауадағы оттектің парциалдық қысымы 22кПа. Көлем бойынша оттектің проценттік құрамы неге тең?

А) 42% ; В) 21% ; С) 10, 5 %

95. Бірдей жағдайда тең көлемді N2 мен O2 алынды. Газдардың массаларының қатынасы қандай?

А) mO2>mN2 ; B) mN2> mO2 ; C) mO2 = mN2

96.Бірдей көлемде H2 мен Cl2 араластырылды. Қоспа көлемі реакция өткеннен кейін қалай өзгереді?

А) өзгермейді; В) екі есе өседі; С) екі есе азаяды?

97. 1 моль HCl мен 1моль Cl2 (Tмен P бірдей) алатын көлемінің қатынасы қандай?

А) V HCl > VCl2 ; B) V HCl = VCl2 ; C) V HCl < VCl2 ;

98. HBr қыздырғанда толығымен айрылады. Сонда газ көлемі өзгермейді. Айырылу реакциясының өнімі қандай?

А) Н және Br атомдары; В) Н2 және Br2 молекулалары; С) Н2 молекуласы және Br атомы?

99. Ауа бойыша хлордың тығыздығы нешеге тең?

А) 2,44; В) 3, 0 С) тек тәжірибелік жолмен анықтауға болады.

100. Газ тәрізді оксид 30, 4% азоттан тұрады. Оксид молекуласына бір атом кіреді. Оттек бойынша газ тығыздығы нешеге тең?

А) 0,94; В) 1,44 С)1,50

101. 2,24 г газдың (қалыпты жағдайда) массасы 2,8 г. Газдың молекулалық массасы қандай (г/моль)?

А) 14; В)28 С)42

102. Сутегі арқылы салыстырмалы тығыздығы 8,5 тең болатын газ.

A) O2 B)H2S C)NH3 D) CO2 E)N

103. Көміртек пен азоттан тұратын қосылыста азоттың үлесі 53, 8 масс.% . Ауа арқылы салыстырмалы тығыздығы 1,79 тең болса, заттың молекулалық формуласы:

A)CN B)C2N C)CN2 D) C2N3 E)C2N2

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

104. 270C және 720 мм сынап бағанасында газдың берілген бір мөлшері 5 л көлем алады. Осындай газдың мөлшері температура 390C, ал қысым 104кПа болғанда қандай көлем алатынын анықтаңыз.

105. 12, 5мПа қысымда болат баллонның ішіндегі азоттың температурасы 17 0С. Балонның шектеулік қысымы -20, 3 мПа. Қандай температурада азоттың қысымы шектік мәніне жетеді?

106. 98,7 кПа қысымда және 91 0C температурада газдың көлемі 680 мл көлем алады. Газдың қалыпты жағдайда алтын көлемі қандай?

107. 21 0 C температурада және 104,5 кПа (784 мм сын бағ.) қысымда 1,28 г металл сумен әрекеттескенде 380 мл сутегі бөлініп шығады. Металдың эквивалентінің молярлық массасын есептеңіз.

108. Сыйымдылығы 0,6 м3 жабық ыдыста, 0 0C температурада 0,2 кг CO2 , 0,4 кг O2 және 0,15 кг CH4 газдар қоспасы бар. Осы жүйедегі: а) қоспаның жалпы қысымын; б) газдардың әрқайсысының парциалдық қысымын; в) көлем бойынша қоспаның проценттік құрамын есептеңіз.

109. 200C және 104,3кПа қысымда 0,350 г металл қышқылдан 209 мл сутек су астында ығыстырылды. Осы температурада қаныққан су буының қысымы 2,3 кПа. Металдың эквивалентінің молярлық массасын есептеңіз.

110. Судың астында 26 0C температурада және 98,7 кПа қысымда 250 мл сутегі жиналған. 26 0C тағы су буының қаныққан қысымы 3,4 кПа. Қалыты жағдайда сутегінің көлемін және массасын.

111.Бірдей жағдайда оттек, сутек және метанның тең массалары алынды делік. Газдардың көлемдерінің қатынасын табыңыз.

112. Қалыпты жағдайда 1г ауа  773мл көлемді алады. Ауаның дәл сондай массасы 00C температура мен 93,3кПа (700 мм.сын.бағ.) қысымда қандай көлемді алады?

113. Қалыпты жағдайда сутек газының 1,00 мл көлемінде қанша молекула болады?

114. Газдың 27.10 21 молекуласы қалыпты жағдайда қандай көлемді алады?

115. 21 0C температура мен 142кПа (1065 мм.сын.бағ.) қысымда N2 газының 0,07 кг массасы қандай көлемді алады?

116. Қалыпты жағдайда 200 мл ацетиленнің массасы 0,232 г. Ацетиленнің мольдік массасын анықтаңз.

117. Көлемі 20 л газометр газбен толтырылған. Осы газдың ауамен салыстырғанда тығыздығы 0,40. Газдың қысымы 103,3 кПа (774,8 мм.сын. бағ.), ал температурасы 170C. Газдың массасын есептеңіз.

118. Сынап буының ауамен салыстырғанда тығыздығы 6,92. Сынап буындағы молекуланың құрамына қанша атом кіретіндігін есептеңіз.

119. Белгілі бір температурада күкірт буының азотпен салыстырғандағы тығыздығы 9,14. Осы температурада күкірттің молекуласы қанша атомнан тұрады?

120 170C температура мен 83,2кПа (624 мм.сын. бағ.) қысымдығы ауаның 1м3 көлемінің массасын есептеңіз.

121. Берілген газдардың массаларын есептеңіз:а) 150C температурадағы және 100,7кПа (775 мм.сын. бағ.) 2л Н2 ; б) 100C температура және 102,9 кПа (772 мм.сын. бағ.) қысымдығы 1м3 N2 ;в) 200 С температурада және 99,9 кПа (749,3 мм.сын. бағ.) қысымдағы 0,5 м 3 Cl2 .

122. Қалыпты жағдайда кез келген газдың 1м3 көлемінің зат мөлшері қандай ?

123. 68, 2 бутан жанғанда қандай көлем CO2 түзіледі? Екі газдың да көлемі бірдей жағдайда өлшенген.

124. Жабық ыдыста 1200 С температура және 600кПа қысымда қоспа бар. Қоспа үш көлем O2 және CH4 ның бір көлемінен тұрады. Егер қоспаны жарып және ыдыстың ішіндегісін бастапқы температураға әкелсек, ыдыстағы қысым қандай болады?

125. Көлемі бірдей SO2 және O2 қоспасы контакт аппарат арқылы өткенде SO2 нің 90% SO3ке айналады. Контакт аппаратынан шығатын газ қоспасының құрамын (процент бойынша көлемдік үлесі) анықтаңыз.

126. Үш көлем Cl2 және бір көлем H2 тұратын қоспа, тұрақты температурада жабық ыдыста, жарық астында қалдырған. Біраз уақыттан кейін қоспадағы Cl2нің үлесі 20% ке азайды. Ыдыстағы қысым өзгерді ме? Қоспаның көлемдік үлесі қандай болды?

127. NH3 және Cl2 әрекеттескенде хлорсутек және азот түзіледі, NH3 пен Cl2 қандай көлемдік қатынастарда әрекеттеседі, ал алынған газдар ше?

128. 1,5 кг мырышты тұз қышқылында еріткенде қанша көлем (17 0C және 102,4кПа қысымда ) сутек бөлінеді?

129. Белгісіз зат құрамына (массасы бойынша) 26,53% калий, 35,37% хром және 38,10% оттектен тұрады. Осы заттың ең қарапайым формуласын табыңыз.

130. Құрамында (массасы бойынша) 54,4% көміртек, 36,4% оттек және 9,1% сутектен тұратын май қышқылының буының сутек бойынша тығыздығы 44 екенін біле отырып, оның молекулалық формуласын табыңыз.

131. Құрамында (массасы бойынша) 93,75% көміртек және 6,25% сутектен тұратын затың ауа бойынша тығыздығы 4,41 екенің біле отырып, белгісіз заттың молекулалық формуласын табыңыз.

132. 4,3 көмірсутек жанғанда 13,2 г CO2 түзілді. Көмірсутек бұының сутек бойынша тығыздығы 43. Заттың молекулалық формуласын табыңыз.

133. Массасы 1,88 г құрамында бром болатын органикалық заттың толық жанғанда 0,88 г CO2 және 0,3г H2O алынды.Өлшенді құрамындағы барлық бром күміс бромидіне айналғанда 3,76 г AgBr алынды. Зат буының сутек бойынша тығыздығы 94 . Белгісіз заттың

молекулалық формуласын анықтаңыз.

134.Бір көлем белгісіз газбен екі көлем оттектен тұратын қоспа қопарылғанда екі көлем CO2 және бір көлем N2 түзіледі. Газдың молекулалық формуласын есептеңіз.

135. Көлемі 10см 3 дәнекерленген ампуладағы массасы 0,01г газ тәрізді хлорды 0-ден 273 0C-қа дейін қыздырған. Хлордың бастапқы 00C және 273 0C температураларда қысымын анықтаңыз.

136. 15 0C және 790 мм сын.бағ. қысымда 10 г көміртек (11) оксиді алатын көлемін табыңыз.

137. 18.10 23 сутек молекулаларының (қ.ж.) көлемі?

138. Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 32 тең күкірт оксидінің молярлық массасын анықтаңыз.

139. 2 атм. Қысымда және 100 0C температурада 68 г аммиактың көлемі.

140. Көлемі 2,6л колбаға қысымы 2,3 атм және 260C температурада оттегі толтырылған. Колбадағы оттегінің моль санын анықтаңыз.

141. Гелий газдың біраз мөлшері 78 0C мен 45,6 атм қысымда 16,5 л көлем алады. Осы газдың қалыпты жағдайда көлемі және моль саны қандай?

142. Бір газдың 0,70 г массасы қалыпты жағдайда 560 мл көлем алады. Осы газдың салыстырмалы молекулалық масасын есептеңіз.

143. Қалыпты жағдайда азот (IV) оксиді 6,02 .10 22 молекулалары, көміртек (II) оксиді 6,02.10 23 молекулалары, көмірсутек 0, 602.10 23 молекулалары қанша моль болады және көлем алады.

144. 170C да, 780 мм с.б. қысымда 106 мл газдың массасы 0,26 г. Осы газдың молекулалық масасын есептеп шығарыңыз.

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ )

153. Атомдық орбиталь дегеніміз:

А) валенттік электрон орналасқан атомның кеңістік бөлігі;

В) электронның атомдағы болу мүмкіндігі максималды болатын кеңістік бөлігі;

С) атомның электрондық тығыздығы;

D) ядро маңайында электронның таралуы;

Е) атомдағы электронның қозғалу траекториясы.

154. Қысқаша электродық конфигурациясы …4s23d1 болатын затты анықтаңыз:

А) скандий В) мыс С) неон D)күміс Е) аргон

155. Элементтің химиялық қасиеттері оның қандай сипаттамасына байланысты?

А) топтың номеріне В) периодтың номеріне

С) атомдық массасына D) ядро

156. Төртінші энергетикалық деңгейдегі орбиталдар және электрондар саны:

А) 14 және 28 В) 4және 8 С) 9 және18 D) 16 және 32

157.Кеңістіктегі атомдық орбитальдың пішінің белгілейтін квант саны:

А) бас В)орбиталь С)магнит D)спин

158. Бесінші топқа жататын элементтердің электрондық конфигурациясы:

А)4d35s2 В)4s24p3 С)3d54s1 D)5s25p4 E)5s25p5

159. Элемент атомының сыртқы қабатшаларының электрондық құрылымы 5s24d1 болса оның периодтық кестеде орналасатын пеиоды мен тобын анықтаңыз:

A) VI период , 2 топ B) VI период, 3 топ C) V период, 3 топ

D) IV период, 5 топ E) V период, 4 топ

160. Элетрондық формуласы 6s25d106p3 аяқталатын элементтің периоды мен топтың нөмірін анықтаңыз:

A) VI және 2 B) VI және 3 C) V және 3 D) VI және 5

161. Радиусы ең үлкен болатын атомның электрондық формуласын анықтаңыз:

A) 2s2 B) 2s22p1 C)2s22p2 D)2s22p3 E)2s22p4

162. Электрондық формуласы 3s23p3 аяқталатын атомның жоғарғы валенттілігін анықтаңыз:

A) II B)III C)IV D) V E)VI

163. Құрамында электрондардың саны протондардың санынан көп болатын бөлшекті анықтаңыз:

A) Cl B) Ba+2 C) Al +3 D) S-2 E) F

164. F –ионының электрондық формуласы:

A) 1s2 B) 1s22s2p4 C) 1s22s22p5 D) 1s22s22p6 E)2s2

165.Электротерістігі ең жоғары болатын атомды белгілеңіз:

A) Na B) Mg C) P D) O E) N

166. Иондану энергиялары кему арқылы орналасқан элементер реті:

A) Sr, Ba, Ca, Mg B) Al, Si, P, S C) Li, K, Rb, Cs

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

167. Электрондық құрылымы 1s22s22p63s23p63d74s2 болатын элементті атандар.

168. Ядроларының зарядтары 3,8,23, 31 болатын элементтердің электрондық формулалары мен конфигурацияларын келтіріндер.

169.Мыс атомының электрондық формуласы мен электрондық конфигурациясын келтіріндер. Электрондарға толған және толмаған деңгейлерді көрсетіңдер.

170. Титан (Ti) мен ванадий (V) атомдарында қанша бос d-деңгейше бар? Осы d-деңгейшелердің конфигурацияларын келтіру.

171. V период элементтерінің рет нөмерлері 37, 43, 48, 52 және 54-ке тең электрондық формулаларын жазып, элементтердің ұқсас топтардың қайсысына жататынын анықтандар. 72..

172. IV период кальций (Ca), скандий (Sc), селен(Se) және марганец (Mn) элементтерінің электрондық формулаларын жазып, элементтердің ұқсас топтардың қайсысына жататынын анықтандар.

173. II және III период элементтерінің электрондық формулалары мен электрондық конфигурацияларын келтіріп, s- және p- элементтерді атандар.

174. IV, V және VI период элементтерінің ішінен d-орбитальдары электрондарға толған элементтерді атандар. Солардың электрондық формулаларын жазып, перидтық кестеде алатын орнын (период, топ, топша) көрсетіндер.

175.Қай период элементтерінің конфигурациялары мынадай болып келеді: a)6p3; б)4f9; в) 7d3; г) 5f5 ?

176. Периодты кестедегі 83 элемент атомының электрондық формуласын жазып, қай тип элементтеріне жататының, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттілігін анықтаңыз.

177. Хлор атомының электрондық формуласын жазып, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін, және сәйкес келетін қосылыстарын келтіріңіз.

178. Бор атомының электрондық формуласын жазып, элементің қандай түріне (s-, p-, d-, f-) жатандығын, қалыпты жағдайда жұптаспаған электрондар санын анықтаңыз.

179. Периодты кестегі 51элемент атомының электрондық формуласын, қалыпты жіне қозған күйлеріндегі валенттіліктерін және сәйкес келетін қосылыстарын жазыңыз.

180. Атомының электрондық формуласы былай аяқталатын ... 3d64s2 элементтің периодтық кестеде орналасқан орнын, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін анықтаңыз.

181. Атомының электрондық формуласы былай аяқталатын ... 4d105p1 элементтің периодтық кестеде орналасқан орнын, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін анықтаңыз.

182. Берілген иондардың Bi+3, Sn+2 электрондық формуласын жазып, соңғы электрондық қабатқа төрт квант саны бойынша сипаттама беріңіз.

183. VII периодта орналасқан элементтердің электрондық конфигурациясы 5f36d1. Ол қай элемент? Соңғы электрондық қабатқа төрт квант саны бойынша сипаттама беріңіз.

184. 152 63 Eu изотопы ядросының құрамындағы протон мен нейтрон саңдарын есептеңіз.

185. Берілген иондарының Ta+5, N+4 электрондық формуласын жазып, соңғы электрондық қабатқа төрт квант саны бойынша сипаттама беріңіз.

186. Берілген иондарының Fe+3, Cl-1 электрондық формуласын жазып, соңғы электрондық қабатқа төрт квант саны бойынша сипаттама беріңіз.

187. Берілген иондарының N-3, Mn+2 электрондық формуласын жазып, соңғы электрондық қабатқа төрт квант саны бойынша сипаттама беріңіз.

188. Германий Ge атомының электрондық формуласын жазып, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін , және сәйкес келетін қосылыстарын келтіріңіз.

189. Азот атомының электрондық формуласын жазып, қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіліктерін , және сәйкес келетін қосылыстарын келтіріңіз.

190. Реттік номірі 61, 62 элементтер атомдарында бос f-орбитальдарының саны қанша? Хунд ережесі негізінде осы элементтер атомдарының электрондық құрылымын жазыңыз.

191. Sc, Ti, V элементтер атомдарында бос d -орбитальдарының саны қанша? Осы элементтер атомдарының электрондық құрылымын жазыңыз.

192. Реттік номірі 91,92 элементтер атомдарында бос f-орбитальдарының саны қанша? Хунд ережесі негізінде осы элементтер атомдарының электрондық құрылымын жазыңыз.

193. Fe, Zr, Ta элементтер атомдарында бос d -орбитальдарының саны қанша? Осы элементтер атомдарының электрондық құрылымын жазыңыз.

194. Электрондық құрылысы мыналарға сәйкес келетін: а) s2p4; б)d3s2; в)p6s1;г) s2p3;е) p6d2s2 элементтердің топтары мен топшаларын атаңдар. Бұлардың қайсысы металдарға, қайсысы бейметалдарға жатады?

195. Сыртқы және сырттан ішкі қабаттардың электрондық құрылысы мыналарға сәйкес келетін: 3s23p63d54s2; 4s24p64d55s2; 5s25p65d56s2 элементтерді және қандай типке (s-, p-, d-, f-) жататын анықтаңыз. Осы элементтердің жоғары тотығу дәрежедегі оксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді?

196. Иондану потенциалдарының мәндеріне қарай Be, Mg, Ca, Sr, Ba элементтердің қайсысы нағыз металдық қасиеттер көрсетеді?

197. Электротерістіктер мәндері негізінде O, S,Se, Te элементтер ретінде электрон қосып алу қабілеттерінің өзгеруің түсіндіріңіз.

198. Элементтердің периодтық кестесінің Iтобының элементтерінің біріншілей иондану потенциалдарының мәні (B) сәйкесінше: Li-5,4; Cs-3,9; Cu-7,7; Au-9,2 а) I топтың элементтерінің қай топшасындағы элементтердің металдық қасиеттері мейлінше айқын байқалады? б) топшалардағы иондану потенциалдарының мәндерінің өзгеру жолдарының әртүрлілігін немен түсіндіруге болады?

199.Асыл газдардың атомдарының иондану энергиясы (эВ): He-24,6; Ne-21,6; Ar-15,8; Kr-14,0; Xe-12,1; Rn-10,8 құрайды. Осы топшадағы иондану энергиясының өзгеру жолын түсіндіріндер.

200. a) Sn2+; б) Sn4+; в) Mn2+;г)Cu2+;д) Cr3+;е) P3- иондарының электрондық формуласын жазындар.

201. Периодтық жүйенің VI топ элементтерінің ішінен электрондық аналогтарды атандар. Осы элементтер атомдарының валенттік электрондық деңгейшелерінің электрондық формулаларын жалпы түрде жазындар.

202.Не себептен хром мен кіүкірт, фосфор мен ванадий периодтық жүйеде бір топта орналасқан? Неліктен оларды әртүрлі топшаға орналастырады?

203. Ядро зарядтары a) 8; б)13;в)18;г) 23;д) 53;е) 63;ж)83 болатын элемент атомдарының электрондық формулаларын жазыңдар.

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ )

215. CO молекуласында көміртек атомының коваленттігі нешеге тең: а) екіге; б) үшке; в) төртке.

Себебі: 1) қозбаған көміртек атомында 2 жұптаспаған электрон бар; 2) көміртек атомы жұптасқан электрондарға акцептор бола алады; 3)көміртек атомында төрт валентті электрон бар.

216. HF және SiF4 арасында реакция жүруі мүмкін бе? а) мүмкін; б) мүмкін емес.

Себебі: 1) HF молекуласы полюсті, SiF4 полюссіз.

2) екі молекулада жұптаспаған электрон жоқ;

3) кремнийдің валенттік орбиталінің саны төрттен көп және оның жартысы валентті электронмен толмаған; 4) кремнийдің валенттік электрон саны 4-ке тең; 5) HF молекуласы жұп электрон арқылы донор бола алады.

217. O2 молекуласына қандай магниттік қасиеттер тәң:

a) диамагнитті;б) парамагнитті.

Себебі: 1)O2 молекуласында электрондардың саны жұп болады;

2)O2 молекуласының спинінің қосындысы нольден айрықша.

218.NO молекуласында байланыс еселігі нешеге тең?

А)2; B)2,5; C)3.

Себебі: 1)π -орбиталінде байланыстырушы электрондардың саны 4; 2) байланыстырушы орбитальдарда босаңдатушы орбитальдарға қарағанда 5 электрон артық орналасқан ; 3) азот атомында 3жұптасқан электрон бар.

219. Мына бөлшектердің қайсысы парамагнитті:

A) N2; B) O2; C) NO; D) CO; E) CN?

220. Мына бөлшектердің қайсысы МО теориясы бойынша тұрақты күйінде бола алмайды?

A) H2+; B) H2; C) H2 - ; D)He2; E) He?

221. Байланыстардың барлығы σ-типке жататын молекулалар тобың анықтаңыз?

A) NH3, HCl, H2O D) NO2,O2, CH4

B) CO, SO2, N2 E) SO2, Cl2, HF

C) SO2, C2H2, AlH3

222.Құрамында σ- және π –байланысы бар молекуланы анықтаңыз:

A)AICI3 B)NH3 C)O2 D)H2O E)Cl2

223. Құрамында полюстi ковалентті байланысы бар полюссіз молекуланы анықтаңыз:

A) N2 B) H2S C) NaF D) H2O E) BeCl2

224.Атомдық орбиталдардың sp2- гибридтелуіне түзілетін байланыстар арасындағы бұрыш:

A)120 0 B)60 0 C)109 028 , D)104 0 5, E)180 0C

225. SiCl4 қосылыстағы атомдық орбитальдардың гибридтелу түрін анықтаңыз:

A)sp2 B)sp3 C)sp3d D)sp E)sp3d2

226. O2 молекулалық ионның түзілу мүмкіндігін және байланыс еселігін анықтаңыз

A)1 B)2 C)0,5 D)1,5 E)2,5

227. МО әдісі бойынша Cl2 молекуланың магниттік қасиеттері қандай?

А) диамагнитті В) парамагнитті

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

228. H2,Cl2 және HCl молекулаларындағы химиялық байланыстардың түрлерін көрсетіңіз.

229. Элементтердің электртерістіктерінің мәндерін пайдала отырып K-Cl, Ca-Cl, Fe-Clжәне Ge-Cl байланыстары үшін электртерістіктердің айырымын есептеңіз. Қандай байланыста иондық табиғаты басымдау келеді?

230. Валенттік байланыстар теориясы тұрғысынан BF3молекуласы мен BF4 ионының электрондық құрылысын жазыңыз.

231. CH4,NH3 молекулаларындағы және NH4 ионындағы коваленттік байланыстардың түзілу әдңстерін көрсетіңіз.

232. NCl3, CS2 және ICl5 молекулаларындағы байланыстардың табиғатын түсіндіріңіз. Әр қосылыс үшін электрон жұбының ығысу бағытын көрсетіңіз.

233. NF3, OF2, ClF және CO2 молекулаларындағы байланыстардың табиғатын түсіндіріңіз. Әр қосылыс үшін электрон жұбының ығысу бағытын көрсетіңіз.

234. Хлороформ CHCl3 молекуласының валенттік схемасын көрсетіп, атомдар арасындағы қандай байланыстың полюстігі жоғары екендігін және осы байланыста электрон жұбы қандай атомға қарай ығысқанын көрсетіңіз.

235. HCN молекуласының диполь моменті μ =9,66.10-30 Кл.м, ал электрон зарядының абсолюттік мәні q =1,60.10-19 Кл. Дипольдің ұзындығын есептеңіз.

236.Неліктен CS2 молекуласының диполь моменті нольге тең болатындығын молекуланың структуралық формуласын жазып түсіндіріңіз.

237. Байланыстырушы электрон жұптарын көрсету арқылы H2, O2, Cl2, N2 және CH4 молекулаларының құрылысын келтіріндер. Азот молекуласының аса беріктігін немен түсіндіруге болады?

238. Бірдей атомдардан түзілген молекулалардың диполь моменті мен диполь ұзындығы неге тең?

239.Келтірілген полюсті байланыстардың оң және теріс полюстерін көрсетіндер: a) H-F; б) C-H;в) H-S;г)C-I;д)C=O;е)C-F;ж)S=0.

240. HCl молекуласындағы диполь ұзындығы 0,22 Ao-ге тең. Молекуланың диполь моментін есептеңдер.

241. Келтірілген қосылыстардағы атомдар арасындағы байланыс түрін анықтаңдар: KHF2, H2O, HNO3, KHSO4

242. Мына қатардағы қосылыстардың беріктігі қалай өзгереді: HF, HCl, HBr, HI?

243. Элементтердің электртерістігін пайдаланып, мына байланыстарда элекрон жұбы қай атомға қарай ығысатығын табыңдар: S-K, S-H, S-Br, S-C.

244. H-N байланысының диполь моменті 4,342.10-30 Кл.м-ге тең, H-N байланыс ұзындығы 0,101 нм. Сутегі мен азоттың эффектілі зарядын H+δ, N- δ табыңдар.

245. C-N байланысында көміртегі мен азоттың эффектілі заряды электронның абсолют зарядының 0,071 бөлігіне тең. C-N байланысының диполь моменті 1,67.10-30 Кл.м. Диполь ұзындығын есептендер.

246. PCl3, BF3, CS2, CCl4, Cl2O молекулаларда электрон жұптары қай элементке қарай ығысады?

247. ВБ теориясы бойынша NH3 молекуланың кеңістіктегі құрылысын, полюстігін, байланыстардың табиғатын (σ , π байланыс, гибридті, полюсті, полюссіз ковалентті, ионды) анықтаңыз.

248. H2O, H2S, H2Se, H2Te молекулалардың құрылысын қарастырып (полюстілігін, байланыстар табиғатын σ , π ), байланыстар арасындағы бұрыштар қалай өзгереді? Неге?

249. H2, H2O, PH3, BH3, KBr молекулалардың полюстілігін анықтап, полюсті ковалентті байланысы бар полюссіз молекуланы анықтаңыз (жауапты түсіндіріңіз).

250. CCl4 және CH3Cl молекулалардың құрылысын және полюстілігін валентілік байланыс әдісі бойынша талдаңыз.

251. HF, HCl, HBr, HI, KI молекулалардың құрылысын қарастырып (полюстілігін, байланыстар табиғатын σ , π), дипольдік моменттері қалай өзгеретіндігін талдаңыз?

252. SiCl4 молекулаланың кеңістіктегі құрылысын, полюстілігін валенттік байланыс әдісі бойынша байланыстардың табиғатын (σ , π байланыс, гибридті, полюсті, полюссіз ковалентті, ионды) анықтаңыз.

253. Азот молекуласындағы (N2) атомдар арасындағы байланыстардың түрлері мен түзілу табиғатын валенттік байланыстар әдісі бойынша анықтаңыз.

254. O2 молекуланың және O2-, O2+ молекулалық иондардың молекулалық орбитальдар әдісі бойынша энергетикалық диаграммаларын құрастырып түзілу мүмкіншілігін, байланыс еселегін және магнитті қасиеттерін анықтаңыз.

255. NO молекуланың молекулалық орбитальдар әдісі бойынша энергетикалық диаграммасын құрастырып байланыс еселегін және магнитті қасиетін анықтаңыз.

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ )

267. [Pt(NH3)4Cl2]Cl2 қосылыстағы комплекстүзгіштің координациялық саны мен тотығу дәрежесі

A) 6 және 4+ B) 4және 4+ C)4 және 2+

D) 2 және 0 E)6 және 2+

268. Калий хлоропентагидроксоплатинаты (IV) деп аталатын қосылыстың формуласы:

A) K2[Pt(OH)5Cl] C) K2[Pt(OH)6Cl2] E)K[Pt(H2O)7Cl2]

B) K[Pt(H2O)5Cl] D) K[Pt(H2O)5Cl2]

269.Комплексті ионның [Ni2(NO)2(CN)6]4- атын атаңыз:

А) никель нитроцианид анионы

В) никель цианонитрит ионы

С) гексанитратоцианоникелет (III) анионы

Д) гексацианодинитроникелат (II) анионы

Е) гексанитродицианоникелат (III) ионы

270. Кешен ионының заряды бойынша кешен катионға жататын кешен қосылысын анықтаңыз.

A)[Co(NH3)2(NO2)3] B) K3[AIF6] C) Na2[Zn(OH)4]

D) [Cr(NH3)5C1]SO4 E)K2[PtC14]

271. Ацидокомплекске жататын кешен қосылысы:

A) [Cu(NH3)4]SO4 В)Na2[Pb(OH)4] C) K3[Al(OH)6]

D) [Cu(H2O)4]SO4 E) K2[Co(SO3)2]

272. Тұрақтылығы ең жоғары болаты кешен ионы:

A) [HgCl4]2- KТ-З=8,5.10-18

В) [HgBr4]2- KТ-З=1,0.10-21

C) [HgI4]2- KТ-З=1,5.10-30

D) [Hg(CNS)4]2- KТ-З=1,0.10-22

E) [Zn(CN)4]2- KТ-З=1,3.10-17

273. Құрамындағы комплекстүзгіш пен лигандаларға оңай ыдырайтын кешен ионын анықтаңыз.

A) [Ag(S2O3)2]3- KТЗ=1,0.10-13

В) [Ag(CN)2]- KТЗ=1,0.10-21

C) [Ag(SCN)2]- KТЗ=2,0.10-11

D) [Ag(NH3)2]+ KТЗ=5,9.10-8

E) [Ag(NO2)2]- KТЗ=1,3.10-3

274. Қандай қосылыстың ерітіндісінде Cu2+ иондардың концентрациясы ең аз болады?

A) CuSO4 C) Cu(NO3)2

B) CuCl2 D) [Cu(NH3)4]SO4 E) CuSO4.5H2O

275. Нитропентаамминкобальт (III) хлориді кешен қосылыстың формуласы:

A) [Co(NH3)3(NO2)2Cl]; D) [Co(NH3)5NO2]Cl;

B) [Co(NH3)5(NO2)Cl2]; E) [Co(NH3)5 Cl] (NO2)2;

C) ) [Co(NH3)3(NO2)Cl] Cl

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

276. [Cu(NH3)4]SO4 , K2[PtC16], K[Ag(CN)2] комплексті қосылыстардың атын атап комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін және координациялық санын анықтаңыз.

277. [Cr(H2O)4Cl2]OH, K2[HgBr4], Na4[Fe(CN)6] комплексті қосылыстардың атын атап комплекстүзгіштің тотығу дәржесін және координациялық санын анықтаңыз.

278. Кобальт (III) координациялық саны =6 болса,CoCl3.6NH3, CoCl3.5NH3, CoCl3.4NH3 комплексті қосылыстардың координациялық формулаларын жазып, аттарын атаңыз.

279. Кешен иондардың Ag(CN)2]- (KТ-З=1,0.10-21 ), [Ag(NH3)2]+ ( KТ-З=6,8.10-8 ) [Ag(SCN)2]- (KТ-З=2,0.10-11) жақшадағы тұрақсыздық константаларKТ-З шамаларын пайдаланып, ерітінділердің мольдік концентрациялары бірдей жағдайда, Ag + иондарының концентрациясы жоғары болатын ерітіндіні анықтаңыз.

280. Комплекстүзгіштері Cr3+,Pd2+,Ni2+ болатын кешен ионардың [Cr(NH3)5NO3]x, [Pd(NH3)Cl3]x, [Ni(CN)4]x зарядын анықтап, комплексті қосылыстарын құрастырып, аттарын атаңыз.

281.Кешен иондардың[Co(CN)4]2-,[Hg(CN)4]2-, [Cd(CN)4]2- тұрақсыздық константаларының мәндері сәйкес 8.10-20, 4.10-41, 1,4.10-17 . Ерітіндінің молярлы концентрациялары бірдей болса, CN иондардың концентрациясы үлкен болатын кешен ионың анықтаңыз.

282. Rb2[PbBr6]; K2[PbCl4], Na[Sb(SO4)2] қосылыстардағы комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін, координациялық санын кешен ионның зарядың және KТ-З көрінісін жазыныз.

283. [Ag(NH3)2]+, [Fe(CN)6]4-, [PtCl6]2- кешен иондардың аттарың атап, тұрақсыздық константаларының көрінісің жазыңыз. Комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін мен координациялық санын анықтаңыз.

284. [Zn(NH3)4]+, [Fe(CN)6]3-, [PtCl4]2- комплексті иондардың аттарын атап, тұрақсыздық константаларының көрінісің жазыңыз. Комплекстүзгіштің тотығу дәрежесін мен координациялық санын анықтаңыз.

285. Платина (II) комплекстүзгіштің координациялық саны 4 тең болса, PtC12.3NH3; PtC12.NH3.KCl; PtC12.2NH3 кешен қосылыстардың координациялық формулаларын жазып, аттарын атаңыз.

286. Fe 3+, NH3, Cl-, K+ бөлшектердің тіркесімі бойынша жеті кешен қосылысты құрастыруға болады. Осы қосылыстардың формулаларын жазыңыз.

287. [Cr(CN)6]3- кешен ионның түзілу механизмің қарастырып, кеңістіктегі құрылысын анықтаңыз.

288.[AuCN2]- кешен ионы комплекстүзгіштің AO гибридтелу түрін анықтаңыз.

289. Құрамы CuCl2.4H2O және 4KCN.CoCN2 болатын қосылыстардың координациялық құрылысын қарастырып олардың координациялық формаларын жазып, атын атаңыз.

290. Кешен қосылыстардың формулаларын құрастырыңыз:

a) аммоний гексахлоропаллааты (IV)

цезий дихлороаргенаты (I)

б) дихлоротетраамминкобальта (III) сульфаты

хлоротетраминотемір (III) хлориді

в) аммоний гидроксотрихлороаураты (III)

индий (I) тетраиодоиндат(III)

д) бромотетраамминкобальт (III) нитраты

натрий бис (тиосульфато) аргенаты (I)

291.Кешендер аталымдарында қателерін анықтап, дұрыс жауабын келтіріңіз.

a) [Fe(CO)5] – темір карбонилы

б) [Os(NH3)6] – осмий гексаамины

в) [Al(H2O)6]3+ - гексагидроксоалюминий

г) [Cr(H2O)4Cl2] – тетрааквадихлорохром (II)

292. Кешендер аталымдарында қателерін анықтап, дұрыс жауабын келтіріңіз.

a) [TiF6]2- - гексафтортитанат ионы

б) [Ag(CN)2]- - дицианидокүміс (I) ионы

в) [PbCl6]2- - гексахлороплюмбат (II) ионы

г) [Cr(NH3)2(H2O)4]- - .

293. Координациялық саны 6-ға тең, комплекстүзгіштің Co III қатысуымен түзілген кешен қосылыстардың координациялық формулаларын қателерін анықтап, дұрысын келтіріңіз.

a) [Co(NO2)4(NH3)2]-, [Co(NH3)3(NO2)3]+

б) [Co(H2O)3(NH3)3], [Co(NH3)4Cl2]+

в) [Co(H2O)4(NH3)3], Na3[Co(NH3)6]

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ)

300. Есептеу жүргізбей ақ, мына процестердің қайсысы үшін энтропияның өзгерісі оң болатынын көрсетініз.

A) MgO(к)+H2(г) = Mg(к) +H2O(c)

B) C(графит) + CO2(г)=2CO(г)

C) CH3COOH(сұлы) = CH3COO-(сұлы) + H(сұлы)

D) 4HCl(г) +O2(г)=2Cl2(г) + 2H2O(г)

E) NH4NO3(к) = N2O(г) + 2H2O (г)

301. Кез келген температурада мына жағдайлардың қайсысы мүмкін болады:

A) ΔH<0, ΔS>0 B) ΔH<0, ΔS<0 C) ΔH>0, ΔS>0

302. Кез келген температурада мына жағдайлардың қайсысы жүзеге аспайды:

A) ΔH>0, ΔS>0 B) ΔH>0, ΔS<0 C) ΔH<0, ΔS<0

303. P=cont болған кезде реакция өзбетінше мына жағдайда жүреді:

A) ΔG>0; B) ΔG=0; C) ΔG<0; D) ΔS<0; E) ΔH>0

304. 4CO+2SO2=S2+4CO2 реакцияға қатысатын затардың стандарты жағдайдағы түзілу энтальпиялары (ΔH 0 f) белгілі болса химиялық реакцияның жылу эффектісін ΔH 298 қалай есептеуге болады:

A) ΔH 298 = ΔH 0f (CO)+ ΔH 0f (SO2) - ΔH 0f (S2)- ΔH 0f (CO2);

B) ΔH 298 = ΔH 0f (S2) + ΔH 0f (CO2) - ΔH 0f (CO) - ΔH 0f (SO2);

C) ΔH 298 = 4ΔH 0f (CO)+ 2ΔH 0f (SO2) +2 ΔH 0f (S2)+4 ΔH 0f (CO2);

D) ΔH 298 = 4ΔH 0f (CO)+ 2ΔH 0f (SO2) - ΔH 0f (S2)-4 ΔH 0f (CO2);

E) ΔH 298 = ΔH 0f (S2) + 4ΔH 0f (CO2) -4 ΔH 0f (CO) -2 ΔH 0f (SO2);

305. PtCl2(к)+Cl2(г) =PtCl4(к) реакцияның жылу эффектісін (кДж/моль) және реакция түрін анықтаңыз, егер стандартты жағдайда заттардың түзілу энтальпиялары ΔH 298 (кДж/моль) :

PtCl2(к)= -118,0; PtCl4(к) = -226,0 тең болса.


  1. -344, экзотермиялық D) 344, эндотермиялық

  2. -108, эндотермиялық E) -266, эндотермиялық

  3. -108, экзотермиялық

306. Энтропияның өзгеруі ΔS (ретсіздік) кему ретімен жүретін процесті анықтаңыз:

A) H2O (c)→ H2O(г) D) 4HCl(г)+O2(г)→2H2O(г)+2Cl2(г)

B) H2(г)+Cl2(г) →2HCl(г) E) 2NH3(г) →N2(г) +3H2(г)

C) N2O4(г) →2NO2(г)

307. Азот диоксидінің стандартты түзілу жылуы: ΔH 298(NO2) =-33,5 кДж/моль. Келтірілген реакциялардың ішінен жылу эффектісі осы санға тең реакцияны белгілеңіз (T=298K).

A) N2+2O2 =2NO2; D) NO + 1|2 O2 =NO2;

B) 2NO +O2 =2NO2; E) 4NH3 +7O2=4NO2+6H2O

C) 1|2 N2 +O2=NO2;

308. Энтропияның өзгеруі ΔS өсу ретімен жүретін процесті анықтаңыз.

A) CaO(к)+H2O(с) = Ca(OH)2(к) D) C(графит) →C(алмаз)

B) NH3 (г) +HCl(г)= NH4Cl(г) E) 4Fe(к) + 3O2(г) = 2Fe2O3(к)

C) N2O4(г)→2NO2(г)

309. (NH4)2CrO4(кр) аммоний хроматының түзілу Гиббс энергиясы мына реакцияның Гиббс энергиясының өзгеруіне тең:

A) 2NH3(г) +H2CrO4(c)=(NH4)2CrO4(к)

B) 2NH3(г) +CrO3(к)+H2O (с)=(NH4)2CrO4(қ)

C) N2(г)+4H2(г)+Cr(қ)+ 4O2 (г) =(NH4)2CrO4(қ)

D) 2N(г)+8H(г)+Cr(г)+4O(г)=(NH4)2CrO4(қ)

E) (NH4)2CrO4(ққ)=2NH3(г) +CrO3(қ)+H2O (с)

310. 2PH3(г) + 4O2(г) = P2O5(к) +3H2O(с) реакция теңдеуінен стандартты жағдайда фосфиннің түзілу энтальпиясын ΔH 298 PH3 (кДж/моль) анықтаңыз. ΔHх.р. = -2360 кДж , ΔH 298P2O5(қ)=-1492 кДж/моль және ΔH 298 H2O (с) = -285, 8 кДж/моль.

A) -21,2 B) -10,6 C)-5,3 D)5,3 E)30,6

311. CaO(қ) +CO 2(г) ↔CaCO3(қ) тура бағытта өзбетінше жүре алады ма? Жауапты реакцияның Гиббс энергиясын есептеу арқылы дәлелдеңіз. ΔG 0 298 (кДж/моль):

CaO(қ) =-604,2; CO2(г)=-394,64; CaCO3(қ)=-1128,7.



  1. -998,84 кДж/моль, ия ; D) -2124,6 кДж/моль, ия;

  2. -129,9 кДж/моль, жоқ ; E) -129,9 кДж/моль, ия

  3. +998,84 кДж/моль, жоқ ;

312. Есептеу жүргезбей ақ, мына процестердің арасынан ΔS0 кему ретімен жүретін реакцияларды анықтаңыз :

A) 2NH3(г) = N2(г) +3H2(г)

B) CO 2(к) = CO 2(г)

C) 2NO(г) + O2(г) =2NO2(г)

D) 2H2S(г) +3O2(г) = 2H2O(с) +2SO2(г)

E) 2CH3OH(г) +3O2(г) = 4H2O(г) + CO2(г)

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

313. Термохимиялық теңдеулер бойынша реакциялардың экзо- немесе эндотермиялық екенің анықтаңыз:

C(г)+ H2O(г)=CO (г) + H2(г) ΔH0= +132кДж

CuO(к) + C(г) = Cu(к) +CO(г) ΔH0= +46 кДж

FeO(к) + CO(г) = Fe(к) +CO2(г) ΔH0= - 12 кДж

MgO(г) + Al2O3(г) = (MgAl2)O4(г) ΔH0= -39 кДж

314. Реакцияларды теңестіріп стандартты энтальпиясын есептеңіз.

A) ZnS(г) +O2(г) = ZnO(г) + SO2(г)

B) Al2(SO4 ) 3(г) = Al2O3(г) +SO3(г)

C) AgNO3(г) = Ag(г) + NO2(г) +SO3(г)

D) SO2(г) +H2S(г) = S(г) + H2O (ж)

315. ΔH0 тұз. MgO(к)= -602 кДж /моль ; ΔH0 тұз. CO2(г)= -395,4 кДж/моль мәндерін және магний карбонатының MgO(к) мен CO2(г) заттарға ыдырау реакцияның жылуын (энтальпиясын) 115,6 кДж/моль пайдаланып MgCO 3(к) үшін стандартты түзілу жылуын есептеңіз.

316. Берілген термохимиялық тендеулер бойынша мышьяк (V) оксидінің жай заттардан стандартты түзілу энтальпиясын есептеніз.

4As(г) + 3O2(г) = 2As2O 3(к); ΔH0= - 1328 кДж

As2O 3(к) + O2(г) =As2O 5(г) ; ΔH0= - 261 кДж

317. Реакция тендеуі бойынша темір (III) оксидінің стандартты энтропиясын есептеңіз.

4FeO(к) + O2(г) = 2Fe2O3(к) : ΔS o х.р. = -259 Дж/К

318. Темір (III) оксидінің жай заттардаң стандартты түзілу энтропиясын:

4Fe(к) +3O2(г) = 2Fe2O3(к) берілгендер бойынша есептеңіз:

2Fe(к) +O2(г) = 2Fe2O(к) ; ΔS o (I)= -145 Дж/К

4FeO(к) + O2(г) = 2Fe2O3(к); ΔS o (II)= -259 Дж/К

319. T=1230 K температурада 2SO2(г) + O2(г) =2SO2(г) реакцияның Гиббс энергиясын есептеңіз, егер реакцияның ΔH0= - 198 кДж және ΔS o =-187Дж/К болса. Осы жағдайда жабық жүйеде бұл реакция өздігінен жүре ме?

320. Төмендегі реакцияларды пайдаланып этиленнің C2H4 түзілу жылуын (ΔH0 тұз,298) есептеңіз:

C2H4(г) +3O2(г) =2CO2 (г) +2H2O(г) ; ΔH0 298=-1323 кДж

C(графит) + O2 (г) = CO2 (г) ; ΔH0 298=-393,5 кДж

H2 (г) + 0,5 O2(г) = H2O(г) ; ΔH0 298=-241,8 кДж


321. Төмендегі реакцияларды пайдаланып MgCO3 (к) –ң түзілу жылуын (ΔH0 тұз,298) есептеңіз:

2Mg (к) + O2 (г) = 2MgO (к) ; ΔH0 298=-1203,6 кДж

C(графит) + O2 (г) = CO2 (г) ; ΔH0 298=-393,5 кДж

MgO (к) + CO2 (г) = MgCO3(к) ΔH0 298=-117,7 кДж

322. Төменде келтірілген реакциялардың ΔG0298 –ң мәндерін талдай отырып, қорғасын мен қалайыға қандай тотығу дәрежелері біршама тән екендігін анықтаңыз:

PbO2(к) + Pb(г) = 2PbO(к) ; ΔG0298 <0

SnO2 (к) + Sn(г) =2SnO(к) ; ΔG0298 >0

323. Есептеулер жүргізбей ақ төменде көрсетілген реакциялар жүру барысында жүйенің энтропиясы қалай өзгеретіндігін (таңбасын) анықтаңыз:

A) 2NH3(г) = N2 (г) + 3H2(г) ;

B) 2CH3OH(г) +3O2(г) = 4H2O(г) +2CO2(г) ;

C) 2H2S(г) + 3O2(г) = 2H2O(с) + 2SO2(г) ;

D) 2NO(г) + O2(г) = 2NO2(г)

324. Мына оксидтердің қайсысы 298 K температурада алюминиймен тотықсыздану мүмкін: CaO, FeO, CuO, PbO, Fe2O3, Cr2O3? Жауабыңызды есептеулермен дәлелдеңіз.

325. Төменде көрсетілген реакцияның ΔG0298 мәнің есептеп стандартты жағдай мен 298 K температурада реакция бай бағытта өз еркімен жүретіндігін анықтаңыз:

N2(г) + 0,5 O2(г) = N2O(г) .

326. Төменде көрсетілген реакцияның ΔG0298 мәнің есептеп стандартты жағдай мен 298 K температурада реакция бай бағытта өз еркімен жүретіндігін анықтаңыз:

Fe2O3(к) +3CO(г) = 2 Fe(к) +3CO2(г)

327. Төменде көрсетілген реакцияның ΔG0298 мәнің есептеп стандартты жағдай мен 298 K температурада реакция бай бағытта өз еркімен жүретіндігін анықтаңыз:

Cu(к) + ZnO(к) = CuO(к) + Zn(к)

328.Жүйенің: 4HCl(г) + O2(г) ↔2H2O(г) + 2Cl2(г) , стандарты жағдайдағы ΔH o х.р. = -114,42кДж/моль , ΔS o х.р. =-128,4Дж/моль тең болса, тепе теңдік қандай температурада түзіледі?

329.Энтропи өсу ретімен жүретін реакцияларды анықтаңыз

A) CaO(к) +H2O(ж) = Ca(OH)2(к) ; B) 4Fe(к) +3O2(г) = 2Fe2O3(к) ;

C) 2NH3(г) + HCl(г) = NH4Cl(к) ; D) N2O4(г) →2NO2(г) ;

E) S(к) + O2(г) = SO2(г)

330. Берілген термохимиялық теңдеулерінен кальций гидроксидінің стандартты түзілу энтальпиясын ΔH0298 (Ca(OH)2) есептеңіз:

Ca(к) +1/2 O2(г) = CaO(к) ; ΔH0 298(1)=-635,6 кДж (1)

H2(г) +1/2 O2(г) = H2O(c) ΔH0 298(2)=-285,84 кДж (2)

CaO(к) +H2O(с) = Ca(OH)2(к) ; ΔH0 298(3)=-66,06 кДж (3)

331. Берілген термохимиялық теңдеулерінен газ тәрізді фосфор пентахлоридінің стандартты түзілу энтальпиясын ΔH298 (PCl5(г)) есептеңіз:

2P(к) +3Cl(г) → 2PCl3(г) ; ΔH0 298=-560 кДж

PCl3(г) + Cl2(г) → PCl5(г) ; ΔH0 298=-86,9 кДж

331. 1кг натрий карбонатын ыдырату үшін

Na2CO3(к) = Na2O(к) + CO2(г), берілген термохимиялық теңдеулерінің қажетті жылу мөлшерін есептеңіз:

Na2CO3(к) + SiO2(к) = Na2SiO3(к) + CO2(г); ΔH0 298(1)=81,04 кДж

Na2O(к) + SiO2(к) = Na2SiO3(к) ; ΔH0 298(2)=-243,17 кДж

Оқытушы қатысындағы студенттің өздік жұмысына берілген сұрақтар (ОСӨЖ)

342. Егер реакциялық 2NO + O2 →2NO2 ыдыстың көлемін 2 есе ұлғайтса реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді:

A) 4 есе азаяды; B)8 есе азаяды; C)4 есе өседі; D) 8 есе өседі

343. Жүйеге катализатор қосқанда реакция жылдамдығының өсуі немен түсіндіріледі:

А) активтендіру энергиясының азаюымен;

В) молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының өсуімен;

С) соқтығысу санының өсуімен;

D) активті молекула санының өсуімен.

344. 20 0C температурада белгілі бір реакцияның жылдамдық константасы 10-4 мин -1 , ал 50 0C температурада 8.10-4 мин -1ге тең. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті нешеге тең:

A) 2; B)3; C)4; D)5

345. Келтірілген реакция үшін:

S(к) + O2(г) = SO2(г)

Әрекеттесу массалар заңының көрінісі:



  1. υ=k.C(S).C(O2) В) υ=k.C(O2) С) υ=k.C(S)

D) υ=k.C(S O2). Е) υ=k.C(S).C(O2) . C(S O2).

346. 2NH3(г) + HCl(г) →NH4 Cl(к) реакцияда аммиактың концентрациясын 2 есе арттырса реакция жылдамдығы қалай өзгереді?

A) өзгермейді B)2есе артады C)2есе кемиді

D)4 есе артады E) 4есе кемиді

347. Әрекеттескен заттардың концентрациясын 2 есе артырса реакция:

2N2O5=2N2O4 +O2 жылдамдығы қалай өзгреді?



  1. 10 есе артады; B) 4есе кемиді; C)өзгермейді;

D)2 есе артады ; E) 4есе артады.

348. Температуралық коэффициент γ=3 болса, реакция жылдамдығын 81 есе кеміту үшін температураны неше градусқа төмендету керек?

A)40; B) 30; C)20; D)10; E)9

349. Тепе-теңдікті: 2CO2(г) + O2(г) ↔2CO2(г) +Q бастапқы заттарға (солға) қарай ығыстыру үшін:

А) СО концентрациясын арттыру керек

В) температураны кеміту керек

С) қысымды арттыру керек

D) CO2 концентрациясын кеміту керек

Е) температураны арттыру керек

350. 2NH3(г) +5NO2(г) = 7NO(г) + 3H2O(г) реакциядағы аммиактың концентрациясын 4 есе артырса, реакция жылдамдығы неше есе өседі?

A) 2 B) 16 C) 32 D) 128 E) 512

351.Температураны 70 0C- ден 40 0C-қа дейін төмендетсе, реакция жылдамдығы қалай өзгереді ( γ=3)?

A) 3есе кемиді B) 9 есе артады C) 27 есе артады

D) 27есе кемиді E) 30есе артады

352. Тепе-теңдікті солға қарай ығыстыру үшін реакция жағдайын қалай өзгерту керек: H2(г) +Cl2(г) ↔2HCl(г)

А) жүйенің қысымын кеміту керек

В) жүйенің қысымын арттыру керек

С) хлордың концентрациясын арттыру керек

D) хлорстектің концентрациясн арттыру керек

Е) сутектің концентрациясын арттыру керек

353. 4HCl(г) +O2(г) ↔2H2O(г) +2Cl2(г) , ΔH<0, жүйенің тепе-теңдігін оңға (хлор түзілу бағытқа) қарай ығыстыру үшін:

А) қысымды кемітеді

В) HCl концентрациясын кемітеді

С) Cl2 концентрациясын арттырады

D) температураны арттырады

Е) қысымды арттырады

354. Fe3O4(қ) + 4CO(г) ↔3Fe(қ) + 4CO2 (г) – Q реакция тепе-теңдігін солға қарай ығыстыру үшін:

А) қысымды арттыру керек

В) CO концентрациясын арттыру керек

С) температураны төмендету керек

D) қысымды кеміту керек

Е) температураны арттыру керек

355. Мына әсер етулердің қайсысы химиялық реакцияның тепе-теңдік константасының мәнінің өзгеруіне әкеледі:

А) қысымның өзгеруі;

В) температураның өзгеруі;

С) катализаторды ауыстыру;

D) әрекеттесуші заттардың концентрациясын өзгерту?

Студенттің өзбетімен орындауға арналған жаттығулар мен есептер (СӨЖ )

356. A және В заттарының арасындағы реакция А+2В→С теңдеуімен өрнектеледі. Бастапқы концентрациялар [A]0 = 0,03моль/л, [B]0=0,05моль/л құрайды. Реакция жылдамдығының константасы 0,4. А затының концентрациясы 0,01 моль/л ге азайғандағы біраз уақыт өткеннен кейінгі жылдамдығын және реакцияның бастапқы жылдамдығын табыңдар.

357. Егер a)жүйедегі қысымды 3 есе арттырса ;б) жүйенің көлемін 3 есе азайтса ; в) NO концентрациясын 3есе арттырса, 2NO(2) +O2(г) →2NO2(г) реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді?

358. Егер температураны 30 0C-қа көтергенде, реакция жылдамдығы 15,6 есе өссе, реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті нешеге тең?

359. Реакцияның жылу эффектісі оның активтендіру энергиясына тәуелді ме? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

360. Егер тура реакция жылу бөле жүрсе, онда қандай бағыттағы тура немесе кері реакцияға үшін активтендіру энергиясы үлкен болады?

361. Егер 280 K-ге қарағанда реакция жылдамдығы 300K-та 10 есе көп болса, реакцияның активтендіру энергиясының мәні неге тең?

362. O3(г) +NO(г) →O2(г) + NO2(г) реакциясының активтендіру энергиясы 10 кДж/моль-ге тең. Температураны 27 oC- ден 37 0C-ге дейін көтергенде реакция жылдамдығы неше есе өзгереді?

363. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті активтендіру энергиясының мәніне байланысты ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

364. 2SO2 + O2 =2SO3 теңдеу бойынша:

а)оттегінің концентрациясын 2 есе өсіргенде ;б) SO2 нің концентрациясын 3 есе өсіргенде жылдамдығы қалай өзгереді?

365. Реакцияның жылдамдығын 9 есе арттыру үшін берілген реакциядағы 2H2S+SO2=3S+2H2O күкіртсутек пен күкірт (IV) оксидінің концентрацияларын неше есе өсіру керек?

366. 2Fe(қ) + 3Cl2(г) = 2FeCl3(қ) реакцияның жылдамдығы қысымды 3 есе арттырғанда қалай өзгереді?

367. Газдар қоспасының температурасын 140 0C-ден 110 0C-ге дейін төмендетсе температуралық жылдамдық коэффициенті 3-ке тең реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді?

368. Температура 45 0C -ге төмендегенде 25 есе баяулайтын реакция жылдамдығының температуралық жылдамдық коэффициентін табындар.

369. Жабық ыдыста тепе-теңдік орнаған:

CO2(г) + H2 →CO(г) + H2O(г) ; тепе-теңдік константасы бірге тең.

a) Егер берілген температурада 1 моль CO2 және 5моль H2 араластырса, CO2 нің қанша проценті CO-ға айналады;

б) егер тепе тендік орнағанда реакцияға сутектің бастапқы мөлшерінің 90% реакцияға түссе, CO2 мен H2 қандай көлемдік қатынаста араластырылған?

370. N2(г) + 3H2(г) →2NH3(г) ΔH 0 =-92,4кДж жүйесінде тепе-тендік кезінде қатысатын заттардың концентрациялары тең : [N2]=3 моль/л ; [H2]=9 моль/л ; [NH3]=4моль/л.

a) H2 және N2 бастапқы концентрацияларын;

б) температураның өсуімен тепе-тендік қалай қарай ығысатын;

в) реакциялық ыдыстың көлемін кішірейтсе тепе-тендік қай бағытқа ығысатынын анықтандар.

371.Белгілі бір температурада 2NO2→2NO+O2 жүйесіндегі тепе -тендік келесі концентрацияларда орнады : [NO2]=0,006моль/л ; [NO]=0,024моль/л ; [O2]=0,012 моль/л. Реакцияның тепе-тендік константасын және NO2-ның бастапқы концентрацияларын табыңдар.

372. A(г) + B(г) →C(г) +D(г) жүйесіндегі A және B газдарын араластырған соң мынадай концентрацияларда тепе –тендік орнайды: [B]=0,05 моль/л; [C]=0,02 моль/л. Реакцияның тепе –тендік константасы 4.10-2 тең. A және B заттарының бастапқы концентрацияларын табыңдар.

373.Егер N2O4 бастапқы концентрациясы 0,08 моль/л, ал тепе –тендік орнаған сәтте 50% N2O4 диссоциацияланған болса, онда N2O4→2NO2 реакциясының тепе –тендік константасын табындар.

374. C(графит) +CO2(г) →2CO2(г) ; ΔH 0 =172,5 кДж жүйесі тепе тендік жағдайда болады:

а) қалыпты қысымда температура жоғарлағанда тепе тендік қоспада CO2 мөлшері қалай өзгеретінің;

б) температура өзгеріссіз болса, жалпы қысымды жоғарлатқанда, температураны жоғарлатқанда, жүйеге катализатор қосқанда тепе тендік константасы өзгере ме?

375. Қайтымды реакцияларының:

2CO(г) + O2(г) →2CO(г) ; ΔH 0 =-566 кДж

N2(г) + O2(г) → 2NO(г) ; ΔH 0 =160кДж

а) температура төмендегенде; б) қысым жоғарлағанда тепе тендік қай бағытқа ығысады?

376. Мына реакциялардың:

2H2(г) +O2(г) → 2H2O(г) ΔH 0 =- 483,6 кДж

CaCO3(қ)→ CaO(қ) + CO2(г) ΔH 0 =179 кДж

а) қысымның өсуі; б) температураның өсуі тепе тендігіне қалай әсер етеді?

377. Жабық ыдыста AB(г) →A(г) + B(г) реакциясы жүрді. Реакцияның тепе тендік константасы 0,04, ал В затының тепе тендік концентрациясы 0,02 моль/л құрайды. АВ затының бастапқы концентрациясын табындар. Қанша процент АВ зат ыдырады?

378. Егер қысымды екі есе өсіріп, сонымен қатар температураны 10 0C-қа көтерсе А2(г) + B2(г) →2АВ(г) реакциясының тепе тендігі қай бағытқа ығысады? Тура және кері реакцияның температуралық коэффициенті сәйкесінше 2 және 3-тең. Осы реакцияның ΔH 0 белгісі қандай?

379. Реакцияның активтендіру энергиясы EA=191кДж/моль. Температураны 330- ден 400 K дейін арттырса реакцияның жылдамдық константасы қалай өзгереді kT1/kT2 ?

380. Реакция температурасын 500-ден 1000 K дейін арттырса жылдамдық константасы kT2/kT1 100 есе артады. Осы реакцияның активтендіру энергиясын EA анықтаңыз.

381. Реакцияның активтендіру энергиясы EA=95,5 кДж/моль. Температураны 500-ден 1000 K дейін арттырса реакцияның жылдамдық константасы қалай өзгереді kT1/kT2 ?

382. 4NH3(г) + 5O2(г) =4NO(г) + 6H2O(г) реакциядағы: а) аммиактың концентрациясын 2 есе арттырып, ал оттектің концентрациясын 2 есе кемітсе; б) жүйенің қысымын 2 есе арттырса, реакция жылдамдығы қалай өзереді?

383. 4NO(г) + 6H2O(г) = 4NH3(г) +5O2 (г) реакция жылдамдығы қалай өзгереді, егер: а) жүйенің қысымын 2 есе арттырса; б) жүйенің көлемін 2 есе арттырса; в) NO концентрациясын 3 есе арттырса?

384. H2 + I2 = 2HI реакцияның белгілі температурада жылдамдық константасы k=0,16. [H2] бастапқы = 0,04моль/л , [HI] бастапқы = 0,05 моль/л. Реакцияның бастапқы жылдамдығын, және [H2]=0,03 моль/л болған кездегі жылдамдығын анықтаңыз.



Тест сұрақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет