ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет11/13
Дата26.08.2017
өлшемі2,57 Mb.
#29090
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1-ші кесте


Қышқылдар (аттары және формулалары)



Қышқылдар тұзы—минералдар

формуласы

аталуы

Көмір қышқылы Н2СО3

СаСО3
СаСОз-МgСОз Nа2СОз

СuСО3-Сu(ОН)2



Кальцит (таза немесе ізбес тас құрамындағы)

Доломит


Сода (табиғи)

Малахит


Азот қышқылы НNО3

NaNO3

KNO3



Натрий селитрасы

Калий селитрасы



Күкірт қышқылы Н24

СаSО4-2H2O2

СаSО4

24

Мg2SО4

КАІ(SО4)2-І2Н2О



Гипс

Ангидрит

Глаубер тұзы

Ашы тұз


Ашутас

Фосфор қышқылы Н3РО4

Са3(РО4)2

Са5(РО4)3С1

Са65РО4)3


Фосфорит

Апатит


Бұл минерал-тұздардың көпшілігі кең тараған. Олардың толып жатқан түрлерінен ізбес тастар (плитняктар, бор, мрамор) түзіледі. Минералдардьщ практикалық зор маңызы бар.Мәселен, селитралар — бағалы азотты тыңайтқыштар. Гипс және оның сусыз формасы—ангидрит құрылыс ісінде пайдаланылады.. Бор аралас сұйык, гипс (алебастр) үйлердін, қабырғалары мен төбелерін сылау үшін қолданылады. Күкірт қышқыл магний мен натрий ішті жібітетін дәрі ретінде, ашутас тері илеу үшін,сондай-ақ бояу және қағаз өнеркәсіптерінде қажетке жаратылады. Фосфориттер мен апатиттер — тамаша тыңайтқыштар.

Минерал-силикаттар — бұл Н2Si0з, H4SiO4 және басқа да кремний қышқылдарының тұздары. Кремний — біздің планетада көп таралған элементтердін, бірі. Құм түріндегі кварц SiO2 құрылықты жауып жатады, құм әсіресе шөл жерлер мен су қоймаларының түбінде көп болады. Ол топырақтың басты құрамды бөлігіне жатады. Жер үстіндегі белгілі минералдардың 30 проценттен астамының құрамында кремний болады. Вулкан атқылауы мен оның тереңіндегі жыныстарының қатуынан пайда болған магма да силикатты жыныстар қоспасы болып табылады. Силикаттардың химиялық формулалары күрделі. Олар жеңіл металдар — К, Nа, Мg, АI-vty әр түрлі кремнийлі қышқылдардың қос қабаттары болып табылады. Мысалы, слюда формуласы: Н2КАI3(SiO4)з міне осындай.

Дала шпаты, слюда, тальк, ақ саз — коалии силикаттарға жатады. Саздық әр түрлі: қызыл, сұр, ленинградтық көгілдір түстері болады. Бұл әдеттегі тау жыныстары.

Каолинді керамика өнеркәсібінде, құрылыста, қағаз өндірісінде, клеенка, линолеум, т. б. әзірлеуде кеңінен қолданылады. Дала шпаттарының реңі алқызыл, ақ т. б. болып келеді. Ақ слюда — мусковит пен қара слюда — биотит те силикаттар. Терезе шынысы ойлап шығарылғанға дейін жүрт терезе рамасына ақ слюда орнатқан: Батыс европалык, елдер оны Россиядан алдырып түрған. Мусковит деп аталуы да содан, Мускова (Москва) деген сөзден алынған.

Тальк резеңқе, қағаз, тоқыма, керамика өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Силикат асбестің өзінше өте ерекшелігі бар, Оның кристалдары — оралымды да, жіңішке жіптер, оларды иіріп, тоқиды сондықтан асбесті тас зығыр деп те атайды.Асбест жанбайды. Өрт сөндіргіштер және отпен байланысты іске араласатын жұмысшыларға арналған киім мен қолғаптар асбест матадаи тігіледі. Асбестің қысқа жіптерінен өте ыстық заттарға (үтік, т. б.) төсеніш болатын асбесті қалың қатырма қағаз әзірлейді. Асбестің ізбеспен қоспасы шифер әзірлеуге қолданылады. Мннералдарды техникада және тұрмыста сан алуан мақсат-тарға пайдалануға болатындығын осы шолудың өзінен-ақ көруге болады. Барлық металдар рудасы мен суда еритін минералдардың тіршілікке аса қажетті ас тұзының және топырақ тыңайту үшін қолданылатын калий, фосфор және азот тұздарынын. маңызы өте-мөте зор.



2.Пайдалы қазындылар

Пайдалы қазындылар органикалық және бейорганикалық. заттардан пайда болады. Халық шаруашылығында олар табиғи (көмір) немесе өңделген (темір рудасы) күйінде пайдаланылуы мүмкін.

Пайдалы қазындылардың кез келген бір түрінің Жер бөлігінің кез келген бөлігінде жинақталуынан оның кені түзіледі. Пайдалы қазындылар қатты, сұйық, газ тәріздес болып келеді. Олардың негізгі үш тобы бар:

1) жанғыш (көмір, шымтезек, тақта тас, мұнай, табиғи газ);

2) металды немесе рудалы (қара және түсті мсталдар рудасы, сирек, асыл және радиоактивті металдар);

3) рудасыз немесе металсыз (құрылыс материалдары,ас тұз, калий тұзы, гипс, слюда, фосфориттер, т. б.)

Пайдалы қазындылар жердің әр қабатындағы әр түрлі тереңдіктерде болады. Осыған байланысты олардың кендерін шахталар мен рудниктерден немесе ашық тәсілмен карьерлерден өндіреді.

Қазынды көмір — өсімдік тектес, қатты, жанатын пайдалы қазынды. Ол қоңыр көмір, тас көмір және антрацит деп үшке бөлінеді. Жанғанда мол жылу беретін антрацит пен тас көмір өте-мөте бағалы.

Көмір отын ретінде және химиялық шикізат есебінде пайдаланылады, онда көмірден пластмассалар, фармацевтік (дәрі-дәрмектік) өнімдер, сұйық отындар және басқалар өндіріледі.

Дүние жүзілік маңызы бар көптеген кемір кендері Совет Одағында. Олар: Донецк бассейні (Донбасс), Кузнецк бассейні, Қарағанды, Москва түбіндегі бассейн, Сучан, Воркута, Ткварчели және басқалар.

ДонбассТМД-ның-Европа жағының оңтүстігіндегі аса маңызды көмір бассейні. Ол көмір шығару жөнінде ТМД-да бірінші орын алады және өнеркәсіптің ірі орталықтарының бірі болып табылады.

Мұнда көмір қалыңдығы 0,45-тен 1,2 м-ге дейін баратын қабаттарда жатады, ал кейде қалыңдығы 2,5 м болатын қабаттар да кездеседі. Донбасс көмір кенінің негізі тас көмір мен антрациттен құралады, ал қоңыр көмір тек батысында ғана кездеседі. Жоғары сапалы кокс беретін өте-мөте құнды көмір, бассейннің орталық жағында. Оларды 950 м-ге дейінгі тереңдіктен өндіреді, ал қалғандарын 300—600 м-ге дейінгі тереңдіктен шығарып алады. Донбаста тереңдігі 1200 ж-ге жететін шахталар бар. Көмір гидромониторлар мен (күшті су ағынын шығара жұмыс істейтіи аспап), көмір комбайндарымен және басқа да шахтерлердің жұмысын жеңілдететін, еңбек өнімділігін арттыратын машиналармен өндіріледі.



Кузнецк көмір бассейні —ТМД-ғы ірі бассейндердің бірі. Ол солтүстік шығыстағы Кузнецк Алатауының жоталары мен оңтүстік батыстағы Салаиыр бұйратының аралықтарындағы Кузнецк қазан шұңқырында. Бассейн ұзындығы 330 км-ге жуық, ал ені 100 км-ге барады.

Мұнда қоңыр көмірден бастап, антрацитке дейінгі көмір түрлерінің бәрі кездеседі. Көмір әр түрлі тереңдікте, оның жер бетіне шығып жататын жерлері де бар. Кузбастағы шахталардың ең терең дегені 400 м-ден аспайды, ал орташа тереңдігі 160 м.

Кузбастағы көмір қабаттары Донбасқа қарағанда әлдеқайда қалың 2,1-ден 6,5 ж-ге дейін жетеді.

Кузнецк көмірі жергілікті жерде энергиялық отын, химиялық шикізат ретінде пайдаланылады және Оралға тасылады.



Қарағанды көмір бассейні Қазақстанның солтүстік-шығысында. Оның орталық жағы ұсақ шоқылармен қоршалған жазық болып келеді. Бассейнде тас көмір және қоңыр көмір бар. Қабаттар қалыңдығы 0,7-ден 8 м аралығында ауытқып тұрады. Тас көмірдің көпшілігі кокс алуға жарамды. Донбасс пен Кузбасс көміріне қарағанда Қарағанды көмірінен күл көп түседі, бұл оның сапасын төмендетеді.

Шымтезек — жанба жыныс, ол батпақтағы өсімдіктердің мол ылғалдылық пен оттегінің жетімсіздігінен толық шіріп үлгермеуінің нәтижесінде түзіледі. Шымтезектің табиғи жағдайдағы ылғалдығы 88—94% болады.

Түзілу жағдайларына байланысты шымтезектің үстіңгі, астыңғы және өтпелі деп аталатын үш типі болады.



Үстіңгі тип шымтезегі су айырықтағы батпақта шымтезек мүгі, қоға және басқа да солармен бірге өсетін өсімдіктердің қалдықтарынан түзіледі. Мұндай шымтезекте 2-ден 4%-ке дейін күл болады.

Астыңғы тип шымтезегі көбінесе жайылым батпағындағы құрақ, қияқ, мүк және басқа да өсімдіктер қалдықтарынан түзіледі. Одан орта есеппен 6—12% күл түседі.

Өтпелі тип алдыңғы екеуінің аралығыиан орын алады. Шымтезек кені теңіз деңгейінен 200 м биіктіктен аспайтын жазықтарда кездеседі. Дүние жүзіндегі шымтезек қорынын, 2/з-сі-не жуығы ТМД-да, көбінесе орманды алқаптарда. Шымтезек қабатының орташа қалыңдығы 2,5—3 ж-ге жуық болады. Бір ғана шымтезек кенінде он шақты қабаттар болады. Шымтезек Белоруссиядан, Ока мен Волга өзендсрі аралығынан (Мещера), Иваново облысы және баска да бірқатар аудандардан шығарылады. Шымтезек жылу беретін электр станцияларында (Шатурск, Витебск, т. б.), ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде және малға төсенішке, сондай-ақ химия өнеркәсібінде

пайдаланылады.

Шымтезекті алу механикаландырылған. Қазіргі уақытта шымтезекті шымтезек комбайнының көмегімен және фрезамен өңдеу арқылы алады.

Мұнай — жанғыш сұйық қазынды. Ол көмірсутектердің басқа органикалық қоспаларының қосындысынан, сондай-ақ күкірт, азот және оттегінен түзіледі. Мұнай кені шөгінді жыныстардың қалың қабаттары ірі тектоникалық ойыстарды толтыра жинақталған аудандарда орналасқан. Мұнай кені бар жерлерде жанатын табиғи газдар да кездеседі.

Мұнайлы жыныс кені 200-ден 5000 м-ге дейінгі аралықта ауытқып тұрады. Жер шарында айналасы 600-ге тарта мұнай кені бар. ТМД мұнай қоры жөнінен дүние жүзінде бірінші және оны өндіріп алудан екінші орын алады.

ТМД-да дүние жүзілік маңызы бар бірқатар мұнайлы кендер бар: Баку маңы, Грозный маңы, Майкоп, Волга мен Орал аралығындағы аймақ, Украина, Сахалин, Ферғана, Батыс-Сібір ойпаты (Тюмень маңы т. б.).

Баку мұнайлы ауданы Апшерон түбегін және соған жалғас құрылық пен теңіз аймақтарын алып жатыр.

Бұл мұнайға өте бай аудан, ондағы мұнайлы жыныста 40 шақты мұнай қабаттары бар. Баку мұнайлы ауданында теңізді пайдалану кәсібінің үлкен маңызы бар. Мұнай кенін іске косу кезінде теңізге эстакадалар (бағаналарға орнатылған стол) орнатады да, солар арқылы скважиналар қазады.

Құрылықта қазылатын скважиналардың тереңдігі 6000 м-ге дейін барады. Бұрғылаудың жаңа тәсілдері, жаңа машиналарды қолдану мұнай кендерін пайдаға асыру мен мұнайды көбірек өндіруге жағдай туғызады.

Бакуда мұнайды қайта өңдейді, онда 100-ден астам өнім шығаратын және мұнайды қайта өңдеп, одан бензин, каучук, полиэтилен, жасанды талшықтар, пластмассалар, дәрі-дәрмектер алатын завод бар.

Мұнаймен қоса газ құбырлары арқылы қалалар мен басқа да елді мекендерге жіберілетін газ алынады.

Волга-Орал мұнайлы ауданы — мұнай кені мен оны өндіру женіндегі аса ірі жаңа аудандардың бірі. Оны пайдалану тек Со вет өкіметі кезінде ғана колға алынДы. Волга-Орал мұнайлы ауданының шегі әді толық айқындала қойған жоқ, бірақ барлан-ған жер көлемінің өзі-ақ Орал тау бөктерінен Волганың батыс ауданына дейін созылған аумақты территорияны алып жатыр. Оның оқтүстіктегі шегі Каспий бойы ойысының солтүстік жиегін бойлай, ал солтүстіктегі шегі Тиман бұйратының оңтүстік-батыс беткейін бойлай өтеді.

Қазір жүздеген метрден 2 км-ге дейінгі тереңдікте мұнайлы қабаттар болатындығы анықталып отыр.

Өндірілген мұнайдың бірсыпырасы тікелей өнеркәсіп аудандарында қайта өңделеді. Мұнай ажырататын заводтар Волгада да және ірі темір жол орталықтарында да (Куйбышев, Саратов, Сызрань, Волгоград, Уфа, Ишимбай, Краснокамск, Пермь, т. б.)

салынған. Мұнай мен газ негізіңде химия өнеркәсібінің алуан-алуан са-ласы дамыды. Мұнай кәсіпшіліктерден кәсіпорындарына құбырлар арқылы, сондай-ақ Волга өзені арқылы мүнай құятын баржалар танкерлермен және темір жолдарда цистерналармен жеткізіледі.

Қазақстандағы мұнай өнеркәсібі XIX ғасырдың аяғынан бастап қолға алынды. 1911 жылы Орал-Ембі мұнай-газ алабындағы Доссор кенішінен игеріле бастады. Оның жеңіл, майлы мұнайы көбінесе зымырандардың отыны және майлағыш майлар ретінде пайдаланылды.

1960 жылдардың ортасында осы аймақтағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай кен орындарының мұнайы құрамында парафиннің көп болуынан, бөлме температурасының өзінде илене бастайды. Бұл кеніштердің мұнайын тасымалдау қиын, сондықтан да дүние жүзінде алғашқы болып қыздырылып отыратын мұнай құбыры салынды.

1970 жылдардың аяғында геологтар оншалықты терең емес қабаттардан Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы және т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасады. Кейінірек мұнайды тереңірек қабаттардан тұз тұнбаларының астынан (Кеңкияк. және Жаңажол) және алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындарынан ашылды. Теңіз мұнайы құрамында улы күкіртті сутек қоспалары көбірек кездеседі, сондықтан да оны арнайы тазартып, күкіртті сутекті бөліп алып одан күкірт алады. Ал бөліп алынған күкірттен күкірт қышқылын және мұнай химиясына қажетті өнімдер алады. Кеңқияқ, Жаңажол, Қарашығанақ кен орындарындағы ілеспе газдан сұйық көмір сутегін бөліп алып — одан конденсат алады. Газды конденсат — химияда таптырмайтын шикізаттың бірі, одан синтетикалық каучук алынады.

1980 жылдардың басында республикамызда үшінші мұнай-газ алабы — Оңтүстік Торгай ашылды. Ірі кен орны Құмкөл. Құмкөл мұнайы тез катады және құрамында табиғи газ бар.

1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай-газ алабы ашылды.

«Қазақстан Каспийшельф» компаниясы Каспий теңізінің Солтүстігіндегі қайраңнан ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты. Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде үшінші орында. Мұнайының құрамы Теңіз кен орнының мұнайына үқсас.

Тұз тұнбаларынан тұратын кен орнындағы мұнайды өндіру біршама қиын. Оның тереңдігі 4-6 км болғанымен өте жоғары қысымды болып келеді. Оны өндіретін құрал-жабдыктар мұнай құрамында күкіртті сутектің көп болуынан тез жарамсыз болып калады. Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде: «Шеврон Тексако» (Теңіз) КПО консорциумы (Қарашығанақ), Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол), Канаданың «Петро-Қазақстан» компаниясы Құмкөл мұнайын игеруде. Қазакстанның ең ірі ұлттық мұнай компаниясы «Қазмұнайгаз».

Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму қарқыны жылдан жылға даму үстінде.1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, қазір бес облыс өндіріп отыр. Көш бастаушы баяғы Атырау облысы.

Мұнайды республикамыздың әр түрлі аймақтарында пайдаланады және экспортқа шығарылады. Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол арқылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда құбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын үлесі артуда. Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см құбыр жылына 20 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральды мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атырау-Орск, Омск-Павлодар-Шымкент-Чарджоу, Қарашығанак-Атырау. Салынып жатқан ірі мұнай құбырының бірі Атасу-Алашаңқай (Қытай).

Мұнайды шикі күйінде пайдаланбайды. Оны мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ) өңдейді. Өңделген мұнайдан - бензин, керосин, дизель отыны, майлар және т.б. алынса, ілеспе газдардан — пластмасса және сұйык газ алынады.

Өңделген мұнайдың қалдығы мазутты электр станцияларында, металлургия өнеркәсібіндегі пештерде отынға пайдаланады. Ал оның қатты қалдығы гудрон — жол құрылысына материал ретінде пайдаланады. Мемлекетімізде 3 ірі мұнай өңдеу зауыты және Қарашығанақ кен орнында жақында салынған отын өндіруші зауыт бар.

Алғашқы кезде мұнайды сол жерде өңдейтін (Атырау МӨЗ). Қазіргі кезде мұнай өңдеу өнеркөсібінің дамуы өндірген жеріне ұдайы сай келе бермейді. Көбінесе тұтынушыға негізделген. Омск— Павлодар-Шымкент мұнай құбырының салынуы - өн бойында өңдеу зауытын салуға және еліміздің солтүстік шығыс және оңтүстік аймақтарын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіншілік берді.

Мұнай өндірудің жылдам және қарқынды дамуы елімізде жеке танкерлер флотының пайда болуына әсер етті. «Астана» және «Алматы» танкерлері теңіз арқылы Ресей жөне Әзірбайжан порттарына Қазақстанның мұнайларын жеткізуде.

Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсеріде аз емес.Қоршаған ортаның ластануы іздеу-барлау және мұнай,газ өндіретін қондырғыларында орнатылған дидильдерден шығатын түтіндер,азот пен көміртек оксидтері,шаң және т.б.

Тас тұз — галит минералынан тұратын тау жынысы.Химиялық құрамы NаСІ. Таза тас тұзы мөлдір және түссіз болады, бірақ оның көбінесе әр түрлі қоспалармен боялған ақ, сары немесе сұр түстілері де кездеседі.Тас тұзы кенінің қалың қабаттары шөгінді жыныстар арасында ондаған километрге созылып жатады. Бірақ кейде белгілі бір аумақтан қалыңдығы 1000 м-ге дейін жететін орасан қалың тұз күмбезі тәрізденген кендерді де кездестіруге болады. Тас тұзының кені ертедегі кеуіп кеткен теңіз бассейндері түбіндегі шөгінділерден түзілген және әдетте тұз қабаттары карбонатты жыныстардан пайда болған гипс қабаттарымен кезектесе қабаттасып жатады. Тұз шахталардан өндіріледі.ТМД-да тас тұзының Донбаста (Славянск, Арте-мовск), Оралда (Соль-Илецк, Соликамск), Беларуссияда, Батыс Украинада, Орта Азияда, Шығыс-Сібірде ірі кендері бар.

Темір рудасы — басқа элементтерге қарағанда темір көп болатын тау жынысы. Рудадағы темір басқа минералдармен аралас болады. Мұнда күкірт, хром, никель, марганец, титан, ванадий; кобальт т. б. кездеседі. Рудалардың ішінде темірі көп және темірі аздары болады. Құрамындағы темір мөлшері 50%-тей және одан да көбірек болса, оны темірі көп руда дейді, ал құра-мындағы темір мөлшері 25—30%-тен кем болса, онда оны темірі аз руда дейді. Темірі аз рудаларды әдетте металлургия заводына жіберместен бұрын арнаулы байыту фабрикасында әр түрлі қоспалардан тазарту арқылы байытады. Темір металдардың ішіндегі аса маңыздысы және ең көп тарағандарының бірі. Таза күйінде темір тек метеориттерде ғана кездеседі. Темір рудасынан шойын, темір және болат қорытылады.

ТМД-да темір рудасының көптеген ірі кендері: Кри-вой Рог бассейні, Керчь, Орал, Курск магнит аномалиясы, Сібірдің, Қиыр Шығыстың, Қазақстанның, Кавказдың, т. б. жерлердің темір рудалы кендері бар. Темір рудасының қоры жөнінде ТМД дүние жүзінде бірінші орын алады. Руда рудниктер мен карьерлерден шығарылады.



Кривой Рог темір рудасының бассейні Украйнада орналасқан. Ол Днепрдің ірі бассейндері: Ингулец, Саксаган және басқаларын қамтыи, өзенді бойлай, жіңішке (2-ден 7 км-ге дейін) алап түзе, 100 километрге созылып жатады. Темір рудасы бұдан басқа Украинаға жалғас аймақтардан да табылған. Қазір бұл бассейн жоғары сапалы рудасы мен қоры жөнінен дүние жүзінде бірінші орында. Бассейннің қойнауында көбінесе құрамында 50%-ке дейін темірі болатын бай руда жатады, бірақ онда кездесетін құрамында темірі 25% қана, темірге тапшы рудалар да пайдаға асырылады

Курск магнит аномалиясы(КМА),шамамен 120 000шаршы километрді алып жатыр.Курск магнит аномалиясы (КМА) Курск, Белгород облыстары мен сол облыстарға көршілес бірсыпыра аудандарда орналасқан. Құрамында 52-ден 67%-ке д Старый Осколь, олар металлургиялық заводтардын, көпшілігіне

руда береді.



Орал кені. Оңтүстік Оралдағы магнит тауының етегінде жоғары сапалы темір кені бар. Темір рудасы карьерден тау кемері бойынша ашық әдіспен шығарылады. Руда Магнитогорск қаласындағы металлургиялық комбинатта өңделеді.

Высокогор кені Орта Оралдың шығыс жағындағьы Төменгі Тагилға таяу жерде. Бұл жоғары сапалы темір рудасының темірге аса бай байырғы кендерінін бірі. Кеннің көпшілігі магнитті темір тастан тұрады.

Обь өзенінін, бассейніне жататын Тура өзенінің басталар жеріндегі Орта Оралда Благодать тауы бар. Темір рудасы шығарылатын ірі кен орындарының бірі осы Благодать тауында. Руда Кушва каласындағы металлургиялық заводтарда өнделеді. Темір рудасы кенінін жаңа, болашағы ерекше зор ауданы — Соколов-Сарыбай кені.



Алюминийлі кендер — металды алюминий алу үшін пайдаланылатын минералдар мен тау жыныстары. Жер қыртысында 7,45% алюминий рудасы болғанымен, кәсіптік кендері айтарлықтай: көп емес. Алюминийі бар негізгі руда боксит болып табылады. Боксит — негізінен алюмний тотығынан тұратын тау жынысы. Әдетте бокситтегі кәсіптік маңызы бар алюминий тотығы 40— 60% болады. Сондай-ақ нефалин мен нефалин-аппатит жыныстары да алюминийлі руда болып табылады. Алюминийлі руданың басқа түрлері де бар. ТМД-да алюминийлі рудалардьщ ірі кеңдері Оралда, Кола түбегінде, Ленинград облысында, Қазақстанда, Батыс және Шығыс Сібірде бар. Рудадан алюминийді қорытып алу үшін арзан электрэнергиясы көп жұмсалады, сондықтан алюминий қорытатын заводтар ірі электр станцияларына таяу орналастырылады. Алюминий авиация өнеркәсібі үшін қажет. Ол сондай-ақ өнеркәсіптің басқа салаларында да және тұрмыста қеңінен қолданылады.

Ізбес тас құрамы көбінесе кальциттен тұратын шөгінді тау жынысы. Оның құрамында доломиттің, құмнын, және саз балшықтың, темір тотықтарының, кремний тотықтарыньщ, органикалық заттардын, қоспалары болады. Таза ізбес тас ақ немесе ақшыл түсті больш келеді. Ізбес тастардың көпшілігі теңіз бассейндерінің түбіндегі органикалық қалдықтар мен кальциттінң химиялық шөгінділерінің жинақталуы арқылы түзілген.



Бор — аздаған цементті қоспасы бар, ақ түсті сылак, ізбес тасының бір түрі. Ол кальциттың майда түйіршіктерінен, организмдердің ізбесті скелеттері мен олардың сьнықтарынан және суда ерімейтін минералдардың біразынан тұрады.

Мрамор — ізбес тастар мен доломиттердің өзгеруі нәтижесінде түзілген кристалды тау жынысы. Үстіңгі қабаттардың қысымы әсерінен ізбес тастар өзгерген. Қоспаға байланысты мрамордың түрі ақ, сұр, қызыл, қызғылт және басқа да түрлі болып келеді. Мраморды тас кескіш және бұрғылағыш машиналармен карьерлерден қазып алады. Ол құрылыста пайдаланылады.
Құм — ұсақ сынықтардан тұратын, құрамында цементі болмайтын сусымалы тау жынысы. Құм тау жыныстарының сыртқы күштердің әсерінен бүлінуі нәтижесінде түзіледі. Құм құрамында бәрінен де кварц түйіршігі көп. Құм шыны өнеркәсібінде шикізат ретінде және құрылыста пайдаланылады. Ол силикаттан жасалған кірпіш құрамына енеді.

Саз — сазды минералдар қоспасынан құралған шөгінді тау жынысы. Саз суда тез жібиді де, илеуге келетін саз балщыққа айналады және кепкен күйіндегі пішінін сақтап қалады.

Саз әр түрлі тау жыныстарының жел қағып үгілуі және теңіздер мен көлдер түбіндегі өнімдердің бүлінуінен пайда болған қабаттар нәтижесінде түзіледі. Саз фарфор, фаянс, отқа берік нәрселер, кірпіш, қыштан және басқа заттардан істелетін нәрселерді жасау үшін пайдаланылады.



Тау жыныстары

Жер қыртысын құраушы біртектес заттар тау жыныстары деп, ал оларды зерттеуші ғылым петрография деп аталады.

Тау жыныстары өздерінің жаратылыс жағдайларына қарай үш топқа бөлінеді:

1.Магмалық тау жыныстары.

2.Шөгінді тау жыныстары

3.Метаморфты тау жыныстары.


Магмалық тау жыныстары жер қабатында магманың немесе вулкандық атқылаулардан жер бетіне төгілген лаваның суып қатаюынан пайда болады.

Магмалық тау жыныстары әр түрлі белгілеріне: шығу тегінің жағдайларына, химиялық, минералдық құрамына, т.б. қарай жіктеледі. Шығу және қатаю жағдайларына қарай олар тереңдік немесе интрузивтік және төгілмелі немесе эффузивтік болып бөлінеді.

Магмалық тау жыныстары құрамындағы кремний тотығының мөлшеріне қарай 5 топқа бөлінеді:

1.Ультрақышқыл жыныстар, SiO2 -75%

2.Қышқыл жыныстар, SiO2 75-65 %

3.Орташа жыныстар, SiO2 65-52 %

4.Негізгі жыныстар, SiO2 52-45 %

5.Өте негізді жыныстар, SiO2 45 %


Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді жыныстардың жаратылысы мен түрлері. Шөгінді тау жыныстары магмалық және метаморфтық тау жыныстарының судың, күннің қызуының, желдің әсерінен үгіліп бұзылуынан пайда болады.

Өздерінің жаратылысына қарай шөгінді тау жыныстары үш түрге бөлінеді:

1. Механикалық шөгінділер;

2. Химиялық шөгінділер;

3. Органикалық шөгінділер.

Тау жыныстарының бұзылу, үгілу әрекеттері шөгінді құраудын, ең бір басты себебі болып табылады. Мехникалық бұзылудан (үгілу, ұстау, сыну) пайда болған заттардан механикалық шөгінділер құралады.

Жыныстардың, химиялық бұзылудан немесе көлдер тартылған кезде оларда тұнып жер қабатына қосылған заттардан химиялық шөгінділер құралады.

Өсімдіктер мен жәндіктердің (су ішіндегі және құрлықтағы) қалдық денелерінен органикалық шөгінділер пайда болады.

Үгілу жердің үстіңгі бетінде болатын процесс, яғни экзогендік әрекет. Соған байланысты шөгінді жыныстар да жердің беткі қабатында кұралады..

Шөгінді жыныстардың өздеріне тән кейбір ерекшеліктері бар:

1. Олар тұнудан пайда болғандықтан қабат-қабат болып тақталанған қабаттар түрінде кездеседі. Олар кейде қатпарлы, кейде беті толқын сияқты түрде болады.

2. Олардың арасында жануарлар қалдығы — мақүлықат өсімдіктер қалдығы — нәубетат кездеседі. Солар бойынша жыныстардың құралған уақытын, жасын айыруға болады.

Көп уақыттар бойы жатып тығыздалудың арқасында, шөгінді жыныстар қатты тас қабаттарына айналады. Мысалы, жиналған құмдар бірігіп, нығыз құмтас болып шығады. Саз тығыздалып біріксе сазтас немесе тақтатас пайда болады. Ірі кесекті қиыршық тастар біріксе женттас шығады. Бірігіп цементтелген ірі кесекті жұмыр малтатастар конгломерат деп аталады. Әк тығыздальш біріксе әк немесе утас пайда болады. Мұздың әрекетімен жиналған кесекті шөгінділерді морена деп атайды.
Метаморфтық тау жыныстары

Метаморфтық тау жыныстары шөгінді және магмалық жыныстардың бұрынғы қалпынан әр түрлі физика-химиялық жағдайлардың әсерінен, өзгеруінен пайда болады.



Метаморфизм деп аталатын осы өзгерудің нәтижесінде алғашқы жыныстардың минералдық құрамы, құрылымы және кейбір жағдайларда химиялық құрамы да өзгерістерге ұшырайды.

Бүл процестің негізгі факторлары: жоғары температура, жоғары қысым және жыныстардағы газдар мен ыстық ерітінділердін, айналысы. Метаморфизм құбылысында материалдардың құрамы үлкен орын алады.

Жердің беткі қабатында аз температура мен аз қысымның нәтижесінде пайда болған шөгінді жыныстар, тау құралу процестерінің нәтижесінде жердің терең қабаттарына түсіп үлкен температураға, қысымға ұшырауы мүмкін.

Жер қабатына 3—5 км төмендеген сайын қысым да бір атмосфераға көтеріліп отырады. Олай болса, үлкен тереңдіктерде қысым да өте үлкен болады: 5000 м — 1000 атм., ал 25 км тереңдікте — 5000 атм. Қысым гидростатикалық және бір бағытты болып екі түрғе бөлінеді. Гидркстатикалық қысым жоғарыда жатқан қабаттардың салмағына байланысты да, ал бір бағытта қысым уақытша болатын тау құралу процесімен байланысты.

Гидростатикалық қысым жыныстардың көлемін ұлғайтса, бір бағытты қысым жыныстардың жатыс формаларын өзгертеді.

Жер қабатының жоғарғы белігінде жоғарғы қабаттардың қысымы аз болады да, ал тау құралу процесі біршама жоғары болады. Сол себепті мұнда жыныстарды мехникалық бұзылыстарға ұшырататын бір бағытты қысымның ролі өте күшті.



Метаморфизмнің түрлері

Жанаспа метаморфизм. Магманың жердің жоғарғы горизонттарына көтерілуінен пайда болады. Жанаспа метаморфизмнің мынадай түрлері бар:

1.Термалық жанаспа метаморфизм — магмалық денелердін, маңындағы жоғары температураның әсерінен жыныстардың өзгеруі. Далірек айтқанда, бұл магманың ыстық лебінен болатын өзгеріс. Химиялық реакциялардың жүрісі магмалық массадан бөлініп шығатын ерітінділер мен газдардьң әсерінен жеңілденеді.

2.Пневматолиттік метаморфизм — жыныстардың өзгеруіне метасоматоздың ықпалының тиуі. Пневматолиттік метаморфизмнің нәтижесінде пайда болған жыныстардың құрамында ұшқыр (бор, фтор, сілтілік элементтер және сирек кездесетін металдар) элементтер кездеседі. Пневматолиттік минералдардың қатарына мусковит, литийлі слюда, флюорит, турмалин, топаз, молибденит, касситерит жатады

3. Гидротермалық метаморфизм — су ерітінділерінін әсерінен болатын метаморфизм.

Жанаспа метаморфизмнің нәтижесінде скарндар, мүйізтастар сияқты жыныстар пайда болады. Біріншілері магмалық бөлінулердің карбонатты жыныстарға тигізетін әсерінен, олардын, өзгеруінен пайда болады. Скарндарға тән минералдар — гранаттар мен пироксендер және басқа да көптеген құрамында кальцийі бар минералдар. Темірдің, мыстың және сирек кездесетін элементтердің рудаларының ірі-ірі кен орындары скарндармен тікелей байланысты,

Мүйізтастар — биотит, ортоклаз, кварцтардан құралған өзгерген сазды жыныстар. Кейде қүрамында андалузит, кордиерит, тур-малин кездеседі.
Иньекциондық метаморфизм. Терең интрузиялық жанасуларға жақын аймақтарда болады. Метаморфизмге ұшыраған жыныстарға сұйық магманың (көбінесе граниттық магманың) енуімен жалғасады.
Автометаморфизм — Магмалық жыныстардың қатқаннан кейін өзінен бөлініп шыққан ыстық қалдық ерітінділердің және пневматолиттердің әсерінен өзгеруі. Автометаморфизм процесі нәтижесінде ультранегізді жыныстардың серпентинделуі байқалады. Мұның нәтижесінде серпентиниттер пайда болады. Сонымен қатар диабаздардың хлориттенуі және граниттердің греизенденуі байқалады.

Атометаморфизм процесі қатты ортада өтеді.


Динамометаморфизм — жыныстардын. өзінің құрамын өзгертпей бөлшектенуі, бұзылуы. Нәтижесінде белшектенген және жаңадан цементтелген милониттер және тектониттер деп аталатын жыныстар пайда болады. Динамометаморфизм өте күшті бір бағытты қысымның және төменгі температураның әсерінен болады.

Аймақтық метаморфизм. Жоғарыда аталған метаморфизмнің барлық түрлерін қамтиды. Аймақтық метаморфизм үлкен тереңдіктерінде өтеді және жер қабатының көп аумағын қамтиды.

Метаморфизм басталған орнынан әрі қарай қашықтаған сайын жыныстын, өзгерісі әлсірей береді, ақырында ол өзгерміеген бастапқы жыныстарға жалғасады.


2.Жер бедері формалары

Гипсометриялық сипаттама, яғни жер беті биіктігін өлшеп зерттеу рельефтің ең маңызды морфометриялық сипаттамасының бірі. Құрылық беті мұхит деңгейінен көтерілу мөлшеріне байланысты ойпатты (низменный) 0 м-ден 200 м-ге дейін, қыратты (возвышенный) 200 м-ден жоғары рельефке бөлінеді.

Ойпатты рельеф көбінесе жазық бағытта жайласқан жас борпылдақ жыныс қабаттарынан тұратын тегіс, жазык. алқабы, Жер шарындағы аса ірілері - Амазонка, Батыс Сібір, Үнді-Ганг, Каспий маңы және т.б. ойпаттар. Қыратты рельеф нақты биіктігіне, геологиялық құрылымына және тілімделу сипатына байланысты қыраттарға, қыратты жазықтарға, үстірттерге, таулы үстірттерге, таулы қыраттар мен тауларға ажыратылады.

Қыраттар және қыратты жазықтарға нақты биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі жер бетінің кейбір үлкен бөліктері жатады. Олардың үсті тегіс, еңкіш және дөңесті болып келеді. Морфология жағынан осы екі аймақтардың іші жазықты. ойлы-қырлы, жонды-төбелі немесе белесті және сатылы болады. Геологиялық құрылысына қарай - аккумулятивтік және денудациялық жазықтар деп жіктеледі.

Аккумулятивті жазыктар - жер қ.ыртысының ойысып (иіліп) төмен түскен тұстарында борпылдақ шөгінділердің ұзақ уақыт жиналуының нәтижесінде құралған.

Жаратылыс тегіне (генезисіне) қарай теңіздік, аллювиалдық, пролювиалдық, эолдық, флювиогляциялдық жазықтарға бөлінеді.



Денудациялық жазықтар - тау жыныстарының үгіліп немесе су эрозиясына ұшырап тегістелуінен пайда болады. Мұндай жазықтықтарда кішігірім таулардың жұрнақтары (останцы) жиі кездеседі. Мысалы, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылы Сарыарқа даласы. Осы тұрғыдан В.Дэвистің Сарыарқаны кәдімгі пенепленмен теңдестіргені де тегін емес.

Үстірт (плато) француздың plateau деген сөзінен шыққан -жазык. бағытта астасқан тау жыныстарынан құралған, тегіс бетті қыратты жазықтар. Бұлар төмендеу жатқан ойпатты жазықтардан кертпештер арқылы шектеледі.

Геологиялық құрылысына қарай құрылымдық және жанартаулық үстірттерді ажыратуға болады. Жанартаулық үстірт деп магмалық жыныстардың берік қабаттарымен тысталып қашалған түрін айтады. Жанартаулық үстірт аса зор көлемді магмалық массалардың жер бетіне шығып төгілуі нәтижесінде пайда болған. Индиядағы Декан үстірті Кавказ сыртындағы кейбір үсітрттер осыған жатады.

Ал, құрылымдық үстіртің көрнекі үлгісі Арал және Каспий теңіздерінің аралығын алып жатқан кең байтақ үстірт жазықтығы. Оның солтүстік-батыс бөлігі - Қазакстанға қарайды, ал шығыс бөлігі Өзбекстанның Қаракалпақстан территориясына кіреді. Үстірт теңіз деңгейінен орта есеппен 200 метрден жоғары биіктікте жатқан жазықтық.Оның оңтүстік батыс бөлігі едәуір көтеріңкі. Үстірітің үстінде жазда кеуіп кететін ащы көлді жайпақ ойыстар кездеседі. Геологиялық құрылымында үстірттің астыңғы бөлігінде - палеоген кезеңінің, ал үсгіңгі жағында неоген кезеңіндегі әктас, құмтас және солардан құралған шөгінді қабаттар бар.

Таулы үстірт (плоскогорье) - кең ауқымды, біршама тегіс немесе белесті келген жайпақ жатқан немесе сәл-пәл деформацияға ұшыраған жымыстардан құралған биік өлкелер. Таулы үстіртердің жай үстірттерден айырмашылығы нақты биіктігі 1000 м-ге дейін, немесе одан да жоғары болуы және осыған байланысты терең тілімделуі. Қыратты өлкелердің ішкі жағы тегіс емес, олардың бірқатар бөлігін ойпаттар мен жоталар алып жатады. Таулы үстірттер ежелгі таулы аймақтың ұзақ уакыт тегістеліп, кейін қайта көтерілуі нәтижесінде түзілген. Бұлардың мысалы - Орта Сібір, Иран, Анатолий, Шығыс Памир тау үстірттері.

Кейбір зерттеушілер таулы үстіртке жоғары көтерілген және тегістелген, деформацияланған тау жыныстарынан құралған денудациялық жазықтарды жатқызады. Мұндай кең ауқымды 3000 м-ден биіктіктегі ежелгі пенепленнің қалдықтарын Тянь-Шань т ауларында "сырт" деп атайды.



Таулы қырат (нагорье) - мегапішіндердің ерекше түрі, оның ішкі бйіктік өлкесінде жоталар мен таулы үстірттер, ойыстар мен кемерлер күрделі түрде астасып, аралас кездесетін таулы аймақтарын құрайды. Таулы қыраттар кең тараған, олардың мысалдары - Памир, Кіші Азия, Армения, Иран, Тибет, Цайдам таулы қыраттары.

Т а у л а р дегеніміз жоғары биіктікке (8000 м-ге және одан да жоғары) өрлеген жер қыртысының қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымдармен күрделілеиген теңіз деңгейімен және өзін қоршаған жазықтықтармен салыстарғанда биіктік_көрсеткіштері өте жиі және күрт өзгеріп отыратын жер бетінің біршама көтеріңкі аймақтары. Таулардың ұзындығы ондаған, жүздеген және мыңдаған шақырымға дейін иіріліп созылып жатады. Өздері алып жаткаң аймактардың жалпылама аумағына орай тау сілемдері, таулы белдеу, таулы өлке, таулы жүйе, таулы аудан және таулы жота деген атаулар арқылы дараланады. Таулардың пайда болуын қамтамасыз ететін бірден-бір шарт - жоғары бағытталған тектоникалық қозғалыстардың сол таулардың мүжілу процесіне қарағанда әлдекайда қарынды болуы. Гипсометрия бойынша биіктігіне қарай олар - аласа (1000 м-ге дейін), орта (1000-3000 м) және биік (3000 м) тауларға бөлінеді. Биік тауларға - Гималай, Памир, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Альпі, Кордильері және басқалар жатады.

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

1.Минералдардың химиялық құрамы бойынша жіктелу ерекшелігі?

2.Тау жыныстарының түрлері?

3.Жер бедерінің негізігі формаларын ата?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.

  2. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.

  3. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  4. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

25 Тақырып: Жердің су қабығы.

Дәрістін жоспары:

  1. Су туралы жалпы мәліметтер.

  2. Дүние Жүзілік мұхит.

  3. Жер асты сулар. Өзендер. Батпақтар және көлдер.

Дәрістің қысқаша мәтіні.

1.Гидросфера.

Қазіргі күні гидросфера деп үш түрлі агрегаттық күйде болатын сұйық, қатты, газ тәріздес, Жердің су қабығын айтады. Гидросфераның төменгі шегі ретінде мантияның жоғарғы шекарасы (Махоровигич беті), ал жоғарғы шекарасы – атмосфераның жоғарғы қабаты қабылданған. Гидросфераның құрамына дүние жүзілік мұхиттар, құрылық сулары - өзендер, көлдер, батпақтар, мұздықтар, атмосфера ылғалы, көлдер мен теңіздердің қазан-шұңқырларының түбіндегі және мәнгі мұздықтардың астындағы сулар енеді.

Қазіргі кезеңде бүкіл су қорының 96,5% - ы дүние жүзілік мұхиттарда шоғырланған. Гидросферадағы бүкіл су қорының 2,58%-ы тұщы сулардың үлесінде тиеді. Тұщы судың басым бөлігі мұздықтарда – Антарктида мен Арктика мұз жамылғысында және таулы аймақтарда жиналған (гидросфера көлемінің 1,78% немесе Жердегі тұщы су қорының 69,3%-ы)? Өте көп су қоры литосферада шоғырланған? Жердегі бүкіл тұщы су қорының 29,4%-ы жер асты суларының 3үлесіне тиеді.

Жер бетіндегі сулардың 0,006% - ы өзендердің, 0,25%-ы тұщы көлдердің, 0,03%-ы атмосфераның үлесіне тиеді

Жер шары гидросфераның түрлі бөліктерінің су көлемі мен белсенді су алмасуы.

Дүние жүзілік су қоры.



2-ші кесте




Судын түрлері

Таралу ауданы млн.км2

Көлемі, млн.куб. км

Су қабаты, м

Дүние жүзілік қордағы үлесі,%

Жалпы су қорынан

Тұщы су қорынан

1

Дүние жүзілік мұхит

361,26

1340,74

3711

96,49

-

2

Жер асты сулары (гравитациялық және капилллярлық)

134,73

23,40

174

1,68

-

3

Түщы су жер асты сулары

134,73

10,53

78

0,76

29,39

4

Топырақ қабатындағы ылғал

82,00

0,02

0,24

0,001

0,06

5

Мұздықтар мен тұрақты қар жамылғысы.

Соның ішінде:

А) Антарктида

Б)Гренландия аралында

В) арктикалық аралдарда (Канада, Арктикалық архипелагы, Жаңа жер, Солтүсті жер, Франц ө Иосиф Жері, Шпицберген және кіші аралар).


16,23

13,98


1,80

0,23



24,87

22,41


2,34

0,08


15,23

16,03


1300

348


1,79

1,61


0,17

0,006


69,41

62,55


6,53

0,22


6

Арктика мен Антарктидадан тыс таулы аймақтар.

0,22

0,04

182

0,003

0,11

7

Мәңгі тоңдардағы жер асты мұздықтары.

21,00

0,30

14

0,022

0,84

8

Көлдердегі су қоры.

Соның ішінде:

А) тұщы су

Б) ащы су

В) батпақ сулары

Г) өзен аңғарларындағы су



2,06

1,24


0,82

2,68


148,84

0,18

0,09


0,09

0,01


0,002

87

73

110



373

0,013


0,013

0,0065


0,0065

0,0007


0,0001


-

0,25


-

0,03


0,006

9

Биологиялық су (тірі организмдер мен өсімдік құрамындағы су).

510,10

0,001

0,002

0,0001

0,003

10

Атмосферадағы су

510,10

0,01

0,02

0,0007

0,03

11

Жалпы су қоры

510,10

1389,53

2724

100

-

12

Тұщы сулар.

148,84

35,83

241

258

100

Ескерту: Кейбір құрылықтар бойынша жер асты суларының қорын есептегенде, Антарктиданың жер асты суларының қоры есепке алынбаған (жобалап бағалағанда 2 млн куб км, оның ішінде тұщы су шамамен - 1 млн куб км).

Жердің су балансы.

3-ші кесте

Территориялар

Аумағы 100 км2

Көлемі 1000 км3

Жер үсті, жер асты су ағыны 1000 км3

Булану 1000 км3

Құрлық

149 000

119

47

72

Дүние жүзілік мұхит

36 100

458

47

505

Бүтіндей жер шары

510 000

577

-

577

Дүние жүзілік мұхит.

Жер шарының су қабығы – Дүние жүзілік мұхит деп аталатын біртұтас бет. Оның ауданы 361,3 млн км2 (жер бетінің 71%) , орташа тереңдігі 3,7 км, көлемі 1 370 000 000 км3 (гидросфера көлемінің 94%).

Оңтүстік жарты шар мұхитты – оның ауданының - 81% - ын, солтүстік жарты шардың 61% -ын алып жатыр.

Шартты түрде Дүние жүзілік мұхит бір-бірінен оқшауланған, жеке бөліктерден – мұхиттардан – тұрады.



Теңіз дегеніміз – көршілес бөліктерден физикалық және химиялық қасиеттерімен, (тұздылығы, температурасы, мөлдірлігі т.б.) экологиялық жағдайымен, ағыстары мен толысуларының сипатымен ерекшеленетін мұхиттың аздыкөпті оқшауланған бөлігі. Морфологиялық және гидрологиялық ерекшеліктеріне байланысты теңіздер шеткі, жерорталық (ішкі құрылықтық және құрылық аралық) және арал аралық деп жіктеледі.

Шығанақтар – судың құрылыққа еніп жатқан бөлігі. Шығу тегіне, жағалауларының құрылысына, формасына қарай шығанақтар: фьорд, бухта, лиман деп те аталады.

Мұхиттарды, теңіздерді және шығанақтарды бір-бірімен бұғаздар жалғастырып жатыр. Өте енді және терең бұғаз – Дрейк бұғазы (Оңтүстік Американың оңтүстігінде) – орташа еңі 986 км, орташа тереңдігі 3111 км, ал ең ұзын бұғаз Мозамбик бұғазы – 1760км.



Көлдер және батпақтар.

Көл қазан шұңқырларының пайда болуы әр түрлі. Тектоникалық көлдер (Байкал, Ладога, Онега, АҚШ-тағы Ұлы көлдері) жер қыртысының төмен ойысқан жерлерінде; вулканды көлдер (Камчатка көлдері) сөнген вулкандардың кратерлерінде; мұздық көлдер (Ильмень, Селигер) мұздықтар жырып кеткен немесе мореналық төбелер аралықтарындағы қазан шұңқырларға іркіліп жиналған. Мұздық көлдер пішіні мұздықтар қозғалысының бағытына қарай созылыңқы болып келеді. Мұндай көлдердің жағалықтары әдетте қатты жыныстардан (гранит, гнейс) құралады. Тауларда тау жыныстарының құлауынан тоғандық көлдер (Памирдегі Сарез көлі); тосқындар бөліп тастаған бұрынңы теңіз шығанақтарының орнында көлтабандар (Одесса көлтабаны) пайда болады.

Ескі арналық көл жайылған жерлерде жатқан, талай заманнан өзен арнасы болып табылады. Карстық көлдердің казан шұңұырында ізбес тас еріген су болады. Ескіден қалып қойған қалдық көлдер де бар. Бұл көлдер бұрын теңіздер (Каспий, Арал) жайылған қазан шұңқырлардың орнында. Көптеген көлдер аралас жолмен пайда болған. Мәселен, Ладога және Онега көлдері құрылықтың тектоникалық ойысуынан түзілген де, кейінрек олардың жағалықтарын Скандинавия түбегінен жылжыған мұздар қаптаған.

Батпақтар. Көлді шөп басып, ыза суы деңгейінің артуынан, астыңғы қабаты су өткізбейтін жыныстардлан құралған жерлерде жауын-шашынның қатты жаууынан, т.б. жағдайлардан батпақтар ойпат жерлердеші батпақтар және үстірттік батпақтар болып екіге бөлінеді. Ескі көл орнындағы қазан шұңқырлар мен өзен жайылмаларына ойпаттық батпақтар пайда болады. Үстірттік батпақтар су айрықтарда және көбіне бұрын құрғақ болған, көтерінкі жерлерде болады. Үстірттік батпақтарда ылғалдығы мол болатын шымтезек мүгі көп өседі де, алғаш тамырларының ауамен тыныс алуына мүмкіндік бермейді, сөйтіп, олар шіріп, құлайды.Тұтасқан мүк қабатынан топыраққа жылу де өте алмайды, ал өсімдіктер топырақтан суық суды сіңіре алмайтын болғандықтан „физиологиялық куаңшылыққа“ тап болады.



Мұздықтар.

Құрылық аумағының 11% -тін мұздықтар алып жатыр. Материк мұздықтары және тау мұздықтары болады.

Антарктида, Гренландия және Антарктиканың кейбір аралдарын материктік мұздықтар жауып жатады. Гренландиядағы мұздықтың қалындығы 2000 м-ге дейін барады.

Тау мұздықтарының көлемі әлдеқайда кіші, олар өздері бойлай түскен аңғар пішіндес болады. Мәнгі қарларының төменгі жиегін қар жиегі деп атайды. Олар сол жердегі таулар мен рельефтің климатына байланысты әр түрлі биіктерде болады.



Өзендер және жер асты сулары.

Өзендер жылғаларда уақытша ағып жанатын су мен шағын өзендердің үздіксіз тасқын суға айналуынан пайда болады. Бұл тасқын сулар борпылдақ жыныстарды шайып, кейде су өткізбейтін қабатқа дейін жетіп, ондағы ыза суы жыл бойы өзенге ағып құйылады. Өзен барлық саллаларымен бірігіп өзен жүйесін құрады. Өзен жүйесі жинақталатын аумақты өзен бассейні деп атайды. Екі өзен бассейндерін бөліп жататын айырым сызық су айырық деп аталады. Таулы жерлерде су айырық сызығы жоталармен өтеді. Өзендерді ажыратып жататын бассейндерден жоғарыдағы территориялар жазықтардағы су айырық болып табылады.

Жер асты суларының көлемі шамамен – 60 млн км3, оның 4 млн км3 мөлшері су айналымына қатысады. Жер қыртысының 2 км тереңдігінде жер асты су қорының - 23 млн км3 жиналған.

Пайда болуына байланысты жер асты суларын бірнеше типтерге бөледі:



  • Инфильтрациялық су атмосфера ылғалының су өткізгіш қабатқа сіңуінен түзіледі;

  • Конденсациялық су аудағы будың жердегі жыныс құыстарында, жарықтарында шық тәрізді қоюлануынан түзіледі;

  • Седиментациялық су деп жыныс шөккен кезде арасына сіңіп қалған теңіз суын айтады;

  • Ювенильды деп магмадан бөлініп шыққан суды айтады. Магмадан бөлінген су буы терең тектоникалық жарықшақтарды бойлап жоғары көтерілген кезде қоюланып, газдар мен түрлі қосындыларға бай суға айналады.

Дәрісті өткеннең кейін студенттер білуге міндетті негізгі ұғымдар

Өзін-өзі тексеру сұрақтар:

Қайталау сұрақтары

1.Жер шары гидросфераның түрлі бөліктері туралы не білесіңдер?



Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген)

Негізгі әдебиеттер

  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.

  3. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  4. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет