ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жасуша биологиясы»



бет11/17
Дата30.05.2017
өлшемі5,44 Mb.
#17160
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

3 тапсырма. Кестеден лизосоманың құрылымын және оның жасуша процессіне қатысуын менгеру керек. Дәптерге суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-ЭР гидролитикалық ферменттердің синтезі, 2- олардың АГ ауысуы, 3- алғашқы лизосомалардың пайда болуы, 4- жасушадан тыс бөлшектенудегі гидролаздың шығуы және колдануы, 5- эндоцитозді көпіршіктер, 6- алғашқы лизосомалардың олармен қосылуы, 7- екінші лизосомалардың пайда болуы, 8- телолизосомалар, 9- қалдық денешіктердің секрециясы, 10- алғашкы лизосома автофагосомалардың пайда болуына қатысы.

23-сурет. Лизосоманың құрлысы

1. Мембарана; 2. Ферментативті кешені:




24 - сурет. Лизосома құрлысы:

1 – фагосома; 2 –пиноцитоз көпіршіктері; 3 – бірінші лизосома; 4 –гольджи апараты; 5 – екінші лизосома



Бақылау сұрақтары

1. Митохондрийлердің, лизосомалардың, жасуша орталығының қызметі неде?

2. Митохондрийлердің субмикроскопиялық құрылысына анықтама беріңіз.

3. Лизосомалардың субмикроскопиялық құрылысына анықтама беріңіз.

4. Жасуша орталығына субмикроскопиялық құрылысына анықтама беріңіз.

Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,20,22 (қосымша)
10 тақырып. Тұкым қуалау құбылысындағы жасуша құрылымының ролі. Жасушалардың криоконсервациялануы (2 сағат)

1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.

2. Торшалардың бөліну түрлерің (митоз, амитоз, эндомитоз), ерекшеліктерін, байкалатын өзгерістерін білу.

3. Торшаның клеткалық циклін аттарын еске сактау, сипаттау.



1 тапсырма. Ұзақтылығы 11 сағат болатын клеткалық циклді сүретке салып, ондағы митоздық, синтез алды, синтездік және синтез сонғы кезендерінің үзақтылығын бегілеу керек.




26 - сурет. Жасушалық цикл және митоз сызбасы

  1. ядро жарғағы; 2-ядро; 3- центриоль; 4-хромосома; 5- митоз ұршығын құратын микротүтікшелер; 6- жас центриоль

2 тапсырма. Кішкене ұлғайткышпен-өсімдік жасушалардың митозын қарау керек. Үлкен ұлғайткышпен тік бұрыш формалы, жасушалардын сүретін салып мыналарды белгілеу керек: 1- прфаза (тығыз түйін сатысындағы), а) цитолемма, б) ядро, в) оралым секілді хромосомалар, г) ядрышық, 2- профаза (түйіннің қопсый бастаған кезендегісі), а) цитолемма, б) миксоплазма, в) оралым секілді хромосомалар, 3- метафаза, а) аналық жұлдыз (жасушаның экваториалды жазықтығындағы хромосомалардың екі екеселенген саны), 4- анафаза, а) бөлініп шыққан жасуша ортасына қарай орын ауыстырған қос хромосомалар, 5- телофаза, а) бөлініп шыққан жасуша түзіле бастаған ядросы, б! бөлініп шыққан жасуша қабығы.



27-сурет. Өсімдік жасушасының митоз жолымен бөлiнуi.

1-интеркинез; 2-профаза ядро тығыз түйіні кезенде; 3-профаза ядро қопсыған түйіні кезенде; 4-метафаза ( моностер); 5-ахромаматинді жіп, 6-анафаза (диастер); 7-телофаза.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет