Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»



бет33/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Өзгелермен бірлесе жұмыс істеуге арналған дизайн
Оқытудың басым түрлері білім алушының өзінен анағүрлым тәжірибелі адаммен өзара әрекеттесіп, жұмыс істеуін қамтиды. Оқытудың ассоциациялық теориялары оқытушыдан пәнге қатысты дағдыларынан бөлек, өз қызметін жүйелеумен бірге, білім алушының іс-әрекетін басқарып отыруды да талап етеді. Жағдаяттық көзқарас сарапшы тәлімгерді қажет етсе, конструктивистік ұстанымды жөн көретіндерден нәтижелерді келістіру, білім алушылардың пікір-таластарына қолдау көрсету, лайықты кері байланыс орнатып, білім алушылардың түрлі мұқтаждықтарына сәйкесінше көмек ұсыну сияқты дағдылардың кең ауқымы талап етіледі. Теоретиктердің көбі білім алушылардың өз қатарластарымен сүхбаттасып отыруын жоғары бағалайды. Выготскийдің айтуынша (1986), оқыту дегеніміз, ең алдымен, әлеуметтік іс-әрекет, оның тұжырымдамалары мен дағдылары өзара әрекеттесу контексінде ғана толығымен меңгеріледі. Пиаженің (2001) ізбасарлары саналатын құрастырушылар мен Паперттің (1993) компьютерді қолданып оқытуын қолдаушылар мұндай сүхбаттасуды екінші кезекті мәселе санайды, бірақ оның рефлексия мен абстракция үдерістерін қолдайтынын айтады. Шын мәнінде, кейбір білім алушылар өздігінен жалғыз отырып, оқуды қалайтынын растайтын дәлелдер бар. Бірақ әдетте бұл – лайықты жағдайда қажетті дағдыларды игеріп алғаннан кейін ғана оқуды үздік деңгейде жалғастырушыларға тән. Сұхбаттасу мүмкіндіктері оқу үлгілерінің басым түғырларында шешуші шарт болып саналады. Қазіргі таңда осы әрекеттестіктің кейбірі немесе бәрі цифрлық құралдардың көмегімен іске асырылуы мүмкін. Шын мәнінде, цифрлық дәуірдегі оқытудың «жаңа» теориялары деген атақтан үмітті ұстанымдардың ең үздіктері білім алушылардың ақпараттық технологиялардың көмегімен басқа адамдармен барынша ауқымды және үздіксіз байланыста болу мүмкіндігіне арқа сүйеп, дамиды. Желілік оқыту және коннективизим сияқты теориялар цифрлық ғасырда басты мәнге ие болатын байланыс құрудың еселенген мүмкіндігімен қатар, осы тығыз байланысқан желілердің «әрекет етуге» және оқуға қатысты әлеуетін ұсынады. Білім алушылар цифрлық қоғамға тиімді түрде қатысқысы келсе, оларға рөлдер мен өз даралықтарын талқылау, сондай-ақ цифрлық желілердегі өз бет-бейнесін қалыптастыру үшін байланыс құру және ынтымақтаса әрекет етудің сан түрлі мүмкіндіктерін игеру қажет болады. Алайда оқудың жаңа үлгілерін дизайндау- шылар өзара ынтымақтасуды білім алушы үйренуге арналған цифрлық медиаларды пайдалану рөлдер мен қарым-қатынастарды түбегейлі өзгертіп жібере алатынын ескеруге тиіс. Мысалы, асинхронды орталарда тексеру жүмыстары әлдеқайда әділетті жүргізілуі мүмкін, білім алушылардың жеткен жетістіктерін кезекпен таныстыру аса маңызды мәселе болмай, бетпе-бет талқылағанда айқындалатын айырмашылықтардың көрсеткіштері өздігінен жойылып кетеді. Асинхронды сүхбаттасудың көрнекі сипаты оны негізгі ережелерді талқылау және ортақ түсінік қүру түрғысынан өте қолайлы етеді. Дегенмен осы талаптарға сай еңбек еткенде білім алушылар қолайсыздық сезінетінін дәлелдейтін зерттеулер бар, мысалы, олар локус бақылаумен алысып жатады, өз жұмыстарының қатарластарына да көрініп тұруын немесе басқа білім алушылардың сыни пікір білдіруі мүмкіндігін қаламайды. Өзара әрекеттесу орталарының кебінде қолданушылар өздері жайлы жеке мәліметті құпия сақтауды реттей алады, яғни қандай хабарламаларды жария ететінін, қайсысын нақты тұлгаларга ғана қолжетімді ететінін және қайсысын жеке шаруасына байланысты қүпияда қалдыруды өздері басқара алады. Бірақ бұл – білім алушылар игеруге тиіс дағдылар емес, бұл дағдылар оларға жай ғана әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушы ретінде қажет. Білім алушылар үшін цифрлық қызметтердің жеке мәліметтерді жинақтау мүмкіндігі және оларды тұтынушылардың цифрлық жарияланымдарын басқаларға қолжетімді ету мүмкіндігі ғана, шын мәнінде, маңызды болып саналады. Сонымен қатар оқу- дың тиянақты ойластырылған тапсырмалары білім алушыларга ездері басқалар- га көрсеткісі келетін оқу жетістіктерін жинақтап, көпшілікке жария етуге жол ашып, интернеттегі ұнамды бедел-бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Джонс өзара тиімді әрекеттестікке арналған дизайнды жан-жақты қарастырған. Мұндағы ескеретін жайт, өзара цифрлық әрекеттесуге арналған дизайн қатысушылардың рөлдеріне мән беріп, негізгі ережелер мен күтілетін нәтижелерді айқындап алуды талап етеді. Бұл дизайндар материал алмасуда қо- ғамдық қызметтер пайдаланылса да, білім алушылардың жұмыстарына ешкім- нің қол сұқпауын қамтамасыз етіп, оқу іс-әрекетінің айқын мақсаты болмаса да, ізденіс нәтижелерін көпшілікке қалайша жария етуге болады деген мәселелерді ескеруге тиіс. Көптеғен оқытушылар білім алушылардың онлайн тәртіпте жа- сайтын жұмысын қатаң басқару мен жүйелеудің қажеттіліғін айтса да, цифрлық орта сабақ беру мен білім алудың үйреншікті тәсілдерінен бас тартуға да жағдай жасай алады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Оқу әрекетінің нәтижелеріне бағытталған дизайнге сипаттама беріңіз
2. Технологиялық бай ортада белсенді оқытуды жобалауды көрсетіңіз
3.Білім алушылар үшін дизайндау туралы мысал келтіріп өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
4.Цифрлық ресурстар мен технологияларды қолдана отырып дизайндау

1

№ 12 дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет