Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары:
1.Оқытудың адамгершілік қағидасы.
Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы шарттарды туғызып, білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады.
2. ҚО жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың басымдылығының қағидасы.
Бұл аталған қағиданың мәнісі, ҚОЖ -ін жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен тұрады.
3. Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қағидалары.
Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және ҚОЖ жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет.
4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары.
ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР –ның Мемлекеттік білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс.
5. ҚОЖ –де таралатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары.
Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет.
6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы.
ҚОЖ-де тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы тиіс.
7. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары.
Оқыту технологиясы Қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет. Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тәжірибелер, курстық және дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылады. болу керек, ҚО жүйесі қалыптасу барысында, қажет жағдайда оған қосуға болатын жаңа үлгілері пайда болуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы осы үлгілерінде компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т.б. қолданылатын болады.
8. Оқытудың ұтымды қағидалары.
ҚО жүйесі жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділік шарты бойынша, егер Бұл білім алушының оқып жүрген оқу орнында сәйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді және қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктерін құруда жасалады.
9. Білім берудің ҚО қолданылатын түрлеріне қайшы емес қағидалары.
Егер жасалған және енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дәстүрлі жүйесінде бөтен емес элемент болып, яғни оған біріктірілетін табиғи бейнеде болса, ҚО жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділігін бере алады.
10. Білім берудің алдына шығу қағидалары.
Бұл оқытудың қағидасы өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми және мәдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана емес, сонымен қатар, қазіргі ұрпақтың өзгеріп отыратын заманға тез бейімделіп, оның сана –сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасау болады.
Достарыңызбен бөлісу: |