ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары»



бет11/35
Дата05.06.2017
өлшемі5,19 Mb.
#17705
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35

Сурет-5. Сабақтарды жіктеу
XX ғасырдың 70-жылдарында отандық мектептерде оқушылардың сабаққа енжарлығы байқалып, оқуға деген қызығушылық құлшынысы төмендеді. Бұл өзекті де өткір мәселеге тәжірибелі мұғалімдер назар аударып, сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізуді жөн көрді, мұндағы басты мақсат оқушылардың білімге деген құлшыныстығын тұрақтандыру.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

Форма ұғымына анықтама беріңіз

Оқыту формаларын атаңыз

Жеке оқыту технологиясына мағұлымат беріңіз



Тақырыбы: Мәселелік оқыту технологиясы
Дәріс жоспары:

  1. Мәселелік оқыту және оның мақсаты

  2. Физиканы оқытуда мәселелік оқытуды қолдану мысалы


Дәрістің қысқаша мазмұны

Физикалық ұғымдарды оқушыларда табысты қалыптастырудың негізгі әдістемелік жолының бірі – ұғымдарды қалыптастыру және меңгеру кезеңдерінде олардың белсенді таным қасиеттерін ұйымдастыра білу. Оқушылардың белсенді таным қасиеттерін ұйымдастыруда, олардың алдына проблемалық ситуация тудырудың маңызы зор. Ұғымдарды игеру процесінде оқушылардың таным қасиетін және зейінін арттыруға, олардың алдына проблемалық жағдай туғызу үлкен ықпал жасайды. Себебі, проблемалық мәселелерді шешуді талаптанудан „ойлау басталады”.

Мәселелік оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды  білім жүйесімен, іскерліктермен, дағдылармен қаруландырып қана қоймайды, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін  дамытады. Оқушыларға  тақырып бойынша мәселелік сұрақтар қойылады. Оқушылар  мәселелік сұрақтарды шешудің  дұрыс нұсқаларын қарастырады, ойланады,  жаңа білімді игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады.

Мәселелік оқыту технологиясының ерекшеліктері мынадай:

- оқушының белсенділіктерін арттыру;

- оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

- оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қана қоймай, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.

Мысалы, „Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірлігің тақырыптары өтілетін сабақтарда, проблемалық ахуалдар туғызу үшін, тәжірибелік демонстрациялар көрсетуден бастаған жөн. Ол үшін екі үлкендеу ыдысқа температурасы бірдей 0,5 л су құйылады. Қайнақ судан массалары әртүрлі екі алюминий денені алып, оларды осы ыдыстардағы суға салады да біраз уақыт өткен соң олардың температуралары өлшенеді. Оқушылар бұл тәжірибеден кейін массасы үлкен алюминий салынған ыдыстардағы судың температурасы жоғары екендігін көріп, жылу берілу оның массасына байланысты деген қорытындыға келеді. Яғни, массасы үлкен алюминийдің суға беретін жылуының мөлшері көп екендігіне тоқталады.

Сосын оқушылардан массалары бірдей әртекті екі дене (қорғасын 11,3 г/см3 (230), алюминий 2,7г/см3 (920)) үшін ыдыстағы судың температурасы қалай өзгеретіні жайлы өз ойларын айту талап етіледі. Оқушылардың біраз бөлігі екі ыдыста да термометрлердің көрсеткіштері бірдей, қалғандары керісінше, термометрлер әртүрлі температураларды көрсетеді деген жорамалдар жасайды. (Осы кезең мәселелік жағдайдың басы болып табылады). Осыдан соң ыдыстардағы судың температурасын өлшеуде, алюминий дене салынған ыдыстағы судың температурасы жоғары екендігін көреді. Сонда оқушылардың кейбіреулерінің назары денелердің көлемдерінің әртүрлі екендігіне ауады да, берілген жылу мөлшері дененің көлеміне байланысты деген қорытынды жасайды (себебі, бірінші және екінші тәжірибеде де көлемі үлкен дене салынған ыдыстағы судың температурасы жоғары болған). Бұл қорытындыны дәлелдеу үшін, енді ыдыстардағы суға бірдей температураға дейін қыздырылған көлемдері бірдей мыстан 8,9г/см3 (400) және алюминийден 2,7 г/см3 жасалған екі денені салады. Бұл кезде ыдыстардағы температуралардың әр түрлі болатындығына байланысты оқушылар берілетін жылу мөлшерінің дененің тегіне байланысты болады,- деген қорытындыға келеді.

Проблемалық жағдай туғызу мектеп оқушыларының жаңаны оқып үйренуін, ұғымды неғұрлым жоғары дәрежеде меңгеруін қамтамасыз етеді.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Мәселелік оқыту деген не?

  2. Мәселелік оқытудың мақсаты қандай?

  3. Мәселелік оқыту не үшін қажет?


Тақырыбы: Білім берудегі инновациялық технологиялар

Дәріс жоспары:

  1. Физиканы оқытудың инновациялық технологиялары

  2. Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру


Дәрістің қысқаша мазмұны

Мектептердің негізгі мақсаты – зерделі, дарыды балаларды шығармашылық жұмыстармен айналысуына мүмкіндік туғызу және дамыту. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы - оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру. Сондықтан да, оқытудың инновациялық технологияларын зерттеу, оны өз ісіне пайдаланып, жоғары нәтижеге жету мұғалімнің міндеті.

«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиетегі ең кең қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.

Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалдық технология, білім беру технологиясы, даму технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қай түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология» деген не? – деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.

Білім беру жүйесі – басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технолгиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес.

Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.

Технология – «техно» - өнер, шебер, қол өнер, «логия» - ғылым деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, «технология» терминінің қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.

Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:

1.Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістер мен үдерісінің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.

2. Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.

Осы анықтамалардан көрініп тұрғандай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.

Ал педагогикалық технолгия дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:

Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.

Технология дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз – оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз – білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.

Технология дегеніміз – тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.

Педагогикалық технология – қойылған білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту үрдісінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы (Беспалько В.П.).

Педагогикалық технология – педагогиклық үдерісті ұйымдастырудың әдістемелік құралы; оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, құралдарын, формаларын анықтайтын арнайы психологиялық-педагогикалық құралдардың жиынтығы (Лихачев Б.Т.).

Егер әдістемені көп жағдайларда оқу процесін ұйымдастырып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиалдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология – ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология – ол болашақ оқу үрдісінің жобасы. Демек, педагогикалық технология – бір ретке келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады.

Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.

Технология ұғымы тар мағынада – бір нақты объектінің технологиясы ретінде, және кең мағынада – ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, онда тікелей дидактиканы қарастырамыз:



  1. Дәстүрлі дидактика - әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теориясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін оқытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты мақсаты ретінде қояды.

  2. Әдетте, дидактиканың пәні – білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактиканың пәнін былай сипаттауға болады: бұл оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары, әдістері және принциптері.

  3. Дидактиканың міндеттері: а) оқыту үрдісін суреттеп түсіндіре отырып оны іске асыру жолдарын көрсету; б) оқыту үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін, жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.

Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы – оқыту іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.

Сонымен, технологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістемелік әдістерден туындамайды, оқу үрдісін зерттеудің дербес бағыты болып табылады екен.



Енді, білім беру технологиясының белгілі анықтамаларын қарастырайық:

  1. Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, олардың арасындағы білім беруге неғұрлым жоғары жетістіктерге жету үшін қарым-қатынасты, бүкіл оқыту үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, бағалауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары;

  2. Материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру тиімділігін арттыратын білім беру үрдісінің принциптерін айқындау және тиімді тәсілдерін жасау.

Оқушының шығармашылық қабілеті ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтар деп білеміз.
Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру кестесі




Дәстүрлі педагогика

Дамыта оқыту педагогикасы

Мақсаты

Білім, ептілік, дағдыны меңгерту

Баланың өзін-өзі субъект ретінде өзгертуі

Мақсаты

Білім, ептілік, дағдыны игерту

әрбір оқушыға оқып-тану үрдісін өзіндік өзгеретін субъектісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет-қабілеттерін дамыту

Дамытудың негізгі факторы

Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатшысы

Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы, ұжымдық істердің ұйытқысы, кеңесші

Педагогтың негізгі талабы

Мен сияқты істе

Ойлап істе

Педагог қызметі

Білім беру

Адамды дамыту

Әрекеттік стилі

Авторитарлы

Демократиялы

Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастық стилі

Монологты/ мұғалім жағынан

Диалогты

Оқытудың басым басым әдісі

Мәліметтілік

Ізденушілік-зерттеушілік

Сабақты ұйымдастыру түрі

Фронталды, топтық

Жеке, топтық

Мазмұнның негізі

Адамдардың кейбір саладағы іс-әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарына сүйеніп, анықталған мәселелерді шешудің дайын әдістері

Дамыту үрдісіндегі оқушылардың игеретін іс-әрекеттерді қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер

Әдіс-тәсілдер

Көрсету-түсіндіру-жаттықтыру-бақылау-бағалау

Оқу мақсаттарының қойылуы, ізденушілік-зерттеушілік әрекеттері, табылған шешімді дәлелдеу, шешімді тексеру

Әрекеттестік түрі

Басқарушы мен бағынушы

Іскерлік-серіктестік, ынтымақтастық

Әрекеттестік қызметтер

Мұғалім-жетекші, оқушы-орындаушы

Қызметтер бөлінбейді, бірлескен ізденіс

Педагогтың материалды түсіндіруге кеткен уақытымен салыстырғандағы оқушының өзіндік жұмысының уақыты

өте аз

Салыстырмалы көп

Оқушы позициясы

Қызығу аз, пассивті

Қызығу бар, активті, ынталы, шабытты

Оқуға деген мотив

Эпизодты түрде туындайды

әрқашан және мақсатты туындайды

Сабақтағы жанға жайлы сәттер

Кей-кезде пайда болады

әрдайым және мақсатты бағытталған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет