Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «органикалық химия іі» мамандық үшін 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет31/36
Дата07.02.2022
өлшемі2,41 Mb.
#83964
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
985320f6-a3eb-11e4-bd4b-f6d299da70eeУММ орг 2
985320f6-a3eb-11e4-bd4b-f6d299da70eeУММ орг 2
Сабақтың мақсаты: анилиннің қасиеттерін зерттеу
Жұмыс барысы:
1 - Тәжірибе.Ароматты аминдердің тұздарының түзілуі
а) анилин тұздарының түзілуы және айырылуы. Анилиннің 5-6 тамшысына 2-3 мл су қосып, қоспаны қатты шайқайды. Алынған эмульсияға қызыл лакмус қағазын батырады. Индикатордың түсі өзгермейді. Анилин эмульсиясын екіге бөледі. Бір бөлігіне тамшылатып және араластыра отырып концентрленген тұз қышқылын қосады. Біртіндеп эмульсия біртекті сұйықтыққа айналады. Натрий гидроксиді ерітіндісін қосқанда сұйықтық лайланады. Эмульсияның екінші бөлігіне тамшылатып және араластыра отырып сұйытылған күкірт қышқылын қосады. Ақ тұнба түседі. Натрий гидроксиді ерітіндісін қосқанда тұнба еріп, сұйықтық лайланады.
б) дифениламин тұзының түзілуі және айырылуы. Пробиркада 0,1 г дифениламин және 2 мл спирт ерітеді. Ерітіндіге ақ тұнба пайда болғанша су қосады. тамшылатып концентрленген тұз қышқылын қосқанда ақ тұнба ериді, бірақ сумен сұйылтқанда қайтадан тұнбаға түседі
2-Тәжірибе. Анилиннің ароматты альдегидтермен конденсациясы
Пробиркада шайқап отырып 2мл анилин және 2 мл бензальдегид ерітінділерін араластырады. Жылу бөлінеді. Қызған қоспаны 15 мин қалдырады, оған 2,5 мл спирт қосып, қатты суытады. Түзілген бензанилинді сорып алады.
3 – Тәжірибе. Анилин тотығуы. Пробиркада 0,5 мл анилин және 5 мл су араластырады. Алынған эмульсияның 1 мл 4 мл хром қоспасын (2 г калий дихроматын судың 5 мл ерітіп, абайлап 3 мл концентрленген күкірт қышқылын қосады) қосады. Қоспаны қыздырады, түсі өзгереді. Ары қарай қыздырғанда тұнба түседі – қара анилин.
Реакция теңдеулер келтіріңіздер.
Бақылау сұрақтары:
1. Қара анилиннің түзілу реакциясын жазыңыздар
2. Ароматты аминдердің негізгі қасиеттері.
3. Бензальанилиннің түзілу реакцияларын келтіріңіздер




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет